Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптары жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасы



жүктеу 379.96 Kb.
бет1/3
Дата16.04.2018
өлшемі379.96 Kb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылық министрлігі

Жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2017 жылғы

«_13_» _ақпан_____ №_05-нқ__

бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің

Жер ресурстарын басқару комитеті «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасы

Басқарма басшысы, санаты С-3, №01-01


Критерийлері


Талаптары

Білімі


Жоғары, мамандығы бойынша: Қызмет көрсету (Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (Геодезия және картография, Тау ісі, Маркшейдер ісі), Ауылшаруашылық ғылымдары (Топырақтану және агрохимия), Құқық (Заңтану).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Басқарма қызметіне басшылық ету; жұмысты лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы ережеге, Министрлік регламентіне сәйкес ұйымдастыру, жер қатынастарын дамыту саласындағы саясатты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу; жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды, жерге орналастыру жөніндегі әдістемелерді әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға бекітілген тәртіпте қатысу; жер заңнамасын қолдану практикасын жалпылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жер қатынастары мәселелері бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және оған әдістемелік басшылық ету. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін құзіреті шегінде ұсынады; халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға бекітілген тәртіпте қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі шараларды қабылдау. Жоғары тұрған басшылықтан алынған өзге де тапсырмаларды орындау.


Бас сарапшы (5 бірлік), санаты С-4, №01-02,№01-03,№01-04,№01-05, №01-06


Критерийлері


Талаптары

Білімі


Жоғары, мамандығы бойынша: Қызмет көрсету (Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (Геодезия және картография, Тау ісі, Маркшейдер ісі), Ауылшаруашылық ғылымдары (Топырақтану және агрохимия), Құқық (Заңтану).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Тапсырмаларды лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы ережеге, Министрлік регламентіне сәйкес орындау, жер қатынастары мен жерге орналастыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге және талдау жүргізуге қатысу; басқарма құзіретінің шеңберінде Үкімет қаулыларының жобаларын дайындауды қамтамасыз ету; жер қатынастарын реттеу саласында нормативтік-құқытық актілерді әзірлеуді қамтамасыз ету; нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды, жерге орналастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға бекітілген тәртіпте қатысу, жер заңнамасын қолдану практикасын жалпылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жер қатынастары мәселелері бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және оған әдістемелік басшылық ету. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін құзіреті шегінде ұсынады; халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға бекітілген тәртіпте қатысу. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, Басқармаға жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді тиісінше орындауды қамтамасыз ету. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.


Сарапшы ( 1 бірлік), санаты С-5, №01-07


Критерийлері


Талаптары

Білімі


Жоғары, мамандығы бойынша: Қызмет көрсету (Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (Геодезия және картография, Тау ісі, Маркшейдер ісі), Ауылшаруашылық ғылымдары (Топырақтану және агрохимия), Құқық (Заңтану).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.


Функционалдық міндеттері

Тапсырмаларды лауазымдық нұсқаулықтарға, Министрлік пен Комитет туралы, Басқарма туралы ережеге, Министрлік регламентіне сәйкес орындау, жер қатынастары мен жерге орналастыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; басқарма құзіреті шеңберінде Үкімет қаулыларының жобаларын дайындауды қамтамасыз ету; жер қатынастарын реттеу саласында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз ету; нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды, жерге орналастыру бойынша әдістемелерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, Басқармаға жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді тиісінше орындауды қамтамасыз ету. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де функцияларды орындау.


Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық

қызметтерін мемлекеттік бақылау басқармасы
Басқарма басшысы– жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттік инспекторы, санаты С-3, №02-01


Критерийлері

Талаптары


Білімі

Жоғары, мамандығы бойынша: Қызмет көрсету (Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау), Техникалық ғылымдар және технологиялар (Геодезия және картография, құрылыс), Ауылшаруашылық ғылымдары (Агрономия, Топырақтану және агрохимия), Құқық (Заңтану).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау және Комитет пен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, өзге де ұйымдармен өзара тиімді әрекет жасау; жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға құрылыстық сараптама жүргізу, жер учаскелеріне жасанды ғимараттар және жеке тұрғын үй құрылыстарын салу үшін берілетін жер учаскелерін пайдалану құқықтарын беру қағидаларын бекіту алдында құрылыстық сараптама өткізу; жер учаскелеріне құқық беру тәртiбiнің, сондай-ақ елді мекен шегінде құрылыс объектілерін салу үшін жер учаскесін беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; құрылыс, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, құрылыстық, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтату; Жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; нормативтік базаны жетілдіруге, басқарма құзыреті шегінде заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық актілерді әзірлеуге қатысу; жердің пайдалануы мен қорғалуы, геодезиялық картографилық қызмет мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеруге қатысу; жергілікті атқарушы органдардың тәуекел деңгейі критерийлеріне байланысты заңды шешімдер қабылдауын бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік жер кадастрының дұрыс жүргізілуін бақылау; жерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру; Республика аумағында жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау; Жерді пайдалану саласында мемлекеттік нормативтік талаптарды бұзушыларға белгіленген заңнамалық тәртіпте тиісті шаралар қолдану. Басқармаға жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың тиісті орындалуын қамтамасыз ету. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.


Бас сарапшы- жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы (13 бірлік), санаты С-4,№02-02,
№02-03, №02-04, №02-05, №02-06, №02-07, №02-08, №02-09, №02-10, №02-11, №02-12, №02-13, №02-14



Критерийлері

Талаптары


Білімі

Жоғары, мамандығы бойынша: Қызмет көрсету (Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау), Техникалық ғылымдар және технологиялар (Геодезия және картография, құрылыс), Ауылшаруашылық ғылымдары (Агрономия, Топырақтану және агрохимия), Құқық (Заңтану).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Жергілікті атқарушы органдардың тәуекел деңгейі критерилеріне байланысты заңды шешімдер қабылдауын бақылауды жүзеге асыру; жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға құрылыстық сараптама жүргізу, жер учаскелеріне жасанды ғимараттар және жеке тұрғын үй құрылыстарын салу үшін берілетін жер учаскелерін пайдалану құқықтарын беру қағидаларын бекіту алдында құрылыстық сараптама өткізу; жер учаскелеріне құқық беру тәртiбiнің, сондай-ақ елді мекен шегінде құрылыс объектілерін салу үшін жер учаскесін беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; құрылыс, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, құрылыстық, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтату; геодезиялық және картографиялық қызметке мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру; мемлекеттік жер кадастрының дұрыс жүргізілуін бақылау; жерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру; жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау; жер заңнамасы, геодезия және картография салаларында әкімшілік құқық бұзушылар туралы істерді қарау; жер заңнамасы, геодезия және картография салаларында орын алған бұзушылықтарды жою бойынша әкімшілік жаза қолдану және орындау үшін міндетті ескертпелер беру; жер қатынастары мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру қорытындыларын өңдеу және талдау жасау. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкіметі үшін, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет пен Министрлік басшылығы үшін ақпараттық, талдамалық материалдар дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтармен (жер қатынастары бойынша азаматтарды қабылдау, шағымдар мен өтініштердің орнына бару арқылы қарау) жұмыс жасау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.


Сарапшы-жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы (2 бірлік),

санаты №02-15, №02-16


Критерийлері


Талаптары


Білімі


Жоғары, мамандығы бойынша: Қызмет көрсету (Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау), Техникалық ғылымдар және технологиялар (Геодезия және картография, құрылыс), Ауылшаруашылық ғылымдары (Агрономия, Топырақтану және агрохимия), Құқық (Заңтану).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.


Функционалдық міндеттері

Мемлекеттік бақылау мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысу; жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға құрылыстық сараптама жүргізу, жер учаскелеріне жасанды ғимараттар және жеке тұрғын үй құрылыстарын салу үшін берілетін жер учаскелерін пайдалану құқықтарын беру қағидаларын бекіту алдында құрылыстық сараптама өткізу; жер учаскелеріне құқық беру тәртiбiнің, сондай-ақ елді мекен шегінде құрылыс объектілерін салу үшін жер учаскесін беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; құрылыс, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, құрылыстық, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтату; мемлекеттік жер кадастрын дұрыс жүргізуді, жерге мониторинг жүргізуді бақылауды ұйымдастыру; жер заңнамасы, геодезия және картография салаларында әкімшілік құқық бұзушылар туралы істерді қарау; жер заңнамасы, геодезия және картография салаларында орын алған бұзушылықтарды жою бойынша әкімшілік жаза қолдану және орындау үшін міндетті ескертпелер беру; геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтату; Басқармаға жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді тиісті орындауды қамтамасыз ету; Депутаттар сауалдарына, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Комитет пен Министрлік басшылығының тапсырмаларына, мемлекеттік органдардың хаттарына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.


Мемлекеттік жер кадастры басқармасы

Басқарма басшысы, санаты С-3, №03-01


Критерийлері


Талаптары


Білімі


Жоғары, мамандығы бойынша: Қызмет көрсету (Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау), Ауылшаруашылық ғылымдары (Агрономия, Топырақтану және агрохимия, Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау), Құқық (Заңтану), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Менеджмент, Финансы, Есеп және аудит).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Басқармаға жалпы басшылық жасауды және республика бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру бойынша жетекшілік ететін жұмыстарды жүзеге асыру; Комитетке тікелей қатысы бар қойылған мақсаттар, міндеттер мен индикаторлар бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыруын бақылауды ұйымдастыру; Басқарманың қызметін бақылауды және жұмысты жоспарлауды, үйлестіруді ұйымдастыру; жер кадастры мәселелері бойынша заңнамалық нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдарды әзірлеуге, сондай-ақ стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге, Қазақстан Республикасы заңында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға қатысу. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет