Ќазаќстан Республикасы Ауыл шаруашылыєы министрлігініѕ бўйрыєы



жүктеу 1.84 Mb.
бет1/9
Дата25.04.2019
өлшемі1.84 Mb.
түріРегламент
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №1-3/490

2012 жылғы 2 қазан Астана қаласы



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Мыналар:

1) «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының індеті жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемі объектілерін аулауға келісу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) «Жерсіндіруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

7) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марка бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

8) «Бекітілген лимит негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;

9) «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;

10) «Астықты экспорттаушыға астықтың мемлекеттік ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астықты экспорттаушылардың сақтауы туралы растамауды беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;

11) «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;

12) «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;

13) «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісін беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;

14) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;

15) «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;

16) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;

17) «Тұқым сапасына сараптама жүргізу» мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегия және корпоративтік даму департаменті (С.Н. Ыбыраев) Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаментімен (А.Б. Құсайнова), АӨК мемлекеттік инспекция (С.С. Хасенов), Ветеринариялық бақылау және қадағалау (Н.Х. Жақыпбаев), Орман және аңшылық шаруашылығы (Е.Н. Нысанбаев) және Балық шаруашылығы (К.Ғ. Тейлянов) комитеттерімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. МАМЫТБЕКОВ.
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 2 қазандағы

№ 1-3/490 бұйрығына

1-қосымша

«Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету

қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың

бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына

әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік іс жүргізу туралы» Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сай әзірленген.

2. «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – заңды және жеке тұлғаларға рұқсат беру қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру.

3. Мемлекеттік қызметті Әкімшілік орган көрсетеді.

Әкімшілік орган:

1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі мен өсімдіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті);

2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитеті) болып табылады.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет:

1) «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» (бұдан әрі – Конвенция) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңының;

2) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасының;

3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

7. Мемлекеттік қызмет осы Регламенттің 3-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс күндері сағат 9.00–ден 18.30–ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін көрсетіледі, демалыс күндерінен басқа: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің – www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінен алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылады.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын Комитеттің жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күндері бір маманмен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісіндегі әрекет (бірлесіп

әрекет қылу) тәртібінің сипаттамасы

13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын Комитеттің кеңсе маманы қабылдайды және тіркейді;

2) мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын Комитеттің кеңсе маманы Комитеттің басшысына қарар қондыру үшін одан әрі Комитеттің жауапты атқарушысына жіберіледі;

3) осы Комитеттің жауапты атқарушысы мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қарайды, толықтылығын тексереді, олардың дұрыс ресімделуін, рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді түрде бас тарту туралы жауап дайындайды, мемлекеттік қызмет нәтижесін осы Комитеттің басшысына қол қою үшін жолдайды;

4) мемлекеттік қызмет нәтижесіне осы Комитеттің басшысы қол қояды;

5) осы Комитеттің жауапты атқарушысы мемлекеттік қызмет алушыға рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді түрде бас тарту туралы жауап береді.

14. Комитеттің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет алушыдан құжаттарды қабылдайды, кіріс хабарлары журналында тіркейді, мемлекеттік қызмет алушыға қабылданған құжаттарды көрсете отырып қолхат береді:

1) қабылданған құжаттардың нөмірі және күні;

2) сұралып отырған мемлекеттік қызмет түрі;

3) тіркелген құжаттардың саны мен атауы;

4) мемлекеттік қызмет алу күні (уақыты) және құжаттың берілетін орны;

5) құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның аты–жөні, тегі;

6) мемлекеттік қызмет алушының аты–жөні, тегі (жеке тұлға үшін) немесе атауы (заңды тұлға үшін), мемлекеттік қызмет алушының байланыс мәліметтері.

15. Мемлекеттік қызмет ұсыну үрдісіне келесі функционалды-құрылым бірлігі (бұдан әрі – ФҚБ) қатыстырылады:

1) осы Комитеттің кеңсе маманы;

2) осы Комитеттің басшысы;

3) осы Комитеттің жауапты атқарушысы.

16. Мәтіннің кесте түріндегі жазылуының жалғасы және әрбір ФҚБ-нің әкімшілік әрекетпен (процедура) бірлесіп әрекет қылуы әрбір әкімшілік әрекеттің (процедура) орындалу мерзімі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттің өзара қисынды байланысу жүйелігін көрсететін сызба және ФҚБ осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.

«Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның

құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер

түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын

Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары

жерлерге әкетуге рұқсат беруі»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

Кесте 1. ФҚБ-нің іс-әрекетіне сипаттама.



Негізгі іс-әрекеттің үдерісі (жұмыс ағымы, барысы )

1

Іс-әрекеттің № (жұмыс ағымы, барысы)

1

2

3

4

5

2

ФҚБ атауы

Осы Комитеттің кеңсе маманы

Осы Комитеттің басшысы

Осы Комитеттің жауапты атқарушысы

Осы Комитеттің басшысы

Осы Комитеттің жауапты атқарушысы

3

Іс-әрекеттің атауы (үдерістің, іс-жосықтың, операциялардың)және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу.

Жауапты атқарушыны анықтау, құжаттармен танысу.

Ұсынылған құжаттарды қарастыру, рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді дайындау.

Рұқсатқа немесе бас тарту туралы дәлелге қол қою.

Мемлекеттік қызмет алушыға рұқсат немесе бас тарту дәлелді беру.

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру тарату-шешімі)

Қарар қондыру үшін осы Комитеттің басшысына құжаттарды жолдау.

Қарарды қондыру, жауапты атқарушыға құжаттарды жіберу.

Осы Комитеттің басшысына рұқсатты немесе бас тарту туралы дәлелді табыстау.

Рұқсат немесе бас тарту.

Шығыс хабарлары журналында белгілеу.

5

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспай.

3 сағаттан аспай.

5 жұмыс күн ішінде.

3 сағаттан аспай.

30 минуттан аспай

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

-

Кесте 2. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс.




Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)

Осы Комитеттің кеңсе маманы

Осы Комитеттің басшысы

Осы Комитеттің жауапты атқарушысы

№ 1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау және тіркеу (30 минуттан аспай).

№ 2 іс-әрекет Жауапты атқарушыны анықтау, құжаттармен танысу (3 сағаттан аспай).

№ 3 іс-әрекет Ұсынылған құжаттарды қарастыру, рұқсат немесе бас тарту дәлелді дайындау (5 жұмыс күн ішінде).




№ 4 іс-әрекет Рұқсатқа қол қою (3 сағаттан аспай).

№ 5 іс-әрекет Мемлекеттік қызмет алушыға рұқсат немесе бас тарту дәлелді беру (30 минуттан аспай).

Кесте 3. Пайдалану нұсқасы. Ұсынылған мемлекеттік қызметтен бас

тартудың негізінің бар-жоғының – балама үдерісі.


Балама үдеріс (жұмыс ағымы, барысы) немесе кеңеюі

Комитеттің кеңсе маманы

Комитет басшысы

Комитеттің жауапты атқарушысы

№ 1 іс-әрекет Мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қабылдау және тіркеу (30 минуттан аспай).

№ 2 іс-әрекет Жауапты атқарушыны анықтау, құжаттармен танысу (3 сағаттан аспай).

№ 3 іс-әрекет Мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын қарастыру, ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді нысанды түрде жауап дайындау (5 жұмыс күн ішінде).




№ 4 іс-әрекет Ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді нысанды түрдегі жауапқа қол қою (3 сағаттан аспай).

№ 5 іс-әрекет Мемлекеттік қызмет алушыға ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді нысанды түрде жауап беру (30 минуттан аспай).

«Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның

құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер

түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын

Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары

жерлерге әкетуге рұқсат беруі»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекетінің өзара қисынды байланысу жүйелігін

көрсететін сызба




Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 2 қазандағы

№ 1-3/490 бұйрығына

2-қосымша

«Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және

будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметтің осыРегламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік іс жүргізу туралы» Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сай әзірленген.

2. «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарларды интродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсат беру қызметі.

3. Мемлекеттік қызмет ұсынылады:

1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануда, балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің аймақтық инспекцияларымен (бұдан әрі – Инспекция 1);

2) балық ресурстары және басқа да су жануарлары дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы Комитетінің аймақтық инспекцияларымен (бұдан әрі – Инспекция 2).

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет мынадай негізде көрсетіледі:

1) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 47) тармақшасының;

2) «Жануарларды интродукциалау және будандастыруды жүргізуге рұқсат беретін Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысы;

3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоспағанда жануарларды интродукциалау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға қағаз тасығыштағы рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1 және 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен 13.00-ден 14.30-ға дейін ұсынылады, демалыс күндерінен басқа: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетілусіз, кезекке тұру тәртібімен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қызмет ұсыну, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ұсынудың жолдары туралы сұрақтарға ақпаратты стандарттың 1 және 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша 1 және 2 Инспекциялардан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылады.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын алу 1 және 2 Инспекцияның жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күндері бір маманмен жүзеге асырылады.


3. Мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісіндегі әрекет (бірлесіп

әрекет қылу) тәртібінің сипаттамасы
13. Мемлекеттік қызмет ұсынысының кезеңдері:

1) мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын, жолдаманы 1 және 2 Инспекцияның кеңсе мамандары қабылдайды және тіркейді;

2) мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын 1 және 2 Инспекцияның кеңсе мамандары 1 және 2 Инспекцияның басшысына одан әрі жауапты атқарушылардың қарарымен келесілерге беру үшін жіберіледі;

3) мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын 1 және 2 Инспекцияның жауапты атқарушысы қарайды, олардың дұрыс ресімделуін, толықтылығын тексереді, рұқсат дайындайды немесе мемлекеттік қызмет беруден бас тарту жөнінде дәлелді нысанды түрде жауап береді, мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қоюға осы Комитеттің басшысына жіберіледі;

4) мемлекеттік қызмет нәтижесіне 1 және 2 Инспекция басшысы қол қояды және 1 және 2 Инспекция кеңселеріне жолдайды;

5) мемлекеттік қызмет алушыға 1 және 2 Инспекция кеңсе мамандары рұқсат береді немесе мемлекеттік қызмет беруден бас тарту жөнінде дәлелді нысанды түрде жауап береді.

14. Осы Инспекцияның кеңсе мамандары мемлекеттік қызмет алушыдан құжаттарын қабылдайды,кіріс хабарлар журналында тіркейді, мемлекеттік қызмет алушыға қажетті құжаттардың қабылданғаны туралы төмендегілерді көрсете отырып қолхат береді:

1) құжаттарды қабылдаған күні мен нөмірі;

2) сұралатын мемлекеттік қызмет түрі;

3) ұсынылған құжаттардың атауы мен саны;

4) мемлекеттік қызмет алу күні (уақыты) және құжаттарды беретін орны;

5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның аты-жөні, тегі;

6) мемлекеттік қызмет алушының аты-жөні, тегі (жеке тұлға үшін) немесе (заңды тұлға үшін) және олардың байланыс телефоны.

15. Мемлекеттік қызмет ұсыну үрдісіне келесі функционалды-құрылым бірлігі (бұдан әрі – ФҚБ) қатыстырылады:

1) 1 және 2 Инспекцияның кеңсе маманы;

2) 1 және 2 Инспекцияның басшысы;

3) 1 және 2 Инспекцияның жауапты атқарушысы.

16. Мәтіннің кесте түріндегі жазылуының жалғасы және әрбір ФҚБ-нің әкімшілік әрекетпен (процедура) бірлесіп әрекет қылуы әрбір әкімшілік әрекеттің (процедура) орындалу мерзімі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет ұсыну үрдісінде әкімшілік әрекеттің өзара логикалық жалғасуына әсер ететіндігін көрсететін сызба және ФҚБ осы Регламенттің 2-қосымшасында берілген.
«Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау

және будандастыру жүргізуге рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

Кесте 1. ФҚБ-нің іс-әрекетіне сипаттама.


Негізгі іс-әрекеттің үдерісі (жұмыс ағымы, барысы)

1

Іс-әрекеттің № (жұмыс ағымы, барысы)

1

2

3

4

5

2

ФҚБ атауы

1 және 2 Инспекцияның кеңсе маманы

1 және 2 Инспекцияның басшысы

1 және 2 Инспекцияның жауапты атқарушысы

1 және 2 Инспекцияның басшысы

1 және 2 Инспекцияның жауапты атқарушысы

3

Іс-әрекеттің атауы (үдерістің, іс-жосықтың, операциялардың) және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу.

Жауапты атқарушыны анықтау, құжаттармен танысу.

Ұсынылған құжаттарды қарастыру, рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді дайындау.

Рұқсатқа немесе бас тарту туралы дәлелге қол қою.

Мемлекеттік қызмет алушыға рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді беру.

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру тарату-шешімі)

Қарар қондыру үшін 1 және 2 Инспекцияның басшысына құжаттарды жолдау.

Қарарды қондыру, жауапты атқарушыға құжаттарды жіберу.

Инспекцияның басшысына рұқсатты немесе бас тарту туралы дәлелді табыстау.

Рұқсат немесе бас тарту.

Шығыс хабарлары журналында белгілеу.

5

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспай

3 сағаттан аспай

5 жұмыс күн ішінде

3 сағаттан аспай

30 минуттан аспай

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

-

Кесте 2. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс.




Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)

1 және 2 Инспекцияның кеңсе маманы

1 және 2 Инспекцияның басшысы

1 және 2 Инспекцияның жауапты атқарушысы

№ 1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау және тіркеу (30 минуттан аспай).

№ 2 іс-әрекет Жауапты атқарушыны анықтау, құжаттармен танысу (3 сағаттан аспай).

№ 3 іс-әрекет Ұсынылған құжаттарды қарастыру, рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді дайындау (5 жұмыс күн ішінде).




№ 4 іс-әрекет Рұқсатқа қол қою (3 сағаттан аспай).

№ 5 іс-әрекет Мемлекеттік қызмет алушыға рұқсат немесе бас тарту беру (30 минуттан аспай).

Кесте 3. Пайдалану нұсқасы. Ұсынылған мемлекеттік қызметтен бас

тартудың негізінің бар-жоғының – балама үдерісі.


Балама үдеріс (жұмыс ағымы, барысы) немесе кеңеюі

Инспекцияның кеңсе маманы

Инспекцияның басшысы

Инспекцияның жауапты атқарушысы

№ 1 іс-әрекет

Құжаттарды қабылдау және тіркеу (30 минуттан аспай).



№ 2 іс-әрекет

Жауапты атқарушыны анықтау, құжаттармен танысу (3 сағаттан аспай).



№ 3 іс-әрекет

Ұсынылған құжаттарды қарастыру, ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді нысанды түрде жауап дайындау (5 жұмыс күн ішінде).






№ 4 іс-әрекет

Ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді нысанды түрдегі жауапқа қол қою (3 сағаттан аспай).



№ 5 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет алушыға ұсынылған қызметтен бас тарту туралы дәлелді нысанды түрде жауап беру (30 минуттан аспай).


«Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау

және будандастыру жүргізуге рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекетінің өзара қисынды байланысу жүйелігін

көрсететін сызба


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 2 қазандағы

№ 1-3/490 бұйрығына

3-қосымша


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет