Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже



жүктеу 87.43 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі87.43 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ЕРЕЖЕ


Бекітілді Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
Жауапты хатшысының
2010 жылғы «_5 » қараша
№_433-к бұйрығымен

1. Жалпы ережелер

1. Осы Комитет туралы ереже Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленді.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде балалардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы бағыттағы арнаулы атқарушылық және бақылау функцияларын іске асыратын ведомство болып табылады.

3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің және Жауапты хатшының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоттары болады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген болса, онда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқылы.

6. Комитет актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде шығарады.

7. Комитеттің облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.

8. Комитет пен оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Министрліктің штаттық санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрдің (бұдан әрі–Министр) келісімінен кейін Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

9. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, “Министрліктер үйі” әкімшілік ғимараты, 11 кіреберіс.

10. Комиттетің толық атауы:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» мемлекеттік мекемесі.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

13. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) балалардың өмір сүру сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдемелерін қамтамасыз ету;

2) баланың жеке тұлғасын адамгершілік-рухани дамытуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламаларды және жобаларды іске асыру;

3) бала құқықтары туралы Конвенцияның, 2010 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы ратификациялаған 1993 жылы Гаагада қол қойылған шетелдік бала асырап алуға қатысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы міндеттемелерді орындау;

4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

5) Комитет әзірлеген Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберу;

6) Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің ресми турде жариялануын қамтамасыз ету;

7) Министрліктің Жауапты хатшы міндетін атқарушының 2008 жылғы № 270 бұйрығымен бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мониторингті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынас ұйымдастыру туралы Нұсқаулыққа сәйкес тұрақты негізде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу.

8) бюджет қаражаты және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен балалар мүдделеріне байланысты мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу;

9) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жылсайынғы мемлекеттік баяндаманы дайындауды және Бала құқықтары туралы конвенция ережелерінің орындалуы туралы мерзімдік есепті жүзеге асыру;

10) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;

11) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияны ұйымдастыру және өткізу.

12) бала құқықтарын қорғау саласында мүдделі мемлекеттік органдармен, оның ішінде (жалпы оқу) білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, балалардың қадағалаусыздығы мен қараусыздығына қарсы әрекет жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;

13) аумақтық органдарға отбасылардың, балалардың және жастардың адамгершілік-рухани ағартушылық мәселелеріне консультативтік құқықтық психологиялық көмек көрсету жөнінде әдістемелік көмек беру;

14) халықаралық ынтымақтастық ісінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды үйлестіру;

15) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған балалардың әлеуметтік бастамалар және үкіметтік емес ұйымдар қызметін үйлестіру және қолдау;

16) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;

17) бала асырап алу қорғаншылық, қамқоршылық, патронат мәселелері жөнінде облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру;

18) мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамтудың, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің және әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек және қолдау көрсетуге бөлінетін қаражаттардың жұмсалуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;

19) балалардың орта білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің, қараусыздық және құқық бұзұшылықтың алдына алу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

20) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
21) бала құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

22) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралыазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

23) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кәмелетке толмағандарды ұстау қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;

24) балалардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарды жою туралы міндетті жазбаша ұсынымдарды белгіленген мерзімде беру;

25) Балалар құқықтарын қорғау және балалардың заңды мүдделері мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

14. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

2) отбасындағы балалардың орнын анықтау, оның ішінде халықаралық бала асырап алу мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсетуге;

3) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы ғылыми-практикалық әзірлемелер мен әлеуметтік зерттеулерге арналған тапсырысты қалыптастыруға, белгіленген тәртіппен Комитет қызметінің саласына жатқызылған мәселелерді пысықтау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды тартуға;

4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан ақпаратты және материалдарды, сондай-ақ балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;

5) балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы ұсыныстар енгізуге;

6) баспа қызметін жүзеге асыруға;

7) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау, балалар ортасындағы әлеуметтік жетімдіктің, қараусыздықтың, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және басқа да келеңсіз құбылыстардың алдын алу және ескерту жөніндегі оң тәжірибені қорытуға және таратуға;

8) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау сұрақтары бойынша азаматтарды және кәмелетке толмағандарды қабылдауды жүзеге асыруға құқылы.



3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

15. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген кейін, Министр қызметке тағайындаған және қызметтен босататын төраға Комитетті басқарады;


16. Комитет төрайымының ұсынысымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрімен келісілген жауапты хатшымен Комитет төрағасынының орынбасарын тағайындау және лауазымынан босатылатын Комитет төрайымының орынбасары болады.

17. Комитет төрайымы болмаған жағдайда, оның міндеті комитет төрайымының орынбасарына жүктеледі.

18. Комитеттің аймақтық органдарының басшылары Комитет төрағасының ұсынысымен Министрдің келісімінен кейін Жауапты хатшымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Аумақтық органдар басшыларына және орынбасарларына Комитет төрағасының ұсынысымен Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады.

20. Комитет төрағасы осы мақсатта:

1) өз орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Комитеттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және орындаушылық тәртіпке, кадр қызметінің жұмысына және құжатайналымының ұйымдастыруына бақылау жасайды.

4) Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), көтермелеу, үстемеақы және сыйақы беру мәселелерін шешеді;

5) Аумақтық органдар басшыларының және орынбасарларының іссапар, еңбек демалысын беру, біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау) мәселелерін шешеді;

6) Аумақтық органдар басшыларының және орынбасарларына материалдық көмек, мадақтау, үстемақы төлеу, сыйақы төлеу мәселелерін жауапты хатшының келісімі бойынша шешеді

7) Аумақтық органдар басшыларының және орынбасарларының Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес тәртіптік жазалар мәселелерін жауапты хатшының келісімі бойынша шешеді;

8) Комитет қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;

9) Құқықтық бұйрықтарды шығарады және құзыретіне жататын, барлық Комитет қызметкерлері үшін міндетті түрде орындалуға тиісті мәселелер бойынша тапсырмалар береді;

10) Комитеттің Регламентін бекітеді;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді.

12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді, жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады.

21. Комитет 6 басқармадан тұрады:

1) балалардың құқықтарын қорғау басқармасы;

2) мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі басқармасы;

3) қамқоршылық, қорғаншылық және халықаралық бала асырап алу
басқармасы;

4) адамның адамгершілік-рухани дамуы басқармасы;

5) қаржы басқармасы;

6) әкімшілік басқармасы.



4. Комитеттің мүлкі

22. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

23. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ басқа да мүліктерден тұрады, оның құны Комитет балансында көрсетіледі.

24. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

25. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзге де әдіспен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

5. Комитет қызметкерлерінің жауапкершілігі

26. Комитет төрайымы, төрайымның орынбасары, басқарма бастықтары және Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызмет туралы белгіленген тәртіптегі заңнамаларға сәйкес аталған Ережеде және лауазымдық нұсқауларда қарастырылған міндеттерді уақытылы және сапалы орындауға жауапты;



6. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

27. Комитетті және аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет