Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісін есептеу әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер Осы әдістеме «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»



жүктеу 180.79 Kb.
Дата17.04.2019
өлшемі180.79 Kb.


Қазақстан Республикасы Ақпарат және

коммуникациялар министрінің

2019 жылғы «___» __________

№ _________ бұйрығының 2-қосымшасы



Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы әдістеме «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісін, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату көлемін, теле-, радиоарналарда мемлекеттік тілдегі жарнаманың тең таратылуын, отандық теле-, радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемін, шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларының ретрансляция көлемін, теле-,радиоарналарда жарнаманың тәуліктегі көлемін, теле-, радиоарналарда бір сағат хабар тарату уақыты ішінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 бастап 23.00 дейін уақыт аралығындағы жарнама ұзақтығының жалпы көлемін, жарнамалық сипаттағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда телесауда көлемін есептеу амалдарын белгілейді.

  2. Осы әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:

  1. ақпараттық-талдамалық телебағдарлама – белгілі уақыт аралығындағы (апта) жүйеленген ақпараттан және көрермендер аудиториясы үшін қоғамдық маңызды мүддесі бар болған оқиғаларды талдаудан тұратын телебағдарлама.

  2. әлеуметтік жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;

  3. бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;

  4. бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингісі - бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;

  5. бұқаралық ақпарат құралының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;

  6. жаңалық телебағдарламасы - қоғамдық маңызды оқиғаларды жария ететін телевизиялық жаңалықтардың шығарылымы;

  7. жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;

  8. жас санатының белгісі - жас санатын графикалық және (немесе) мәтіндік белгілеу;  

  9. жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;

  10. қосымша ақпарат мазмұны телерадио хабарларын тарату сигналының құрамында берілетін негізгі телебағдарламаның мазмұнына байланысты емес, бір жиілікті және (немесе) эфир уақытын пайдалана отырып, негізгі телебағдарламамен бір уақытта трансляцияланатын әріптік, цифрлық, графикалық ақпаратты білдіреді.

  11. отандық теле-, радиобағдарламалар – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар;

  12. ретрансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату;

  13. телесауда - тауарларды өткізу немесе қызметтер көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс;

  14. трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;

  15. теле-, радиобағдарлама - тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі;

  16. теле-, радиоарна - кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату торына сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;

  17. теле-, радиоарналардың (анонс) жеке ақпараты - үшінші тұлғалардың жарнамасын көрсетпейтін теле-, радиоарналардың (анонс) жеке өнімі туралы ақпарат;

  18. хабар тарату кестесі - хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін, теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты;

  19. эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, дыбыс-бейне жазбаларды тарату.



2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын

бұқаралық ақпарат құралдары мониторингісін есептеу амалдары

2. Осы әдістемеде келесі есептеу түрлері көзделген:

1) мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату көлемі;

2) мемлекеттік тілдегі жарнаманы тең орналастыру;

3) отандық өндірілген теле-, радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемі;

4) шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды ретрансляция көлемі;

5) теле-, радиоарналарда жарнаманың тәулік ішіндегі көлемі;

6) бір сағат хабар тарату уақыты ішінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 бастап 23.00 дейін уақыт аралығындағы жарнаманың жалпы ұзақтығының көлемі;

7) жарнамалық сипаттағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналардағы телесауда көлемі;

8) коммерциялық сипаты бар қосымша ақпараттың, қосарластыру және жүгiртпе жол түрiндегі жарнаманың экран алаңынан алаңы.



  1. Мамандар бейне мен дыбысты тыңдау мүмкіндігі бар дербес аппараттық-бағдарламалық кешендерде теле-, радиоарналардың жазбаларын «Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі» ақпараттық жүйесін пайдаланумен қарайды (тыңдайды).

Теле-, радиоарналардың эфирін жазу телерадиохабар тарату операторлары беретін форматта жүзеге асырылады.

  1. Теле-, радиоарналардың өніміне мониторингіні өткізген кезде келесі элементтер тіркеледі:

  1. теле-, радиобағдарлама;

  2. жарнама;

  3. эфирлік қосымшалар (Мемлекеттік Әнұранды айту, теле-, радиоарнаның өз атауын жариялауы, теле-, радиоарнаның жеке ақпараты (анонс);

  4. әлеуметтік жарнама;

  5. техникалық үзілістер.

  6. қосымша ақпарат;

  7. музыкалық шығарма;

  8. телесауда.

  1. Теле -, радиоарналардың мониторингісі толықтығын қамтамасыз ету үшін келесі өлшемдер тіркеледі:

  1. теле-, радиобағдарламаларға қатысты - ұзақтығы, саны, тіл, өндіруші ел, ретрансляцияның болуы, жас санаты белгісінің болуы;

  2. жарнамаға қатысты - ұзақтығы, тіл;

  3. әлеуметтік жарнамаға қатысты - тіл, шығу саны;

  4. қосымша ақпаратқа қатысты – қосарластыру алаңы;

  5. музыкалық шығармаларға қатысты - саны, өндіруші ел;

  6. телесаудаға қатысты - ұзақтығы, тіл.

Техникалық үзілістер теле-, радиоарналардың тәуліктік эфирінің жалпы көлемінде ескерілмейді.

3-тарау. Мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату көлемін есептеу
6. Мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемін есептеу екі бағыттан тұрады:

1) қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі;

2) жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың көлемi.

7. Теле-, радиоарналардың тіл теңгеріміне қойылатын талаптарды сақтау тұрғысынан мониторингісін жасау кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:



  1. Теле-, радиобағдарламалар көлемі оларды көрсету (ретрансляция) кезінде мемлекеттік тіл айтылатын теле-, радиобағдарламалардан тұрады. Басқа тілдегі (орыс, ағылшын және басқа) теле-, радиобағдарламалар көлемін мемлекеттік тілге жатпайтын тілдегі дыбыстық сүйемелдеуі бар теле-, радиобағдарламалар құрайды;

  2. көп тілді теле-, радиобағдарламалар:

егер теле-, радиобағдарламалар хабарды екі және одан көп тілдерде тарататын болса, теле-, радиобағдарламалардың мемлекеттік және басқа тілдердегі хабар тарату уақыты бөлек тіркеледі.

  1. Сөзбен сүйемелденбейтін теле-, радиобағдарламалар:

олардың сүйемелденуі қандай да болсын тілдегі сөзден және оның мазмұнымен байланысты ақпараттан тұрмайтын теле-, радиобағдарламалар көлемі «Телерадиохабар тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы заңының 10-бабы 1- және 2-тармағымен белгіленген заң талаптарын сақтау мәніне арналған мониторингіде ескерілмейді;

  1. отандық теле-, радиоарна көрсететін шетелдік теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы жарнама уақыты, техникалық үзіліс және эфирлік қосымшалар есептелмей тіркеледі;

  2. телебағдарламаларды телеарналарда таратқан кезде субтитрмен аудару қазақ тіліндегі телебағдарламалардың жалпы көлемінде ескерілмейді;

  3. жарнама, эфирлік қосымшалар (Мемлекеттік Әнұранды айту, теле-, радиоарнаның өз атауын жариялауы, теле-, радиоарнаның жеке ақпараты (анонс)), әлеуметтік жарнама, қосымша ақпарат мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлеміне енгізілмейді;

  4. бір теле-, радиобағдарламадан екіншісіне ауысқан кезде ауысу жасалған теле-, радиобағдарламаның тілі тіркеледі.

Сөз сөйлеу арасындағы кідіріс уақыты соңғы айтылған тілдің уақытына жатады.

Дербес эфирлік оқиға ретінде таратылатын музыкалық шығарма «Телерадиохабар тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағымен белгіленген заңнама талаптарын сақтау мәніне мониторинг жүргізуде есепке алынбайды.

Дыбыстық сүйемелдеуі бар теле-, радиобағдарламаларда дыбыс жолдың тілі басымды болады және тіркеледі.

Егер телеарна дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы таратуды қолданған кезде «Телерадиохабар тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағымен белгіленген заңнама талаптарын сақтау мәніне мониторинг жүргізілмейді.

8. Рұқсат берілетін қателіктің өлшемі эфирдің 360 минөтінен ≤1,38% құрайды. Аталған қателікті есепке алып, бұзуды тіркеу мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемі ≤48,6% құраған жағдайда жасалады. Осы амал тілдік теңгерімді апта ішіндегі көлемде есептеген кезде қолданылады.

9. Егер эфир толығымен алты сағатты алмаса, тілдік теңгерімге талаптар хабар тарату уақытына таралады.

Егер уақыт аралығында техникалық іркілістер анықталған жағдайда, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемін есептеу осы аралықта жүзеге асырылмайды.

Мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемі келесі формуламен есептеледі:




Бұнда:

Tkz - мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы минөтпен;

Tfl – басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы минөтпен;

Тkz% - мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемі.



4-тарау. Теле-, радиоарналарда мемлекеттік тілдегі жарнаманың тең таратылуын есептеу
10. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңнама талаптарын сақтау мәніне теле-, радиоарналардың мониторингісін өткізген кезде әлеуметтік жарнамалық роликтер, жүгiртпе жол, теле-, радиоарнаның жеке ақпараты (анонс) жарнама көлемін санаған кезде ескерілмейді.

11. Мемлекеттік тілдегі жарнаманы тең таратуды есептеген кезде теле-, радиоарналарда келесі критерийлер қолданылады:

1) теле-, радиоарналарда мемлекеттік тілдегі жарнама көлеміне оларды көрсету кезінде мемлекеттік тіл айтылатын жарнама кіреді;

2) мемлекеттік тілдегі жарнаманы тең таратуды есептеу жергілікті уақыттың нөл сағатынан бастап есептелетін әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында басқа тілдерде таратылатын жарнама уақытының жиынтық көлеміне қатысты мемлекеттік тілдегі жарнама уақытының жалпы хронометражының тең арақатынасын талдау болып табылады. Бұл ретте, әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында жарнама уақытының жалпы хронометражы басқа интервалдарға сәйкес келмеуі мүмкін, ол мемлекеттік тілдегі жарнаманы тең тарату туралы норманың бұзуы болып табылмайды. Осы норманы орындауды талдау мақсатында әрбір 6 (алты) сағаттық уақыт аралығы дербес уақыт аралығы ретінде қарастырылады.

3) жарнама орналастырылмайтын уақыт интервалдары тіркелмейді;

4) жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы техникалық іркілістер анықталған жағдайда, көрсетілген уақыт аралығында жарнама көлемі есептелмейді.

12. «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңнама талаптарын сақтау мәніне телеарналардың өніміне мониторингіні өткізген кезде келесі жарнамалық хабарландырулар ескеріледі:

1) мемлекеттік тілде толық дыбысталған немесе мәтінмен сүйемелденетін;

2) мәтіні шетелдік тілде, бірақ мемлекеттік тілде дыбысталған жазудан және/немесе музыкалық шығармадан тұратын;


  1. сауда белгілерінің дербес атаулары (марка, бренд) және/немесе заңды тұлғалардың атаулары және/немесе тауарлардың атаулары шетелдік тілдерде дыбысталған, бірақ мемлекеттік тілдегі мәтінмен сүйемелденетін;

  2. дыбыстық мәтіндік сүйемелдеуден тұрмайтын, бірақ мемлекеттік тілдегі жазулары бар.

13. Мемлекеттік тілдегі жарнаманың тең таратылу көлемін есептеу үшін келесі формула қолданылады:

бұнда:


TAkz - мемлекеттік тілдегі жарнаманың ұзақтығы минөтпен;

TAfl - басқа тілдердегі жарнаманың ұзақтығы минөтпен;

TAkz% - мемлекеттік тілдегі жарнаманың көлемі.


  1. Теле-, радиоарнаның эфирін есепке алу және жазу технологиясына байланысты, рұқсат етілетін қателіктің өлшемі жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық әр уақыт аралығында эфирдің 3 минөтін құрайды. Аталған қателікті есепке алып, бұзуды тіркеу теле-, радиоарналарда қазақ және орыс тілдеріндегі жарнама көлемінің арақатынасы >3 минөттен артық емес құраған жағдайда жүзеге асырылады.

«Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторингі» ақпараттық жүйесін пайдаланып, техникалық мүмкіндік болған кезде теле-, радиоарна эфирінің үздіксіз жазылуын қамтамасыз ету, >3 минөттен артық бұзуды тіркеу кезінде қателік ескерілмейді.
5-тарау. Отандық теле-, радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемін есептеу

15. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасап шығарған теле-, радиобағдарламалар Қазақстан Республикасының заңнамасының отандық теле-, радиобағдарламалар көлеміне қойылатын талаптарын сақтау мәніне мониторинг нысаны болып табылады.

16. Теле-, радиобағдарламаны жасап шығарушы ел сүйемелдейтін ақпарат және ашық дереккөздер (оның ішінде Интернет желісіндегі) ақпараты негізінде белгіленеді.

17.Отандық теле-, радиобағдарламалар:



  1. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар шетелдік компаниялармен бірге жасап шығарған теле-, радиобағдарламалар;

  2. оларға авторлық құқықтарды бере отырып, отандық телерадиоарналардың тапсырысы (олардың қаражаты есебінен) бойынша жасап шығарылған теле-, радиобағдарламалар;

  3. Қазақстан Республикасы аумағында франшиза бойынша тіркелген отандық телерадиоарналар, жеке және заңды тұлғалар жасап шығарған теле-, радиобағдарламалар;

  4. қазақстандық комментаторлар мен дикторлардың қатысуымен өткен теле-, радиобағдарламалар.

18. Телеарналарда дербес эфирлік бағдарлама ретінде таратылатын музыкалық шығармалар, сондай-ақ бір телебағдарлама шеңберіндегі музыкалық шығармалар отандық жасап шығару көлемінде ескерілмейді.

19. Бір радиобағдарлама шеңберінде таратылатын музыкалық шығармалар дербес эфирлік бағдарлама ретінде ескерілмейді және радиохабар таратудың апталық көлемінде радиобағдарламалар санына есептелмейді. Егер музыкалық шығармалар бөлек және қандай да болсын радиобағдарлама шеңберінде емес көрсетілсе, олар дербес эфирлік бағдарлама ретінде музыкалық шығармалардың радиобағдарлама санына есептеледі.

20. Теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының заңнамасының отандық теле-, радиобағдарламалар көлеміне қойылатын талаптарын сақтау мәніне мониторингісін өткізген кезде келесі ескеріледі:

1) теле-, радиобағдарламаның әр шығарылымы және оны эфирде кейін қайталау телерадиохабар таратудың апталық көлемінде жеке теле-, радиобағдарлама болып саналады;

2) жарнамаға немесе басқа теле-, радиобағдарламаға үзілген теле-, радиобағдарламаның шығарылымының жеке бөліктері бір теле-, радиобағдарлама болып саналады;

3) отандық телекомпаниялар мемлекеттік және басқа тілдерге аударған шетелдік теле-, радиобағдарламалар отандық теле-, радиобағдарламаларға жатпайды;

4) жарнама, эфирлік қосымшалар (Мемлекеттік Әнұранды айту, теле-, радиоарнаның өз атауын жариялауы, теле-, радиоарнаның жеке ақпараты (анонс)), әлеуметтік жарнама отандық теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлеміне енгізілмейді.

21. Отандық телебағдарламалардың телеарналардағы көлемі келесі формуламен есептеледі:



бұнда:

Ntvrkz - отандық телебағдарламалардың апталық саны;

Ntvr –телебағдарламалардың апта ішіндегі жалпы саны;

Ntvrkz% - отандық телебағдарламалардың көлемі.

22. Отандық радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемі келесі формуламен есептеледі:

бұнда:

Ntvrkz - отандық радиобағдарламалардың апталық саны;

N mkz - отандық музыкалық шығармалардың апта ішіндегі саны;

Ntvr – радиобағдарламалардың апта ішіндегі жалпы көлемі;

Nm –музыкалық шығармалардың апта ішіндегі жалпы көлемі;

Ntvrkz% - отандық радиобағдарламалардың және музыкалық шығармалардың көлемі.



6-тарау. Шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларының ретрансляция көлемін есептеу
23. Шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларының ретрансляция көлемін есептеген кезде жарнама уақыты, техникалық үзіліс және теле-, радиоарнаның эфирлік кірістірме есептелмей, ретрансляция жасалатын теле-, радиобағдарламалардың ұзақтығы тіркеледі және келесі формула қолданылады:


бұнда:

Trtfl- шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларының ретрансляциясы минөтпен;

Ttvr- теле-, радиобағдарламалардың хабар таратуының апта ішіндегі жалпы көлемі, минөтпен;

Т rtfl % - ретрансляция көлемі.


7-тарау. Теле-,радиоарналарда жарнаманың тәуліктегі көлемін есептеу
24. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама көлемін есептеу, жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тараптың жарнамасын қамтымайтын теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындайтын және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ, трансляцияны тікелей эфирде көрсеткен немесе қайталауды жазған кезде оқиға болған жерде орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, келесі формуланы қолданумен жүзеге асырылады:

бұнда:


TaD – тәулік ішіндегі жарнама минөтпен;

TbgD - тәулік ішіндегі хабар таратудың жалпы көлемі;

Т aD% - тәулік ішіндегі жарнама көлемі.


8-тарау. Теле-, радиоарналарда бір сағат хабар тарату уақыты ішінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 бастап 23.00 дейін уақыт аралығындағы жарнама ұзақтығының жалпы көлемін есептеу
25. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 бастап 23.00 дейін уақыт аралығындағы әр сағаттық жарнама ұзақтығының көлемі келесі формуламен есептеледі:

бұнда:

TaDp – сағат 18-2300 кезеңіндегі әр сағаттық жарнама ұзақтығының көлемі;

TaD – сағат 18-2300 кезеңінде бір сағат ішіндегі хабар таратудың жалпы көлемі;

TaDp % - бір сағат ішіндегі хабар таратудың жалпы көлемінен сағат 18-2300 кезеңіндегі әр сағаттық жарнама ұзақтығының көлемі.

Уақыт аралығында техникалық іркілістер анықталған жағдайда, жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 бастап 23.00 дейін уақыт аралығындағы әр сағаттық жарнама ұзақтығының көлемі есептелмейді.

9-тарау. Жарнамалық сипаттағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда телесауда көлемін есептеу
26. Жарнамалық сипаттағы хабарларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда телесауда көлемін есептеу келесі формуланы қолданумен жүзеге асырылады:
8
бұнда:

Tcomg - телесауда;

VaDinD - тәулік ішіндегі жарнаманың және телесауданың хабар тарату көлемі;

PTcomg% - тәулік ішіндегі телесауда көлемі.


10-тарау. Коммерциялық жарнама сипаты бар қосымша ақпараттың, қосарластыру және жүгiртпе жол түрiндегі жарнама алаңының телеарналардағы экран алаңына қатынасы
27. Жарнаманың, жүгіртпе жолдың, коммерциялық жарнама сипаты бар қосымша ақпараттың қосарластыру өлшемі салынған графиканың экранның жалпы алаңының нүктелер санына қатысты нүктелер саны бойынша белгіленеді.

28. Теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының заңнамасының кадр алаңына қойылатын талаптарын сақтау мәніне мониторингісін өткізген кезде келесі өлшемдер ескеріледі:

1) ашықтық дәрежесіне қарамастан, кез келген қосарластыру қосымша ақпарат болып саналады;

2) екі телебағдарламаны бір уақытта көрсеткен кезде (бір бағдарламадан екінші бағдарламаға өту) қосымша ақпарат факторы ескерілмейді.

29. Кадр алаңы суреті бар экран бейнесі болып табылады. Телеарна дабылы 16:9 форматында хабар тарататын болса, экрандық кашесінің алаңы (бейненің жоғарғы және үстінгі жағында бос қара кеңістік) экран алаңына есептелмейді. Егер экрандық каше жарнаманы, қосымша ақпаратты қосарластырған кезде қолданылатын болса, оның алаңы экран алаңына есептеледі.

30. Коммерциялық жарнама сипаты бар қосымша ақпарат немесе жарнама анимацияланған қосарластыру түрінде қолданылатын болса, оның алаңы кадрлар бойынша барынша алаңмен есептеледі.

31. Коммерциялық жарнама сипаты бар қосымша ақпараттың, анимацияланған қосарластыру түрінде жарнаманың алаңын экран алаңынан есептеу келесі формуланы қолданумен жүзеге асырылады:
=S i%
бұнда:

Si – коммерциялық жарнама сипаты бар қосымша ақпараттың, анимацияланған қосарластыру түрінде жарнаманың алаңы;

Ssc – экран алаңы;

Si% - қосымша ақпараттың алаңы.

32. Жүгіртпе жол тәсілімен көрсетілетін жарнама алаңын экран алаңынан есептеуге арналған формула:


бұнда:

Sacm – жүгіртпе жол тәсілімен көрсетілетін жарнама алаңы;

Ssc – экран алаңы;

Sacm% - қосарластыру түріндегі жарнама алаңы.

11-тарау. Теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының заңнамасының Мемлекеттік әнұранды орындауға, телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектер құқықтарын қорғауға қойылатын талаптарын сақтау мәніне мониторингісін өткізу ерекшеліктері
33. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 04 маусымдағы Конституциялық заңының 8-бабы 1-тармағының 4)тармақшасымен белгіленген талаптарды сақтау мәніне теле-, радиоарналардың мониторингісін жүзеге асырған кезде теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулiк сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалмаған болса, бұзу тіркеледі.

Үздіксіз хабар тарататын теле-, радиоарналарға қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын тәулігіне бір рет орындау міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау ұзақтығы теле-, радиоарналардың тәуліктік эфирінің жалпы көлемінде ескерілмейді.



34. «Телерадиохабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 30-бабы 1-тармағын сақтау туралы талап ақпараттық-талдамалық телебағдарламаны қоспағанда,телеарнаның хабар тарату торына жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарламаның шығуы енгізілген күндерге таратылады.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет