Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қосымша білім беру факультеті



жүктеу 43.94 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі43.94 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қосымша білім беру факультеті

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

«Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ұлт» атты Алғыс айту күніне арналған,

және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай

Облыстық шығармалар байқауы туралы

ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ұлт» атты Алғыс айту күніне арналған, және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай (1 наурыз) Облыстық шығармалар байқауы ҚМПИ ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен, Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткізіліп отыр.


1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ:

1.1. өскелең ұрпақта жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;

1.2. білім алып жатқан жастарда толерантты мінез-құлықты қалыптастыру;

1.3. оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру


3. ҚАТЫСУШЫЛАР

3.1. Облыстық конкурсқа қатысу үшін Қостанай облысының 9-11 сынып оқушылары, жалпы білім беретін мекемелер және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледж, лицей) білім алушылары шақырылады.

3.2. Конкурсқа жеке орындалған жұмыстар қабылданады. Ұжымдық жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

3.3. Бір қатысушы конкурсқа бір жұмыс ұсына алады.


4. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4.1.Конкурсқа тиісті мәлімделген тақырыптар бойынша жазылған жұмыстар қабылданады:



1-тақырып. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идея және ата-бабаларымыздың арманы"

2-тақырып. «Қазақстан халқы Ассамблеясы - бейбітшілік пен келісім институты»

3-тақырып. «Алғыс айту күні: бір ел, бір тағдыр».

4.2. Жұмыс шығармашылық шығарманы білдіреді, онда қатысушы таңдалған тақырып бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, қазіргі тенденциялар мен жеке тәжірибесіне сүйене отырып негіздеуі қажет.

4.3. Шығарма авторлық өнім ретінде беріледі, толық және ішінара қолданылған элементтер плагиат болмауы қажет.
5. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1. Конкурстық жұмыстар мемлекеттік, орыс, ағылшын, сондай-ақ басқа да ана тілдерінде (Қазақстанның этностық топтардың тілдерінде) ұсынылады. Ұйымдастыру комитеті конкурс қатысушыларына қай тілін таңдау құқығын қалдырады.

5.2. Конкурстық жұмыстар мынадай талаптарға жауап беріліп, ресімделуі тиіс:

- жұмыс көлемі: 3-5 бет;

- формат – А4, бағдары – кітаптық;

- 14 кегль, қаріп түрі – Times New Roman, жоларалық интервал – бір;

- өріс: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм, жоғарыдан және төменнен – 20 мм;

- тақырып - беттің ортасында (автордың аты-жөні атаудың астында);

- құрылымы: кіріспе – негізгі бөлім – қорытынды.

5.3. Жұмыс электрондық түрде ұсынылуы тиіс: файл Word. Жеке файлда келесі мәліметтерді көрсету қажет: тегі, аты, әкесінің аты (толық), оқу орнының атауы, сыныбы, жұмыс жетекшінің аты-жөні және лауазымы, байланыс телефоны, e-mail, сонымен қатар автордың жеке фотосы JPEG (.jpg).




  1. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

    1. Байқау жұмыстарын қабылдау - 2017 жылдың 25 қаңтары мен 20 ақпан аралығында (қоса алғанда). Көрсетілген мерзімнен кейін түскен жұмыстар конкурстық комиссиямен қаралмайды.

    2. Конкурсының қорытындысы 1 наурыз 2017 ж. www.kspi.kz. порталына орналастырылу арқылы жарияланады.

    3. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 1 наурыз 2017 ж. «Алғыс айту» күні қарсаңында ҚМПИ ҚХА кафедрасында өткізіледі.


7. КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ

7.1. Конкурстың комиссиясы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары мен Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінен құралған.



7.2. Комиссия мүшелері жұмыстарды екі кезеңмен қарайды. Біріншісі, өтініш бойынша қабылданған шығармалардың тақырыпқа сәйкестігі. Екінші кезең – іріктелген жұмыстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтау.
8. КОНКУРС ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ТӘРТІБІ

8.1. Байқау сырттай өткізіледі.

8.2. Байқау жұмыстары электрондық түрде kafedra_ank.kgpi@mail.ru поштасында (хат тақырыбында «Шығармалар байқауы», файлдың атауы болуы және автордың аты-жөні болуы тиіс) қабылданады.

8.3. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Пікірлер жария етілмейді.

8.4. Конкурс жеңімпаздарын анықтау комиссиямен мынадай өлшемдерді ескере отырып, 5-баллдық шкала бойынша жүргізіледі (әр өлшем бойынша):

- бірегейлігі;

- мақсаттарына сәйкес логикалық баяндау;

- өзіндік жанр автордың жеке стилі;

- тақырыптың ашылуы мен тереңдігі;

- тарихи деректердің дұрыстығын және мақсаттылығы;

- сауаттылық.



8.5. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ал басқа барлық қатысушылар қатысқандығын растайтын сертификаттармен марапатталады. Ең үздік жұмыстардың жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталады.

8.6. Үздік шығармалар жеке жинақ болып жарияланып, электронды нұсқасы www.kspi.kz. порталында қол жетімді болады.
Байланыстар:

Мекен жайы: 110000, Қостанай қаласы, Таран көшесі 118, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, ауд. 125-126. Тел.: 8(7142) 53-04-55 (112), ұялы тел. 8-777-237-35-41 (Евдокимова Ольга Николаевна, ҚХА кафедрасының меңгерушісі), ұялы тел. 8-777-367-80-83 (Козыбаева Махаббат Маликовна, ҚХА кафедрасының доценті).

Е-mail: kafedra_ank.kgpi@mail.ru.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет