Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



жүктеу 3.2 Mb.
бет1/21
Дата01.10.2017
өлшемі3.2 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы



Байтасова М.Ж., Жұмабаева А.М.
Шет елдердің

мемлекет және құқық тарихы

ДӘРІС ЖИНАҒЫ


Қостанай, 2011
ББК 67.3я73

Б 20
Құрастырушылар:

Байтасова Мөлдір Жұмашовна, мемлекет және құқық тарихы кафедрасының аға оқытушысы;

Жұмабаева Алия Мажитовна, мемлекет және құқық тарихы кафедрасының оқытушысы;
Пікір берушілер:

Бекмагамбетов А.Б., з.ғ.к., «Челябі мемлекеттік университеті» ҚФ құқық кафедрасының меңгерушісі.

Укин С.К., з.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ заң факультетінің мемлекет

және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті.

Хакимова Г.Е., з.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ заң факультетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы.


Байтасова М.Ж., Жұмабаева А.М.

Б-20 Шетелдерінің мемлекет және құқық тарихы - дәрістер жинағы.- Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011.- 201б.

Ұсынылып отырған жинақта Ежелгі заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихында маңызды ізін қалдырған елдердің мемлекеті мен құқықтарының дамуы қарастырылған.

Дәрістер жинағы ЖОО тыңдаушыларына арналған.

ББК 67.3я73


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесімен мақұлданған, хаттама № « »__________ 2011 ж.
© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай

мемлекеттік университеті


Мазмұны

Кіріспе .........................................................................................................................4

Дәрістер тезисі ...........................................................................................................6

1 Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылым ретінде, оның пәні және методологиясы ...........................................................................................................6

2 Ежелгі Шығыс мемлекеті мен құқығының орнауы мен дамуы. Ежелгі Египеттің мемлекеті мен құқығы.............................................................................11

3 Ежелгі Вавилонның мемлекеті мен құқығы ......................................................17

4 Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы...........................................................21

5 Ежелгі Үндістанның мемлекеті мен құқығы.......................................................29

6 Ежелгі Грецияның мемлекеті мен құқығы. ............ ............................................36

7 Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығы .................................................................48

8 Францияның ортағасырлық мемлекеті мен құқығы...........................................61

9 Германияның ортағасырлық мемлекеті мен құқығы..........................................72

10 Англияның ортағасырлық мемлекеті мен құқығы............................................83

11Шығыс елдеріндегі феодалды мемлекет пен құқық. Араб халифаты. Мұсылман құқығы.....................................................................................................95

12 Ағылшын буржуазиялық революциясы. Англиядағы парламенттік монархияның орнауы..............................................................................................106

13 Тәуелсіздік үшін соғыс және Америка құрама штаттарының құрылуы.......124

14 Ұлы француз революциясы. Францияда буржуазиялық мемлекет пен құқықтың орнауы....................................................................................................135

15 Жаңа замандағы Германияның мемлекеті мен құқығы. ................................154

16 Ресейдегі феодалды мемлекет пен құқық.......................................................162

17 Жаңа замандағы Жапон мемлекетінің дамуы..................................................172

Өз білімін тексеруге арналған тест сұрақтары.....................................................180

Аралық бақылау сұрақтары....................................................................................192

Қорытынды бақылау сұрақтары.............................................................................193

Реферат тақырыптары.............................................................................................194

Пән бойынша анықтамалық-сөздік.......................................................................195

Ұсынылған әдебиеттер тізімі.................................................................................199



Кіріспе
Заңдық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайлықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылдандыру.

Барлық заңдық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады: теориялық-зандық, тарихи-зандық, салалық-заңдық, қолданбалы-заңдық.

Теориялық зандық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді.

Тарихи заңдық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процесін қарастырады.

Салалық заңдық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты зандық мекемелер мен нұсқауларды және заңдық практиканы зерттейді.

Қолданбалы заңдық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, заңдық мәселелерді шешу үшін қолданылудағы мәселелерді зерттейді.

Зандық ғылымдар жүйесінде шет елдердің мемлекет және құқық тарихының алатын орны ерекше.

Дүние жүзіндегі мемлекеттер мен құқығының тарихы - зерттеудің және оқып-үйретудің шексіз көлемсіз саласы; яғни көп аспектілі, көп бағытты әртүрлі бағаға ие сала.

Мемлекет және құқықтың пайда болу және даму заңдылықтарын оқып-үйрену әрбір заңгердің дүниетанымына, кәсіби деңгейіне әсер етеді.

Тарих дегеніміз халықтың жадындағы естелік. Тарих өзінің танымдық құндылығына сай, тарихи сананың қалыптасуына әрекет етуші құрал болып табылады. Сондықтан мемлекет және құқық тарихын білген дұрыс.

Мемлекет және қүкықтың даму заңдылығы қоғамның даму заңдъілығымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар, яғни мемлекет қоғамда ерекше орынды иемдене отырып, белгілі дербестікке ие болады.

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихының пәні дегеніміз жылнамалы нақты-тарихи кезендердегі әлемнің кейбір жеке елдердегі мемлекет көне құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы және ерекше тарихи зандьлықтарын анықтап зерттеу болып табылады. Шетелдердің мемлекет жөне күқық тарихы пәнін зерттеу үшін келесі әдістер тобы танылады:

жалпы ғылымдық зерттеу әдістері;

Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері - барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады.

Жалпы ғылыми әдістерде көрінетін философиялық бағыттар заң барлық сұрактарына жауап бере алмайды, тек мәселені шегерудің жалпы көзқарастарын көрсетеді. Сондықтан, ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу жеке ғылыми зерттеу әдістері деп аталатын әртүрлі тәсілдер колданылады.

Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз - нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процесінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.

Дәріс тезистері
1 тақырып: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылым ретінде, оның пәні және методологиясы

Жоспар:

1 Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының түсінігі және пәні, оның маңызы.

2 Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының методологиясы және тарихнамасы.

3 Шет елдердің мемлекет және құқық тарихының заңи ғылымдар жүйесіндегі орны және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.


Қолданылған әдебиеттер:

1 История государства и права зарубежных стран. \Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999 г.

2 Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

3 Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

4 Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

5 Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005 г.

6 Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М., 1988 г.

7 История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006 г.

8 Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран. Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000 г.

9 Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998 г.


1-сұрақ:

Адам өзін қоршаған өмірді тануда ғылымға жүгінеді. Сол себепті ғылым адам жүзеге асыратын қызметтердің бір түрі ретінде үлкен маңызға ие болады. Ғылым шындықтың теоретикалық көрінісі болып табылады, яғни, ақиқатты анықтап тануға бағытталады. Ол объективті әлем туралы, табиғат пен қоғам құбылыстары туралы жалпыланған түсініктердізерттеп қалыптастырады. Оның функциясы – объективті мәліметтерді жинақтап, оларды жүйелеу.

Әрбір ғылымның өзіндік зерттейтін пәні, яғни, зерттейтін құбылыстардың жиынтығы болады. Басқа ғылымдар сияқты шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының да өзіне ғана тиісті зерттеу пәні болады. Ғылымның зерттейтін пәні оның сипатын, мағынасын анықтайды. Сондықтан шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының мән-мазмұнын анықтау үшін оның пәнін айқындау қажет.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымы өзінің атынан көрініп тұрғандай әлемде өмір сүрген мемлекеттер мен олардың құқықтарының пайда болу, даму тарихын жеке-жеке зерттейді. Сондықтан шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымы қоғамдық, гуманитарлық ғылымдарға жатады. Айта кету керек, шет елдердің мемлекет және құқық тарихы жалпы мемлекеттілік және құқықтық категорияларды емес, нақты мемлекеттер мен олардың құқық жүйелерін қызметі мен дамуын зерттейді.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымы зерттейтін құбылыстарға келесілер жатады:


  • мемлекеттілік тарихына үлкен әсер еткен елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болуы, дамуы және қызмет етуі;

  • белгілі уақыт аралығында белгілі кеңістікте орын алған мемлекеттік-құқықтық процестердің мазмұны;

  • оларға тән себеп-салдардық байланыстар мен нақты-тарихи заңдылықтар.

Сонымен, шет елдердің мемлекет және құқық тарихының пәнінақты елдердің мемлекеті мен құқығының нақты тарихи уақыт жағдайындағы пайда болуы мен даму тарихы. Бұл зерттеулер қатаң хронологиялық реттілікпен жүзеге асырылады.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының пәнін анықтағаннан кейін оның түсінігін қалыптастыру қажет.



  • Бұл ғылым мемлекет және құқықтың тарихы сияқты әлеуметтік құбылыстарды зерттейтіндіктен қоғамдық, яғни, гуманитарлы ғылымдардың қатарына жатады;

  • Қоғамдық ғылымдардың ішінде өзінің саяси-құқықтық сипатына сәйкес заңи ғылым болып табылады;

  • Заңи ғылымдардың ішінде шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымы тарихи-заңдық ғылым болып дараланады.

Қорытындыласақ, шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымы – қоғамдық, заңи, тарихи-заңи ғылым.

Шет елдердің мемлекет және құқығының тарихын зерттеу жалпы заң ғылымы үшін үлкен маңызға ие. Себебі аталмыш ғылымның зертеулеріне негізделіп басқа заңи ғылымдар өз қызметін жүзеге асырады. Оның шеңберінде анықталған тарихи заңдылықтар мен құбылыстар қазіргі кездегі көптеген процестерді түсіндіруге мүмкіндік береді. Осыдан шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының теоретикалық маңызын көрсетеді.

Сонымен бірге, шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының негізінде заңгерлерді оқытуда қолданылатын пән қалыптасқан. Аталмыш пән болашақ заңгерлерде тарихи сана мен қатар құқықтық сана қалыптастырып, олардың біліктілігін арттырады. Оғант қоса, тарихи процестерге үңіліп, болашаққа болжам жасауға үйретеді және саяси-құқықтық құбылыстардың түп-тамырын анықтау арқылы мазмұнын ашуға көмектеседі. Аталмыш қасиеттер XXI ғасырда өмір сүріп қызмет ететін, елімізде орын алып отырған демократиялық реформаларды тереңдетіп, нарықтық экономиканы дамытатын заңгерлер үшін ауадай қажет.

2-сұрақ:

Ғылым пәні түсінігімен қатар үлкен маңызға ғылым әдісі және ғылым әдіснамасы түсініктері де ие болады. Олар кез-келген ғылымның даму деңгейін, жүргізілетін зерттеулерінің өнімділігін көрсетеді.



Әдіс – білім алу үшін ғылымда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ережелердің жиынтығы. Әрбір ғылымның өзіндік пәнін тиімді зерттеуге арналған әдіс-тәсілдердің жиынтығы болады. Олар белгілі-бір жүйеге келтіріледі, сол ғылым шеңберінде оларды қолдану ережелері қалыптастырылады. Осындай әдіс-тәсілдерді зерттеудің ережелері мен айла-ережелерінің жиынтығы әдіснама деп аталады.

Ғылым әдіснамасы – ғылымның қоршаған материалды дүниені тану әдіс-тәсілдерінің жиынтығы және оларды қолдану ережелері..

Егер ғылымның пәні түсінігі ғылымның нені зерттейтінін, яғни, құбылыстардың қай тобын зерттейтіндігін көрсетсе, ғылым әдісі түсінігі бұл пәннің қалай, қандай жолдармен зерттелетіндігін көрсетеді. Ғылым әдісі дегеніміз – нақты шындықты зерттеу жолдары, бұл ғылымға негіз болатын жалпы және бастапқы қағидалар. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының да өзіндік әдістері қалыптасқан. Олардың ерекшелігі аталмыш ғылым зерттейтін мәселелерге тәуелді.

Сонымен, шет елдердің мемлекет және құқық тарихының әдістері дегеніміз – мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет етуінің тарихы туралы білім алуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, ережелер және қағидалардың жиынтығы.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихының әдістері қолданылу шеңберіне байланысты бірнеше топқа бөлінген. Олар:



  1. жалпылама әдістер - философиялық, сана-сезімдік тұғырға және әмбебап қағидаларға негізделген әдіс-тәсілдер. Оларға келесі әдістер жатады;

  2. жалпылама-ғылыми әдістер - логикаға негізделген және барлық ғылымдарда қолданылатын әдістер;

  3. жеке-ғылыми әдістер - басқа ғылымдар қалыптастырған және мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде қолданылатын әдістер;

  4. жеке-құқықтық әдістер - заңи ғылымдармен қалыптастырылып, мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде қолданылатын әдістер.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихында жалпылама әдістерден көбінесе диалектикалық-материалистік әдіс қолданылады. Бұл әдіске сәйкес тарихи процестер даму барысында қозғалыста, өзгерісте зерттеледі. Яғни, зерттеушілер мемлекет пен құқыққа өзгеретін, дамитын құбылыс ретінде қарайды. Оған сәйкес зерттелетін құбылыстың басты элементтері анықталып, олардың өзара байланысы мен олардың мазмұны айқындалады.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымының пәнін зерттеуде жалпылама-ғылыми әдістердің келесі түрлері қолданылады:



  • Анализкүрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты бөлшектеп, бөлек-бөлек зерттеуге негізделген әдіс.

  • Синтезқұбылысты оның құрылымдық бөліктерін шартты түрде біріктіріп зерттеуге негізделген әдіс.

  • Салыстыру бөлек құбылыстарды бір-бірімен салыстыру арқылы зерттеуге негізделген әдіс.

  • Индукция құбылыстың жеке жақтарын танып, оларды жалпылау арқылы зерттеуге негізделген әдіс.

  • Дедукция құбылысты жалпы зерттеп, оның жеке жақтарына қорытынды беруге негізделген әдіс.

Жеке-ғылыми әдістерден шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымында жүйелік-құрылымдық әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, кезеңдеу әдісі және статистикалық әдісті қолдану жүзеге асырылады.

Жүйелік-құрылымдық әдіс белгілі саяси-құқықтық құрылымдарды кешенді түрде, яғни, белгілі бір элементтердің жүйесі ретінде зерттегенде көрініс табады. Ол элементтерді бір-бірімен тығыз байланыстағы бөлшектер ретінде, олардың ішкі және сыртқы байланыстарын саралағанды көздейді.

Статистикалық әдіс арқылы шет елдерінің мемлекет және құқық тарихы ғылымының сандық жағы ашылады. Осы әдістің арқасында заңдылықтарды кез-келгендіктен ажыратылады. Сандармен жұмыс құбылыстың, процестің ұзындығын, жайылу шеңберін, таралу кеңістігін анықтауға мүмкіндік береді.

Салыстырмалы-құқықтық әдіс анықталған тарихи құбылысты немесе процесті оның қасиеттерін толық анықтау үшін оған ұқсас басқа құбылыстармен немесе процестермен салыстыруға негізделген.

Ал кезеңдеу әдісі тарихи процестерді зерттеуді жеңілдету үшін оларды уақыттық белгісіне сәйкес топтастыруға негізделген. Оған сәйкес белгілі уақыт аралығында орын алған процестер мен құбылыстарды бірге зерттеледі. Бұл әдістің қолданылуы нәтижесінде шет елдердің мемлекет және құқық тарихының тарихнамасы қалыптасады. Аталмыш ғылым тарихнамасы хронологиялық тәртіп бойынша төрт негізгі кезеңнен тұрады:



  1. Ежелгі дүниенің мемлекетттік-құқықтық институттарының тарихы (б.э.д. 4 мың жылдық – б.э. 5 ғ.). Бұл кезеңнің өзінде екі бөлімі тармақталады: біріншіден, Ежелгі Шығыс мемлекеттері мен құқығы (Ежелгі Вавилон, Ежелгі Египет, Ежелгі Үндістан, ежелгі Қытай); екіншіден, Антика заманының мемлекеттері мен құқығы (Ежелгі Грек мемлекеттері мен Ежелгі Рим);

  2. Орта ғасырлардың мемлекттік-құқықтық институттарының тарихы (5 ғ.- 17-18 ғғ.). Курстың бұл бөлігінде орта ғасырларда болған тарихи процестер, сол кезеңнің тарихына үлкен әсер еткен мемлекеттер мен олардың құқықтық жүйелері қарастырылады;

  3. Жаңа заманның мемлекеттік-құқықтық институттардың тарихы (17-18ғғ. – 19 ғ.). Бұл кезеңде европада басталған буржуазиялық революциялардың тарихы, оның нәтижесінде орнаған саяси режимдер мен құқықтағы өзгерістер қарастырылады;

  4. Ең жаңа заманның мемлекеттік-құқықтық институттарының тарихы (20-21 ғғ.). Мемлекет пен құқық тарихының бұл дәуірі жиырымасыншы ғасырдан әлі күнге дейін жалғасуда.


3-сұрақ:

Жоғарыда айтылғандай шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымы - қоғамдық тарихы-заңдық ғылым. Оның зерттейтін құбылыстары әлеуметтік құбылыстардың қатарына жатады. Сонымен бірге ол басқа заңи ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың барлығы біріге отырып құқықтану ғылымын құрайды. Заңи ғылымдарды олар зерттейтін пәнінің ерекшелігіне сәйкес келесі топтарға бөлуге болады:



  • Жалпы-теориялық заң ғылымдарына мемлекет және құқық теориясы жатады;

  • Жалпы-тарихи заң ғылымдарына: Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы шет елдердің мемлекет және құқық теориясы және саяси құқықтық ілімдер тарихы сияқты ғылымдар жатады.

  • Салалық заң ғылымдары ең үлкен топты құрайды. Оған: қылмыстық құқық, азаматтық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, еңбек құқығы және т.б. жатады.

  • Салааралық заң ғылымдарының қатарына жер құқығы мен экологиялық құықты енгізуге болады.

  • Қолданбалы заң ғылымдары (криминалистика, сот медицинасы, заңи психология).

Заңи ғылымдардың барлығы дерлік заңи түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыратын мемлекет және құқық теориясынан бастау алады. Ал мемлекет және құқық теориясының өзі шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымы анықтаған фактіліерге негізделеді. Ал оған қажетті негізгі түсініктерді мемлекет және құқық теориясы орнықтырады.

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыста болады. Әсіресе, тарих ғылымымен. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымы тарих ғылымының бір бөлігі болып табылады. Тарих адамзаттың барлық тарихын, дінін, мәдениетін зерттесе, шет елдердің мемлекет және құқық тарихы тек мемлекет пен құқықтың тарихын ғана зерттейді.

Сонымен бірге саяси-құқықтық ілімдердің тарихы ғылымы да шет елдердің мемлекет және құқық тарихы ғылымынан бастау алады, екеуі бір-бірін толықтырып отырады.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Мемлекет неліктен пайда болды?

2. Құқық неліктен пайда болды?

3. Мемлекет пен құқықтың арасындағы байланыс неден тұрады?

2 тақырып: Ежелгі Шығыс мемлекеті мен құқығының орнауы мен дамуы. Ежелгі Египеттің мемлекеті мен құқығы


Жоспар:

1 Ежелгі Шығыс мемлекеті мен құқығының орнауы мен дамуының ерекшелігі.

2 Ежелгі Египет мемлекеті.

3 Ежелгі Египеттің құқығы.


Қолданылған әдебиеттер:

1 История государства и права зарубежных стран. \Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999 г.

2 Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г..

3 Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

4 Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

5 Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005 г.

6 Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М., 1988 г.

7 История государства и права зарубежных стран - учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006 г.

8 Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран - словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000 г.

9 Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998 г.


1-сұрақ:

Адамзат тарихында мемлекет пен құқықтың пайда болуы ұзақ уақытқа созылған, күрделі, кешенді процес болды. Б.э.д. IV-I мыңжылдықтарда Таяу Шығыста, кейін Солтүстік Үндістан, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азияда алғашқы мемлекеттер құрылды. Олардың құрылуы мен дамуының кезеңдері:



  1. Номдық мемлекеттер кезеңі, яғни, рулық, тайпалық қатынастардан енді босап жатқан қауымдардың әкімшілік-шаруашылық бірлестіктері – номдардың құрылу кезеңі. Номдарға мемлекеттің кейбір белгілері тән болғанымен, оларды жеке мемлекеттер деп айта алмаймыз;

  2. Мемлекеттік орталықтану кезеңі, яғни, орталық басқару органдарының, сот жүйесінің, әскердің, қаржы органдарының пайда болуына байланысты біртұтас орталықтанған мемлекеттердің құрылу кезеңі. Аталмыш кезеңде аумақ, халық, мемлекеттік аппарат және салық жүйесі сияқты мемлекеттің міндетті белгілері қалыптасты. Сонымен бірге, мемлекетке дейінгі кезеңде негізгі қоғамдық реттеуші болған әлеуметтік нормалардың негізінде құқық пайда бола бастады;



  3. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет