Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптары жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасы



жүктеу 379.96 Kb.
бет3/3
Дата16.04.2018
өлшемі379.96 Kb.
1   2   3


Бас сарапшы ( 1 бірлік), санаты С-4, №05-04 (мемлекеттік сатып алу)


Критерийлері


Талаптары


Білімі


Жоғары, мамандығы бойынша: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Қаржы, Есеп және аудит, Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Құқық (Заңтану).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Комитетке тікелей қатысы бар қойылған мақсаттар, міндеттер мен индикаторлар бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыруды жүзеге асыру; жер қатынастары, топографиялық-геодезиялық қызметі саласында іс-шараларды іске асыруға бағытталған шығыстар бағдарламасы бойынша бекітілген шығыс лимитіне сәйкес Комитеттің бюджеттік өтінімін әзірлеу; Комитеттің мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітуге ұсыну; тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу өткізу үшін конкурстық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыру; жүргізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша шарттар жасасуды ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алуды бақылау жөніндегі уәкілетті органға есеп беру; Комитет кәсіпорындарының даму жоспарын қарау, оларды орындауды бақылау және талдау жасау; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің стратегиялық жоспарды нақтылау бойынша ұсыныстарын қалыптастыру және жинау; бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру және бюджеттік өтінімдер жасау; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу; мемлекеттік сатып алу бойынша есеп жүргізу; құрылымдық бөлімшелерде жүргізілген мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басшылықтың тапсырмасын сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру; жыл қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүргізген бюджеттік бағдарламалар бойынша стратегиялық жоспардың көрсеткіштерін орындауды бағалау жөнінде талдамалық ақпаратты жасау, жинақтау және оны бюджеттi жоспарлау және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органғажолдау жұмысын ұйымдастыру.


Бас сарапшы ( 1 бірлік), санаты С-4, №05-05 (кеңсе ісі)


Критерийлері


Талаптары

Білімі


Жоғары, мамандығы бойынша: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Мемлекеттік және жергілікті басқару, Жерге орналастыру, Жер кадастр, Экономика, Қаржы, Есеп және аудит), Құқық (Заңтану).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Іс жүргізу және құжаттандыру мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртіпте жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Комитеттің кіріс және шығыс құжаттарының өтуіне, орындалуына уақытылы бақылау жүргізу. Комитетке түскен хат-хабарларды бөлу, бақылауға қою және бақылаудан алып тастау. Атқарушылық тәртіп бойынша Комитеттің басшылығына апта сайынғы ақпараттар дайындау; «БЭҚАЖ» бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде, сондай-ақ қағаз түрінде келіп түсетін хат-хабарларды уақытында қабылдауды, тіркеуді және бағыттауды қамтамасыз ету. Ведомстволық мұрағатқа сақтауға арналған «ҚБҮ» қызметтік ақпараты бар құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, тапсыру. Комитетте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, құжаттандырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжат айналымын есепке алуды және оның жағдайына талдау жүргізуді ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелерде Құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері талаптарының сақталуын, Комитеттегі және құрылымдық бөлімшелердегі құжат айналымы бойынша жұмыстың уақытында жүзеге асырылуын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін бағыттағы жұмыстар бойынша ақпараттық, талдамалық және анықтамалық материалдарды ұсыну. Құжаттар мен істерді аяқталған жұмыстар бөлігі бойынша және бекітілген істер номенклатурасына сәйкес қалыптастыру. Кейінгі сақталатын және пайдаланатын (істерді ресімдеу, тізімдемелерді жасау) құжаттарды дайындау, өндірістік аяқталған істерді Комитеттің ведомстволық мұрағатына тапсыруды жүзеге асыру. Құжат айналымын ақпараттық қамтамасыз етуді оңтайландыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.


Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы
Басқарма басшысы ( 1 бірлік), санаты С-3, №06-01


Критерийлері


Талаптары


Білімі

Жоғары, мамандығы бойынша: Құқық (Заңтану, Халықаралық құқық).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау. Комитеттің норма шығармашылығы қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; Комитеттің құзыретіне қатысты салалардағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуде әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз ету, олардың мемлекеттік органдарда келісуден өтуін бақылау, Комитеттің норма шығармашылық қызметін талдау және қорытынды бойынша Комитеттің төрағасына, Министрліктің жауапты хатшысына енгізілген ұсыныстардың жүзеге асырылуы мен байқалған кемшіліктерді жою; басшылыққа қол қоюға ұсынылатын құжаттар жобаларының құқықтық жағынан, сондай-ақ Комитет бойынша бұйрықтардың заңнамалық талаптарға сәйкестігін бақылау; Үкімет анықтайтын тәртіпте нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді, Комитеттің құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуде жиынтық есепті қамтамасыз етуді (уақытында өзгерістер мен толықтырулар, немесе олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар бойынша) Комитеттің тұрақты негізінде жүргізілуін үйлестіру; құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда (кәсіпорындарда) Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; заң жобасы қызметі мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысу, әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарына анықтамалар дайындау және талдау жүргізу; Комитет басшылығы жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.


Бас сарапшы ( 2 бірлік), санаты С-4, №06-02, № 06-03


Критерийлері


Талаптары


Білімі

Жоғары, мамандығы бойынша: Құқық (Заңтану, Халықаралық құқық).

Кәсіби құзіреттілігі

1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

4) Қазақстан Республикасының Жер кодексін және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.



Жұмыс тәжірибесі

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша тәжірибесінің болуы.



Функционалдық міндеттері

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша Комитеттің құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындау, Комитет әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ оларды басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген жағдайда келісу арқылы дайындауға қатысу; Комитетке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге көмек көрсетуді және келісуді қамтамасыз ету; Комитетте, Министрлікте, Парламентте, Үкіметте, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құрылатын комиссиялардың, кеңестер мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу; құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда (кәсіпорындарда) Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; заңнаманы насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру; Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау; Комитеттің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету; Комитет басшылығы жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет