Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы



жүктеу 1.88 Mb.
бет1/13
Дата14.04.2018
өлшемі1.88 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 13 қыркүйек №373 Астана қаласы
Техникалық және кәсіптік білімнің

педагогикалық мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 138-5 бабына сәйкес, бұйырамын:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бастауыш білім беру»

мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптік стандарты;

2) осы бұйрықтың 2 - қосымшасына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбиелеу

және білім беру» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптік стандарты;

3) осы бұйрықтың 3 - қосымшасына сәйкес «Дене тәрбиесі және спорт»

мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптік стандарты;

4) осы бұйрықтың 4 – қосымшасына сәйкес «Негізгі орта білім»

мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптік стандарты;

5) осы бұйрықтың 5 - қосымшасына сәйкес «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптік стандарты бекітілсін.

2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ. Қ. Бөрібеков):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М. А. Әбеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Министрдің міндетін атқарушы М.ОРЫНХАНОВ.
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

___________ Т. Дуйсенова

2013 жылғы 13 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін

атқарушының 2013 жылғы 13 қыркүйектегі №373 бұйрығымен бекітілді


«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер

1.Кәсіби стандарт:

1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;

2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;

3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге арналған.

2.Кәсіби стандарт негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру мекемелері түлектері;

2) облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, білім жетілдіру орталығы, білім мекемелерінің басшылары, мекеме персоналын басқару құрылымдарының басшылары мен мамандары;

3) білім беру бағдарламаларын әзірлеуші мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3. Кәсіби стандарттар негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулар, профессиограмма, білім саласындағы ұйымдардың корпоративтік стандарттары, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары әзірленеді.

4. Осы кәсіби стандартты төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:

1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек функцияларының стандартты еместігі, жауапкершілігі мен өзбетінділігі параметрлерімен жіктелетін жұмысшылардың құзыреттілігіне қойылатын талаптар жиыны.

3) еңбек заттары – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған заттар;

4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;

6) еңбек функциясы – еңбек үрдісінің бір немесе бірнеше міндетін шешуге бағытталған өзара байланысқан әрекеттер жиыны;

7) кәсіби қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарт – кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;

9) кәсіби стандарт бірлігі – кәсіби стандарттың еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі;

10) кәсіп – арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;

11) құзыреттілік – білім, білік және тәжірибені еңбек қызметінде пайдалану қабілеті;

12) лауазым – ұйымның ұйымдастырушы-әкімшілік иерархия жүйесіндегі функциональды орын;

13) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;

14) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиыны;

15) салалық біліктілік шеңбері – салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;

16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;

17) функционалдық карта – бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

5. Бұл кәсіптік стандартта келесі қысқартулар қолданылады:

КҚ – кәсіби қызмет;

ҚТ – қызмет түрі;

КС – кәсіби стандарт;

ҰБШ – ұлттық біліктілік шеңбері;

БТБА – ҚР жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік – біліктілік анықтағышы;

ҚР МКЖ - 01-2005- Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер

жіктеуіші;

ҮБС – педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары;

КДДБББ -кәсіптік даярлығының деңгейін бағалау және мамандығы бойынша біліктілікті беру;

М - міндеттер;

Қ – қызметтер.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет