Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдары мониторингісін өткізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы Қағидалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»



жүктеу 69.96 Kb.
Дата17.04.2019
өлшемі69.96 Kb.


Қазақстан Республикасы Ақпарат және

коммуникациялар министрінің

2019 жылғы «___» __________

№ _________ бұйрығының 1-қосымшасы



Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдары мониторингісін өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Қағидалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң)
    4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісін жүргізу тәртібін белгілейді.

  2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

  1. ақпараттық агенттік - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға;

  2. бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган – бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган);

  3. бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;

  4. бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісі - бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;

  5. бұқаралық ақпарат құралының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;

  6. желілік басылым – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс;

  7. интернет-ресурс - аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

  8. интернет-ресурстың IP-мекенжайы –ақпаратты табуға, тасымалдауға және алуға арналған қажетті интернет-ресурстың дербес желілік мекенжайы.

  9. мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

  10. теле-, радиоарна - кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату торына сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісі «Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі» ақпараттық жүйесін пайдаланумен жүзеге асырылады.



2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісін өткізу тәртібі


  1. Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісі Қазақстан Республикасының заңдарының нормаларын бұзуын анықтау және тіркеу мақсатында өткізіледі.

  2. Мониторинг нысаны мыналар болып табылады:

  1. теле-, радиоарналар;

  2. мерзімді баспа басылымдар;

  3. интернет-ресурстар және желілік басылымдар.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісін өткізу келесі сатылардан тұрады:

  1. бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін қарау (тыңдау), бұзуларды анықтау, тіркеу және жинақтау;

  2. бұқаралық ақпарат құралдарындағы бұзулар туралы ақпаратты құқықтық талдау және жиынтықтау;

  3. бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне немесе иесіне Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауға шараларды қабылдау туралы хабарламаны дайындау, сондай-ақ уәкілетті орган өткізетін заңнаманың анықталған бұзулары фактілерін қосымша талдау;

  4. бақылау мониторингі.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісін техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау үшін уәкілетті орган бюджеттiк заңнамаға сәйкес мониторингіні техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымды шарт негізінде қатыстырады (бұдан әрі – ұйым).

  2. Ұйым бұқаралық ақпарат құралының мониторингісі процесінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың хабарламалары бойынша, уәкілетті органға жіберілген жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, лауазымды тұлғалардың сұранымдары бойынша анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзуын тіркейді және жинақтайды. Қазақстан Республикасы заңнамасының тіркелген бұзуы бар құжаттар электрондық құжат айналымы жүйелерін және ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы уәкілетті органға жолданады.

  3. Уәкілетті орган берілген құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзуын құқықтық талдайды.

  4. Қылмыстық жауапкершілікке апармайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзуы анықталған кезде уәкілетті орган
    Заңның 4-5-бабына сәйкес бұзуды анықтау сәтінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы қол қойған оны жою қажеттілігі туралы хабарламаны жібереді.

  5. Хабарламада келесі мәліметтер көрсетіледі:

1) адресат туралы негізгі деректер;

мерзімді баспа басылымдар үшін - бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, электрондық поштаның ресми мекенжайы;

теле-, радиоарналар үшін - бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, электрондық поштаның ресми мекенжайы;

желілік басылымдар, ақпараттық агенттіктер және интернет-ресурстар үшін - желілік басылымның, ақпараттық агенттіктің және интернет-ресурстың меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, интернет-ресурстың IP-мекенжайы, электрондық поштаның ресми мекенжайы болған жағдайда. Интернет -ресурстың меншік иесі туралы мәліметтерді белгілеу мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті орган хабарламаны оның серверінде орналастырылған хостинг-провайдер мекенжайына жібереді;

2) сипаттау- дәлелдеу бөлігі:

Бұзудың мәні, сондай-ақ бұзуы бұқаралық ақпарат құралымен жасалған Қазақстан Республикасы заңнамасына сілтеме;

Қазақстан Республикасы заңнамасын бұдан әрі сақтау қажеттілігі туралы талап;

3) қосымша (дәлелдеме материалдар):

мерзімді баспа басылымдар үшін - Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзу белгілері бар материал мен басылымның бөлігінің сканерленген көшірмесі;

теле-, радиоарналар үшін - электрондық тасымалдағыштағы жазба, оны тарату тәсіліне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзу белгілері бар материалдың экрандық кескіндері;

желілік басылымдар, ақпараттық агенттіктер және интернет-ресурстар үшін - экрандық кескіндер, ақпаратты тарату тәсіліне байланысты электрондық тасымалдағыштағы жазба.


  1. Хабарлама бақылау субъектісіне оны жіберген және алған фактісін растайтын қол қою немесе басқа тәсілмен тапсырылу керек.

Төменде көрсетілген тәсілдің біреуі арқылы жіберілген хабарлама келесі жағдайда тапсырылды деп есептеледі:

қолмен – алғаны туралы ұсыныста белгілеу күнінен бастап;

поштамен – пошталық жөнелтім тапсырыс хатпен алынғаны туралы ескерту күнінен бастап;

электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сұраған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап.

Алдын ала бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзуларды жою туралы хабарлама бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, хабарламаны тапсырған күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалу қажет.


  1. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзулармен келіспеген жағдайда, уәкілетті органға Заңның 4-бабы 4-тармағына сәйкес хабарламаны тапсырған күнінен кейінгі күннен бастап бес күні ішінде наразылықты жолдайды.

  2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне хабарламаны тапсырған күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні өткен соң уәкілетті орган анықталған бұзуларды жою мәніне бақылау мониторингісін өткізеді.

  3. Егер бұқаралық ақпарат құралы бұзуларды жоймайтын болса, уәкілетті орган келесі шараларды қабылдайды:

1) мерзімді баспа басылымдарға, теле-, радиоарналарға және желілік басылымдарға қатысты - бақылау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау өткізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) барады және профилактикалық бақылауды тағайындауға бастамашылық етеді;

2) интернет-ресурстарға қатысты:

Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілмеген ақпарат телекоммуникациялар желілері бойынша таратылған жағдайда «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 41-1-бабымен көзделген тәртіпте заң бұзушылығын жою туралы ұйғарымды толтырады.

Қазақстан Республикасының заңдарынан басқа, өзге нормативтік құқықтық актілермен тыйым салынған ақпарат телекоммуникациялар желілері бойынша таратылған жағдайда – бақылау субъектісіне (объектісіне) барып, профилактикалық бақылау өткізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) барады және профилактикалық бақылауды тағайындауға бастамашылық етеді.



  1. Қылмыстық жауапкершілікке апаратын Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзуы анықталған кезде уәкілетті орган құзыретіне бұзудың аталған түрі бойынша істерді қарау жататын мемлекеттік органға анықталған бұзу материалдарын жібереді.

  2. Уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының нормаларын сақтау туралы қорытынды ақпаратты талдайды және жиынтықтайды.

  3. Уәкілетті орган жыл қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өткізілген мониторингісі туралы қорытынды ақпаратты өз интернет-ресурсында келесі жылдың бірінші айының 30 күнінен кешіктірмей орналастырады.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет