Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 6.39 Mb.
бет20/39
Дата09.09.2017
өлшемі6.39 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39

Бағдарламаның қысқаша курсы: Операциялық жүйелердің негізгі ұғымдары, қызметі, ортасы. Үзіліс. Операциялық жүйелердің классификациясы. Есептеу процесі және ресурс ұғымы. Жадыны басқару, оны статистикалық және динамикалық бөліктерге бөлу. Сегменттік, беттік және сегментті–беттік жадыны ұйымдастыру. Операциялық жүйелерде енгізу-шығаруды ұйымдастыру, негізгі концепциялары, енгізу-шығаруды басқару режимдері. Магниттік дискілерде сыртқы жадыны ұйымдастыру. Магниттік дискінің логикалық құрылымы. Windows NT/2000/XP жүйелік жүктеуші. Енгізу-шығару амалдарын кэштеу. Файлдық жүйелер, олардың функциялары және берілгендер иерархиясы. FAT, HPFS, NTFS файлдық жүйелері. Операциялық жүйелердің архитектурасы. Операциялық жүйелерді құрудың негізгі принциптері. Микроядролық және макроядролық жүйелер. Нақты уақыттағы операциялық жүйелердің талаптары. Мультипрограммалау және мультиесептер приоритеті.


Бағдарламаның жетекшілері: Айтимов М.Ж.
3б. Пәннің атауы: Жүйелерді имитациялық модельдеу

Пререквизиттер: Операциялық жүйелер, Ықтималдар теориясы, Математикалық модельдеу, Ақпараттық технологиялар.

Постреквизиттер: Типтiк динамикалық құрылымдарды модельдеу. Тиiмдi басқару есептерiн шешу,Жүйелік программалау.

Игеруі тиіс:ААЖ-ны (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) модельдеудi білу; модельдеу әдiстерін меңгеру білу; БАЖ-нiң құрылымдық-функционалдық ерекшелiктерiн айыра білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Модельдеу-тану әдiсi ретiнде. Жүйенi модельдеудегi негiзгi түсiнiктер. ААЖ-ны (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) зерттеуде және жобалауда модельдеудi пайдалану. Модельдеудегi жүйелiк әдiс. БАЖ (басқарудың автоматтандырылған жүйелерi)-нiң жүйелiк анализi. БАЖ-нiң сыртқы бөлiгi және ортасы. БАЖ-нiң құрылымдық-функционалдық ерекшелiктерi. Псевдокездейсоқ сандар және олардың машиналық жүзеге асырылу процедурасы. Аппараттық, кестелiк, алгоритмдiк, орта квадраттар, мультипликативті, аралас әдiстерi. Жүйе модельдерiнiң негiзiнде машиналық эксперименттi жобалау. Машиналық эксперименттердi тактикалық жобалау. Функционалдық модель. Жүйелердi модельдеудiң программалық және техникалық құралдары. Жүйенi модельдеудiң қолданбалы программалар пакетi.

Бағдарламаның жетекшілері: Айтимов М.Ж.


4а. Пәннің атауы: Компьютерлік желілер

Пререквизиттер: Информатика, ЭЕМ архитектурасы.

Постреквизиттер: Барлық арнайы пәндер

Игеруі тиіс:Компьютерлік желілер класификациясын ажырату; көпдеңгейлі архитектурадағы хаттамалармен жұмыс жасау; тұтынушыларды басқару әдістерін білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Компьютерлік желілер және олардың типтері. Негізгі технологиялар. Топология. Берілгендерді беру типтері. Желілерді ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету. Желі модельдері. Берілгендер пакетінің структурасы. Көпдеңгейлі архитектурадағы хаттамалар. Жүйелік архитектуралар. Түйіндер және олармен жұмыс істеу. Глобальді есептеу желілерінің функциялары және типтері. Аналогтық линиялар. Сандық линиялар. Тұтынушыларды басқару. Желінің өнімділігін басқару

Бағдарламаның жетекшілері: Альменаева Р.Ө.

4б. Пәннің атауы: Параллель есептеулер

Пререквизиттер: Информатика, Операциялық жүйелер, Компьютер сәулеті

Постреквизиттер: Нақты уақыт жүйесі

Игеруі тиіс: Параллель есептеулер негізін оқып білу; деректер параллельзмі және алгоритмдік параллелизмді түсіндіру; әр түрлі типтегі параллель компьютерлерге қысқаша шолу беру; параллель программалаудың әр түрін қарастыру; кейбір негізгі параллель алгоритмдерді беру: сұрыптау; кескінді өңдеуді білу.


Бағдарламаның қысқаша курсы: Параллелизм. Программалаудың параллель модельдері. Параллель компьютерлер. Процесс және синхрондау. Occam және HPF тілдері.


Бағдарламаның жетекшілері: Айтимов М.Ж.
5а. Пәннің атауы: Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар

Пререквизиттер: Информатика, Қолданбалы программалық қамсыздандыру, Web- дизайн.

Постреквизиттер: Барлық арнайы пәндер

Игеруі тиіс: Болашақ мұғалiмдердi информатиканы оқыту проблемаларын шешуге шығармашылық тұрғыдан қарауды баулуы, жаңа техника негiзiнде оларды оқыту процесiн өзiнше талдай бiлу икемдiлігімен дағдыларын қалыптастыруы, мектепте оқытуды қазiргi оқу-әдiстемелiк тұрғыдан қамтамасыз ету құралдарын өзiнше құрастырудың негiздерiн үйрету .


Бағдарламаның қысқаша курсы: Электрондық оқулықтарды құру ерекшеліктері мен қажеттілігі, қойылатын негізгі талаптар. Электрондық оқулықтың құрамы мен мазмұны, негізгі функциялары, классификациясы. Оқу материалын компьютерлік дайындау. Мәтін. Мәтіннің құрылымдық элементтері. Мәтіндік материалдарға қойылатын талаптар. Оқытудың көрнекі құралдар классификациясы. Кесте. Схемамен жұмыс. Сілтеме, гипермәтін және гипермедиа жүйелерін қалыптастыру.


Бағдарламаның жетекшілері: Аубакирова Ж.Қ.
5б. Пәннің атауы: Кешенді ақпараттандыру процесін басқару модельдері

Пререквизиттер: Информатика, Қолданбалы программалық жабдықтау, Ақпараттық технологиялар

Постреквизиттер: Берілген курс болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Игеруі тиіс: Компьютерлiк жүйелер мен ақпараттық технологиялардың заман талабына сай жиi өзгерiске түсуiн қадағалай бiлу, деректер қоймаларын, ақпараттық жүйелерiн жобалау және жасауды үйрену, арнайы есептердi щешуге арналған қолданбалы программалық қамсыздандыруды жасай білуі қажет

Бағдарламаның қысқаша курсы: Оқытуда математикалық- ақпараттық технологияларды қолданудың бағыттары мен болашағы. Электрондық және виртуальдық кітапханалар және ара қашықтық курстар. Виртуальді мектептер. Оқытуды басқару әрекетін автоматтандыру. Оқытудағы ақпараттық жүйелер. Білім мен біліктілікті бағалау жүйесі. Олардың теориялық негіздері және практикалық іс асыру. Интернеттегі объектілі- бағытталған әдістің болашағы. Ауқымды желіде оқыту жүйелерін бөлу.

Бағдарламаның жетекшілері: Досжанов Б.А.


6а. Пәннің атауы: Шағын комплектілі мектептерде информатиканы оқыту ерекшеліктері

Пререквизиттер: Информатика, Педагогика, ИОӘ

Постреквизиттер: Білімді ақпараттандыру және оқыту проблемалары

Игеруі тиіс: Электрондық және виртуалдық кітапханалар және алыс ара қашықтықта ұйымдастырылатын курстар жүзеге асыру әдістерін меңгеру; оқытуды басқару әрекетін автоматтандыру жолдарын білу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет