Алматының білім басқармасы мектепте есінен танып қалған оқушы қызға қатысты ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінің оқушысы белгілі әлдебір қоспаның артық мөлшерінен уланып қалып, есін жоғалтты деген ақпарат тарады. 

Алматы қалалық білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, мектеп оқушысы әлсіздіктен есінен танып қалған.

"Жасөспірімге келген жедел жәрдем барлық қажетті көмекті көрсетті", – деп хабарлады білім басқармасының өкілдері.

Еске салсақ, Шымкентте жасөспірім қыз сыныптастарымен жанжалдасқандықтан, мектептің үшінші қабатынан секіріп кеткен. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.