Қазақстан республикасы бас прокуратурасы жанындағЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау органдарының академиясы «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы»



жүктеу 453.96 Kb.
бет1/2
Дата02.11.2017
өлшемі453.96 Kb.
  1   2




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ

«Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы» (Жалпы және Ерекше бөлім)

қабылдау емтиханын тапсыру үшін

БАҒДАРЛАМА

Магистратура
мамандық: 6М030100 - «Құқықтану»

мамандық: 6М030300 – «Құқық қорғау қызметі»


Астана, 2017

Аталған бағдарлама мемлекеттік білім беру стандартының «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша «Қылмыстық - процестік құқығы» типтік оқу бағдарламасының негізінде, қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының теориялық жетістіктерін басшылыққа алып Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасына сүйеніп, әзірленген.

Бағдарламада қылмыстық іс жүргізу құқығының қазіргі жағдайдағы жаңа бағыттары және тенденциялары ескерілген.

Мұнда қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының негізгі сұрақтары және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өзекті сұрақтары қамтылған.

Бағдарламада оқуға міндетті арнайы әдебиеттердің тізімі және нормативті материал көрсетілген.

Кіріспе
Қылмыстылықпен күрес барлық мемлекеттік органдардың назарына алынған. Сотқа дейінгі тергеу, прокуратура және сот органдарының мұнда айрықша рөлі бар. Олардың қызметі заңдылықты нығайту және бұзушылықтардың жолын кесу үшін үлкен маңызға ие. Анықтама, алдын ала тергеу және соттың заңмен реттелген қылмыстық-процестік қызметі қылмыстарды ашуға және болдырмауға бағытталған. Қылмыстық істердің өндірісі, талқылауы және қылмысты істеуге кінәлілерді жазалау «Қазақстан Республикасы қылмыстық - процестік құқығы» пәнінің затын құрайды.

Қылмыстық іс жүргізу тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылықты, жеке өмірдің құпиясын және басқа да құқықтар мен бостандықтардың негізсіз кемсітуден немесе бұзудан нақты құқықтық кепілдіктерді белгілейді. Сонымен бірге, қылмыстардан жәбір шеккендерге қорғану және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру құралдарын беріп, олардың соттық қорғалуын қамтамасыз етеді.

«Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша магистратураға түсу және оқу қылмыстық сот өндірісі саласындағы орнықты білімге ие, құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметіне, Қазақстан Республикасы жоғары оқу және ғылыми мекемелеріндегі ғылыми және педагогикалық қызметіне жоғары деңгейдегі білікті мамандарды даярлауды талап етеді.

Магистратураға түсушілер жоғары теориялық деңгейде қылмыстық сот өндірісінің мәнін және міндеттерін, қылмыстық процестің негізгі принциптерін, дәлелдемелер теориясын, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудің тәртібін, айыпталушыны сотқа тапсыру және соттық іс жүргізудің сұрақтарын, апелляциялық, кассациялық инстанциялардағы соттарда істерді қараудың тәртібін, қадағалау және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау тәртібін, жекелеген санаттардағы қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің ерекшеліктерін білуі тиіс.

Қазақстандық заңнамадағы соңғы өзгерістерді ескеріп, дайындалған «Қазақстан Республикасының қылмыстық - процестік құқығы» пәні бойынша қабылдау емтиханын тапсыруға арналған бағдарлама «6М030100 - Құқықтану», «6М030300 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша магистратураға түсуге көмектеседі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ЖАЛПЫ БӨЛІК



1-тақырып. Қылмыстық-процестік құқығының ұғымы, мiндеттерi мен маңызы

Қылмыстықө процестік құқығының ұғымы және оның құқық жүйесiндегi орны. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, мақсаты, міндеттері мен мазмұны және оны құқықтық реттеу. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу құқығы және қылмыстық-процестік заң. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес құқықтық жүйедегі қылмыстық іс жүргізу құқығының ролі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқықтың басқа салалары және ғылыми пәндермен ара қатынасы. Қылмыстық іс жүргізудің түрлері (нысандары).

Қылмыстық процесс және сот төрелігі. Қылмыстық процесс мемлекеттік қызмет түрі ретінде. Қылмыстық-процессуалдық қызметтің құрылымы және оның сатылары. Қылмыстық процесс сатыларының дербестігі және өзара әрекеттестігі.

Қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының құрылысы, оның белгілері. Қылмыстың iс жүргiзу нысанының түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу актiлерi: түсінігі, маңызы, түрлері. Тергеу және сот іс әрекеттерінің хаттамалары, олардың құқықтық мәні мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізушілік шешімдердің түсінігі мен құқықтық негіздері. Шешімдердің заңдық және фактілі негіздері. Іс жүргізу шешімдерінде құқықтың басқада салаларының нормаларын қолдану.
2-тақырып. Қылмыстық -процестік заңы және оның қайнар көздерi

Қылмыстық-процестік құқығының қайнар көздерiнiң ұғымы мен түрлерi. Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық іс жүргізудің қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, оның қалыптасуы мен дамуы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, оның міндеттері, жалпы сипаттамасы және құрылысы. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын демократияландыру мен жетілдірудің басты бағыттары. Қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілері.

Қылмыстық iс жүргiзу нормалары, олардың түсiнiктерi, негiзгi белгiлерi, Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негiзгi түрлерi. Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы.

Қылмыстық іс жүргізу занының уақыт тұрғысында, кеңiстiкте және тұлғаларға қатысты қолданылуы.

Қылмыстық іс жүргізу занының аналогия бойынша қолданылуы. Қылмыстық іс жүргізу реттеу механизмдегi сендiру, мәжбүрлеу және жауапкершiлiк. Қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң имандылық бастаулары.

Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктерінің түсінігі, олардың маңызы мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізу функциялары, олардың түрлері мен қарым қатынастары.

Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі: қылмыстық істерді тергеу функциясы, қылмыстық ізге түсу функциясы, прокурорлық қадағалау функциясы, қорғау функциясы, қылмыстық істерді қарау мен шешу функциясы.
3-тақырып. Қылмыстық процестің қағидаттары

Қылмыстық процестің қағидаттарының ұғымы мен мәні. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу принциптерінің жүйесi. Қылмыстық іс жүргізу принциптері мен міндеттері арасындағы қарым-қатынас. Принциптердің жүйесі - қылмыстық сот ісін жүргізуді дамытудың методологиялық негізі ретінде.

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері.

Заңдылық принципі. Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Жеке адамның абыройы мен кадiр-қасиетiн құрметтеу. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Хат жазудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Меншiкке қол сұғылмаушылық. Кiнәсiздiк презумпциясы. Қайта соттауға және қылмыстық iзге түсүге жол бермеу. Сот әдiлдiгiн заң мен сот алдындағы теңдiк негiздерiнде жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсiздiгi. Сот iсiн жүргiзудегi тараптардың тең құқықтылығы негiзiнде жүзеге асыру.

Iстiн мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу. Дәлелдемелердi iшкi сенiмі бойынша бағалау, куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату. Бiлiктi заң көмегiне құқықты қамтамасыз ету. Жариялылық. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi.

Iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану бостандығы.


4-тақырып. Қылмыстық iзге түсу

Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсудің нысандары. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы iстер бойынша iзге түсу және айыптау.

Жариялылық және диспозитивтік принципі.

Қылмыстық iзге түсудi болдырмайтын жағдайлар. Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту.

Қылмыстық ізге түсу органдары және олардың өкілеттіктері. Қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері.
5-тақырып. Қылмыстық процеске қатысушылар

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жiктелуi. Қылмыстық іс жүргізу қатысушылары мен субъектілері түсініктерінің ара қатынасы.

Сот қылмыстық сот iсiн жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттiк орган ретiнде. Тергеу судьясы, оның процессуалдық жағдайы. Тергеу судьясы өкілеттігін жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық іс жүргізудегі прокурор, оның іс жүргізу жағдайы мен өкілеттіктері. Тергеуші, оның іс жүргізу жағдайы. Тергеу бөлiмiнiң бастығы, оның іс жүргізу жағдайы. Анықтау органы, түрлері, міндеттері және өкілеттіктері. Анықтаушы, оның іс жүргізушілік жағдайы. Анықтау органының бастығы, іс жүргізушілік жағдайы.

Өзінің және басқалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық іс жүргізу қатысушылары. Қылмыстың жасалуына сезікті: түсінігі, іс жүргізу жағдайы. Айыпталушы: түсінігі, іс жүргізу жағдайы.

Жәбірленуші: оның іс жүргізу жағдайы. Жеке айыптаушы, оның іс жүргізушілік жағдайы.

Азаматтық талапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Азаматтық жауапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Азаматтық жауапкер ретінде таныла алатын тұлғалар.

Қорғаушы, оның өкілеттіктері және қылмыстық іс жүргізуге қатысу міндеттері. Қорғаушы ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуіне қатыса алатын тұлғалар. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу. Қорғаушыдан бас тарту. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысу жағдайлары.

Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері. Жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері. Азаматтық жауапкердің өкілдері.

Қылмыстық іс жүргізудегі басқада тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы. Куәнің іс жүргізу жағдайы. Қорғалуға құқығы бар куә. Куә ретінде жауап алынбайтын тұлғалар. Сарапшының, аудармашының, куәгердің, сот отырысы хатшысының, сот приставының қылмыстық іс жүргізудегі процессуалдық жағдайы.
6-тақырып. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу

Өзара іс әрекет етудiң iс жүргiзушiлiк нысандары. Өзара әрекет етудiң ұйымдастырушылық нысаны. Тергеушiнiң қоғамдастықпен өзара әрекет етуi. Тергеушiнiң сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуi.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің түсінігі. Алдын ала тергеудi тоқтата тұру тәртiбi. Алдын ала тергеудi тоқтата тұрудың шарттары. Алдын ала тергеудi тоқтатқаннан кейiнгi тергеушiнiң әрекеттерi. Айыпталушыны iздестiру. Тоқтата тұрылған алдын ала тергеудi қайта бастау.

Қылмыстық iстердi бiрiктiру мен бөлектеудің мәні мен маңызы. Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеудің негіздері, шарттары және процессуалдық тәртібі.

Қылмыстық iстердi қысқарту. Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қысқартудың ерекшеліктері. Айып тағу және жеке айыпталушыларға қатысты бөлігінде қылмыстық істі қысқарту. Қылмыстық іс қысқартылғаннан кейін тергеушінің іс әрекеті. Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға шағым беру тәртібі. Қысқартылған қылмыстық істі қайта өз өндірісіне қабылдау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтаудың нысандары. Құпиялықты сақтау.

Іс жүргізу мерзімінің түсінігі. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртіптері. Іс жүргізу мерзімдерін сақтау мен ұзарту. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру.


7-тақырып. Қылмыстық процестегі мүлiктiк мәселелер. Іс жүргізу мерзімдері.

Қылмыстық іс жүргізуде қаралатын азаматтық талаптардың пәні, оны ұсынудың негіздері және іс жүргізу тәртіптері. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың құқықтық негізі. Азаматтық талапкер ретінде тану. Зиянды өтеудiң негiздерi, шарттары, мөлшерi және тәсiлi туралы ережелердi қолдану. Азаматтық талап бойынша шешiм. Азаматтық талапты қамтамасыз ету.

Айыптау және ақтау үкімдерін тағайындағанда, қылмыстық істі қысқартқан жағдайда азаматтық талапты шешу. Азаматтық талап бөлігінде соттың үкімі мен қаулысын орындау.

Қылмыстық iс бойынша өндiрiс барысында кеткен шығындарды өтеу мен еңбекке ақы төлеу.

Қорғаушының заң көмегіне ақы төлеу, аудармашыға, маманға, сарапшыға ақы төлеу. Жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың заңды өкілдеріне, жеке айыптаушының қорғаушысына және өкіліне, куәгерге, аудармашыға, маманға, сарапшыға, куәға шығындарды өтеу.

Iс жүргiзу шығындары: түсінігі, түрлері. Iс жүргiзу шығындарын өндiрiп алу негіздері мен түрлері. Іс жүргізу шығындарын өтеудің негіздері мен өндіру тәртіптері.

Iс жүргiзудегi мерзiмдерiнiң ұғымы, маңызы және түрлерi. Iс жүргiзу мерзiмдерiн санау тәртiбi. Iс жүргiзу мерзiмдерiн ұзарту мен қалпына келтiру тәртiбi. Қылмыстық iс жүргiзудегi мерзiмдердi өткiзiп алудың iс жүргiзу құқықтық салдары
8-тақырып. Ақтау. Қылмыстық іс жүргізуді жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеу

Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтаудың ұғымы мен маңызы. Ақталуға жататын тұлғалар, ақтау негіздері.

Қылмыстық iс жүргiзудi жүзеге асыратын органның заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтетiн алуға құқығы бар тұлғалар. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс әрекеттері арқылы азаматқа келтірілген зиянның түсінігі, мен түрлері. Өтелуге жататын зиян, оның түрлері мен мөлшері.

Зиянды өтеу құқығын тану. Мүліктік зиянды өтеудің іс жүргізу тәртібі. Моралдық зиянның зардаптарын жою.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі, ақталушының бұзылған құқықтарды қалпына келтіру.
9-тақырып. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 5 шілде 2000 жылғы “Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының заңы. Мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалар. Қауіпсіздік шаралардың түрлері.

Сот талқылауына қатысатын тұлғалардың қаіпсіздігін қамтамасыз ету.

Судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. Қылмыстық процеске қытысушы жәбiрленушiлердiң, куәлердiң, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру. Қауіпсiздiк шаралары. Сот талқылауына қатысушы тұлғалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.


10-тақырып. Қылмыстық процеске қатысу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар. Қарсылық бiлдiру.

Қылмыстық iс жүргiзуге қатысудын шеттеуге өтiнiш жасау және қарсылық бiлдiру. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудан босату. Судьяға қарсылық бiлдiру. Прокурорға қарсылық бiлдiру. Тергеушi мен анықтаушыға қарсылық бiлдiру. Куәгерге қарсылық бiлдiру. Сот отырысы хатшысы мен сот приставына қарсылық бiлдiру. Аудармашы мен маманға қарсылық бiлдiру. Сарапшыға қарсылық бiлдiру.

Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң өкiлiн, азаматтық талапкердi немесе азаматтық жауапкердi қылмыстық iс бойынша өндiрiске қатысудан шеттету.

Қылмыстық іс жүргізу қатысушы ретінде тану құқығы, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың мүмкіндіктерін қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың қамтамасыз етуі.

Өтiнiш. Қылмыстық iс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттiк органдарының және лауазымды тұлғалардың шешiмдерiне, әрекеттерiне шағындану. Ұсталған немесе қамауға алынған тұлғалардың шағым беру тәртiбi.

Шағым берудiң мерзiмдерi. Шешiмдердi орындауды шағым берiлуiне байланысты тоқтата тұру.

Шағым берудің жалпы тәртібі. Прокурор шешiмiне шағымды сотта қарау тәртiбi. Сот үкімдері мен қаулыларына шағым және қарсылық беру.
11-тақырып. Қылмыстық iс жүргiзудегi дәлелдемелер теориясының негiзгi ережелерi

Дәлелдемелер ұғымы. Дәлелдемелiк құқығы және оның дәлелделер теориясындағы орны. Дәлелдемелер теориясының методологиялық негіздері.

Таным теориясы - дәләлдемелер теориясының негiзi. Қылмыстық іс бойынша ақиқаттың түсінігі, мазмұны және сипаты. Қылмыстық iс бойынша ақиқатты анықтаудың iс жүргiзу кепiлдерi. Дәлелдеудегі практиканың түсінігі мен маңызы.

Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтаудың процессуалдық кепілдіктері.

Дәлелдемелердiң қайнар көздерi. Дәлелдемелердiң жiктелуi, оның теориялық және практикалық маңызы. Дәлелдемелердiң қасиеттері. Дәлелдемелердiң қатыстылығы, іске жiберілуі және растығы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің пәні: түсінігі, мазмұны және маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шегінің түсінігі мен маңызы. Дәлелдеусіз анықталатын мән жайлар. Дәлелдемелер ретінде тани алмайтын фактілік деректер. Дәлелдемелер процессуалдық қайнар көздер мен фактілік мәліметтердің бірреттілігі.

12-тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудiң негiздерi

Дәлелдеу процесінің ұғымы мен элементтері. Дәлелдеу субъектілері. Дәлелдемелердi жинау, зерттеу және бекiту. Дәлелдемелерді бағалаудың түсінігі мен принципі. Дәлелдемелерді бағалау кезіндегі ішкі сенімнің принципін жүзеге асырудың іс жүргізу кепілдіктері.

Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. Дәлелдеудегі жедел іздестіру қызметерінің рөлі мен маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі аналогиялар мен преюдициялар.

Дәлелдемелердің іс жүргізушілік қайнар көздерінің түрлері.

Куәнің жауаптары. Куәнің жауаптарының түсінігі, пәні мен маңызы. Куәлік жауаптарының субъектілері. Куә ретінде жауап алуға жатпайтын тұлғалар. Куәлік иммунитет. Куәнің жауаптарының растығына әсер ететін факторлар. Куәнің жауаптарын бағалау мен тексеру. Куәнің жауаптарының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.

Жәбірленушінің жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Жәбірленушінің жауаптарын тексеру мен бағалау. Жәбірленушінің жауабының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.

Сезіктінің жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Сезіктінің жауабын тексеру мен бағалау. Сезіктінің жауабының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.

Айыпталушының жауабы: түсінігі, пәні, түрлері мен маңызы. Жауап беру кезіндегі айыпталушының құқығы. Айыпталушының жауабын тексеру. Айыпталушының жауабын тексеру. Айыпталушының жауабын бағалау. Айыпталушы өзінің кінәсін мойындаған жағдайда берген жауабының дәлелдемелік маңызы. Өзін өзіне қатысты жалған жауап беру. Басқа біреуге қатысты жалған жауап беру.

