Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ғылым және инновациялық саясат басқармасы туралы ереже



жүктеу 26.14 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі26.14 Kb.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Ғылым және инновациялық саясат басқармасы

туралы ереже



  1. Жалпы ережелер

1. Ғылым және инновациялық саясат басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (бұдан әрі – Министр) бекіткен Жауапты хатшы мен вице-министрлердің арасында міндеттер мен өкілеттіктерді, құрылымдық бөлімшелерге жетекшілікті және өзара алмасушылықты бөлуге сәйкес жетекшілік ететін лауазымды тұлғаға тікелей есеп береді.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарманың құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының қазіргі лимиті шегінде Министрдің келісімімен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітетін Министрлік орталық аппаратының және оның ведомстволарының құрылымы және штат санымен (бұдан әрі – Құрылым мен штат саны) анықталады.



2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
4. Басқарманың негізгі міндеттері Министрліктің Жауапты хатшысы тиісті күнтізбелік жылға бекітетін Министрліктің операциялық жоспарына сәйкес Басқармаға бекітілген Министрліктің мақсаттары мен көрсеткіштері болып табылады.

5. Департамент қойылған міндеттерді шешу үшін Министр бекітетін Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне процесстерді бекітіп беру матрицасына (бұдан әрі – Матрица) сәйкес функцияларды атқарады.

6. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

Басқарма міндеттерге қол жеткізуге бағытталған барлық іс-әрекеттерді жүргізуге және құрылымдық бөлімшелерден Басқарманың міндеттеріне қол жеткізу дәрежесіне ықпал ететін функцияларды орындауын талап етуге құқылы.

Басқарма өз функцияларын тиімді және нәтижелі орындау жолымен өз міндеттерін орындауға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
7. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Басқарманы Министрдің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және босататын Басшы басқарады.

9. Басқарма Басшысы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

10. Басқарма Басшысы Министрге және Министрліктің Жауапты хатшысына Басқарманың құрылымы мен жұмысшылардың белгіленген саны шеңберінде штаттық кестесі және еңбек ақы төлеу қоры бойынша ұсыныстар береді.

11. Осы мақсатта Басқарма Басшысы:

1) белгіленген уақытта Министрдің тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады, сонымен қатар Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды дайындауға Басқарма қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне Басқарма атынан Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағытталатын құжаттарға Басқарма Басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.


_____________________________
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет