«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік



жүктеу 72.12 Kb.
Дата27.06.2018
өлшемі72.12 Kb.






Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен

бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар

туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті жеке тұлғаларға облыстардың, Астана, Алматы қалалары Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – визалық мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің қолымен куәландырылған Қазақстан Республикасы азаматының паспортына он алты жасқа дейінгі балалары туралы жазбаны олардың фотосуреттерін жабыстыра отырып жазу, балалары ата-анасымен бірге уақытша шетелге шыққан жағдайда ата-анасының бірінің тұрақты тіркелген не нақты тұратын жері бойынша.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 10 (он) пайызын құрайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол емес екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбiден бастап жұма аралығында сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, сенбі күні 9-00-ден 13-00-ге дейiн, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен дүйсенбiден бастап жұма аралығында сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi асқа үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн, сенбі күні 9-00-ден 13-00-ге дейiн жүзеге асырылады, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.

9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

1) баланың ағылшын тілінде тегі мен атының қажет етілген жазуы көрсетіле отырып ата-анасының бірінің еркін нысандағы жазбаша өтініші;

2) ата-анасының бірінің Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

3) баланың туу туралы куәлiгі;

4) құжатты ресімдеген сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетiн өлшемi 3,5 х 4,5 сантиметр фотосурет ұсынады.

Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Көзі ашық және анық көрінуі, шашпен жабылмауы тиіс. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi;

5) мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (екі немесе одан да көп балаларының фотосуреттерін жабыстырған кезде мемлекеттік баж салығын төлеу түбіртегі әр қайсысына бөлек ұсынылады). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттар ұсынады.

Құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар алынғаны туралы қолхат беріледі.

Дайын құжаттарды беру тисті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде өзінің (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке куәлігі ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қөрсетілетін қызмет стандартының  9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қөрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03 бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), почталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету,

оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін

ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Ата-анасынсыз басқа адамдармен бірге жол жүрген балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспорттары беріледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша     

Нысан


Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды

қабылдау туралы қолхат

Осы қолхат _______________________________________ берілді және


            (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсету)

«Қазақстан Республикасы азаматының паспортына он алты жасқа дейінгі балалары туралы жазбаны олардың фотосуреттерін жабыстыра отырып жазу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының паспортына он алты жасқа дейінгі балалары туралы жазбаны олардың фотосуреттерін жабыстыра отырып жазуды ресімдеу үшін құжаттардың қабылданғанын растайды.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

Орындаушы: Т.А.Ә. (ол болған жағдайд______________

Телефоны________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы

20___ жылғы «___» ___________




Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd nb doc -> Кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> О функционировании массива
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Р/с Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
mvd nb doc -> Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында
mvd nb doc -> Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы Мазмұны
mvd nb doc -> Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидалары Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет