Ќазаќстан республикасы бiлiм жјне єылым министрлiгi



жүктеу 88.2 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі88.2 Kb.
түріСабақ

Тараз қаласы

53 орта мектебі



Молдабаева Гүлнара

Ағылшын тілі пән мұғалімі

Оқушыларды жазудың әр деңгейлі түріне үйрету жолдары

Жазу - бір нәрсені, жаңаны құрастыратын шығармашылықтың бір көрінісі. Жазуға отырсаң, әр сөзге ойлана, мән бере қарайсың.Оқушылар сабақта жазу барысында жіберген қателіктерін байқай отырып, дұрыс, әдемі, қатесіз жазуға үйретуге қадам жасайсың.

Оқушы жазуды қалай жүзеге асырып жүр? Оқушының қалай, нені жазатынын бақылауға алдым, оқушыға бағыт беру керек екенін, жазудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру керектігін ұқтым.

«Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек»- деп А. Әлімов айтқан болатын.

Оқушы- керемет ой- пікірлер мен көзқарастың иесі,ол байқампаз. Табиғаттың балаға берген осы бір сыйын дамыту- әрбір ересек адамның міндеті. Әр сабақта оқу және жазу процесі қатар жүреді. Сабақта жазу процесін дамытуға әр түрлі әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.

1 кесте (соңында)

Жазу көбінесе талдау мен эссе жазу арқылы жүзеге асады.

Жазу іскерлікті қажет ететін болғандықтан, ағылшын тілі пәнінде көп қолданылады. Сабақ барысында:

- ағылшын тілі әріптерін жаза біледі;

- дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларын өзгерте алады;

- сөздерді, фразаларды, сөйлемдерді қатесіз жазады;

- өздерінің ойларын жеткізу үшін әр түрлі жаттығулар орындайды;



  • тақырып мазмұнына қарай сауаттылық ашатын хаттар жазады;

  • сұраққа жауап береді;

  • мәтіндерден ағылшын тілі ережелеріне мысал, дәлел болатын сөйлемдер тереді;

  • күнделіктер жазады;

  • ауызекі диалогтар құрады;

  • өз пікірлерімен көзқарастарын білдіру, оны қағаз бетіне түсіреді;

  • өздеріне өмірбаян, достарына мінездеме жазады;

  • бірінің ойын бірі жазбаша жалғап жазады;

  • автордың ойын аяқтату(авторға пікір) жұмыстары жүреді.

Бұның қай- қайсы да баланың еркін отырып, өзінше жазуына, өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Жазба жұмыстары – тіл дамыту жұмыстарының бірі. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт – бағдар беруі керек. Жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Әр сабақта оқушылармен жазудың әр түрін қолданамын. Бәрімізге белгілі, бір сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, жазуы, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар кездеседі. Әрине, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру әрбір ұстаздың шеберлігіне байланысты.

Мен 3- сыныппен «Үй жануарлары және жабайы жануарлары» атты ашық сабақ өттім. Сабақ өтпес бұрын сабақта оқушылардың қызығушылығын қалай арттырсам болады деп ойладым. Оқушылар жануарлар аттарын біледі, бірақ сол жануарлар аттарын дұрыс, қатесіз жаза ала ма, әлде жоқ па білмедім. Осы сабақта мен қызығушылықты ояту сатысында топтастыру әдісін қолдандым. Қандай үй жануарларын білесіңдер? Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?- деген сұрақтар қойдым. Оқушылар өздерінің білетін үй жануарлары мен жабайы жануарларын жазып шықты, қателерін өздері түзетіп шықты. Оқушылар білетін жануарларын және оның дыбыстарын түгел жазып шықты. Мысалы:















Жаңа сөздерді дұрыс пайдалану үшін, бір бірімен сабақтастыру үшін сөз тіркестерін бердім, осы сөз тіркестерін пайдалана алу үшін сөз тіркестерін және сөздерді дұрыс пайдаланып, дұрыс сөйлем құруға үйреттім. Келесі тапсырмада оқушыларға тірек сөздер берілді, сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрады.


  • can jump eats grass

  • can swim can run

Мысалы мынадай сөйлемдер құрастырды:

The monkey can jump. The dog can run. The elephants eats grass and etc.

Яғни оқушылар: дұрыс сөйлем құрауға;


  • жаңа ақпараттарды ажырата біледі;

  • үйренген сөздерін нақтылауға үйренеді.

Өзіне тән ойларын қағаз бетіне түсіру оқушыны қатты қызықтырады, сабаққа деген талпынысы артады. Асхат Әлімов «Біз жаңа мазмұн құрастырсақ, соны туынды қыл қаламымыздан шықса- өмірдің бақытты сәттерін бастан кешіріп, оның мәні мен мағынасын түсіне бастаймыз»,- деп жазған екен.Жаңа тәсілдер мен жаңа құралдар жаңа пайдалы өнім алуды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде оқушылар:

Жазуда өз ойларын жеткізу үшін көп қиындықтар кездеседі. Ал салыстыруда сөз қуаты тіл өнерінде жетіліп, шыңдалса, нәтижелі болмақ. Оқушылардың білімін тереңдету үшін тағы тапсырмалар бердім. Осы мақсатқа жету жолындағы оқушылардың жануарларды бір- бірімен салыстыруын ұсынып отырмын.

wild animals domestic animals


wild animals

domestic animals


    1. bear

    2. giraffe

    3. wolf

    1. horse

    2. dog

    3. goat



wild animals

domestic animals


  1. fox

  2. elephant

  3. monkey

    1. sheep

    2. cat

    3. cow

Мысалы: The cats tail is shorter than the fox.

The elephant is bigger than dog.

Оқушылар жануарларды салыстыра біледі, бір- бірінен ажырата біледі, қатесіз дұрыс сөйлем құрауға үйренеді.

Оқушылар үй жануарлары және жабайы жануарларының өздеріне тән қасиеттерін, ерекшеліктерін кесте арқылы көрсетіп шықты.



Names of animals

wild animal

domestic animal

big

small

funny

lives in the forest

lives at home

Wolf

+




+







+




Fox

+



















Goat




+













+

Cat




+




+







+

Dog




+













+

Monkey

+







+

+







Elephant

+




+







+




Tiger

+













+




Abdrakhmanova T

Ойлау мен сөйлеу және сөз қуаты даналықпен ұштасатыны белгілі. Көрікті ой көрінісін қағазға түсіру- қиынның қиыны. Мысалы: эссе жазу оңай жұмыс емес. Эссенің түрлері көп.Оқушыларға сабақ соңында белгілі тақырып мағынасына сай эссенің әр түрін жаздыруға болады. Оқушы өзін- өзі жазу арқылы жарнамалайды. Мен әрбір сабағымда эссенің әр түрін пайдаланамын. Өткен тақырыптың барлығын қорытындылай келе, оқушылар ойларын жинақтап, жануарлардың қандай екенін, олардың мекенін, не жейтінін кішігірім эссе арқылы көрсетті.

My favorite animals”

My favorite animals are tigers. They are orange, black and white. The tigers have got big bodies, long tails and big teeth. They eat meat and fish. They hunt different animals. Tigers can swim. They live in Asia. I think tigers are beautiful animals.

Zhanisbaeva A

Мұғалім бағалауды дәстүрлі әдіс деп санайды. Әр кезде оқушылардың өзін- өзі бағалауларын ұсынамын. Өзін- өзі бағалаудың бір ерекшелігі кейбір оқушылар өзіне жоғары баға қойса, кейбірі өзіне төмен баға қойды. Жоғары қойған оқушылардың кемшілігін түсіну үшін тапсырмалардың дұрыс- бұрыстығына назар аударттым, орындалған тапсырманың қателерін оқушылардың өзіне тапқыздым. Қойылған бағаның дұрыс- бұрыстығы осылай сараланды.



Marks

5

4

3

2

1. Clustering

5/4










2. Making up sentences

5/4










3. Opposite elements




4/5







4. Semantic table




5/4







5. Essay

4/5









«Оқыту өмірге дайындау емес, өмірдің өзі» деп Джон Дьюи айтқандай, менде шәкірттерімнің бүгінгі алған білімі ертеңге азық болатынына сенемін. Қазіргі таңда менің шәкірттерім жаңа идея айтуға, салыстыру, талдауға үйреніп қоймай олардың сабаққа деген қызығушылығы оянып, танымдық белсенділігі артты, білім сапасы көтерілді, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдысы қалыптасты. Оқушылардың әр бір жазу жұмыстарына қарай отырып, олардың жазуға деген ынтасы бұрынғыға қарағанда өзгерді. Ағылшын тілі сабағында дұрыс жаза білген оқушы, дұрыс оқи да алады.















Әдебиеттер тізімі


  1. Дауыс және көрініс, №3 , 2005 ж,15 бет

  2. Дауыс және көрініс, №4, 2005 ж, 13 бет

  3. Дауыс және көрініс, №1, 2006 ж, 6 бет

  4. Дауыс және көрініс , №2, 2007 ж, 10 бет

  5. Дауыс және көрініс , №3, 2007 ж, 13 бет

  6. Дауыс және көрініс , №4, 2007 ж, 29 бет

  7. Дауыс және көрініс , №1, 2007 ж, 10 бет

  8. Кәсіби даму мектебі, «Сыртқы әлем күнделіктіні академиялықта қолдану, Алматы, 2007ж, С. С. Мирсеитова, 48 бет

9. Становление и развитие философий учителя, Алматы, 2008ж, 109 бет





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет