Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 6.39 Mb.
бет7/39
Дата09.09.2017
өлшемі6.39 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39

Постреквизиттер: Бұл пән мамандық бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту процесіндегі өзгешеліктерді, мұғалім ескеруге тиісті артықшылықтар мен кемшіліктерді ескеру барысында оқушыларға білім беру.

Шағын комплектілі мектепте оқытылған математика пәндері негізінде оқытылады. Бастауыш курс математикасындағы мәтіндік есептерді оқытудағы білімді, теңдеулерді, теңсіздіктерді салудағы амалдар қолдану ерекшеліктерін меңгерту.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сабақ кестесі, тәжірибеде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер, оқытуды тиімді ұйымдастыру, шағын жинақталған бастауыш сыныптағы сабақ, сыныптан тыс жұмыстар, тақырыптық жоспар ерекшеліктері

Бағдарламаның жетекшілері: Мамедалиева Б.


3а.Пәннің атауы: Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

Постреквизиттер: Қазақ халқының шешендік сөздерін дәріптеу және шешендік толғаудың тәлімдік және тәрбиелік мәнін ғылыми-теориялық негізде үйрету.

Шешендік өнердің тарихынан мәлімет. Көне дәстүрдегі шешендік өнердің дамуы. Орта ғасырдағы шешендік өнердің дамуы. Қазақтың дәстүрлі сөз өнері. Шешендік сөз түрлері. Шешеннің сөйлеу мәдениеті. Функционалдық стильдер. Сөйлеудің логикалық қызметін ұйымдастыру. Логикалық ойлау әдістері. Дәлелдеме, оның құрылымы. Сөйлеудің құрылымы. Сөйлеушінің психологиялық, педагогикалық мәдениеті. Тыңдаушылардың әсерлеушілігін оятудың әдіс-тәсілдері. Сөйлеу техникасы. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық. Библиографиялық әдебиеттерді құрастыру.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде оқытудың және шешендік өнердің тарихымен, шешендік сөздердің түрлерін таныстыра отырып, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.

3б.Пәннің атауы: Ауызекі сөйлеу мәдениеті мен ой дәлдігі

Пререквизиттер: Халық ауыз мәдениетінің бай мұраларын үйрету. «Сөз өнері», «Қазіргі қазақ тілі» пәндерін байланыстыру арқылы сөз мәдениетін қалыптастыру.

Постреквизиттер: «Сөз өнері», «Қазақ тілі», «Шшендік өнер» пәндерін байланыстыру арқылы бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми теориялық негіздері, қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Сөз мәдениеті туралы ұғым. Орфоэпиялық норма, грамматикалық норма. Орфографиялық норма. Сөйлеудің қысқалығы. Сөйлеудің дәлдік пен анықтық. Сөз байлығы. Сөйлеудің бейнелі құралдары. Сөйлеу мәнерлілігінің бейнелі құралдары. Ауызша іскерлік сөз мәдениеті. Жазбаша іскерлік сөйлеу мәдениеті.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Халықтың ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту, халық даналарының сөздерін жан-жақты дәріптеу және болашақ ұрпақтың сөйлеу мәдениеті мен ой дәлдігін жетілдіру

Бағдарламаның жетекшілері: Қойшыбаев М.


4а.Пәннің атауы: Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, балалар әдебиеті, педагогика, жас ерекшелік психологиясы. Бастауыш сыныпта жазуға үйрету кезеңдері. Графикалық- каллиграфиялық жазу дағдысын жетілдіру. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: Жазуға үйрету технологиясы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы.

Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың шығуы, анықтамасы. Алфавиттік жазу тарихы. Қазақ алфавиті. Бастауыш сынып оқушыларының графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері.. Жазу процесінде жаттығудың алатын орны, көлемі, мазмұны. Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазуға үйретудің тарихы. Жазудың анықтамасы. Қазіргі қазақ алфавиті. 1 сынып оқушыларының жазу дағдысы. Графикалық-каллиграфиялық жазу дағдысы. Жазу дағдыларына машықтандыру

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

4б.Пәннің атауы: Көркем жазуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, қазақ тілін оқыту әдістемесі, балалар әдебиеті, педагогика, жас ерекшелік психологиясы. Бастауыш сыныпта жазуға үйрету кезеңдері. Графикалық- каллиграфиялық жазу дағдысын жетілдіру. Жазуға үйретудің дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: Жазуға үйрету технологиясы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы.

Каллиграфия. Әріптердің тіркесуі. Жазуға үйретудің кезеңдері. Бас әріптер, кіші әріптер. Қазіргі әріп элементтері. Бір вариантты және тұрақты әріптер. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар, бағалау. Дәптерге қойылатын талаптар.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар. Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері. Жазуға үйретудің мақсат-міндеттері. Жазуға үйретудің оқу-әдістемелік жағына сипаттама. Әріп кескіні үйлесіміндегі күрделілік. Әріптерді тұтастай бағдарлауға үйрету.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.


5а.Пәннің атауы: Логикалық есептер шығару әдістемесі

Пререквизиттер: Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндер курсының теориясы мен технологиясын пайдалана отырып, логикалық есептер, бастауыш сыныптарда оқытылатын математика пәндерінен алған ұғымдарына негізделеді.

Постреквизиттер: Бұл пән 050102 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне логикалық есептердің түрлерімен танысуға және бастауыш мектеп математика оқулығында көрсетілген логикалық есептерді талдау және кеңейе түсу бағытындағы шығармашылық потенциалын көтеруге ықпал етеді.

Студенттердің кіші жастағы оқушыларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын міндеттерді кәсіби тұрғыдан шешу үшін қажет болатын логикалық білімімен және дағдыларымен қалыптастыру.Практика жүзінде 1-4 сынып оқулықтарындағы шығармашылық есептерді талдау. Логикалық есептердің мән мағынасын ашу. Сиқырлы шаршыларды толтыру. Жұмбақ, өлең-жұмбақтарды шешу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Орындалуға міндетті болып саналмайтын, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандарты емес жаттығулар, сөз жұмбақтар, математикалық фокустар.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.

5б.Пәннің атауы: Текстілі есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Пререквизиттер: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» және «Математиканың бастауыш курс негіздері» пәндерінен алған білімдерін өз бетімен тереңдете оқуға арналған пән.

Постреквизиттер: Мәтінді есептермен жұмыс жасауға үйрету, білім мен дағдыларын қалыптастыруға арналған мәтінді есептерді талдауды оны шығару жолдарын үйренеді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ой-өрісін дамытып, шығармашылық потенциалын арттырады.

Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды ролі. Есепті шешу процесі және оның кезеңдері. Есепті шешудің әдістері мен тәсілдері. Бір және бірнеше амалмен шешілетін есептер. Есепті аналитика-аналитикалық талдау. Шешуді талдау және шешуді тексеру. Есепті зерттеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Есептің жаңа түрлерін, сондай-ақ есепті шығарудың жаңа тәсілдері, мәтінді есептердің түрлері. Арифметикалық және Алгебралық тәсілдер. Кері есеп және оны құрастыру.

Бағдарламаның жетекшілері: Есенбаев Т.

6а.Пәннің атауы: Мәтінге тілдік талдау әдістемесі

Пререквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі», «Көркем шығарманы лингвистикалық талдау», «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәндерінен байланыста оқытылып, бұл пәннен алған әдебиет теориясы негізгі ұғымдары туралы, білімдері, әдебиеттің тектері туралы түсінік, шығарманың идеялық-тақырыптық негіздерін бөліп көрсете алу дағдылары көркем шығарманы талдауда қолданылады.

Постреквизиттер: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Қазіргі әдеби процесс», «Жас ерекшелік психологиясы», «Дидактика» пәндерінде жалғасын табатын бұл пәнді оқыту тілмен (студенттердің ауызша, жазбаша, әлеуметтік жағдай) әдеби ағымдар мен бағыттардың көркем сөз өнерінің даму пәндерін, музыка пәнімен байланысты оқытылады.

Мәтінді тілдік талдаудың басқа талдау үлгілерінен ерекшелігі. Мәтінді тілдік талдау әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері. Мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі, оның басты тәсілдері мен принциптері. Жалпы тілдік құбылыстар мен автордың жеке қолданыс ерекшелігі туралы түсінік. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп беру әдістері. Мәнерлеп оқу материалдары бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар. Әңлімелеп беру әдістемесі. Көркем мәтінді лексикологиялық стилистикалық талдау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мәтін жөнінде түсінік. Мәтінді тілдік талдаудың басқа талдау үлгілерінен ерекшелігі. Мәтіндегі көркемдегіш құралдар. Шығарманың текстік, жанрлық сипаты, тегі, жанры әртүрлі шығармаларды, оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлерге өзіндік қарым-қатынас білдіріп, мәнерлеп оқу.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

6б.Пәннің атауы: Мәнерлеп оқуға үйрету әдістемесі

Пререквизиттер: «Балалар әдебиеті», «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы», «Әдебиеттану» пәндерінен алған білімдерге сүйеніп, «Әліппе», «Ана тілім» оқу пәндерін оқыту әдіс-тәсілдерін, принциптерін, мазсұны мен жүйесін, оқулыққа енген көркем шығармаларды авторлар туралы дерек-түсінік береді.

Постреквизиттер: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Этнопедагогика», «Психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Балалар әдебиеті» пәндермен байланысты оқытылып, әдебиеттік оқудың әдістемесін, әдебиеттік оқу топтамасын әдебиеттік оқуға қойылатын талаптарды, оқу дағдысына сипаттама.

Әдебиеттік оқу- балаларды адамгершілікке, еңбекке, эстетикаға тәрбиелеу құралы. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу. Саналы оқу. Саналы оқуға үйрету әдістемесі. Дұрыс оқу. Оқу барысында кездесетін қателердің түрлері. Дұрыс оқуға үйрету әдістемесі. Шапшаң оқу. Шапшаң оқуға үйрету жұмысының әдістемелік тәсілдері. Мәнерлеп оқу. Мәнерлеп сөйлеу құралдары. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету жұмысының әдісі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Мәнерлеп оқу туралы түсінік. Дауыс сазы, интонация, дикция, сөйлеу қарқыны. Әңгімелеп беру әдістері. Бастауыш сыныпта мәтінмен жұмыс жасаудың әдеби психолого-педагогикалық негіздері. Мәнерлеп оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.


7а.Пәннің атауы: Дүниетанудан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі

Пререквизиттер: Дүниетанудан дидактикалық материалдарды оқып-үйрену кезеңін жетілдіру. Әр түрлі материалдардан пән бойынша жасалынған дидактикалық материалдарды іске асыру. Көрнекілікте түр мен түс үйлесімін қолдану. Көрнекілікке субояу, қалам тущь, гуашь қолданып композициясын құру.

Постреквизиттер: Дүниетанудан дидактикалық материалдарды жасау, дайындық әдістемелігін сабақ барысында жүргізу, оны (өндіріске енгізу) сабаққа пайдалану. Әр түрлі насекомдарға арналған каропкалар жасау, плакат түрінде салу, сабаққа пайдалану.

Табиғи немесе пәндік көрнекі құралдар. Жасанды немесе бейнелеу көрнекі құралдар. Өсімдіктердің гербариін жасау. Дәндердің коллекцияларын жасау. Ылғалды және құрғақ преператтар жасау. Компас модельін жасау. Термометрдің модельдерін жасау. Муляждарды жасау. Аппликацияларды жасау. Кеспелер мен дидактикалық сызбанұсқаларды жасау әдістемесі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Дүниетану сабағындағы көрнекіліктерді жасау. Сабақ кезіндегі көрнекіліктердің әдістемелік мақсатын жетілдіру мақсаты көзделеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А.

7б.Пәннің атауы: Табиғи материалдардан көркем композиция жасау

Пререквизиттер: Ермексазбен жұмыс. Фольгамен жұмыс. Бақша өнімдері тұқымынан композиция жасау. Жапырақтардан композиция жасау. Дәнді дақылдардың дәнінен ермексаз негізге батыру арқылы композиция жасау. Иілуі жиі бұталардан қыйали жануар құрастыру. Муляждарды жасау. Аппликацияларды табиғи материалдардан жасау.

Постреквизиттер: Табиғи материалдарды мақсатқа сай өңдеу технологиясы. Көркем композиция жасау заңдылықтары мен ережелері. Экибана жасау технологиясы. Ермексазды пайдаланып табиғи материалдарды үйлестіріп көркемдеу. Сабанмен жұмыс технологиясы. Балық қаңқасымен жұмыс технологиясы.

Кептірілген өсімдіктің тамыры, сабағы, гүлі т.б. элементтерін қатырма қағазға үйлестіріп желімдеу. Паспорту жасау. Дәнді дақылдардың дәнінен ермексаз негізге батыру арқылы композиция жасау. Иілуі жиі бұталардан қыйали жануар құрастыру. Муляждарды жасау. Аппликацияларды табиғи материалдардан жасау. Кеспелер мен дидактикалық сызбанұсқаларды табиғи м атериалдардан жасау әдістемесі.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Табиғат- суретші. Бионика. Композиция. Экибана. Жасау технологиясы. Сабанмен жұмыс технологиясы. Ермексазбен жұмыс технологиясы. Балық қаңқаларымен жұмыс. Жапырақтың көркем композиция жасау. Дизайн.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А.


8а.Пәннің атауы: Қазақ тілінен көрнекілік жасау әдістемесі

Пререквизиттер: Қазақ тілінен көрнекіліктер жасау әдістемесі пәні бойынша жетістіктерге тоқталу көрнекіліктердің тақырып бойынша негізделген әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Бейнелік көрнекіліктерді пайдалану, кестелер қолдану. Кестелерді басқа да сюжеттерді проектор арқылы қабылдау. Акварель боюуы, бояу қаламды дидактикалық мақсаттарға пайдалану.

Постреквизиттер: Көрнекіліктер жасау кезінде белгілі жоспар бойынша өтілетін тақырыпты пысықтау мақсатында сабаққа көрнекіліктер жасау әдістемесі жолға қойылады.

Қазақ тілінен көрнекілік жасауда студенттерге көрнекілік принципі, ол туралы ғалымдар мен педагогтардың ой-пікірлері жайлы мағлұматтар бере отырып, көрнекілікті сабақта қолданудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін меңгерту. Көрнекі құралдары сын тұрғысынан ойлауға, тіл дамытуға, әліппе оқулығына, ана тілі оқулығына, жазу үлгіге байланысты жасалып пайдалану және оны жасай білуге үйрету.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақ тілінен көрнекіліктер жасау кезінде плакаттарға жазу шрифтерін қолдану. Тушьпен, маркермен жұмыс істеу тәсілі жетілдіріледі.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А.

8б.Пәннің атауы: Ою-өрнек түрлерімен апликация жасау әдістемесі

Пререквизиттер: Ою-өрнек түрлерін салу негізінде әдістемелерді жетілдіру бояу түрлерін таңдау, қағаз түрлерін таңдау жұмысы пысықталады. Симметриялы және ассиметриялы оюлар композициясы ою-өрнек дизайны түстер үйлесімі және композициясы.

Постреквизиттер: Ою-өрнек түрлерімен апликация жасау әдістемесін жетілдіру негізінде түстерді іріктеу, бейнені анық өз кескінінде көрсету, мақсаты жолға қойылады.

Ою-өрнек және аппликацияның түрлері жөнінде жалпы түсінік. Ою-өрнекті қазақ тілінен дидактикалық материал дайындауға пайдаланудың жолдары. Мүйіз элементінен ою-өрнек жасау. Құс қанаты элементінен ою-өрнек жасау. Ою-өрнектерді шаршыда, төртбұрышта, шеңберде үйлестіріп сызу. Ою үлгілерін дайындау. Оюды, әріпті, сөзді және сөйлемдерді трафаретпен түсіру. Көрнекілікті бояуларды бүрку арқылы өңдеу. Көрнекілікті аппликация жасау арқылы өңдеу. Құрастырылатын көрнекіліктер жасау.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Апликация өнерін жасау кезінде түсті қағаздарды пайдалану, қағазды суретке қарап желімдеу, бейнені өз нақышына келтіру мақсаты көзделеді.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А.

9а.Пәннің атауы: Математикадан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі

Пререквизиттер: Математикадан дидактикалық материалдар дайындау әдістемесі пәні бойынша өтілетін тақырыптар бойынша көрнекіліктер жасау. «Ұзындық және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Масса және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер.

Постреквизиттер: Математика пәні бойынша көрнекілік құралдарды жасау кезіндегі жетісвтіктерді пайдалану. 1) плакаттарға жасалынған бағдарлама бойынша көрнекіліктер жасау; 2) плакаттарды жазу кезіндегі әдіс-тәсілдерді меңгеру.

Математика сабағында қолданылатын көрнекіліктер. «Ондық», «жүздік», «мыңдық», «көптаңбалы сандар» тақырыбын өткенде қолданылатын көрнекіліктер. «Ұзындық және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Масса және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Уақыт және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер.

«Қосудың, азайтудың және оның қасиеттері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Көбейту, бөлу және оның қасиеттері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «10, 100, 1000, 1000000 – амалдар қолдану» тақырыбына арналған көрнекілік-тер.«Жай есептер мен құрама есептер және оларды шешу» тақырыбына арналған көрнекіліктер.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Математикадан көрнекіліктерді жасау кезіндегі әдіс-тәсілдерді үйрену. Тущьпен, маркермен, гуашпен, акварель (бояуымен) жұмыс кезіндегі тәсілдерді меңгеру

Бағдарламаның жетекшілері: Мамедалиева Б.

9б.Пәннің атауы: Ортогональ проекциясы арқылы қарапайым заттардың моделін жасау

Пререквизиттер: Сызу, еңбекке баулу. Фронталь, горизонталь және профиль проекцияларды оқу. Аксонометриялық проекцияларды оқу. «Ұзындық және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер. «Масса және оның өлшем бірліктері» тақырыбына арналған көрнекіліктер.

Постреквизиттер: Ортогональ проекциялау тәсілдері. Фронталь, горизонталь және профиль проекцияларды сызу және оқу. Ортогональ проекцияларды пайдаланып қатырма қағаздан, пенопластан заттардың моделін жасау технологиясы Аксиометриялық проекция және жоба жасау.

Шаршының масштабты сызбасы бойынша қатырма қағаздан шаршы жасау.Алты шаршылардың үйлесімінен кубтың жазбасын жасау, жазбасы арқылы текше моделін жасау.Концентрлі шеңберлерден машина доңғалағын жасау.Конустың жазбасы арқылы шахмат фигураларын жасап көркемдеу.Конустың жазбасын шелектің жазбасына айналдыру және шелек жасау.Цилиндрдің жазбасы арқылы су құйатын бөшке жасау.Фронталь,горизонталь проекциясы арқылы машинаның қарапайым моделін жасау.Жоспары арқылы үйді жобалау. Геометриялық фигураларды акварель, гуашь бояуларымен өңдеу, сәндеу.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Ортогональ проекция. Центрлік проекция. Перспектива. Заттық жазық моделдерін жасау. Көлемді модельдер жасау. Қарапайым жобалар жасау. Қиып жапсыру. Динамикалық модельдер жасау.

Бағдарламаның жетекшілері: Жидебаев А


4 курс



Циклы

ТК №

Пәндердің атауы



Бағдарлама жетекшілері



Кредит саны

Семестр

1

БП

ТК42011

а) Сауат ашу және тіл дамыту

б) Тіл ұстарту



Абуова А.

2

7

2




ТК4202

а) Қызықты грамматика

б) Тіл дәлдігі мен сөйлеу мәдениеті



Абуова А.

2

7

3




ТК4203

а) Айналамен таныстыру

б) Бастауыш сыныпта табиғатқа жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру



Ерназаров А

2

8

4




ТК4208

а) Бастауыш сынып оқушыларын жазуға үйрету әдістемесі.

б) Көркем жазуға үйрету әдістемесі



Абуова А.

2

7

5

КП

ТК4313

а) Логикалық есептер шығару әдістемесі

б) Текстілі есептермен жұмыс жасауға тәрбиелеу



Есенбаев Т.


1

7

6




ТК4315

а) Дүниетанудан дидактикалық материалдар жасау әдістемесі.

б) Табиғи материалдардан көркем композиция жасау



Жидебаев А.

1

8

7




ТК4316

а) Қазақ тілінен көрнекілік жасау әдістемесі

б) Ою-өрнек түрлерімен апликация жасау әдістемесі



Жидебаев А.

1

8

8




ТК4317

а) Математикадан дидактикалық материалдар жасау әдістемесі

б) Ортогональ проекциясы арқылы қарапайым заттардың моделін жасау.



Мамедалиева Б.

1

8

1а.Пәннің атауы: Сауат ашу және тіл дамыту

Пререквизиттер: «Қазіргі қазақ тілі», «Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы», «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәндерінің негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары кәсіптік білімнің құрамдасы ретінде әліппені оқытудан әдістемелік білім, білік дағды беру мақсатында жүргізіледі.

Постреквизиттер: «Жас ерекшелік психологиясы», «Дидактика», «Педагогика», «Жазуға үйретудің педагогикалық, психологиялық негіздері» пәндерінде жалғасатын білім мазмұны сауат ашу әдістемесі, оқу-жазуға үйрету жолдарын, «әліппе» оқулығының оқу-әдістемелік кешені, шығармашылық жұмыс түрлерін көрнекіліктер жасау, сабақ жоспарларын жасауды үйретуді көздейді.

Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы. Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі. Сауат ашу әдістемесінің психофизиологиялық негізі. Бірінші сыныптағы оқушылардың бастапқы оқи бастау кезіндегі ерекшеліктер. Оқу, жазуға механизміне сипаттама. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі және оның графикасы. Фонетика мен графиканың негізгі және қиын мәселелерін түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, буындық, дәстүрлік, дыбыстық принциптер. Қазақ тіліндегі буын, буынға бөлу, буындардың жуан, жіңішкелігі, қос дыбыс естілген әріптер, фонетикалық-орфоэпиялық қателер, олардың себептері.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Сауат ашу әдістемесінің негізгі мәселелері, «Әліппе», «Әліппеден кейінгі» кезең, «Әліппе» оқулығының құрылысы, мазмұны, сабақ үлгілері. Сауат ашу әдістемесінің проблемалары, оқу мен жазуға қатар үйрету, сауат ашу кезеңіндегі оқу тәрбие міндеттері. «Әліппенің» мазмұны мен әдістемесі, бастапқы оқуға, жазуға үйрету жолдары.

Бағдарламаның жетекшілері: Әбуова А.

1б.Пәннің атауы: Тіл ұстарту

Пререквизиттер: «Балалар әдебиеті», «Қазіргі қазақ тілі», «Жас ерекшелік физиологиясы», «Жас ерекшелік психологиясы», «Дидактика», «Педагогика», «Тәрбие жұмысының әдістемесі» пәндері негізінде оқытылып, сауат ашу және тіл дамыту, Оқу және тіл дамыту, Грамматика және тіл дамыту, тараулары бойынша қарастырылатын білім мазмұнында тіл дамыту әдістемесінің жүйесіндегі синтаксистік, лексикалық жұмыстары қарастырылады.

Постреквизиттер: «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясы», «Қазіргі әдеби ағым», «Шешендік өнерге үйрету әдістемесі».пәндерімен ұштасатын пәнді оқыту мазмұнында сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі, байланыстыру сөйлеу және оны дамыту міндеттері.

Тіл дамыту әдістемесі. Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Тіл дамыту- бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі. Сөйлеу әрекетін ойдағыдай жүргізу- оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. Тіл дамыту- тәрбиелеу құралы. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі. Лексикология- сөздік жұмысы әдістемесінің лингводидактикалық негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет