Алматының құқық қорғау органдары жер сілкінісі кезінде негізсіз дүрбелең мен қорқыныш тудырған жалған хабарламалар авторларының жеке басын анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", — деп ескертеді полиция департаменті.

Полицейлердің мәлімдеуінше, ҚР Қылмыстық кодекстің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" 274-бабы, "Бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет" 2-бөлігі бойынша 3 мың АЕК (11 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. 

Сонымен қатар үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

  • Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында жер сілкінісі салдарынан 47 үй қирады

  • "Аспалы шам құлап, айна сынды": Алматыдағы жер сілкінісін шоу-бизнес өкілдері қалай қабылдады

Бұған дейін тәртіп сақшылары тұрғындарды ақпараттық мәдениетке шақырып және ресми мәліметтерге ғана сенуге кеңес берді.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.