Сарапшының қорытындысы: түсінігі, объектілері мен маңызы. Сараптаманы тағайындаудың негізі мен тәртіптері. Сарапшының қорытындысының тергеу әрекеттеріне қатысуы үшін шақырылған маманның ұсынысы мен түсіндірмесінен айырмашылығы. Сарапшы қорытындысының түрлері. Сараптамалық зерттеудің шегі. Сарапшы қорытындысының мазмұны мен құрылысы. Сарапшы қорытындысын бағалау.

Заттай дәлелдемелер: түсінігі, іс жүргізушілік негізі, түрлері мен маңызы. Заттай дәлелдемелерді жинау тәсілдері. Заттай дәлелдемелерді тексеру мен бағалау. Заттай дәлелдемелерді сақтау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселені шешу. Заттай дәлелдемелердің растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.

Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары: түсінігі, құрылысы, маңызы. Тергеу және сот әрекеттерінің хаттамаларын бағалау.

Құжаттар: түсінігі, түрлері, маңызы. Дәлелдемелердің дербес қайнар көзі ретінде құжаттардың құжат-заттай дәлелдемелерден айырмашылығы. Құжаттарды жинау, тексеру мен бағалау тәсілдері.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылатын фонограммалардың, фотосуреттердің, киноленталардың, видеожазбалардың, үлгілердің, жоспарлардың, схемалардың және басқада көріністердің дәлелдемелік маңызы.


13-тақырып. Процестік мәжбүрлеу шаралары

Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен маңызы. Қылмыстық іс жүргізушілік реттеу механизміндегі сендіру, мәжбүрлеу және жауапкершілік мәселелері.

Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеуді қолданудың құқықтық және гуманитарлық мәселелерi.

Қылмыстық iс жүргізу мәжбүрлеуге ұшыраған тұлғаның құқықтық жағдайы.

Iс жұргiзiшiлiк мәжбүрлеу құралдарын қолданудың жалпы шарттары, жүйесi және механизмi.

Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түрлері, олардың қолдану мақсаттары.

Қылмыстық iс жүргiзудiң кейбiр субъектiлерiне қатысты қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеуді қолданудың ерекшелiктерi.

Қылмыс жасаған тұлғаны сезікті ретінде ұстаудың негізі, жағдайы мен мерзімдері. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі азаматтардың құқықтары. Қылмыс жасалуына сезікті тұлғаны ұстау тәртіптері. Ұсталған адамды жеке тінту.

Қылмыс жасалуына ұсталған сезікті тұлғаны босату негіздері. Қылмыстың жасалуына ұсталғанды қамауға алу тәртіптері. Ұсталу туралы сезіктінің туыстарына хабарландыру.

Бұлтартпау шаралары: түсінігі, негіздері, маңызы. Қосымша шектеулер. Бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығы мен негізділігінің конституциялық кепілдіктері.

Бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ескерілетін мән-жайлар. Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану тәртіптері.

Бұлтартпау шараларының түрлері. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алдыру. Осы бұлтартпау шарасын қолдану кезінде айыпталушыға (сезіктіге) қатысты міндеттері. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхатты бұзудың салдары.

Жеке кепілдік және оны қолданудың жағдайлары. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері. Өкіл берушінің өзінің міндеттерін орындамаудың салдары. Әскери бөлім командованиесінің әскери қызметшілерін бақылау: мәні, жағдайлары және оны қолданудың іс жүргізушілік тәртібі.

Кәмелетке толмағанды қарауға беру: түсінігі, жағдайы мен оны қолданудың іс жүргізушілік жағдайы. Кәмелетке толмағанды қарауына алған тұлғаның өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда туындалатын салдарлар.

Кепіл: мәні, жағдайы мен оны қолданудың іс жүргізу тәртібі. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органның шақыруына сезікті, айыпталушының келмеуі салдары.

Үйқамақ: түсінігі, жағдайы мен оны қолданудың іс жүргізушілік іс жағдайы.

Күзетпен ұстау: түсінігі, жағдайы және оны қолданудың іс жүргізушілік жағдайы. Күзетпен ұстаудың мерізімі және оны ұзартудың тәртібі. Күзетпен ұсталған тұлғаларды ұстау тәртіптері. Мүлікті қамқорлыққа алуына мен қарауға алуға құқығы болуы. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы, күзетпен ұстауды ұзарту.

Бұлтартпау шараларын өзгерту мен жою негіздері.

Басқада іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары, олардың түрлері. Оларды қолданудың негізі, мақсаттары мен қолдану тәртібі. Анықтаушыға, тергеушіге, сотқа келу міндеттемесі. Қызметтен уақытша босату. Ақша өндіріп алу. Мүлікке тыйым салу.
ЕРЕКШЕ БӨЛІК
14-тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы адамның хабары. Кінәсін мойындап келу. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау міндеттілігі.



Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру.
15-тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жалпы шарттары

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің түсінігі мен маңызы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қылмыстық іс жүргізудің басқада сатыларымен байланысы.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің түрлері (нысандары). Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру. Анықтау мен алдын ала тергеу, олардың қарым қатынастары. Хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің түсінігі, мазмұны мен міндеттері.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мiндеттiлiгi. Тергелу ретiнің түсінігі мен түрлері. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзудiң басталуы, аяқталуы мен орны. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзiмi, оны ұзартуу тәртібі. Прокурордың Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкiлеттiктерi. Анықтау мен алдын ала тергеу органдары үшін прокурордың нұсқауларының міндеттілігі.

Алдын ала тергеуді тергеушілер тобымен жүргізу. Тергеу тобының жетекшісінің өкілеттіктері.

Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары. Алдын ала тергеу кезінде шығарылатын қаулылар.

Алдын-ала тергеу мiндеттi iстер бойынша анықтау органдарының iс-әрекетi. Тергеу әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi. Алдын-ала тергеу барысында шығарылатын қаулылар. Тергеу әрекеттерiнiң хаттамалары: мазмұны және оларды рәсімдеудің тәртіптері. Қылмыстардың және басқада заң бұзушылықтардың жасалуына әсер ететін мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс жасау.

Қылмыстық іс жүргізудегі анықтаудың түсінігі, міндеттері мен түрлері.

Тергеушінің анықтау органдарымен өзара іс-қимыл жасаудың түсінігі, оның қылмыстық іс жүргізу нысандары.

Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдарының қызметтері. Кідірілмейтін тергеу іс әрекеттерінің түсінігі, оларды анықтау органдары жүргізетін мерзімдері. Қылмыс жасаған тұлғаны анықтау бойынша жедел шараларын жүргізу барысындағы анықтау органдарының міндеттері.

Алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізудің тәртібі, жағдайы мен мерзімдері. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар.

Прокурормен істі сотқа жіберу тәртібі. Анықтаудың заңдылығы бойынша прокурордың өкілеттіктері.

Анықтау мен алдын ала тергеудің мәліметтерін жария етпеу.


16-тақырып. Адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекеттерінің саралануын айқындау

Адамды күдікті деп тану туралы жариялау. Күдіктінің іс-әректтерінің саралануын айқындау. Күдіктінің іс-әрекеттерін саралау туралы қаулы. Күдіктінің келу міндеттілігі. Күдіктіге оның іс-әрекеттерін саралау туралы туралы қаулыны жария ету тәртібі. Күдіктінің іс-әрекеттерін саралауды өзгерту және толықтыру.


17-тақырып. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы тергеу iс-әрекеттерi

Тергеу әрекеттерінің түсінігі, олардың жүйесі. Тергеу әрекеттерінің мазмұны мен құрылысы. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. Тергеу әрекеттері дәлелдемелерді жинаудың басты тәсілі ретінде.

Тергеу әрекеттерінің түрлері. Жауап алу. Жауап алуға шақыру тәртібі. Жауап алудың орны мен уақыты. Жауап алудың жалпы шарттары. Куә мен жәбірленушіден жауап алу. Кәмелетке толмаған куә мен жәбірленушіден жауап алу ерекшеліктері. Жауап алу хаттамасын рәсімдеуге қойылатын талаптар. Жауап алу кезінде дыбыс және видео жазбаларды қолдану.

Беттестіру: түсінігі, мақсаттары мен оны жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Беттестіруді іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу.

Қарау: түсінігі, түрлері негіздері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Қарауды жүргізудің жалпы шарттары. Қарауға қатысатын тұлғалар. Заттай дәлелдемелерді қарау мен сақтау. Адамның мәйітін қарау. Қарау хаттамасы.

Эксгумация: түсінігі, негіздері және іс жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Эксгумацияны жүргізудің өнегелік негіздері. Эксгумация хаттамасы.

Куәландыру: түсінігі, түрлері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Куәландыруға маманның қатысуы. Куәландыру кезінде тұлғалардың құқықтарының кепілдіктері. Куәландыру хаттамасы.

Танытуға ұсыну: түсінігі, түрлері, жағдайлары мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Танытуға ұсынуды іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу.

Тінту мен алу. Тінтудің алудан ерекшелігі. Тінту мен алуды жүргізудің негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Тінту мен алудың түрлері. Жеке тінту. Тінту мен алуды іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу.

Жасырын тергеу әрекеттері.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау: түсінігі, міндеттері, негіздері мен жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау хаттамасы.

Тергеу эксперименті: түсінігі, түрлері, міндеттері, негіздері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Тергеу экспериментінің хаттамасы. Тергеу экспериментінің айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудан айырмашылығы.

Сот сараптамасы: түсінігі, негіздері және оны тағайындау мен жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау. Сот сараптамасын жүргізуі тапсырылуы мүмкін тұлғалар. Сараптаманы сараптамалық мекемеде және одан тыс жерлерді сараптамалық зерттеу жүргізу. Сараптамалардың түрлері: жеке сарапшының сараптаманы өзі жүргізуі, комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалар.

Сараптама жүргізуі үшін тұлғаны медициналық мекемеге орналастыру. Сараптаманы тағайындау мен жүргізу кезіндегі сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің құқықтары. Қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарлау. Сарапшыдан жауап алу. Сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәға сарапшының қорытындысын ұсыну.

Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу: негіздері мен іс жүрізушілік тәртібі. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуға рұқсат берілетін тұлғалар. Тергеушінің, анықтаушының, сарапшының, дәрігердің және басқада мамандардың сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу тәртіптері. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу кезінде тұлғалардың құқықтарын қорғау. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуды іс жүрізушілік тәртіппен рәсімдеу.
18-тақырып. Алдын-ала тергеудiң аяқталуы

Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігі, оның нысандары. Алдын ала тергеудің аяқталуының негізі мен жағдайлары. Айыптау актісін жасаумен алдын ала тергеудің аяқталуы. Айыптау актісін прокурорға бағытталатын істер бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталуы туралы хабарлау. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және оның өкілдерін қылмыстық іс материалдарымен таныстыру. Күдікті мен оның қорғаушысын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру. Олардың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезіндегі құқықтары.

Қылмыстық істердің материалдарымен танысу кезінде туындалған өтініштерді қарау мен шешу.

Қылмыстық іс материалдарымен таныстыру туралы хаттама: құрылысы мен мазмұны.

Айыптау актісі: түсінігі, маңызы. Айыптау актісінің мазмұны мен нысаны, оның тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулымен байланысы. Айыптау актісінің қосымшасы.

Қылмыстық істі прокурорға жолдау.

Айыпталушыны прокурормен сотқа жіберу мәні, маңыздылығы және міндеттілігі. Прокурордың айыптау актісімен келiп түскен iс бойынша iс-әрекеттi. Айыпталушыны сотқа беру. Айыпталушыға айыптау актісі көшірмесін беруді қамтамасыз ету.
19-тақырып. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Соттылық.

Басты сот талқылау сатысының мәнi, маңызы және мiндеттерi. Басты сот талқылау жалпы шарттарының ұғымы мен маңызы. Сот талқылауының тiкелей ауызша және үздiксiз болуы. Iстi талқылау кезiндегi сот құрамының өзгертiлмеуi. Басты сот талқылауының шегi. Басты сот талқылауының жалпы шарттарының ұғымы мен маңызы.

Басты сот талқылауына сотталушының қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Сотталушысыз істі талқылаудың негіздері. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Қорғаушының сот талқылауына келмеудің салдары.

Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықатары мен міндеттері.Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Жәбірленушінің сот талқылауына келмеудің салдары.

Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына қатысуы, олардың құқықтары мен міндеттері. Олардың келмеудің салдары.

Басты сот талқылауының шегі.

Басты сот талқылауын кейінге қалдырудың негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Қылмыстық істі тоқтата тұрудың негізі мен іс жүргізушілік тәртібі.

Бұлтартпау шарасы туралы және олардың мерзімдері туралы мәселелерді шешу.

Басты сот талқылауында қылмыстық істерді қысқарту.

Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртіптері. Басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар.

Басты сот талқылауының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызы. Басты сот талқылауы отырысының хаттамасына ескерту жасау және оларды қарау тәртіптері.

Соттылықтың ұғымы, маңызы және түрлерi. Iстердiң пәндiк (тектiк) белгiге байланысты соттылығы. Iстердiң аумақтық (жергiлiктi) белгiсiне байланысты соттылық. Iстердiң жеке дербестiк субъект белгiге байланысты соттылығы. Қылмыстық iстi соттылығы бойынша беру. Соттылық туралы дауларды шешу. Қылмыстық iстердi бiрiктiру незiндегi соттылықты анықтау.
20-тақырып. Басты сот талқылауын тағайындау

Басты сот талқылауын тағайындау сатысының ұғымы мен маңызы, міндеттері. Келіп түскен қылмыстық істер бойынша соттың іс әрекеттері. Келіп түскен істер бойынша судья қабылдайтын шешімдердің түрлері. Шешімдерді қабылдаудың мерзімдері. Сотқа келіп түскен іс бойынша анықталуға жататын мәселелер.

Алдын ала тыңдауды тағайындаудың түсінігі мен тәртіптері. Алдын ала тыңдауды жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Алдын ала тыңдау процесінде прокурордың айыпты өзгертудің салдары.

Басты сот талқылауын тағайындаудың негіздері мен іс жүргізу тәртіптері. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулының мазмұны мен нысаны. Басты сот талқылауын тағайындау туралы шешімді қабылдаудан кейінгі соттың іс әрекеті.

Қосымша тергеуді жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарудың негіздері мен тәртіптері. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қысқартудың негіздері мен тәртіптері.
21-тақырып. Басты сот талқылауы

Басты сот талқылауы сатысының ұғымы, оның жүйесi. Басты сот талқылауы сатысының мәні, міндеттері және маңызы. Басты сот талқылауы - қылмыстық іс жүргізудің басты сатысы. Басты сот талқылауының қылмыстық іс жүргізудің басқада сатыларымен өзара байланысы.

Басты сот талқылауының құрылысы.

Сот талқылауының дайындық бөлімі, оның түсінігі, мазмұны, міндеттері мен маңызы. Басты сот талқылауын ашу. Басты сот талқылауына шақырылған тұлғалардың келуін тексеру, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сотталушының жеке басын анықтау, соттың құрамын жариялау, залдан куәларды шығару, өтініштер мен қарсылықтарды шешу тәртіптері. Іске қатысушының біреуі келмеген жағдайда істі тыңдау мүмкіндігі туралы мәселені шешу.

Сот тергеуі, оның мәнi, маңызы және тәртiбi. Сот тергеуінің басталуы. Сот тергеуінде сотталушының позициясын анықтау. Дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу тәртібін анықтау. Сот тергеуiндегi соттың атқаратын iс-әрекеттi.

Сотталушыдан жауап алу. Сотталушының жауабың жариялау. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу. Кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу ерекшеліктері. Жәбірленушінің, куәнің жауаптарын жариялау. Сараптама тағайындау. Сарапшыдан жауап алу. Заттай дәлелдемелерді қарау. Жерлерді және тұрғын үйді қарау. Танытуға ұсыну, куәландыру, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргізу, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу. Тергеу әрекеттерінің хаттамаларын және құжаттарын жариялау. Дәлелдемелерді зерттеуді шектеу негіздері. Сот тергеуінің аяқталуы.

Сот талқылауында істі қысқартылған тәртіппен қарау: түсінігі, негіздері.

Сот жарыссөзінің мазмұны, тәртібі, олардың мазмұны. Сот жарыс сөзіне қатысушы тұлғалардың репликалары.

Сотталушының соңғы сөзі: түсінігі, маңызы. Сот тергеуін қайта жаңғырту. Соттың үкімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуі.

Үкім: түсінігі, маңызы, мәні. Үкім қылмыстық іс бойынша сот төрелігінің акті ретінде. Үкімнің, айыптау қорытындысының, айыпталушыны сотқа беру туралы қаулының, және басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулының ара қатынастары.

Үкімді шығару. Үкімнің заңдылығы мен негізділі. Үкімді шығару кезінде сот шешетін мәселелері. Айыпталушының әрекет қабілеттігі туралы мәселені шешуі. Судьялардың кеңесу кұпиясы. Судьялардың кеңесу тәртіптері. Судьяның ерекше пікірі.

Үкімнің түрлері. Айыптау үкімін шығарудың негіздері. Айыптау үкімінің түрлері. Ақтау үкімін шығару нысандары. Үкімді жасау. Айыптау үкімінің кіріспе, түсіндіру-анықтау және қорытынды бөліктері. Ақтау үкімінің кіріспе, түсіндіру-анықтау және қорытынды бөліктері.

Үкімнің резолютивтік бөлігінде шешілуге жататын басқада мәселелер.

Үкімді жариялау. Сот отырысы залынан сотталушыны қамаудан босатудың негіздері. Үкімнің көшірмесін ұсыну.

Соттың жеке анықтамалары, негіздері, және оның шығарудың тәртіптері. Үкімді шығарумен бірге сот шешетін мәселелер.
22-тақырып. СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘРТІППЕН ҚАЙТА ҚАРАУ (Апелляциялык өндiрiс)

Апелляциялык өндiрiс сатысының ұғымы, маңызы және мiндеттерi. Үкімге апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге құқылы субъектілер.

Апелляциялық тәртіппен істерді қарайтын соттар. Үкімге апелляциялық шағымдар мен наразылықтар берудің тәртіптері мен мерзімдері. Шағым мен наразылықты беру мерзімін қалпына келтіру тіәртіптері. Шағымда беру және наразылықты келтіру туралы хабарлау. Шағымда беру мен наразылықты келтірудың салдары.

Бірінші сатылы соттың қаулысына жеке шағым мен наразылық беру.

Апелляциялық қараудың пәні, және апелляциялық сатыда істі қараудың шегі. Істі апелляциялық сатыда қараудың мерзімі.

Апелляциялық шағым мен наразылық: нысаны мен мазмұны. Апелляциялық сатылы сотта отырысты тағайындау. Істі апелляциялық сатыда қараудың іс жүргізу тәртіптері мен мерзімдері. Апелляциялық сатының өкілеттіктері. Апелляциялық сатыда істі қарауына қатысатын тұлғалар. Апелляциялық сатылы сотта қабылданатын шешімдердің түрлері.

Бірінші сатылы соттың үкімін өзгерту мен жоюдың негіздері.

Ақтау үкімін жою мен өзгертудің жағдайлары. Сот тергеуінің біржақтылығы мен толықсыздығы. Үкімде көрсетілген соттың тұжырымдары істің фактілі мән жайларына сәйкес келмеуі. Қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзылуы. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау. Сот тағайындаған жазаның сәйкес келмеуі.

Қылмыстық қысқартумен айыптау үкімін жою. Жаңа сот талқылауына жіберу арқылы үкімді жою. Үкімді өзгерту.

Апелляциялық қаулының мазмұны, оны шығарудың тәртібі. Апелляциялық сатылы соттың қаулысын орындауды жүзеге асырудың тәртіптері.Апелляциялық сатылы сотта істі қайта қарау. Бастапқы үкім жойылғаннан кейін бірінші сатылы сотта істі қарауы.


23-тақырып. Соттың үкімдері мен қаулыларын орындау

Үкiмдi және қаулыны орындау сатысының мәнi мен маңызы. Үкiмдi орындау сатысында қылмыстық iс жүргiзу принциптерін жүзеге асыру. Сот үкiмдерi мен қаулыларын орындауға кiрiсу тәртiбi. Үкiм мен қаулыны орындаудағы iшкi iстер органдарының рөлi. Кәмелетке жасқа толғандарды бас бостандығынан айыру үкiмiн орындау. Үкiм мен қаулыны орындау барысында пайда болатын iс жүргiзу мәселелері.

Үкімді орындауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар.

Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру. Үкімді орындау кезінде соттың қарайтын мәселелері.

Кәмелетке толмағандарға қатысты бас бостандығынан айыру үкімдерін орындау. Үкімді және қаулыны орындау кезінде туындалатын іс жүргізушілік мәселелер. Соттылықты алу туралы өтініштерді соттың қарауы. Судьяның қаулысына шағымдану және наразылық келтіру.

Жазаны ауыстыру, өзгерту, жою және жазадан босату. Соттың үкiмi мен қаулысының орындалуы заңдылығына прокурордың қадағалауы.


24-тақырып. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
кассациялық тәртіппен қайта қарауы (Кассациялық өндірісі).

Кассациялық өндiрiсiнiң ұғымы, маңызы және міндеттері. Апелляциялық өндiрiстен ерекшелігі. Заңды күшіне енген соттың үкімдерін, қаулыларын қайта қарау негіздері. Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын шағымдануға, наразылық келтіруге құқылы тұлғалар. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне кассациялық шағымдарын, наразылықтарын беру тәртіптері мен мерзімдері.

Кассациялық өндiрiсiн қозғау тәртiбi. Кассациялық тәртiбiнде қарсылық беру құқығы бар тұлғалар шеңберi. Үкiмдi жою немесе өзгерту негiздерi.

Сотта кассациялық шағымдарын алдын ала қараудың тәртібі мен мерзімдері. Тексеру жүргізу үшін соттан істі сұратып алу. Шағымды алдын ала қарау барысында қабылданатын шешімдердің түрлері. Шағымды алдын ала қараудың іс жүргізу салдары. Сот үкімдерін, қаулыларын орындауды тоқтата тұрудың негіздері мен тәртіптері.

Кассациялық сатысында істі қарау тәртібі. Кассациялық сатылы соттың отырысына қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері. Кассациялық сатылы соттың шығаратын шешімдердің түрлері. Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын өзгерту мен жоюдың негіздері. Аса ауыр қылмыстар немесе қылмыстық істі қысқарту туралы заңды қолдану қажеттілігі немесе тағайындалған жазаның жеңілдігіне байланысты ақтау үкімін, айыптау үкімін қадағалау тәртібімен жоюдың жағдайлары.

Кассациялық сатылы сотта істі қарау кезінде дәлелдемелерді бағалаудың ерекшеліктері. Кассациялық сатылы соттың құқықтарының шегі. Кассациялық сатылы соттың қаулысына қойылатын талаптар.

Үкімді және сот қаулысын жоюдан кейін істерді қарау. Соттың үкімдеріне, қаулыларына қайтадан шағымдану, наразылық келтіру тәртіптері.
25-тақырып. Жанадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастау

Жанадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастау сатысының мәнi, маңызы және мiндеттерi. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша қайта бастаудың негіздері мен себептері. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс бойынша іс жүргізуді қайта басталатын қылмыстық істер бойынша соттардың шешімдері. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс бойынша іс жүргізуді бастаудың мерзімдері мен тәртібі.

Жаңадан ашылған мән-жайларды тергеу тәртіптері. Тексеріс және тергеу жүргізілгеннен кейінгі прокурордың іс әрекеттері. Прокурордың қорытындысы.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізу туралы мәселелерді соттың шешуі. Прокурордың қорытындысын қарау бойынша сот шығаратын қаулылардың түрлері. Сот шешімдерін жоюдан кейін жүргізілетін іс жүргізу.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау кезіндегі азаматтық талап.
26-тақырып. Қылмыстық iстердiң жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшелiктерi

Жеке тәртіппен қылмыстық ізге түсудің жүзеге асырылуының түсінігі, мәні. Қылмыстық iзге түсу жеке түрде асырылуы мүмкiн қылмыстардың тізбегі. Жеке айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тәртiбi. Жеке айыптау iстерiн қозғаудың ерекшелiктерi. Жеке айыптау iстерiнiң бастамшылығымен дәлелдемелердi келтiру және жинау. Айпталушының кері айыптауы.

Жеке айыптау істері бойынша судьяның іс әрекеті. Жеке айыптау істері бойынша шағымды қарау бойынша судьяның іс әрекеттері.

Жеке айыптау істері бойынша тараптардың ынтасымен дәлелдемелерді ұсыну мен жинау. Сот отырысында жеке айыптау істерін қарау тәртіптері. Сот талқылауын тағайындаудың мерзімдері. Кері шағым жеке айыптау істерімен біріктіру бойынша сот отырысында қарау тәртіптері. Тараптардың келісуі. Сот тергеуі.

Жеке айыптау істері бойынша соттың шығаратын шешімдері. Жеке айыптау істерін қысқартудың негіздері.

Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны. Хаттама жасау тәртібі. Хаттаманы сотқа жіберу тәртібі. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың халықаралық стандартты және тәртіптері. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізуді бөлектеу.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстарды туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi. Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың тiзбесi; кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялықты шектеу тәртiбi iстердi бөлек өндiрiске бөлектеу; кәмелетке толмағандарға қытысты бұлтартпау шарасын таңдау ерекшелiктерi; кәмелетке толмағаннан жауап алу және қорғаушының, заңды өкiлдердiң, педагог және психологтың қатысуы. Кәмелетке толмағанға қатысты кешенді психология-психиатриялық, психологиялық сараптама жүргізу. Кәмелетке толмағанды арнайы балалар мекемесіне орналастыру.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - барлығының заң және сот алдындағы теңдігі туралы.

Қазақстан Республикасының депутатына қатысты күзетпен ұстау, күштеп әкелудің іс жүргізушілік тәртіптері.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне қатысты күзетпен ұстау мен күштеп әкелудің іс жүргізушілік тәртіптері.

Судьяға қатысты алдын ала тергеуді жүргізудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты қылмыстық ісі бойынша алдын ала тергеудің заңдылығына қадағалау.

Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне, судьяларына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот талқылауын жүргізудің ерекшеліктері.

Қылмыстық ізге түсуден дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғалар.Дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері. Дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғаларды ұстау мен қамауға алу. Жауап беруден дипломатиялық иммунитет. Мекен-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитеттері.


27-тақырып. Қылмыстық iс жүргiзудегi айырықша іс жүргізу

Медициналық сиппатағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу негiздерi. Аталмыш санаттағы iстер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiндегi iстер бойынша алдын-ала тергеу және соттық қарауды жүргiзу ерекшелiктерi. Психикалық аурулармен ауратын тұлғаларға қатысты қауіпсіздік шаралары.

Ата аналарының, қамқоршысының, асырып алушының қарамағына беру, арнайы медициналық мекемеге орналастыру.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолдану туралы іс жүргізілетін тұлғаның құқықтары. Қорғаушының, заңды өкілінің міндетті түрде қатысуы.

Алдын ала тергеудің аяқталуы. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу үшін сотқа істі бағыттау туралы қаулының мазмұны мен нысаны. Осы санаттағы істер бойынша қысқартудың негіздері мен тәртібі.

Есі дұрыс емес тұлғалардың қоғамға аса қауіпті қылмыстары туралы істер бойынша сот талқылауының ерекшеліктері. Осы істер бойынша сот шешетін мәселелер. Сот қаулылардың түрлері. Соттың қаулыларына шағымдану мен наразылық келтіру. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қысқартудың, өзгертудің және ұзартудың негіздері. Медициналық мәжбүрлеу шаралары қолданылатын тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қайта жаңғырту. Қылмыстық іс жүргізуді жүргiзушi органдардың шет мемлекеттердiң қылмыстық iстер бойынша құзыреттi мекемелерiмен және лауазымды адамдарымен өзара iс-қимылының тәртiбi туралы негiзгi ережелер. Құқықтық көмекті көрсету мәселелері бойынша қатынас жасау тәртібі. Іс жүргізушілік әрекеттерін жүргізу туралы тапсырманың мазмұны. Іс жүргізушілік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы орындау тәртібі. Іс жүргізушілік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманың мазмұнына және нысанына қойылатын талаптар.

Куәні, жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, және олардың өкілдерін, сарапшыларды шақыру және олардан жауап алу.

Қылмыстық ізге түсуді жалғастыру үшін іс материалдарын жолдау. Қылмыстық ізге түсуді жалғастыру туралы өтініштерді орындау.

Қылмыстық жауапқа тарту үшін және үкімді орындау үшін тұлғаны беру туралы талапты жолдау. Шетел мемлекетінің азаматын беру туралы талапты орындау. Берілетін тұлғаның қылмыстық жауапкершілігінің шегі. Беруден бас тарту. Азаматтығы жоқ тұлғаға, басқа мемлекеттің азаматына қатысты қылмыстық ізге түсуді жалғастыру және оларды беру. Экстрадициялық қамауға алудың негіздері мен тәртібі (беру үшін ұстау және қамауға алу). Транзиттік тасымалдау. Заттарды беру.

Жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамды берудің негіздері. Сотталушыны берудiң шарттары мен тәртiбi. Соттың шет мемлекет сотының үкiмiн атқаруға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi.

Жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау туралы өтінішін қарау.

Шетел мемлекеті сотының үкімін орындауына байланысты мәселелерді соттың шешу тәртіптері.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет