Ақтауда тұрғындар Әлнияз Тобаниязовтың ескерткішінің тұғыры қирап жатқанын айтып шағымданды. Сөздерінше, әкімдік ескерткішті қалпына келтіруге асықпайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Lada.kz сайтынан
Ескерткіш тұғырының қаптама тақтайшалары түсіп қалған. Ал арматуралары сыртқа шығып кеткен дейді. Дегенмен тұрғын үй-коммуналдық басқарма өкілдері қаладағы нысандардың күтіміне жауап беретін мердігер ұйымды анықтау үшін байқау жүріп жатқанын хабарлады.
"Мердігер компания анықталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", — дейді шенділер.
Тобанияз Әлниязұлына арналған бұл ескерткіш 12-шағынауданында ашылған. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы деректерге сәйкес ескерткішке бюджеттен 65 313 642 теңге бөлінген.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.