Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Пәннің атауы: Құқық негіздері



жүктеу 6.39 Mb.
бет29/39
Дата09.09.2017
өлшемі6.39 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39


Пәннің атауы: Құқық негіздері

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:

Бағдарламаның қысқаша курсы: Құқық пен құқықтану түсінігі мен құрылымы. Құқық-қоғам-тұлға. Құқық-билік, бостандық. Құқықтық мемлекет құру проблемасы. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің конституциялық негіздері. Қазақстан Республикасының заң шығарушылық базасы; Құқық қорғау органдары. Халықаралық құқықтың негізгі принциптері. Құқықтық мәдениет.

Бағдарламаның жетекшілері: Жусіпбекова М.К

Пәннің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:

Бағдарламаның қысқаша курсы: Экономикалық теорияның пәні. Экономикалық тұлғалар. Қажеттіліктер және ресурстар. Таңдау мәселесі. Қоғамдық өндіріс. Экономикалық қатынастар. Меншік және шаруашылық типтері. Экономикалық жүйелер. Экономикалық теорияның дамуының негізгі кезеңдері. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері. Товар өндірісі және нарық теориялары, даму заңдылықтары. Сұраныс және ұсыныс теориясы. Тұтынушылар мінез құлқы теориясы. Шектік пайдалылық. Фирма теориясы. Шығындар түрлері. Пайда және оның формалары. Бәсеке, нарықтық құрылымдар типтері: жетілген бәсеке, таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия. Өндіріс факторлар рыногы. Еңбек рыногы. Капитал рыногы. Жер рыногы. Табыстарды бөлу. Қоғамдық ұдайы өндіріс. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс. Жұмыссыздық. Инфляция. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Қаржы, несие ақша саясаты. Экономикалық өсу теориялары. Халықаралық экономикалық ұйымдар. Өтпелі экономика концепциялары. Қазақстанның нарыққа өту ерекшеліктері.

Бағдарламаның жетекшілері: Арынова Л
Пәннің атауы: Философия

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:

Бағдарламаның қысқаша курсы: Философия тарихын, әралуан философиялық ілімдерді тану, ойткені философиялық ойдың дамуы – бұл түрлі көзқарастар мен ойлардың сұхбаты және өмірлік философиялық сұрақтарға жауап іздеу.

Отандық философия тарихын, қазақ философиясының ерекшелігін тану.

Ғылыми категориялар мен ұғымдарды игеру.

Бағдарламаның жетекшілері: Жанбатыров А.С.

Пәннің атауы: Өміртіршілігі қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау (ЖБП қарау)

Пәннің атауы: Еңбекті қорғаудың ұйымдастыру мәселелері (ЖБП қарау)
Пәннің атауы: Мектеп пдагогикасы

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:

Бағдарламаның қысқаша курсы:Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзырлығын қалыптастыру.

1) студенттерді кәсіби іс-әрекет теориясымен қаруландыру болашақ мұғалімдерді дайындаудың негізі;

2)болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетінің жүйелі түрде көрінуін қалыптастыру;

3)болашақ мұғалімдерде тұлғалық, мәнді, кәсіби (гумандық, педагогикалық ойлау, қарым-қатынас жасай білу, педагогикклық әдеп, төзімділік т.б.) сапаларды қалыптастыру;

4) болашақ мұғалімдердің теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу, іскерлікке қабілеттілігі ретінде түйінді компетенттілігін қалыптастыру.

5)студенттердің өзін-өзі білімін көтеруге, шығармашылықпен ғылыми ізденіс жұмысына дайындығын қалыптастыру.



Бағдарламаның жетекшілері: Есқалиева Г.

Пәннің атауы: Психология (ЖПБ қарау)
Пәннің атауы: Картография, топография негіздерімен

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:

Бағдарламаның қысқаша курсы

Картография пәні, географиялық карталар мен атластар; картографиялық проекциялар; картографиялық белгілер; құбылыстар мен объектілерді картографиялық түсіру жолдары; картографиялық бастапқы жүргізу; картометрия; картографияның болашақта дамуы.



Бағдарламаның жетекшілері: Айдаров О.Т.
Пәннің атауы: Туризм және өлкетану негіздерімен

Пререквизиттер:

Постреквизиттер:

Бағдарламаның қысқаша курсы және өлкетану негіздері

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Жалпы географиялық байланыстар. Туристік іс туралы заң. Туриз, өлкетану және экологияның арақатынасы. Туристік өлкетану ісінің жүйесі. Туризм және өлкетану термині жасалуының негізгі талаптары. Туризм ісінің түрлері және формалары.



Бағдарламаның жетекшілері: Айдаров О.Т.
Пәннің атауы: Биогеография

Пререквизиттер: ботаника, зоология,

Постреквизиттер: Бөлме өсімдіктерін күту, сүт қоректілердің морфологиясы және экологиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Биогеорафия пәні, оның міндеттері. Биогеографияның жалпы экологиямен және биоценология мен байланысы. Биогеографияның ғылым саласы ретінде қалыптасу тарихы, оның қалыптасуына зоогеографияның және ботаникалық географияның қосқан үлесі. Биогеорафияның практикада қолданыс табуы. Биогеорафиялық аудандастырудың принциптері мен әдістері. Биогеорафияда қолданатын негізгі ұғымдар, “флора-фауна-биота” және “өсімдіктер қауымдастығы-жануарлар дүниесі-биом” ұғымдарының шекарасын ажырату. Құрлықты зоогеграфиялық және ботаникалық-географиялық аудандастыру кезінде байқалатын қайшылықтардың төркіні. Биотикалық жүктеудегі өзара бағынышты категориялар жүйесі: патшалықтар, облыстар, провинциялар, округтар. Биогеорафиялық патшалықтар мен облыстардың шекаралы және ерекшелендіруші белгілері. Қауымдастықтардың орналасу заңдылықтары, “идеалды құрлық” ұғымы. Негізгі биомдар типтерінің қысқаша сипаттамалары, олардың құрлық бетңнде орналасуы. Таулы елдердің өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің өзңндік ерекшеліктері, вертикаль белдеулілік туралы түсінік. Әлемдік мұхитты биогеорафиялық аудандастырудың ерекшеліктері. “Аралдық биомдардың” қалыптасу және сақталу ерекшеліктері. Биогеорафияның

табиғатты қорғаумен байланысты қырлары.



Бағдарламаның жетекшілері: Назарова Г.А., Берденкулова А.Ж


Пәннің атауы: Тұрғындар географиясы

Пререквизиттер: тұрғындар географиясыафия дүние жүзі халықтарының орналасуын, демография мен тарихпен, географияның барлық салалармен байланысады.

Постреквизиттер: тұрғындар географиясы экономика, саясат, статистика, орналасу тарихымен байланыста болған.

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Тұрғындар географиясы және этнография негіздері» оқу курсы географ мамандары даярлауға қоғамдық географияның ғылыми бағыттағы міндетті пәндердің бірі және бұл пәнді оқытуда демографиялық статистика діни этникалық құрамын зерттейді. Курс нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді білуге тиіс.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқтағанова Г.Б.
Пәннің атауы: Экономикалық саяси және әлеуметтік географияға кіріспе

Пререквизиттер: Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе, Шет елдердің әлеуметтік және экономикалық географиясы.

Постреквизиттер: Қазіргі дүние географиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Дүние жүзінің өткен, қазіргі кезеңдегі және болашақтағы даму деңгейі. Оны оқытудың мақсат, міндеті. Дүние жүзі елдерінің экономикалық тұрғыдан даму сатылары. Дүние жүзілік шаруашылық салалары. Дүние жүзілік өнеркәсіп географиясы. Дүние жүзілік ауыл шаруашылық географиясы. Транспорт географиясы. Халықаралық байланыс.Экологиялық мәселелер, оны шешеу жолдары.

Бағдарламаның жетекшілері: Дүйсенбаева А.Қ.

Пәннің атауы: Жалпы гидрология

Пререквизиттер: Жалпы жертану, Геология, Геоморфология

Постреквизиттер: Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД-ның физикалық географиясы. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы:Гидрология пәні және оның өзге ғылым салаларымен байланысы. Гидрологияның қысқаша даму тарихы. Су объектілерін зерттеу әдістері. Судың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері. Гидросфера және әлемдік су қоры. Табиғаттағы су айналымы. Әлемдік су теңдестігі. Жер бетінде кездесетін гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары. Табиғат суларының: жауын-шашын; атмосфералық ылғал; мұздықтар; өзендер; көлдер; жер асты сулары; батпақтағы ылғал; мұхиттар мен теңіздердің географиялық қабықта алатын орны мен маңызы. Түрлі су көздерінің негізгі географиялық және гидрологиялық ерекшеліктері. Су көздерін зерттеу барысында қолданылатын әдістер мен гидрологиялық бақылау құрал-жабдықтары туралы мағлұмат. Су көздерінің гидрологиялық режимі, онда кездесетін процестерді зерттеу жұмыстарының суды халық шаруашылығында пайдалану және табиғатты қорғау мәселелерін шешудегі маңызы. Су көздерін ластанудан және сарқылудан қорғаудың жалпы табиғат қорғау процесінде алатын орны

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқтағанова Г.Б.
Пәннің атауы: Гидрогеология

Пререквизиттер: Жалпы жертану, Геология, Геоморфология

Постреквизиттер: Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД-ның физикалық географиясы. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Гидрогеология пәнінің геология ғылымындағы алатын орны. Жалпы гидрология ғылымымен байланысы. Зерттеу объектісі. Жер астындағы сулардың пайда болуы. Химиялық құрамы. Олардың динамикалық қозғалысы. Халық шаруашылығындағы маңызы.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқтағанова Г.Б.

Пәннің атауы: Метеорология және климатология

Пререквизиттер: Жалпы жертану, Экология

Постреквизиттер: Атмосфера физикасы, Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД-ның физикалық географиясы, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы:Бағдарламаның қысқаша курсы: Метеорология және климатологияның ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылымдармен байланысы. Жердің ауа қабығы туралы негізгі мәліметтер: атмосфераның құрылысы; ауаның құрамы; қысымы; температура мен ылғалдылықтың кеңістіктік өзгеру заңдылықтары; күн радиациясының атмосферада өзгеруі және судың атмосфералық фазалық өзгеру үрдістері; жалпы атмосфера айналымының заңдылықтары және климаттың құрылуы; жер шарындағы негізгі ауа массалары мен атмосфералық шептер, олардың пайда болу себептері мен жер климатына тигізетін әсері. Зерттеу объектісі. Зерттеу әдістері: бақылау; статистикалық талдау; физика-математикалық моделдеу. Метеорологиялық бақылау торабы, метеорологиялық қызмет. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым. Дүниежүзілік ауа райы қызметі. Метеорология мен климатологияның халық шаруашылығындағы маңызы. Даму тарихы.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқтағанова Г
Пәннің атауы: Атмосфера физикасы

Пререквизиттер: Жалпы жертану, Экология

Постреквизиттер: Ландшафтану, Қазақстан рельефі, Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД-ның физикалық географиясы, Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Ауаның құрамы. Ауа құрамының биіктікке байланысты өзгерістері. Атмосферада озонның таралуы. Атмосфералық ауадағы сұйық және қатты қоспалар. Тұмандар. Бұлттар. Атмосфералық қысым. Ауа температурасы. Ауаның тығыздығы. Ауаның өзгерістері физикалық процесстері бойынша. Атмосфераның қабаттары: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера. Ауа температурасының өзгеру себептері. Жер бетінің жылулық балансы. Адиабатикалық процесс. Ауа массаларының стратификациясы. Температуралық инверсия. Ендік зоналардың жылулық балансы. Булану және қанығу. Буланушылық пен буланудың географиялық таралуы. Ылғалдылық. Атмосферадағы конденсация.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқтағанова Г

Пәннің атауы: Топырақ географиясы

Пререквизиттер: Жалпы жертану, Геология

Постреквизиттер: Топырақ географиясы, Материалдық өндірістің техникалық экономикалық негіздері

Бағдарламаның қысқаша курсы: Топыраққа анықтама және топырақтану ғылымына қысқаша шолу. Топырақтың белгілері, жалпы құрамы мен қасиеттеріне, топырақ факторлары мен процесстеріне, топырақ құнарлылығына, тегіне, танылуына, реттеуі мен жіктеуіне жан-жақты шолу. Топырақтану ғылымының даму тарихы, кезеңдері. В. Докучаев, П. Костычев, В. Вильямс, К. Глинка, С. Неуструев, А. Безсонов, т.б. ғалымдардың топырақтану ғылымының дамуына қосқан үлесі. Қазан төңкерісінен кейінгі топырақтану ғылымының дамуы. Ұлы Отан соғысынан кейінгі топырақтану ғылымының даму деңгейі. Демократиялық пен жариялылықтың топырақтану ғылымының дамуына әсері.

Бағдарламаның жетекшілері: Қосанов С.
Пәннің атауы: Жаратылыстану

Пререквизиттер: Жалпы жертану, Геология

Постреквизиттер: Топырақ географиясы, Материалдық өндірістің техникалық экономикалық негіздері

Бағдарламаның қысқаша курсы: Курс студенттерге жаратылыстану ғылымының әр кезеңдердегі даму, өркендету, жетілу деңгейлерін оқытады. Сонымен қатар студенттерге жаратылыстану ғылымының бастауын қалаушылармен сол кездегі жаратылыс туралы айтылған әртүрлі ой тартыстардың түйіні туралы мағлұматтар береді. Жаратылыстану ғылымы курсын оқу барысында студенттер төмендегі мәселелерді білуі тиіс.

  • ХХ ғасырға дейінгң ғылымның пайда болуы мен негізгі даму кезеңдерін

  • Эмпирикалық ғылымның тууы.

  • Теориялық жаратылыстану (У1 б.э.д – ХУ г)

  • ХУIII-ХIХ ғ.ғ.Жаратылыстану ғылымының дамуы.

Бағдарламаның жетекшілері: Дүйсенбаева А.Қ.
Пәннің атауы: Геоморфология

Пререквизиттер: Жалпы жертану, Геология, Жалпы гидрология

Постреквизиттер: Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД-ның физикалық географиясы. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Геоморфология пәннің зерттеу объектісі, рельеф туралы ұғым. Геоморфологияның даму тарихы. Рельефтің пішіндері мен элементтері. Рельефтің генезисі, жасы. Рельефті зерттеудің әдістемелік принциптері. Эндогендік процесстердің рельеф құрудағы рөлі: рельеф және тау жыныстары; рельеф және геологиялық құрылымдар; жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстардың рельеф құрудағы рөлі; рельеф құрудағы жерсілкінудің рөлі. Рельеф құрудағы экзогендік процесстердің әсері: рельеф және климат; тау жыныстарының үгілуі; өзеннің, көл мен көл қазаншұңқырларының, карстың, мұздықтың, шөлдің рельеф құрудағы орны. Геоморфологиялық дала зерттеулерінің құрылымы мен әдістері. Геоморфологиялық зерттеулердің құрылымы. Қазіргі геоморфологиялық процесстердің генетикалық топтастырылуы.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқтағанова Г.Б.
Пәннің атауы: Қазақстан рельефі

Пререквизиттер: Жалпы жертану, Геология, Жалпы гидрология

Постреквизиттер: Қазақстанның физикалық географиясы, ТМД-ның физикалық географиясы. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақстан рельефі - пәннің зерттеу объектісі, рельеф туралы ұғым. Қазақстанның рельеф пішіндері мен элементтері. Рельефтің генезисі, жасы. Рельефті зерттеудің әдістемелік принциптері. Эндогендік процесстердің рельеф құрудағы рөлі: рельеф және тау жыныстары; рельеф және геологиялық құрылымдар; жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстардың рельеф құрудағы рөлі; рельеф құрудағы жерсілкінудің рөлі. Рельеф құрудағы экзогендік процесстердің әсері: рельеф және климат; тау жыныстарының үгілуі; өзеннің, көл мен көл қазаншұңқырларының, карстың, мұздықтың, шөлдің рельеф құрудағы орны.

Бағдарламаның жетекшілері: Тоқтағанова Г.Б.

Пәннің атауы: Географиядан көрнекі құралдарды дайындау әдістері

Пререквизиттер: Педагогика, Жер тану

Постреквизиттер: Географияны оқыту әдістемесі, Географиядағы мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстар

Бағдарламаның қысқаша курсы: Оқу - көрнекілік құралдарының түрлері: апликациялар, таблицалар, сызба нұсқалар, модельдер, макеттер. Оқу- көрнекілік құралдарын оқу-тәрбие үрдісіндегі ролі. Оқу- көрнекілік құралдарын дайындауға қойылатын талаптар. Оқу- көрнекілік құралдарын дайындау әдістері.

Бағдарламаның жетекшілері: Назарова Г.


3 курс география

Пән коды

Пән аты

Бағадарлама жетекшілері

кредит

семестр

Таңдау пәндері

1

1Аз комплектілі кластарда географияны оқыту әдістемесі

2 Ғаламдық энергетикалық проблемалар



Назарова Г.



3

6

2

1 Географиядағы кластан тыс және мектептен тыс жұмыстар

2 Мектеп географиясының ғылыми негізі



Назарова Г.А

3

6

3

1 Геоэкономика және интеграциялық процестер

2 Ғаламдық энергетикалық проблемалар



Дүйсенбаева А.Қ

Айдаров О.Т.



3

6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет