Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ауыл шаруашылығы көлемін ұлғайту бойынша баспасөз конференциясы өтті. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тілшілердің сұрағына жауап беріп, жұмыртқа бағасы өспейтініне уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Stan.kz тілшісі ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жұмыртқа нарығын реттейтін қағидалар жобасы орналастырылғанына қатысты сұрақ қойды.

“Осы құжатқа сәйкес жазда Ресей Федерациясынан өнім әкелуге тыйым салынады. Бұйрық 1 мамырдан бастап күшіне енуі мүмкін. Қазір жұмыртқа бағасы онсыз да қымбаттап кетті. Бұл тағамдық жұмыртқаның бағасына қалай әсер етеді? Тағы қымбатшылық болмай ма, оның орнын қалай толтыруды жоспарлап отырсыздар?”, – деп сұрады тілші. 

“Қазір жұмыртқа бағасы 500 теңгеден асып кетті. Баға сол күйінде қалады. Себебі 1 мамырдан бастап жеке шаруашылықтар жұмыртқа шығара бастайды. Әдетте құс фабрикалары сата алмай жатады. Біз әзірге жарты жылға шектеу қойып отырмыз. Бірақ баға көтерілмейді, қолдау бар, біз сол бағаны ұстап тұруға тырысамыз”, – деді уәде берді министр. 

Бұған дейін Қазақстанға жұмыртқа тасымалдауға жарты жылға шектеу қойылғанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.