Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


В. Пәннің атауы: Химияның негізгі теориялары мен заңдары



жүктеу 6.39 Mb.
бет24/39
Дата09.09.2017
өлшемі6.39 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39

5В. Пәннің атауы: Химияның негізгі теориялары мен заңдары

Пререквизиттер: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Элементтер химиясы

Постреквизиттер: Органикалық химияның теориялық негіздері, Физикалық химия, Коллоидтық химия, Химиялық технология

Құзіреттілігі: Химия ғылымының алғашқы даму кезеңіндегі ғылыми көзқарастар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Атомдық теория, атом молекулалық ілім. Химияның негізгі теориялары мен заңдары.

Бағдарламаның жетекшілері: Еспенбетова Ш.О.



3-курс



Циклы

Пәндер атауы

Бағдарлама жетекшілері

Кредит саны

Семестр




БП













1

БП

А)Химиялық байланыс теориясы

Б)Комплексті қосылыстар химиясы

В)Ядролық химия


Аппазов Н.О.

2

5

2

БП

А)Зат құрылысы теориясы

Б)Стереохимия

В)Органикалық химиядағы реакциялар механизмі


Абызбекова Г.М.

2

5

3

БП

А)Аз комплектілі мектептердегі химиялық эксперименттерді жүргізу әдістемесі

Б)Органикалық синтез

В)Полимерлер синтезі


Арынова К.Ш.

2

5

4

БП

А)Оқушылардың білімін бақылаудың жаңа әдістері мен түрлері

Б)Химияны бейінді мектептерде оқыту әдістемесі

В)Химияны орта оқу орындарында оқыту әдістемесі


Арынова К.Ш.

2

6

5

БП

А)Биологиялық химия

Б)Биогеохимия

В)Биологиялық активті заттар химиясы


Наренова С.М.

2

6

6

БП

А)Орта мектепте бейорганикалық химияны оқыту әдістемесі

Б) Орта мектепте органикалық химияны оқыту әдістемесі

В) Орта мектепте жалпы химияны оқыту әдістемесі


Сәдуақасқызы К.

2

6

7

КП

А) Су химиясы

Б) Атмосфера химиясы



В) Литосфера химиясы

Тапалова Ә.С.

2

6


1А. Пәннің атауы: Химиялық байланыс теориясы

Пререквизиттер:Химияны оқыту әдістемесі

Постреквизиттер: Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі

Құзіреттілігі: Полинг бойынша байланыс еселігін есептеу, гибридизация түріне қарап молекуланың геометриялық формасын анықтау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Студенттердің химиялық байланыс типтері туралы білімдерін кеңейту мақсатында байланыс механизмдерін химиялық байланыс теорияларының (МО және ВБ) қазіргі заманғы түрлерімен таныстыру. МО ЛКАО энергетикалық диаграммаларын пайдаланып гомонуклеарлы молекулалардың электрондық конфигурациясын, Полинг бойынша байланыс еселігін есептеу, гибридизация түріне қарап молекуланың геометриялық формасын анықтау.

Бағдарламаның жетекшілері: Аппазов Н.О.

1Б. Пәннің атауы: Комплексті қосылыстар химиясы

Пререквизиттер: Зат құрылысы

Постреквизиттер: Органикалық химия

Құзіреттілігі: Кешенді қосылыстардың құрылысын, координациялық байланыстың түзілу механизмін білу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Кешенді қосылыстардың құрылысын, координациялық байланыстың түзілу механизмін тереңдете оқыту барысында кешенді қосылыстардың классификациясын, номенклатурасын, изомериясын, координациялық байланыстың жаңа теорияларын (валенттік байланыс, кисталдың өріс теориясы, лигандалар өрісі теориясы) пайдалана отырып түсіндіру.

Бағдарламаның жетекшілері: Аппазов Н.О.

1В. Пәннің атауы: Ядролық химия

Пререквизиттер: Зат құрылысы

Постреквизиттер: Органикалық химия

Құзіреттілігі: Радиоактивтік сәулелердің түрлерін меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Радиоактивтік сәулелердің түрлерін оқытумен қатар ядролық реакциялар теңдеулерін, реакция типтерін, табиғи радиоактивті элементтердің 3 қатарын, олардың сипаттамаларын оқыту. Радиоактивті изотоптардың өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, медицианада қолдануымен және ядролық қару (атом бомбасы, сутектік бомба) түрлерімен таныстыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Аппазов Н.О.
2А. Пәннің атауы: Зат құрылысы теориясы

Пререквизиттер: Зат құрылысы

Постреквизиттер: Органикалық химия

Құзіреттілігі: Симметрия және топтар теориясын меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Симметрия және топтар теориясы, кванттық механика, молекула құрылысы, атомдық және молекулалық термдер, молекуланың құрылысы мен қасиеттерін сипаттаушы теориялар, заттарды зерттейтін физикалық әдістер, координациялық қосылыстардың химиялық байланыстары, тербелмелі спектрлер.

Бағдарламаның жетекшілері: Абызбекова Г.М.

2Б. Пәннің атауы: Стереохимия

Пререквизиттер: Зат құрылысы

Постреквизиттер: Органикалық химия

Құзіреттілігі: Стереоизомерия. Конфигурациялы және конформациялы.

Бағдарламаның қысқаша курсы:. Конформациялы изомерия: оптикалық және геометриялық. Оптикалық изомерия. Хираль туралы түсінік. Фишердің проекциялық формуласы. Геометриялық изомерия. (цис-, транс-, немесе L, E). Конформация, конформер, конформациялық изомер. Питуер кернеуі туралы түсінік.

Бағдарламаның жетекшілері: Абызбекова Г.М.

2В. Пәннің атауы: Органикалық химиядағы реакциялар механизмі

Пререквизиттер: Зат құрылысы

Постреквизиттер: Органикалық химия

Құзіреттілігі: Нуклеофильді және электрофильді орын алмасу (SN) реакцияларының механизмі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Органикалық химия курсындағы химиялық реакциялардың механизмі. Химиялық реакциялардың классификациясы. Нуклеофильді орын алмасу (SN) реакциясының механизмі. Құрамында оттегісі бар ароматты қосылыстардағы нуклеофильді орын алмасу реакциясының механизмі. Нуклеофильді қосылу реакциясының механизмі. Радикалды орын алмасу реакциясының механизмі.

Бағдарламаның жетекшілері: Абызбекова Г.М.
3А. Пәннің атауы: Ауылдық жерлердегі аз комплектілі мектептерде химия пәнін оқытудың ерекшеліктері

Пререквизиттер:Химияны оқыту әдістемесі

Постреквизиттер: Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі

Құзіреттілігі: Ауылдық жерлердегі аз комплектілі мектептерде химияны оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Ауылдық жерлердегі аз комплектілі мектептерде химияны оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары. Химияны оқыту процесін ұйымдастыру. Химияны оқыту нәтижелерін бақылау. Химияда оқу технологиясы – даралап топтап бағдарламалық және модульдік оқыту. Аз комплектілі мектептерде химияны оқытудың ерекшеліктері.

Бағдарламаның жетекшілері: Сәдуақасқызы К.

3Б. Пәннің атауы: Органикалық синтез

Пререквизиттер: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Органикалық химияның теориялық негіздері

Постреквизиттер: Химиялық технология

Құзіреттілігі: Органикалық заттарды бөлудің негізгі әдістері және онда қолданылатын құрал жабдықтар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Органикалық заттарды синтездеудің әдістері. Қаныққан көміртегі атомының нуклеофильді орын алмасу реакциясы. Карбон қышқылының және оның туындылаврның реакциясы. Ароматты көмірсутектер қатарының орын алмасу реакциясы. Азо-және диазоқосылыстары. Магнийорганикалық қосылыстар қатысындағы синтездер. Органикалық заттарды идентификациялау үшін УК-, ИҚ- және ПМР спектроскопияны қолдану.

Бағдарламаның жетекшілері: Сәдуақасқызы К.

3В. Пәннің атауы: Полимерлер синтезі

Пререквизиттер: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Органикалық химияның теориялық негіздері

Постреквизиттер: Химиялық технология

Құзіреттілігі: Полимерлерді синтездеу барысындағы полконденсация, ионды полимеризация, радикалды полимеризация раекциясының механизмі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік.. Поливинилхлорид, фторпласт, полистирол, полиметилметакрилат, полиформальдегид, химиялық талшықтар синтезі.

Бағдарламаның жетекшілері: Сәдуақасқызы К.
4А. Пәннің атауы: Оқушылардың білімін бақылаудың жаңа әдістері мен түрлері

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Осы заманғы оқушы білім тексерудің ең басты формасы-өзіндік бақылауды меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Осы заманғы оқушы білім тексерудің ең басты формасы-өзіндік бақылау. өзіндік бақылаудың тиімді әдісіне компьютердің көмегімен тесттік бақылау жатады. Химия пәні бойынша тақырыптар бойынша және қорытынды бақылауға басты көңіл бөлінеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Арынова К.Ш.
4Б. Пәннің атауы: Химияны бейінді мектептерде оқыту әдістемесі

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Жаратылыстану бейімі бойынша химияны оқыту ідңстемесі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жаратылыстану бейімі бойынша химияны биология, медицина ғылымдарымен, политехникалық бейім бойынша химияны техникалық ғылымдармен байланыстыры технология негіздерін оқытып үйрету.

Бағдарламаның жетекшілері: Арынова К.Ш.
4В. Пәннің атауы: Химияны орта оқу орындарында оқыту әдістемесі

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Орта оқу орындарының профиліне қарай химияны мамандық қажетіне қарай оқыту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Медициналық колледждерде химиялық элементтер мен қосылыстардың адам ағзасына әсері, ауыл-шаруашылық профилі бойынша тыңайтқыштар, химикаттар, экология мәселелеріне көңіл бөлінеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Арынова К.Ш.
5А. Пәннің атауы: Биологиялық химия

Пререквизиттер: Органикалық химия

Постреквизиттер: Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы

Құзіреттілігі: Белоктар, көмірсулар, нуклейн қышқылдары, майлар, витаминдер, гормондар және ферменттердің құрылысы мен қызметтеін меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Белоктар, көмірсулар, нуклейн қышқылдары, майлар, витаминдер, гормондар және ферменттердің құрылысы мен қызметтеі, олардың организмдегі тіршілік маңызы бар процесстерге қатысуы.

Бағдарламаның жетекшілері: Наренова С.М.
5Б. Пәннің атауы: Биогеохимия

Пререквизиттер: Органикалық химия

Постреквизиттер: Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы

Құзіреттілігі: Тірі материя химиясының негіздері.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Клетканың негізгі химиялық компоненттері, биокатализдің, метаболизмнің, тұқым қуалаушылықтың, иммунитеттің, нейроэндокриндік реттеу және фоторецепциялардың молекулалық негіздері. Биомолекулалардың маңызды типтерінің құрылымы мен қасиеттері.

Бағдарламаның жетекшілері: Наренова С.М.
5В. Пәннің атауы: Биологиялық активті заттар химиясы

Пререквизиттер: Органикалық химия

Постреквизиттер: Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы

Құзіреттілігі: Биологиялық активті заттар, оларға сипаттама.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Биологиялық активті заттар, оларға сипаттама, олардың маңызы. Биологиялық активті заттардың қасиеттері мен олардың қоршаған ортадағы өзгерістері.

Бағдарламаның жетекшілері: Наренова С.М.
6А. Пәннің атауы: Орта мектепте бейорганикалық химияны оқыту әдістемесі

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Бейорганикалық химияны оқытудың принциптері мен ережелері.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Оқыту принциптері мен ережелері. Оқыту әдістерін жіктеу және «Оқыту әдісі», жайлы ұғым. «Зат», «Химиялық реакция», ұғымдары. Периодтылық ілімін, электролиттік диссоциация, атом-молекулалық ілімді оқыту әдістемесі. Негізгі бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі, қасиеттері, генетикалық байланысын оқыту әдістемесінде алгоритмдеп, бағдарлап және проблемалық, зерттеу әдістерін қолдану. Оқыту әрекеттері. Зертханалық, сарамандық жұмыстар. Сандық есептер шығару.

Бағдарламаның жетекшілері: Сәдуақасқызы К.
6Б. Пәннің атауы: Орта мектепте органикалық химияны оқыту әдістемесі

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Органикалық химияны оқытудың принциптері мен ережелері.

Бағдарламаның қысқаша курсы: А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. «Гомология», «Изомерия», «Гомолог», «Изомер» ұғымдарын қалыптастыру. Зат құрылысының оның қасиетіне әсері. Алкандар, алкендер, алкадиен, алкадииндер. Мұнай, спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары. «Функциональдық топ» ұғымы. Табиғи органикалық қосылыстар: көмірсу, май және белоктардың құрамы, құрылысы және қасиеттерін химиялық құрылыс теориясы негізінде оқыту. Оқыту процесінде лекциялық, көрнекі эксперимент әдістерін қолдану. Семинар және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарды жүргізу.

Бағдарламаның жетекшілері: Сәдуақасқызы К.
6В. Пәннің атауы: Орта мектепте жалпы химияны оқыту әдістемесі

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Жалпы химияны оқытудың принциптері мен ережелері.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жалпы химияны оқыту объектісі-оқушылардың химиядан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу, қорытындылау. «Зат», «Химиялық реакция» жайлы қорытынды ұғымдар. Көптеген ұғымдардың бір теориялық ілімдер негізінде қарастырылуы.

Бағдарламаның жетекшілері: Сәдуақасқызы К.
7А. Пәннің атауы: Су химиясы

Пререквизиттер: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Органикалық химияның теориялық негіздері, Физикалық химия

Постреквизиттер: Мұнай химиясы

Құзіреттілігі: Судың құрылымы және физика-химиялқ қасиеттері.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Табиғаттағы су. Судың химиялық құрамы және оны тиімді пайдалану. Су күйінің диаграммасы, оның аномалиясы. Су-химиялық қосылыс және еріткіш. Судың кермектігі және оны жою жолдары.

Бағдарламаның жетекшілері: Тапалова Ә.С.
7Б. Пәннің атауы: Атмосфера химиясы

Пререквизиттер: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Органикалық химияның теориялық негіздері, Физикалық химия

Постреквизиттер: Мұнай химиясы

Құзіреттілігі: Атмосфера құрамының биогеохимиялық эволюциясы.
Бағдарламаның қысқаша курсы:. Атмосфераның химиялық құрамы. Оттектік атмосфераның түзілуі. Атмосфера-фотохимиялық жүйе. Атмосферада азот, көміртек оксидтері және металл қатысында жүретін реакциялар. Ионосфера. Экосфера. Атмосфералық аэрозольдер: шаң, түтін, тұман. Аэрозольдердің түзілуі мен зияны.

Бағдарламаның жетекшілері: Тапалова Ә.С.

7В. Пәннің атауы: Литосфера химиясы

Пререквизиттер: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Органикалық химияның теориялық негіздері, Физикалық химия

Постреквизиттер: Мұнай химиясы

Құзіреттілігі: Геохимиялық процестер

Бағдарламаның қысқаша курсы:. Тау жыныстарының химиялық құрамы. Химиялық элементтердің биологиялық айналымы. Химиялық элементтердің жер қыртысында кездесу формалары. Әртүрлі табиғи зоналардың биогеохимиясы.

Бағдарламаның жетекшілері: Тапалова Ә.С.


4-курс



Циклы

Пәндер атауы

Бағдарлама жетекшілері

Кредит саны

Семестр




БП













1

БП

А) Химияны интерактивті оқыту

Б) Химияны оқытудың проблемалық әдістері

В) Химияны оқытудың инновациялық әдістері


Арынова К.Ш.

2

7

2

БП

А) Тағам химиясы

Б) Хош иісті заттар химиясы

В) Дәрілік заттар химиясы


Арынова К.Ш.

2

7

3

БП

А) Қоршаған орта химиясы

Б) Экологиялық химия

В) Химиялық экология


Еспенбетова Ш.О.

2

7

4

КП

А) Химия сабағындағы экология

Б) Үздіксіз химия экологиялық білім беру

В) Экоэнергетика (химиялық аспекті)


Еспенбетова Ш.О.

2

7

5

КП

А)Химиядан дарынды балалармен жұмыс әдістемесі

Б)Химияны оқытудың озық тәжірибелері

В)Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі


Арынова К.Ш.

2

7

6

КП

А) Мұнай анализі

Б) Топырақ анализі

В) Су және сулы ерітінділер анализі


Наренова С.М.

2

7

7

КП

А) Шыны және шыны материалдар өндірісі

Б) Тыңайтқыштар өндірісі



В) Металдар өндірісі

Еспенбетова Ш.О.

2

7



1А. Пәннің атауы: Химияны интерактивті оқыту

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Оқытудың қазіргі заманғы техникалық оқыту құралын меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы:. Оқыту процесінде компьютерлік бағдарламаны қолдану. Интерактивтік әдістерді қолданып оқу процесін моделдеу. Оқыту процесінде ақпараттық технологияны қолдану.

Бағдарламаның жетекшілері: Арынова К.Ш.
1Б. Пәннің атауы: Химияны оқытудың проблемалық әдістері

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Проблемалық әдіспен оқыту түрлерін меңгеру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Проблемалық әдіспен оқыту студенттердің шығармашылық белсенділігін, ойлауын, ұжымдық бейімділіктерін дамыту және ұғымдар мен ақыл-ой әрекетін қалыптастыру құралы. Проблемалық ситуация жағдайы. Өз бетінше шешу жолдары: алгоритм (заңдар, ережелер, формулалары) сияқты танымдық әрекет жолдарын қолдануы. «Проблема» ұғымы. Қарама-қайшылық, сәйкессіздік ситуациясы.

Бағдарламаның жетекшілері: Арынова К.Ш.
1В. Пәннің атауы: Химияны оқытудың инновациялық әдістері

Пререквизиттер: Химияны оқыту әдістемесі,

Постреквизиттер: Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі

Құзіреттілігі: Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Оқу процесіндегі инновациялық әдістер. Оқушылардың теориялық және пактикалық білімін бақылау. Инновациялық әдіс арқылы оқушыларға ақпарат беру.

Бағдарламаның жетекшілері: Арынова К.Ш.
2А. Пәннің атауы: Тағам химиясы

Пререквизиттер: Химиялық технология

Постреквизиттер: Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы

Құзіреттілігі: Тағам технологиясының негізгі химиялық процестерімен танысу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Тағам технологиясының негізгі химиялық процестері тағамдардың сыртқы түрін хош иісін, дәмін жақсартатын химиялық заттардың құрамы. Химиялық консерванттар, антиоксиданттар, синергистер. Ашу, тотығу-тотықсыздану, гидролиздену, алмасу, бейтараптану, гидрлену реакцияларының процесте қолданылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет