Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қайта өндеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті туралы ереже



жүктеу 31.27 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі31.27 Kb.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Қайта өндеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті

туралы ереже



  1. Жалпы ережелер

1. Қайта өндеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (бұдан әрі – Министр) бекіткен Жауапты хатшы мен вице-министрлердің арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілікті және өзара алмасушылықты бөлуге сәйкес жетекшілік ететін лауазымды тұлғаға тікелей есеп береді.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департаменттің құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының қазіргі лимиті шегінде Министрдің келісімімен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітетін Министрлік орталық аппаратының және оның ведомстволарының құрылымы және штат санымен (бұдан әрі – Құрылым мен штат саны) анықталады.

4. Департамент Құрылым мен штат санына сәйкес басқармалардан тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Департаменттің негізгі міндеттері Министрліктің Жауапты хатшысы тиісті күнтізбелік жылға бекітетін Министрліктің операциялық жоспарына сәйкес Басқармаға бекітілген Министрліктің мақсаттары мен көрсеткіштері болып табылады.

6. Департамент қойылған міндеттерді шешу үшін Министр бекітетін Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне процесстерді бекітіп беру матрицасына (бұдан әрі – Матрица) сәйкес функцияларды атқарады.

7. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

Департамент міндеттерге қол жеткізуге бағытталған барлық іс-әрекеттерді жүргізуге және құрылымдық бөлімшелерден Департаменттің міндеттеріне қол жеткізу дәрежесіне ықпал ететін функцияларды орындауын талап етуге құқылы.

Департамент өз функцияларын тиімді және нәтижелі орындау жолымен өз міндеттерін орындауға міндетті.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
8. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

9. Департаментті Министрдің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және босататын Директор басқарады.

10. Департамент Директорының Министрліктің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және босататын орынбасарлары бар.

11. Департамент Директоры жалпы Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

12. Департамент Директоры Министрге және Министрліктің Жауапты хатшысына Департаменттің құрылымы мен жұмысшылардың белгіленген саны шеңберінде штаттық кестесі және еңбек ақы төлеу қоры бойынша ұсыныстар береді.

13. Осы мақсатта Департамент Директоры:

1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттілігін айқындайды;

2) белгіленген уақытта Министрдің тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады, сонымен қатар Министрліктің басқада құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды дайындауға Департамент қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

14. Департамент Директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттілігі шеңберінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент Директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

3) Департамент Директоры айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне Департамент атынан Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағытталатын құжаттарға Департамент Директоры, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.


_____________________________
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет