Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 6.39 Mb.
бет31/39
Дата09.09.2017
өлшемі6.39 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39

Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., акад. доцент Ғ.Тұяқбаев
2а. Пәннің атауы: Өлең құрылысы.

Пререквизит: Өлең сөздің теориясы, яғни қазақтың өлең тілі мен өлең құрылысының ерекшеліктері де әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да таңдау курсында осы мәселені сөз өнерінің өсу-даму кезеңдерімен, әдеби тарихи процеспен тығыз байланыста қарастырылады.
Постреквизит: Сөз өнерінің заңдылықтарын, ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін тереңдей аша отырып, поэзия тілінің бейнелеу құралдарын, тәсілдерін жіктеп топтастыру, өлең құрылысын, өлшем, шумақ, ұйқас өзгешеліктерін айқындау мен өлеңдегі түр, тіл ерекшеліктерін зерттеу - әдебиеттану ғылымының басты міндеті.

Бағдарлама сөз өнері, оның ішінде қазақ өлеңінің құрылысын талдау мен монографиялық еңбектер ауқымында оқытуды көздейді.


Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақ өлеңінің құрылысы таңдау курсын оқытудағы басты міндет қазақ поэзиясындағы тіл кестесі мен өлең құрылысы жайлы мәселелерді жүйелі түрде оқыту. Өлең құрылысының қалыптасуы, өрістеуі, одан әрі шыңдалып, жетілуі, байып – толысуы секілді түйінді мәселелерді жан – жақты таныстыру, өлең жүйесінің өзіндік, ішкі өзгешелік – заңдылықтарын таныту негізгі мақсаттардың біріне саналады.
Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., акад. доцент Ғ.Тұяқбаев
3а. Пәннің атауы: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті

Әдебиеттануға кіріспе


Постреквизитер: 15-18 ғасырлардағы қазақ әдебиеті

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті



Бағдарламаның қысқаша курсы: Ежелгі дәуір әдебиеті курсы, түркі тектес халықтардың әдебиеті тарихы мен теориясына қатысты аса маңызды өзекті мәселелерді әдеби-тарихи материалдар негізінде деректі түрде сипаттайды.

Ежелгі дәуір әдебиеті-әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымдарының құрамдас бір бөлігі.Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тектес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен байланысты екенін білеміз.Бұл түркі тектес халықтарға ортақ әдебиет.ҮІ-ХҮ ғасыр аралығын қамтиды.

Қазақ әдебиетінің негізгі түркі әдебиетінен бастау алатыны сөзсіз.Сондықтан қазақ әдебиетінің төркінін содан іздеп,ежелгі дәуірдегі түркі тілдес халықтар-бабаларымыз бірігіп жазған асыл қазынаны ортақ қазынамыз деп танып, студенттерге соны жеткізу, түсіндіру, ұғындыру болып табылады.
Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., профессор Ұ.Жанбершиева
3а. Пәннің атауы: Қоңыратбаевтану

Пререквизиттер: Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиетінің теориясы


Постреквизитер: Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиетінің теориясы

Қазақ әдебиетінің сыны

Мамандық: қазақ тілі мен әдебиеті


Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ әдебиетінің көк жиегінде сонау жиырмасыншы жылдары өзінің прозалық және поэзиялық туындыларымен көрініп бертін келе әдеби сын, фольклор тану, түркітану, әдебиет тарихы, әдебиетті оқыту әдістемесі, көркем аударма салаларында еңбек еткен қазақ әдебиеттану ғылымы ізашарларының бірі - Әуелбек Қоңыратбаев.

Ғалым еңбектерін оқытуда, студенттерге Ә.Қоңыратбаев еңбектері қазақ ғылымының бір белесі екендігін таныту көзделеді.

Зерттеуші Ә.Қоңыратбаев еңбектерінің маңызы зор. Ғалым бүкіл ғұмырын әдебиет ғылымына арнап, қазақ әдебиеттану ғылымының іргесін қалады. Тюркология, фольклористика, шығыстану және әдебиет тарихына қатысты 10 монографияның, 500-ге жуық ғылыми мақалалар мен көркем шығармалардың авторы. Ғалым еңбектерінің басты бағыттарына талдау жасау, әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбегін танытып, меңгерту арқылы сөз өнері, әдебиет теориясы жайлы білімдерін кеңейте түсу негізгі мақсат.

Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Оралова


1 курс жеделдетілген



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

ТК2.2.

1202

а)Халық ауыз әдебиеті

б) Сыр бойы фольклоры



С.Тайманова

С.Тайманова



3

1

2




1204

а)Әдебиеттануға кіріспе

б) Өлең құрылысы



Ғ.Тұяқбаев

Ғ.Тұяқбаев



3

1

3




1206

а)Ежелгі дәуір әдебиеті

б) Қоңыратбаевтану



Ұ.Жанбершиева

Ұ.Жанбершиева



3

2

4




2208

А) Хандық дәуір әдебиеті

Б) Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі



Ұ.Жанбершиева

Ұ.Жанбершиева



3

2

5




1304

А)Шетел әдебиетінің тарихы

Б)Шығыс әдебиетінің тарихы



Қ.Әжиев

Қ.Әжиев


3

2

6




1306

А) Балалар әдебиеті

Б)Шешендік өнер



А.Айтбаева

С.Бахтиярова



3

1


1а. Пәннің атауы: Халық ауыз әдебиеті.
Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті

Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиетінің теориясы (Мектеп бағдарламасы негізінде)
Постреквизитер: Қазақ фольклорының тарихы

Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиетінің теориясы

Қазақ фольклортану ғылымы


Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ халқының ауыз әдебиеті –жоғары оқу орнындарында халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән.Халық әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талдана түсіндіріледі.Қазақ халық әдебиетін оқытуда студенттерге әлемдік фольклортану ғылымындағы методологиялық ортақтастықтар мәселелері,фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері,тұтас көркемдік жүйесі,жанрлары,этникалық тәсілдері мен құралдары,

жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы т.б. ауқымды мәселелер жөнінде білім беру мақсаты көзделеді.Ауыз әдебиетін көркемөнердің барлық салаларымен,тарихымен,этнографиясымен,философиямен,психологиямен,педагогикамен т.б. ғылымдармен байланыста оқыту міндеттеледі.


Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., доцент С.Тайманова
1а. Пәннің атауы: Сыр бойы фольклоры
Пререквизиттер: Қазақ халық әдебиетін оқытуда студенттерге әлемдік фольклортану ғылымындағы методологиялық ортақтастықтар мәселелері,фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері,тұтас көркемдік жүйесі,жанрлары,этникалық тәсілдері мен құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы т.б. ауқымды мәселелер жөнінде білім беру мақсаты көзделеді.
Постреквизитер: Студенттер курсты оқу барысында фольклордың тарихын,терең тамырлы табиғатын,синкреттік сипатын таниды.Оны өзге ғылым салаларымен байланыстыра алады.Фольклолрлық шығармаларды көркемдік ерекшелігіне қарай талдауға машықтанады.

Қазақ фольклорын зерттеу ісі соңғы жылдары жаңа арнаға түсіп,ерекше қарқын ала бастады.Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениеті үлгілерін ең алдымен ұлттық санамен бірге жалпыадамзаттық құндылықтарға қосылған үлес ретінде қарастырылуда.


Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі –жоғары оқу орнындарында халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән.Халық әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талдана түсіндіріледі..Сонымен қатар ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара ықпалдасуы,фольклордағы типологиялық тектестік мәселері қарастырылады.Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер басты назарда болады.

Фольклор жанрларының барлық түрлерінен көркемдік іздеуге болмайтындықтан,олар «фольклордың танымдық түрлері», «фольклордың көркем түрлері» деп екіге бөліп қарастырылады.


Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., доцент С.Тайманова
2а. Пәннің атауы: Әдебиеттануға кіріспе.
Пререквизиттер: „Әдебиеттануға кіріспе” пәнін оқу үшін Сіздің орта ектеб көлемінде әдебиет пәнінен алған біліміңіз жеткілікті.
Постреквизитер: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарды:

  • Көркем әдебиет пен әдебиеттану ғылымының айырмашылығын;

  • Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын;

  • Образдардың жасалу табиғатын;

  • Көркем шығарманы талдай білуі керек.


Бағдарламаның қысқаша курсы: Бұл пән 1-курс (жеделдетілген) студенттерін әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін, көркемдік-эстетикалық танымын қалыптастыру, көркем туындыны талдау, бағалау жолдарына машықтану мақсатын көздейді. Лекциялық және семинар сабақтарында әдебиет туралы ғылымның тарихы жайлы, өнердің қоғамдық функциясы, өнер түрлерінің ерекшеліктері, көркем туындының тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, тип, типтендіру, көркем шығарма тілі, образдылық-бейнелілілік сырлары, өлең құрылысы, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдістер мен бағыт-ағымдар, стиль мәселесі т.б. жөнінде жан-жақты мәлімет беріліп, студенттердің әдеби-теориялық ұғымының қалыптасуына мүмкіндік жасалады.

Пәннен сабақ жүргізу барысында тарих, тіл білімі, философия, эстетика, халықтық педагогика, психология т.б. ғылымдармен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.


Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., акад. доцент Ғ.Тұяқбаев
2а. Пәннің атауы: Өлең құрылысы.

Пререквизит: Өлең сөздің теориясы, яғни қазақтың өлең тілі мен өлең құрылысының ерекшеліктері де әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да таңдау курсында осы мәселені сөз өнерінің өсу-даму кезеңдерімен, әдеби тарихи процеспен тығыз байланыста қарастырылады.
Постреквизит: Сөз өнерінің заңдылықтарын, ұлттық сипаты мен ерекшеліктерін тереңдей аша отырып, поэзия тілінің бейнелеу құралдарын, тәсілдерін жіктеп топтастыру, өлең құрылысын, өлшем, шумақ, ұйқас өзгешеліктерін айқындау мен өлеңдегі түр, тіл ерекшеліктерін зерттеу - әдебиеттану ғылымының басты міндеті.

Бағдарлама сөз өнері, оның ішінде қазақ өлеңінің құрылысын талдау мен монографиялық еңбектер ауқымында оқытуды көздейді.


Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақ өлеңінің құрылысы таңдау курсын оқытудағы басты міндет қазақ поэзиясындағы тіл кестесі мен өлең құрылысы жайлы мәселелерді жүйелі түрде оқыту. Өлең құрылысының қалыптасуы, өрістеуі, одан әрі шыңдалып, жетілуі, байып – толысуы секілді түйінді мәселелерді жан – жақты таныстыру, өлең жүйесінің өзіндік, ішкі өзгешелік – заңдылықтарын таныту негізгі мақсаттардың біріне саналады.
Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., акад. доцент Ғ.Тұяқбаев
3а. Пәннің атауы: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті

Әдебиеттануға кіріспе


Постреквизитер: 15-18 ғасырлардағы қазақ әдебиеті

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті



Бағдарламаның қысқаша курсы: Ежелгі дәуір әдебиеті курсы, түркі тектес халықтардың әдебиеті тарихы мен теориясына қатысты аса маңызды өзекті мәселелерді әдеби-тарихи материалдар негізінде деректі түрде сипаттайды.

Ежелгі дәуір әдебиеті-әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымдарының құрамдас бір бөлігі.Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тектес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен байланысты екенін білеміз.Бұл түркі тектес халықтарға ортақ әдебиет.ҮІ-ХҮ ғасыр аралығын қамтиды.

Қазақ әдебиетінің негізгі түркі әдебиетінен бастау алатыны сөзсіз.Сондықтан қазақ әдебиетінің төркінін содан іздеп,ежелгі дәуірдегі түркі тілдес халықтар-бабаларымыз бірігіп жазған асыл қазынаны ортақ қазынамыз деп танып, студенттерге соны жеткізу, түсіндіру, ұғындыру болып табылады.
Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., профессор Ұ.Жанбершиева
3а. Пәннің атауы: Қоңыратбаевтану

Пререквизиттер: Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиетінің теориясы


Постреквизитер: Қазақ әдебиетінің тарихы

Қазақ әдебиетінің теориясы

Қазақ әдебиетінің сыны

Мамандық: қазақ тілі мен әдебиеті


Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ әдебиетінің көк жиегінде сонау жиырмасыншы жылдары өзінің прозалық және поэзиялық туындыларымен көрініп бертін келе әдеби сын, фольклор тану, түркітану, әдебиет тарихы, әдебиетті оқыту әдістемесі, көркем аударма салаларында еңбек еткен қазақ әдебиеттану ғылымы ізашарларының бірі - Әуелбек Қоңыратбаев.

Ғалым еңбектерін оқытуда, студенттерге Ә.Қоңыратбаев еңбектері қазақ ғылымының бір белесі екендігін таныту көзделеді.

Зерттеуші Ә.Қоңыратбаев еңбектерінің маңызы зор. Ғалым бүкіл ғұмырын әдебиет ғылымына арнап, қазақ әдебиеттану ғылымының іргесін қалады. Тюркология, фольклористика, шығыстану және әдебиет тарихына қатысты 10 монографияның, 500-ге жуық ғылыми мақалалар мен көркем шығармалардың авторы. Ғалым еңбектерінің басты бағыттарына талдау жасау, әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбегін танытып, меңгерту арқылы сөз өнері, әдебиет теориясы жайлы білімдерін кеңейте түсу негізгі мақсат.

Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Оралова

4а. Пәннің атауы: Хандық дәуір әдебиеті

Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті

Ежелгі дәуір әдебиеті

Әдебиеттануға кіріспе
Постреквизитер: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

Әдебиет теориясы

Қазақ әдебиеті сынының тарихы

Абайтану
Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасу, даму жолын айқындау; жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерін таныту; жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсіндіру; жыраулар поэзиясы мен ХІХ ғасырдағы ақындық дәстүрдің сабақтастығы т.б. мәселелер курстың негізгі мақсат-міндеттері болып табылады. Сондай-ақ пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл кезең әдебиетінің тарихи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.
Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., профессор Ұ.Жанбершиева
4а. Пәннің атауы: Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі.

Пререквизит: «Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі» курсын оқыту болашақ мамандарды туған елінің сөз зергерлерінің шығармашылығын танып-білуді мақсат етеді. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев: «Сыр алаштың анасы».Тарихқа жүгінсек бұл жерде қазақтың үш астанасы болған.Жент,Сығанақ,Қызылорда.

Постреквизит: Қазақ даласында ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде ақындық-жыраулық өнер ерекше өріс жайып,әсіресе Сыр бойы өңірінде көптеген ақын-жыраулар өкілдерінің жыр сайысындағы ерекшеленген,өрлеген кезеңі болды. Оның тарихи негіздері де жоқ емес.Студенттер курсты игеру барысында Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларымен танысып,оның көркемдік ерекшелігіне қарай талдауға машықтанады.

Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларын зерттеу ісі соңғы жылдары жаңа арнаға түсіп,ерекше қарқын ала бастады.Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениеті үлгілерін ең алдымен ұлттық санамен бірге жалпыадамзаттық құндылықтарға қосылған үлес ретінде қарастырылуда.Бұл пәннен алған білімдері арқылы студенттер ғылыми ойлау қабілетін ұштай түсуге машықтанады.


Курстың қысқаша сипаттамасы: Сыр бойының ақын-жыраулары –жоғары оқу орнындарында халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән. Көп ғасырлық тарихы бар халқымыздың рухани мұрасы -Сыр ақын-жырауларының әдеби мұрасы.Ол қазақ әдебиеті тарихында өзіндік шығармашылық мектеп дәстүрін қалыптастырып ұлттық мәдениет тарихында айрықша орын алады. Курс Сыр бойы ақын-жыраулары шығармашылығы туралы,оның бағыттары, өзгешелігі, жаңалығы мен жетістігі, ерекшеліктері мен ұқсас тұстары туралы мәлімет беріп, көркем шығармалар туралы, ақын-жыраулар шығармашылығы туралы жан-жақты баға бере талдау жасай білуге үйретеді және мәселеге қатысты зерттеулер мен пікірлермен танысады. Сыр бойы ақын-жыраулары шығармашылығын зерттеуге үйренеді. Теориялық білімді практикады қолдана білуге дағдыланады. Мәтінді талдауға қатысты еңбектермен жүйелі танысып,салыстыра зерттеуге дағдыланады.
Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., акад. доцент Ғ.Тұяқбаев
5а. Пәннің атауы: Шетел әдебиетінің тарихы

Пререквизиттер: Қазақ өркениеті- әлем халықтары мәдениетінің көрнекті саласы. Ұлттық мәдени мұраларды әлемдік рухани құндылықтармен қатарлас меңгеру арқылы бүкіл өркениет «Шет елдер әдебиетінің тарихы» -Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытылып келе жатқан негізгі пәндердің бірі.

Постреквизиттер: Шет елдер әдебиетін оқып-үйрену – Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының да басты мұрағаттарының бірі. Сондықтан бағдарламада адамзат тарихы дамуының біздің жыл санауымызға дейінгі антикалық мәдениетінен бастап, қазіргі заманға дейінгі әдеби-фольклорлық мазмұнын оқып- үйрену бағдарын желі ету көзделеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Шет елдер әдебиетін оқып – үйрену -әлемдік сөз өнері мұраларын игеру деген сөз. Сондықтан бұл пән әлемдік сөз өнері дамуының тарихына әдеби шолу жасауды мақсат тұтады.

Пәннің негізгі мақсаты – 16-19 ғасырлардағы Батыс, Орталық, Оңтүстік Еуропа елдерінің тарихи тағдыры мен әдебиеттегі үш әдеби бағыттармен таныстыру. Сонымен қатар Испания, Франция, Англия, АҚШ елдері әдебиетінің көрнекті өкілдерінің ең таңдаулы еңбектерімен таныстыру да ең негізгі мақсаттардың біріне саналады.



Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., аға оқытушы Қ.Әжиев
5а. Пәннің атауы: Шығыс әдебиеті

Пререквизит: «Шығыс әдебиеті» курсын оқыту болашақ мамандарды өзге халықтардың дәстүрлі мәдениеті үлгілерімен, өнерінің түрлерімен жан-жақты таныстыруды қамтамасыз ететін білімдік үрдіс.

Постреквизит:Студенттер курсты оқу барысында өзге елдің тарихын, терең тамырлы табиғатын, синкреттік сипатын таниды. Оны өзге ғылым салаларымен байланыстыра алады.
Курстың қысқаша сипаттамасы:

Шығыс әдебиеті – жоғары оқу орындарында сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып оқытатын пән. Шығыс әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын таныту қарастырылды. Сондай-ақ шығыс әдебиеті көркемөнердің барлық салаларымен, тарихымен, этнографиясымен, философиясымен, психологиямен, педагогикамен т.б. ғылымдарымен байланыста оқыту міндеттеледі.



Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әжиев Қ.
6а. Пәннің атауы: Балалар әдебиеті

Пререквизиттер: Балалар әдебиетін пәнінің мазмұнын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне меңгерту, олардың педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, олардың өзара байланысын ашып көрсету.

Құзырлылығы:

  • -білім алушыларды балалар әдебиетінің эстетикамен байланысын сараптауға үйрету;

  • студенттерді балаларға арналған көркем шығарманы талдаудың ұстанымдары мен әдістерімен таныстыру;

Постреквизиттер: - Балалар әдебиетінің тууы мен қалыптасу тарихынан мәлімет беру;

- Балалар әдебиетіндегі қарастырылатын мәселелер жайлы мағлұмат беру;



  • әдебиеттанудың өзге салаларымен байланысын зерттеу;

  • әдеби дамудың қыр-сырын айқындату;

Құзырлылығы:

  • суреткер шеберлігі мен стиліне назар аударту;

  • теориялық түсініктерді өз мәнінде меңгерту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталатындығы осы пәннің айрықша ерекшелігі

Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., акад. доцент Айтбаева А
.Пән атауы: Шешендік өнер
Пререквизит: Басқа да мамандық пәндері тәрізді « Шешендік өнер» пәні де ізденушілердің «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі», « Қазақ халқының ауыз әдебиеті» және т.б. пәндерден алған білімдерін кеңейте түседі. Пән шешендік өнердің тарихы, қазақтың ұлттық шешендік өнерінің тарихы, шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы, тілдік сипаты, өзге ғылым салаларымен байланысы жайында теориялық, практикалық тұрғыда білім беруге негізделген.

Постреквизит: Шешендік өнер туралы зерттеулермен жұмыс істеуге үйретіп, мәтіндерді талдай білуге дағдыландырады. «Шешендік өнер» курсын оқып – үйрену кезінде шешендік өнердің зерттелуі, тарихы, риториканың ғылым ретінде, әдебиеттің ерекше жанры, сөз өнері ретінде қарастырылуымен танысу жүзеге асады да, сөз өнері шеберлерінің сырларын игереді. Шешендік өнерді үйрену арқылы сөз өнерінің дамуы ұлт мәдениетін өсіретініне, ежелден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері екендігіне көз жеткізеді.

Бағдарламаның қысқаша сипаттамасы: Шешендік өнер пәнін оқытудағы басты міндет – шешендік сөздердің тарихын, құрылысын, ұтымдылығын меңгерту жұмыстарын атқарып, дүниежүзілік шешендік өнер тарихымен таныстыра отырып, қазақ халқының шешендік өнер тарихынан мол мағлұмат беру.Негізгі мақсаты: болашақ маманның сөйлеу шеберлігін жетілдіру, ұлттық өнердің тарихын білуге деген қызығушылығын тудыру, тіл амалдарын әдеби тіл нормаларына сай қолдана білуге үйрету, шешендік философияны ұғындыру, студенттің сөйлеу тілі мен ұшқырлығын дамыту.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., акад.доцент С.Бахтиярова


2 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

ТК2.2.

2201

а)Балалар әдебиеті

б)Қазақ флоьклорының көркемдік ерекшеліктері



А.Айтбаева

С.Тайманова




3

3

3




2210

а)Көркем мәтінді әдеби талдау

б)Сыр бойы ақын-жыраулары



А.Әбілов

С.Тайманова



3

4

4

ТК3.2.

2301

а)Шығыс әдебиеті

б)Дәстүрлі ақындық поэзия



Қ.Әжиев

С.Бахтиярова



3

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет