Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 72.34 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі72.34 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«5В021000-Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Деңгейі: Бакалавриат
Академиялық дәреже – «5В021000-Шетел филологиясы» мамандығы бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры

Қарағанды, 2016 ж


«5В021000-Шетел филологиясы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 бұйрығымен 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы №292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйесі бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен №425 05 маусым 2016 жылғы) «5В021000-Шетел филологиясы» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

«5В021000 - Шетел филологиясы» (ағылшын)

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны – 156 кредит
1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр.

Модуль 1. Қоғамдық-коммуникативті

Модуль 2. Әлеуметтік-саяси және жаратылыстану

Модуль 3. Базалық лингвистикалық

Модуль 4. Теориялық-әдістемелік

Модуль 5. Кәсіби-бағытталған шетел тілі

Модуль 6. Тілдерді оқытудың қолданбалы аспектісі

Модуль 7. Теория-практикалық тіл және әдебиет аспектісі

Модуль 8. Тереңдетілген тілдік

Модуль 9. Лингводидактикалық

Модуль 10. Тілдің қолданбалы аспектілері

Модуль 11. Теория-практикалық лингвистика және әдебиет аспектісі

Модуль 12. Мемлекетт тілінде іс қағаздарын жүргізу

Модуль 13. Тәжірибе

Модуль 14. Мемлекеттік аттестация

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте




1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В021000 - Шетел филологиясы» (ағылшын) мамандығы бойынша «Гуманитарлық білімдер бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы.

«5В021000 - Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығы бойынша бакалавриат түлегі жалпы орта буындарға және кәсіби, орта кәсіби және орта буыннан кейінгі кәсіби гуманитарлық бағыттағы оқу орындарында филология саласының аясында шетел тілдер мен әдебиет оқытушысы ретінде орнатылған тәртіп бойынша кәсіби қызметін бастай алады. Сонымен қоса, гуманитарлық білім бакалавры басылым жұмыстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және тағы басқа жерлерде жұмыс істей алады.


1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

«5В021000 - Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады: гуманитарлық бағыттағы орта буынды (гимназиялар, лицейлер), орта кәсіби және орта буыннан кейінгі кәсіби (колледждер) оқу орындары; аудармашыларды қажет ететін ұйымдар; газет пен журналдар редакциясында, радио мен телехабарда, басылымдарда; ғылыми ұйымдар бағытында,кітапханаларда; мамандық бағытына сәйкес орнатылған нысандарда .


1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

«5В021000 - Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні болып табылады:орта буын оқу орындарында үйренетін шетел тілі (тәжірибесі мен теориясы) мен әдебиетін оқыту,ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарында ғылыми тақырыптарды өңдеу, газет-журналдар редакциясындағы, радио мен телехабардағы, басылымдардағы және тағы басқа мекемелердегі әдебиеттанушылар мен аудармашылардың міндеттерін орындау.


1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

Алынған іргелі және мамандандырылған оқыту сәйкес кәсіби қызмет объектілері болып табылады: аударма, анықтамалық кітаптар мен басқа да ақпарат көздерінен (Интернет, электрондық сөздіктер) әр түрлі түрлі жанрлар мен стильдердің бастапқы мәтіндер.


1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

«5В021000 - Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығы бойынша білім бакалавры төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: білім беруді (педагогикалық), ұйымдастыру-басқаруды, ғылыми-зерттеуді, шетел тілінің тәжірибелік базада лингвистикалық және әдебиеттану білімінің негізін қолдануды қажет ететін басқа да кәсіби қызмет түрлері.


1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

«5В021000 - Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығын бітіруші түлектер төмендегі кәсіби қызметті атқара алады: орта және кәсіби буынның, гуманитарлы бағыттағы орта буыннан кейінгі кәсіби ұйымдарда шетел тілі мен әдебиет пәнінен оқытушы, орта буынның оқу процесін басқару қызметшісі, сонымен бірге төменгі буынның филолог-зерттеушісі.


1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

«5В021000 - Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығын бітіруші түлектері шетел тілдері мен әдебиеттің өзекті лингводидактикалық мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда шешуді; шетел тілдер мен әдебиет сабағынан оқу процессін жоспарлауды; әдістемелік міндеттерді шығармашылық тұрғыда шешуді; оқу жүйесіне дәстүрлі формалар мен тәсілдерді, сонымен қоса инновациялық технологияларды қолдануды; міндетті түрде оқу процессінде оқу-әдістемелік құжаттарды қайта өңдеуді және қамтамасыз етуді; әдебиет пен лингвистика саласында филологиялық зерттеу жүргізе білуі шарт.
2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

«5В021000 - Шетел филологиясы (ағылшын)» мамандығын бітіруші түлектер, мақсатар, қағидаттар мен қазіргі лингводидактикалық тәжірибе әдістеріне сай, гуманитарлы бағыттағы орта профилді және кәсіби, орта буыннан кейінгі кәсіби оқу орындарында шетел тілдер мен әдебиет пәндері бойынша педагогикалық оқу процесінің заңдылықтарын игерген; шетел тілдер мен әдебиеттің оқыту процесінің психология негіздерін, шетел тілдерін әртүрлі оқыту деңгейінде меңгеру психологиясын игерген.
3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, аталмыш ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірісітік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері рыногында бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру; ЖОО ерекшелегін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, маркетинг, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет