Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



жүктеу 124.99 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі124.99 Kb.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 650 бұйрығына
14-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 cәуірдегі
№ 198 бұйрығына 16 - қосымша


"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға
ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім не осы мемлекеттік көзделген қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге қабылдау және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) егер некеге тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;

      4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127) (бұдан әрі – № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;

      5) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтамалардың көшірмелері;

      6) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығы бар екендігін растайтын құжаттар;

      7) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік он күн ішінде дайындайды.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;

      2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;

      3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;

      4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетілуі;

      5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;

      6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;

      7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;

      8) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 13) тармақшасында аталған адамдар;

      9) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;

      10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамның өтініші;

      11) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;

      12) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;

      13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті
атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе)
олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.



 

"Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және оларды
асырауға ақшалай қаражат
төлеуді тағайындау"
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан
____________________________

Қабылдаушы отбасына баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін
ақша қаражатын тағайындау туралы шешім

      20 ___ жылғы "___" _______________№ ____

      __________________________________________________________________________

      (органның атауы)

      Істің № __________________________

      Азамат(ша) ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазбасы)

      Берілген күні ______________________________________________________________

      № _____________ берген күні _____________________________ баланың туу туралы куәлігін (туу туралы актінің жазылуы) берген органның атауы __________________________

      Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) __________________ _______________

      Баланың туған жылы _______________________________________________________

      Баланы баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт ________________________

      Жасалған күні 20 ___ жылғы "___" ______________

      Тағайындалған ақша қаражат сомасы

      20____ жылғы "___" __________ 20____ жылғы "___" __________ аралығында

      айлық есептік көрсеткіш (жазумен)

      Ақшалай қаражатты тағайындаудан бас тарту себебі:

      ___________________ ______________________________________________________

      Ақшалай қаражатты төлеуді тоқтату себебі: ____________________________________

      Мөрдің орны (бар болғанда)

      Астана және Алматы қалаларының,

      аудандардың және облыстық маңызы

      бар қалалардың жергілікті атқарушы

      органның басшысы _______________________

      (қолы) (тегі)



 

"Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және оларды
асырауға ақшалай қаражат
төлеуді тағайындау"
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
нысан
Астана және Алматы
қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы
бар қалалардың жергілікті

 

атқарушы органы
___________________________
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны
____________________________
____________________________
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
және жеке сәйкестендіру
нөмірі)

Өтініш

      Қабылдаушы отбасына балаларды тәрбиелеуге және асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындауды сұраймын:

      1. ________________________________________________________________________

      (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда),

      және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      2. ________________________________________________________________________

      (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда),

      және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3. ________________________________________________________________________

      (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда),

      және балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      4. ________________________________________________________________________

      (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда),

      және жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдай зерделеуін өткізуге қарсы емеспін.

      20__ жылғы "___" ______________ (қолы)



 

"Баланы (балаларды)
қабылдаушы 
отбасына тәрбиелеуге беру 
және оларды асырауға ақшалай 
қаражат төлеуді тағайындау"
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
нысан
Бекітемін:
Білім бөлімінің 
(басқармасының) басшысы
____________________________
"___"___________20___

Баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау
АКТІСІ

      Тексеріп-қарау жүргізілген күн ______________________________________________

      Тексеріп-қарауды жүргізген ________________________________________________

      (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның мекенжайы және телефоны:

      __________________________________________________________________________

      1. ________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары тексерілді.

      Жеке басын куәландыратын құжат ____________________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) ______________________________________

      Нақты тұрғылықты жері _____________________________________________________

      Білімі ____________________________________________________________________

      Жұмыс орны ______________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) ____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат ____________________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) ______________________________________

      Нақты тұрғылықты жері _____________________________________________________

      Білімі ____________________________________________________________________

      Жұмыс орны ______________________________________________________________

      2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы

      Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат

      ______________________ ___________________________________________________

      Тұрғын үйдің меншік иесінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жалпы көлемі __________ (ш.м.) тұрғын көлемі ___________ (ш.м.)

      Тұрғын бөлмелердің саны _________, тіркеуде тұрғандар________________ (тұрақты, уақытша)

      Тұрғын үйдің жайлылығы ___________________________________________________

      (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі __________________________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны, сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б. бар болуы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:



Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Туған күні

Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны

Туыстық қатынастары

Ескерту

      4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________, оның ішінде жалақы,

      басқа да табыстар _________________________________________________________

      (жазу).

      5. Баланы отбасына қабылдайтын отбасының сипаттамасы (отбасындағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы)

      __________________________________________________________________________

      6. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына қабылдау себебі: ________________________________________________________________________________

      7. Қорытынды (баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру үшін жағдайдың бар болуы)

      __________________________________________________________________________

      ______________ ________________ (қолы) (тегі, аты-жөні)_______________ (күні)

      Таныстық: ________________________________________________________________



      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      (баланы қабылдайтын ата-ата болуға үміткерлердің қолы)
Каталог: sites -> sand.akmo.gov.kz -> uploads -> gosuslugi -> obrazovaniye -> standarty
obrazovaniye -> "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gosuslugi -> Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
gosuslugi -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
gosuslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 016 жылғы қыркүйектегі
gosuslugi -> Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы
gosuslugi -> «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдерін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет