Ќазаќстан республикасы білім



жүктеу 48.01 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі48.01 Kb.


Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің

кәсіподағындағы 2016 жылдың 1-қаңтарындағы кәсіподақ органдары

және кәсіподақ мүшелігі туралы статистикалық есепке

ТҮСІНІК ХАТ
2016 жылдың 1-қаңтарына берілген мүшелік ұйымдардың мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы жалпы саны 836272 кәсіподақ мүшесі болатын 20 облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді.

2015 жылы 20 обл

ыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарының ішінен 16 мүшелік ұйым кәсіподақ мүшелерінің санын көбейтті:


  • Астана қаласы «Әділет» кәсіподақ ұйымы – 1298 адамға;

  • Алматы қаласы «Парасат» кәсіподақ ұйымы- 1862 адамға;

  • Алматы қаласы «Ұстаз» кәсіподағы - 495 адамға;

  • Ақмола облыстық ұйымы – 106 адамға;

  • Атырау облыстық ұйымы – 2160 адамға;

  • Жамбыл облыстық ұйымы – 454 адамға;

  • Жезқазған аумақтық ұйымы – 1642 адамға;

  • Батыс-Қазақстан облыстық ұйымы– 1407 адамға;

  • Қызылорда облыстық ұйымы – 1187 адамға;

  • Қостанай облыстық ұйымы – 118 адамға;

  • Қарағанды облыстық ұйымы– 122 адамға;

  • Маңғыстау облыстық ұйымы – 5732 адамға;

  • Павлодар облыстық ұйымы – 470 адамға;

  • Семей аумақтық ұйымы – 44 адамға;

  • Талдықорған аумақтық ұйымы – 755 адамға;

  • Оңтүстік-Қазақстан облыстық ұйымы –8848 адамға

Сонымен бірге 2014 жылмен салыстырғанда кәсіподақ мүшелерінің саны Ақтөбе облыстық ұйымында 1984 адамға, Шығыс-Қазақстанда – 384-ке және Солтүстік-Қазақстанда – 482 адамға азайып отыр.

Ақтөбе облыстық ұйымында кәсіподақ мүшелерінің жалпы санының төмендеуіне студенттерді университет пен политехникалық колледжге қабылдаудың қысқаруы, гуманитарлық колледжде білім алушылардың бастауыш кәсіподақ ұйымының таратылуы әсер етті.

Солтүстік-Қазақстан облысындағы кәсіподақ мүшелігінің едәуір төмендеуі бірқатар білім ұйымдарының жабылуымен және қайта құрылуымен, қызметкерлер санының қысқаруымен, қызметкерлердің облыс және республикадан тысқары шығуымен түсіндіріледі.

Кәсіподақ мүшелерінің арасында жұмыс жасайтындар саны – 651847 адам, бұл 2014 жылға қарағанда 12529 адамға артық және кәсіподақ мүшелерінің жалпы санынан 77,9% құрайды. Студенттер мен білім алушылар кәсіподағының құрамында 176636 адам немесе 21%, әйелдер – 595868 немесе 71,2%.

Жалпы салалық кәсіподақ бойынша жұмыс жасайтындар арасында кәсіподақ мүшелігімен қамту 75,3% құрап, мүшелік базаны одан әрі арттыру бойынша маңызды резервтерді көрсетеді. Білім саласы қызметкерлерінің қатарынан кәсіподақ мүшелігімен барынша көп қамтуға Атырау, Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымдары (98% астам) қол жеткізген, Павлодар мен Қостанайда 90% астам қамтылған. Оңтүстік-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда және Ақмола облыстарында 70%-дан 80% дейін құрап отыр. Саладағы жұмыс жасайтындар арасында кәсіподақ мүшелігінің төмен деңгейі Ақтөбе облыстық ұйымында (67,5%), Шығыс-Қазақстан облысында, Астана қаласының «Әділет» кәсіподақ ұйымында, Алматы қаласының «Ұстаз», «Парасат» кәсіподақ ұйымдарында сақталып отыр.

Есеп беру мерзімінде салалық кәсіподақтың құрамындағы төрт облыста: Шығыс-Қазақстанда 312–ге және Қостанайда 130-ға, Солтүстік-Қазақстанда 482-ге, Алматы қаласының «Парасат» кәсіподақ ұйымында 139 адамға жұмыс жасайтын мүшелер саны азайған.

Алматы облыстық білім кәсіподағы комитетінің құрылымындағы өзгерістерге байланысты есеп беру мерзімінде қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің саны 5-ке азайды.

Салалық кәсіподақтың есебіндегі жұмыс жасамайтын зейнеткерлер саны 6871, бұл өткен есеп беру мерзіміне қарағанда 819 адамға артық. Жұмыс жасамайтын зейнеткерлер саны бұрынғыдай, Ақтөбе (2950), Ақмола (944), Атырау (773), Шығыс-Қазақстан (1580), Маңғыстау (4) облыстық және Жезқазған (620) аймақтық кәсіподақ ұйымдарында есепке алынған, ал қалған кәсіподақ ұйымдарында жұмыс жасамайтын зейнеткерлер есепке алынбайды.

2016 жылдың 1-қаңтарына салалық кәсіподақтың құрамында жастар 301019 адамды немесе жалпы санынан 35,9% құрайды. Жастар саны Ақтөбе облысында – 10263 адамға, Шығыс-Қазақстанда – 1368 адамға және Семей аймағында – 3580 адамға едәуір азайған.

Жалпы, жастар санының азаюы (әсіресе студенттердің) орта-арнаулы және жоғары оқу орындарында оқудың аяқталуымен, мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдаудың едәуір қысқаруымен, сондай-ақ ақылы негізде оқитын студенттер арасында кәсіподақ мүшелігінің қатты төмендеуімен түсіндіріледі.

Статистикалық есепті беру кезінде кейбір мүшелік ұйымдар кадрлармен жұмыс жағдайына, ұсынуға резерв құруға терең талдау жасамайды. 2015 жылғы берілген мәліметтер бойынша Шығыс-Қазақстанда, Батыс-Қазақстанда, Павлодарда, Ақмолада және басқа облыстарда кәсіподақ қызметкерлерінің құрамы босатылған қызметкерлер есебінен біршама нығайғанмен, кәсіподақ комитеттері мұндай сапалы өзгерістер жөнінде ешқандай түсініктеме бермеді.

Кадрлық резервті қалыптастыру бойынша жұмыста ешқандай елеулі өзгерістер болған жоқ. Қазіргі таңда резервке қойылған кәсіподақ қызметкерлері мен белсенділерінің жалпы саны барлығы 2576 адамды құрайды. Көптеген облыстық, аумақтық кәсіподақ ұйымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына резерв құрылмайды. Осы мәселе бойынша 2015 жылдың 10-сәуірінде салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің мәжілісінде айтылған шешімдер мен ұсыныстардан өткен жылғыдай кадрлық резервте барлығы 1 және 3 адамы бар Батыс-Қазақстан және Қызылорда облыстық ұйымдары ешқандай нәтиже шығармаған.

Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарымен ұсынылған кәсіподақ мүшелігі мен кәсіподақ органдары туралы статистикалық есептің талдауы, мұндай маңызды мәселеге барлық облыстық комитеттер мен аумақтық кәсіподақ комитеттерінің ден қоймағанын көрсетті. Ескертулер мен ұсыныстарға қарамастан, кейбір мүшелік ұйымдардың басшылары статистикалық есептің талдауына, оның нақтылығы мен сапасына тиісті мән бермей отыр.

Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымдарымен ұсынылған статистикалық есептердің сапасын атап өткен жөн. Алайда жекеленген есептер төмен деңгейде, салыстырмалы талдаусыз дайындалған, оларда істің нақты жағдайы көрсетілмегендіктен, салалық кәсіподақ қозғалысындағы жағдайдың объективтік талдауын жүзеге асыру мүмкін емес. Көптеген түсінік хаттарда, кәсіподақ мүшелігінің жағдайы туралы талдау түсініктемелерінің орнына, статистикалық есепте көрсетілген сандық деректер жазбаша түрде қайталана берген.

Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің 2015 жылғы 10-сәуірдегі Қаулысымен «Парасат» кәсіподақ ұйымының (төрағасы – Д.Ж.Жанатаев) кәсіподақ мүшелерін еспке алу және статистикалық есепке дайындығы жөніндегі қанағаттанарлықсыз жұмысы ескертілді. Кәсіподақ ұйымы, бұрынғыдай, кәсіподақтың салалық Кеңесіне қанағаттанарлықсыз және сапасыз статистикалық есебін жіберіп отыр. Осы жылы бұл есепке төраға Д.Ж.Жанатаевтың өзі емес, оның орынбасары М.Рахымбай қол қойып, түсінік хатсыз жіберген.

Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының статистикалық есеп деректерін талдау, әсіресе кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру есебінен мүшелік базаны сақтау әрі нығайту, жаңа кәсіподақ ұйымдарын құру салалық кәсіподақтың кәсіподақ ұйымдарының басты ұйымдастырушылық міндеттерінің бірі болып табылатынын көрсетеді.


Төрайым орынбасары А.М.Мұқашева

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет