Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


а. Пәннің атауы: Балалар әдебиеті



жүктеу 6.39 Mb.
бет32/39
Дата09.09.2017
өлшемі6.39 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39

1а. Пәннің атауы: Балалар әдебиеті

Пререквизиттер: Балалар әдебиетін пәнінің мазмұнын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне меңгерту, олардың педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, олардың өзара байланысын ашып көрсету.

Құзырлылығы:

  • -білім алушыларды балалар әдебиетінің эстетикамен байланысын сараптауға үйрету;

  • студенттерді балаларға арналған көркем шығарманы талдаудың ұстанымдары мен әдістерімен таныстыру;

Постреквизиттер: - Балалар әдебиетінің тууы мен қалыптасу тарихынан мәлімет беру;

- Балалар әдебиетіндегі қарастырылатын мәселелер жайлы мағлұмат беру;



  • әдебиеттанудың өзге салаларымен байланысын зерттеу;

  • әдеби дамудың қыр-сырын айқындату;

Құзырлылығы:

  • суреткер шеберлігі мен стиліне назар аударту;

  • теориялық түсініктерді өз мәнінде меңгерту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталатындығы осы пәннің айрықша ерекшелігі

Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., акад. доцент Айтбаева А

1б. Пәннің атауы: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі

Пререквизиттер: Қазақ халық әдебиетін оқытуда студенттерге әлемдік фольклортану ғылымындағы методологиялық ортақтастықтар мәселелері,фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері,тұтас көркемдік жүйесі,жанрлары,этникалық тәсілдері мен құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы т.б. ауқымды мәселелер жөнінде білім беру мақсаты көзделеді.

Құзырлылығы: Ауыз әдебиетін көркемөнердің барлық салаларымен, тарихымен, этнографиясымен, философиямен, психологиямен, педагогикамен т.б. ғылымдармен байланыста оқыту міндеттеледі.

Постреквизиттер: Студенттер курсты оқу барысында фольклордың тарихын,терең тамырлы табиғатын,синкреттік сипатын таниды.Оны өзге ғылым салаларымен байланыстыра алады.Фольклолрлық шығармаларды көркемдік ерекшелігіне қарай талдауға машықтанады.

Қазақ фольклорын зерттеу ісі соңғы жылдары жаңа арнаға түсіп,ерекше қарқын ала бастады.Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениеті үлгілерін ең алдымен ұлттық санамен бірге жалпыадамзаттық құндылықтарға қосылған үлес ретінде қарастырылуда.



Құзырлылығы: Бұл пән халық ауыз әдебиеті пәнінен алған білімдерін одан әрі тереңдете түседі. Сонымен қатар ғылыми ойлау қабілетін ұштай түсуге, жүйеге салуға қызмет етеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі –жоғары оқу орнындарында халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән.Халық әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талдана түсіндіріледі..Сонымен қатар ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара ықпалдасуы,фольклордағы типологиялық тектестік мәселері қарастырылады.Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер басты назарда болады.

Фольклор жанрларының барлық түрлерінен көркемдік іздеуге болмайтындықтан,олар «фольклордың танымдық түрлері», «фольклордың көркем түрлері» деп екіге бөліп қарастырылады.


Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., доцент Тайманова С.
2а. Пән атауы: Көркем мәтінді әдеби талдау
Преквизиттер: «Көркем мәтінді әдеби талдау» пәні де білімге құштар ізденушілердің университетте мамандық және бакалавриат жүйесі бойынша алған білімдерін тереңдетіп,«Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет теориясы» және т.б. пәндерден алған теориялық және практикалық білімдерін кеңейте түседі.

Құзырлылығы: Көркем шығармалар туралы пікір, тұжырым, баға нақты мысалдар арқылы дәлелдене отырып, студенттерді жетістіктер мен олқылықтарға баға беруге дағдыландырып, өзіндік ізденістер жасай білуге қалыптастырады.

Постреквизиттер«Көркем мәтінді әдеби талдау» курсын оқып – үйрену кезінде қазақ әдебиетінің дамуы, көркем аударма өнерінің зерттелуі, тарихы, әдеби байланыстармен танысу жүзеге асады да, нәтижесінде қазақ әдебиетінің ір дәуірі аса күрделі кезеңдер екеніне, қаламгерлер ізденістеріне, көркем сөз өнерінің даму ерекшеліктеріне көз жеткізе отырып, білімгер қаламгер шеберлігінің, ізденістерінің сырларын игереді.

Құзырлылығы: Көркем мәтінді талдай білуге үйрену арқылы сөз өнерінің дамуы ұлт мәдениетін өсіретініне, әдебиеттер арасындағы, елдер арасындағы байланыстың алтын көпірі, рухани құндылықтар алмасудың қайнар көзі де әдебиет екендігі дәлелденіп, көркем шығарманың жан – жақты талдануына, көркемдік құпияларын ашуға негіз болады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: «Көркем мәтінді әдеби талдау» пәні «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сырларын үйренуші білімгердің әдеби – теориялық білімдерін тереңдетіп, әдебиттанушылық – зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстырады. Көркем туындыны жан – жақты зерттеп, талдап, салыстырып, оның көркемдік – идеялық мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретеді. Көркем туынды жайлы теориялық, эстетикалық пайым – түсініктерін нақты шығармаларды талдау, салыстыру, салғастыру, байыптау, бағалау барысында практика жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Әдебиеттердің бір – бірін байыту құпияларын игеріп, шеберлік, қаламгер шеберлігі мәселелері сырын ашуға машықтанады.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әбілов А
2б.Пән атауы: Сыр бойы ақын-жыраулары
Пререквизит: «Сыр бойы ақын-жыраулары» курсын оқыту болашақ мамандарды туған елінің сөз зергерлерінің шығармашылығын танып-білуді мақсат етеді. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев: «Сыр алаштың анасы».Тарихқа жүгінсек бұл жерде қазақтың үш астанасы болған. Жент, Сығанақ, Қызылорда.

Құзырлылығы: Студенттер курсты игеру барысында Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларымен танысып,оның көркемдік ерекшелігіне қарай талдауға машықтанады.

Постреквизит: Қазақ даласында ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде ақындық-жыраулық өнер ерекше өріс жайып,әсіресе Сыр бойы өңірінде көптеген ақын-жыраулар өкілдерінің жыр сайысындағы ерекшеленген,өрлеген кезеңі болды. Оның тарихи негіздері де жоқ емес.

Сыр бойы ақын-жырауларының шығармаларын зерттеу ісі соңғы жылдары жаңа арнаға түсіп,ерекше қарқын ала бастады.Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениеті үлгілерін ең алдымен ұлттық санамен бірге жалпыадамзаттық құндылықтарға қосылған үлес ретінде қарастырылуда.Бұл пәннен алған білімдері арқылы студенттер ғылыми ойлау қабілетін ұштай түсуге машықтанады.



Құзырлылығы: Сыр бойы ақын-жыраулары шығармашылығын зерттеуге үйренеді. Теориялық білімді практикады қолдана білуге дағдыланады. Мәтінді талдауға қатысты еңбектермен жүйелі танысып, салыстыра зерттеуге дағдыланады

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сыр бойының ақын-жыраулары –жоғары оқу орнындарында халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән. Көп ғасырлық тарихы бар халқымыздың рухани мұрасы -Сыр ақын-жырауларының әдеби мұрасы.Ол қазақ әдебиеті тарихында өзіндік шығармашылық мектеп дәстүрін қалыптастырып ұлттық мәдениет тарихында айрықша орын алады. Курс Сыр бойы ақын-жыраулары шығармашылығы туралы,оның бағыттары, өзгешелігі, жаңалығы мен жетістігі, ерекшеліктері мен ұқсас тұстары туралы мәлімет беріп, көркем шығармалар туралы, ақын-жыраулар шығармашылығы туралы жан-жақты баға бере талдау жасай білуге үйретеді және мәселеге қатысты зерттеулер мен пікірлермен танысады.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Тайманова С.
3а.Пән атауы: Шығыс әдебиеті

Пререквизит: Шығыс әдебиеті көркемөнердің барлық салаларымен, тарихымен, этнографиясымен, философиясымен, психологиямен, педагогикамен т.б. ғылымдарымен байланыста оқыту міндеттеледі.

Құзырлылығы: Шығыс әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын таныту қарастырылды.

Постреквизит: «Шығыс әдебиеті» курсын оқыту болашақ мамандарды өзге халықтардың дәстүрлі мәдениеті үлгілерімен, өнерінің түрлерімен жан-жақты таныстыруды қамтамасыз ететін білімдік үрдіс.

Құзырлылығы: Студенттер курсты оқу барысында өзге елдің тарихын, терең тамырлы табиғатын, синкреттік сипатын таниды. Оны өзге ғылым салаларымен байланыстыра алады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Шығыс әдебиеті – жоғары оқу орындарында сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып оқытатын пән.

Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Қ.Әжиев

3б.Пән атауы: Дәстүрлі ақындық поэзия
Пререквизит: Студент меңгеруге тиісті білім мен шеберлік жүйесі:

- курсты оқу барысында қолданылатын негізгі ұғым, түсініктермен жете танысу;

- теория мен практиканы ұштастыра білу;

- қорытынды жасауға, баға беруге, өз ойын, пікірін еркін айтуға дағдылану;



Құзырлылығы: - жекелеген шығармаларға әдеби-теориялық талдау жасауға машықтану;

- пән бойынша оқыған білімдерін келешек ғылыми-зерттеу жұмыстарына материал ретінде пайдалануға, сараптауға, талдауға машықтану.



Постреквизит: «Дәстүрлі ақындық поэзия»- ұлттық тарихымыздың сақ, ғұн мәдениеті, түркі және ислам өркениеті кезеңдерінен бастап, Алтын Орда, Қазақ хандығы, ХІХ –ХХ ғғ. және ХХІ ғ. басындағы дәуірлер сабақтастығы жолымен бағаланатын қазақ сөз өнерінің негізгі көркемдік тіні- ақындық поэзияның, өркендеу ерекшеліктерін арнайы оқытатын пәндердің бірі.

Құзырлылығы: ақындардың ата-баба діни наным-сенімдері (түркілік тәңірлік және мұсылмандық) жүйесіндегі лирикалық өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктерін саралай білу;

Бағдарламаның қысқаша курсы: Пәннің басты мақсаты- қазақ әдебиеті тарихының басты арнасы авторлық ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиетдәстүрі ерекшеліктерін таныту.

  • дара ақындық поэзия өкілдерінің ұлттық әдеби процесті қалыптастырып дамытқан дәстүрінің ғылыми-теориялық негіздерін ұғындыру;

  • авторлық тұлғаға тән психологиялық шығармашылық ерекшеліктерді меңгерту;

  • рухани мәдениеттің тарихындағы әдеби процестің мәнін зерделеу;

  • шығармашылық болжал психологиясы өлеңдерінің жанрлық табиғатын таныту.


Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы С.Бахтиярова



2 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

ТК2.2.

2207

а)Балалар әдебиеті

б)Қазақ флоьклорының көркемдік ерекшеліктері



А.Айтбаева

С.Тайманова




3

3

2




2209

а)Қазақ әдеби сынының тарихы

б)Әуезовтану



Тайманова С.

Айтбаева А.



3

3

3




2211

а) Абайтану

ә) Шәкәрімтану



С.Бахтиярова А.Айтбаева

3

4


1а. Пәннің атауы: Балалар әдебиеті

Пререквизиттер: Балалар әдебиетін пәнінің мазмұнын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне меңгерту, олардың педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, олардың өзара байланысын ашып көрсету.

Құзырлылығы:

  • -білім алушыларды балалар әдебиетінің эстетикамен байланысын сараптауға үйрету;

  • студенттерді балаларға арналған көркем шығарманы талдаудың ұстанымдары мен әдістерімен таныстыру;

Постреквизиттер: - Балалар әдебиетінің тууы мен қалыптасу тарихынан мәлімет беру;

- Балалар әдебиетіндегі қарастырылатын мәселелер жайлы мағлұмат беру;



  • әдебиеттанудың өзге салаларымен байланысын зерттеу;

  • әдеби дамудың қыр-сырын айқындату;

Құзырлылығы:

  • суреткер шеберлігі мен стиліне назар аударту;

  • теориялық түсініктерді өз мәнінде меңгерту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталатындығы осы пәннің айрықша ерекшелігі

Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., акад. доцент Айтбаева А
1б. Пәннің атауы: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі

Пререквизиттер: Қазақ халық әдебиетін оқытуда студенттерге әлемдік фольклортану ғылымындағы методологиялық ортақтастықтар мәселелері,фольклордың ауызша сөз өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері,тұтас көркемдік жүйесі,жанрлары,этникалық тәсілдері мен құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы т.б. ауқымды мәселелер жөнінде білім беру мақсаты көзделеді.

Құзырлылығы: Ауыз әдебиетін көркемөнердің барлық салаларымен, тарихымен, этнографиясымен, философиямен, психологиямен, педагогикамен т.б. ғылымдармен байланыста оқыту міндеттеледі.

Постреквизиттер: Студенттер курсты оқу барысында фольклордың тарихын,терең тамырлы табиғатын,синкреттік сипатын таниды.Оны өзге ғылым салаларымен байланыстыра алады.Фольклолрлық шығармаларды көркемдік ерекшелігіне қарай талдауға машықтанады.

Қазақ фольклорын зерттеу ісі соңғы жылдары жаңа арнаға түсіп,ерекше қарқын ала бастады.Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениеті үлгілерін ең алдымен ұлттық санамен бірге жалпыадамзаттық құндылықтарға қосылған үлес ретінде қарастырылуда.



Құзырлылығы: Бұл пән халық ауыз әдебиеті пәнінен алған білімдерін одан әрі тереңдете түседі. Сонымен қатар ғылыми ойлау қабілетін ұштай түсуге, жүйеге салуға қызмет етеді.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі –жоғары оқу орнындарында халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән.Халық әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талдана түсіндіріледі..Сонымен қатар ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара ықпалдасуы,фольклордағы типологиялық тектестік мәселері қарастырылады.Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер басты назарда болады.

Фольклор жанрларының барлық түрлерінен көркемдік іздеуге болмайтындықтан,олар «фольклордың танымдық түрлері», «фольклордың көркем түрлері» деп екіге бөліп қарастырылады.


Бағдарламаның жетекшілері: ф.ғ.к., доцент Тайманова С.
2а. Пәннің атауы: Қазақ әдеби сынының тарихы
Пререквизиттер: «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» пәні ғылымға бет алған талапты жастардың білімдерін кеңейтеді.Көркем шығарманы талдаудың,бағалаудың табиғатын,амал-әдістерін терңірек игеруге үйретеді.Көркем туындыны уақыт талабы,қоғамдық ортамен сабақтастыра отырып, онда көтерілген мәселелердің танымдық мәнін ашуға ұмтылады.Сыни көзқарасын қалыптастырып,өзіндік ой-қорытынды жасауға дағдыландырады.

Құзырлылығы: Әдеби сынның даму кезеңдеріне байланысты оның жанрлық ерекшеліктерін ажырта білуге үйретеді.

Постреквизиттер: Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде әдеби сынның жан-жақты сипаттарын ажыратуға,әдеби сын тарихындаға мәселелерді саралай білуге дағдыланады.

Құзырлылығы: «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» әдебиеттің тарихы мен теориясын және әдістемесін оқып-үйренуге, әдеби шығарманы жан-жақты талдауға, бағалауға негіз болады.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Көркем шығарманы жан-жақты талдау, бағалау.Әдеби салыстырмалы талдаудың түрлерін игеру, дағдылану. Көркемөнерге сыни көзқарасты қалыптастыру. Пәнді оқу арқылы студент әдеби-теориялық білімдерін тереңдете түседі, зерттеушілік қабілет қарымы дамып, көркем туындыны жан-жақты қарастырудың, оның көркемдік, мән-мазмұнын ашудың түрлі амал-тәсілдерін игеруге міндетті.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Тайманова С
2б. Пән атауы: Әуезовтану
Постреквизиттер: Жоғары оқу орындарындағы Қазақ филологиясы мамандығы бойынша оқылатын, Қазіргі дәуір әдебиеті пәні бойынша М.Әуезов шығармашылығы бойынша 4 сағат мөлшерінде ғана уақыт берілген. Бұл Әуезовтің шығармашылық әлемін танытуда Әуезовтану таңдау курсы енгізудің студенттер үшін берері мол.

Құзырлылығы: М.Әуезовтің 30-жылдардағы «Іздер», «Бүркітші», «Шатқалаң», «Білекке білек», «Құл мен Асқар» шығармаларының мәні. Драмалық жанрдағы туындылары.

  • «Хан Кене» драмасын жазды. Әлеуметтік және ішкі түйыстар.

  • М.Әуезов және халық әдебиеті. Халықтың эпостық жырлары негізіндегі «Айман-Шолпан» (1934), «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесалары

Пререквизиттер:

  • Абай және кедей жатақтар

  • Шығармадағы Құнанбай бейнесі. Тәкежан, Оразбай, Майбасар, Әзімбай образдары

  • Романдағы әйелдер бейнесі

  • М.Әуезовтің «Өскен өркен» (1962) романы тақырыбы, идеясы.

Құзырлылығы: Студенттерге Әуезовтану курсы арқылы жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясының әлем әдебиетіндегі орнын, Абай характерінің өсу, кемелдену кезеңінен терең мағұлмат беру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Шығармашылық жолының бастапқы жылдарындағы 20-шы жылдардағы алғашқы әңгімелері мен повестері. Автордың сол кездегі әлеуметтік өмір шындығын көрсетіп, зорлық пен қорлық көрген қорғансыздар өмірінің суреттелуі; «Қилы заман» повесі. Повестің баяндау жүйесінің ерекшеліктері.
Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., акад. доцент Айтбаева А.
3а. Пәннің атауы: Абайтану
Пререквизит: «Абайтану» пәнінен алған білімдерін студенттер «ХІХ ғ. қазақ әдебиеті», «Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы»пәндерінен алған білімдерімен байланыстыра қарай алады.

Құзырлылығы: «Абайтану» курсында студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қарасөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына орай талдаулар жасау арқылы ұлы ақынның талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді.

Постреквизит:

-Абайдың ақындық әлемін, Абай төңірегіндегі ақындар шығармашылығын танып білуге, Абай поэзиясына нәр берген Шығыс және Батыс әдебиеті арасындағы байланысты, Абай өмірбаяны мен архив деректері негізіндегі жағдайларды білуге үйретуді;

- Абай шығармаларының текстологиясына, көркемдігі мен пәлсапасына байланысты талдаулар жасай білуге үйретуді;

- Абай аудармаларына байланысты талдаулар мен салыстырулар жасай білуге дағдыландыруды міндет етеді.



Құзырлылығы: Абайтану курсын оқытудың негізгі мақсаты -ақынның шығармашылық әлемін студенттерге кеңінен таныстыру, материалдарды толық игеріп, өз беттерінше жүйелік талдау жасауға көмектесу, бағыт-бағдар беру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Абайтанудың тарихын, Абайды ғылыми тұрғыдан танып-білудің бағдарлы әрекеті. Ұлы Абайдың өмірін, шығармаларының жанрлық ерекшеліктерін әр қырынан қарастыра отырып, зерттеулер арқылы Абай әлемімен кеңінен таныстыру. Сонымен қатар Абай шығармашылығының зерттелуі, ақын мұрасының игерілуі, жариялану тарихы жөнінде мағлұматтар беріледі.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., акад. доцент Бахтиярова С.
3б. Пән атауы: Шәкәрімтану
Пререквизиттер: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы курсы бойынша Шәкәрімтануға байланысты мәселелерді оқытуға таңдау курсының енгізілуі өте маңызды.

Құзырлылығы: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін озық көркемдік әдістермен, жанрлық-стильдік шеберлік үлгілермен толықтыра білген Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығын меңгертуді жөн көрдік.

Постреквизиттері:

- философиялық түсінік-толғамдары.

- Қазақтың реалистік лирикасын дамытуға қосқан үлесі.

- Шәкәрім өлеңдеріндегі ағартушылық идеясының қуаттылығы

- Поэмалары. Көркем реалистік поэмалар жазды:

- «Нартайлақ-Айсұлу» дастаны тақырыбы, шығарманың көркемдік жетістігі мен

кемшілігі;


  • Проза жанрындағы еңбектері.

Құзырлылығы: - Аударма саласындағы еңбегі

- Шәкәрімді тарихшы ретінде танытатын «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»; «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» атты еңбектерінің мәні.



Бағдарламаның қысқаша курсы: - «Әділ-Мария» романы. Тақырыбы, мақсаты. Жастардың бас еркі, махаббат

бостандығы мәселелерінің көтерілуі. Романдағы Шыңғыс тауының образы, жазушының көркемдік ізденістері, ерекшеліктері.


Бағдарлама жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Айтбаева А



3 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

ТК2.2.

ТК3 3203

а)Абайтану

б)Абай аудармалары



С.Бахтиярова А.Айтбаева

3

5


1а. Пәннің атауы: Абайтану
Пререквизит: «Абайтану» пәнінен алған білімдерін студенттер «ХІХ ғ. қазақ әдебиеті», «Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы»пәндерінен алған білімдерімен байланыстыра қарай алады.

Құзырлылығы: «Абайтану» курсында студенттердің осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қарасөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына орай талдаулар жасау арқылы ұлы ақынның талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді.

Постреквизит:

-Абайдың ақындық әлемін, Абай төңірегіндегі ақындар шығармашылығын танып білуге, Абай поэзиясына нәр берген Шығыс және Батыс әдебиеті арасындағы байланысты, Абай өмірбаяны мен архив деректері негізіндегі жағдайларды білуге үйретуді;

- Абай шығармаларының текстологиясына, көркемдігі мен пәлсапасына байланысты талдаулар жасай білуге үйретуді;

- Абай аудармаларына байланысты талдаулар мен салыстырулар жасай білуге дағдыландыруды міндет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет