Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ


-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару



жүктеу 0.87 Mb.
бет2/5
Дата30.12.2017
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5

2-стратегиялық бағыт. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару

2.1) Реттелетін қызмет саласының дамытудың негiзгi өлшемдері

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Елімізде ерекше кезеңдегі экономика жағдайларында және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың нәтижесіз санатының санын төмендетуге жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға, еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда.

Көші-қон процестерінің ауқымын, олардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсерін ескере отырып, тағайындалған құзыретке сәйкес қызметтің өзекті бағыты көші-қон процестерін ұтымды басқару болып табылады.

Экономиканы әртараптандыру қажетті дағдылары бар еңбек ресурстарын ұлғайтуды қажет етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсімі халық санының өсуімен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайларда Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың қызметі азаматтардың еңбек құқықтарын сақтауды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Еңбек заңнамасының негіздері және еңбек жанжалдарында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдылары мен біліктерін дамыту мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің сауаттылықтарын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру жалғасуда.

Соңғы үш жылда қызметтің осы бағытын дамыту мынадай жағдайды көрсетіп отыр.

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту.

Қазақстан тәуілсізік алғаннан бері әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай дамып, табыс деңгейі орташадан жоғары мемлекеттер қатарына өтті.

Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін айтарлықтай төмендетуге, халықтың маңызды бөлігін нәтижелі жұмыс орындарымен қамтуға, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өніміділігін арттыруға және жұмыссыздармен, нәтижесіз еңбекпен қамтылған, әсіресе ауылдық елді мекенде адамдардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезінде динамикалық тұрғыдан дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 2016 жылғы 3-тоқсан қорытындысы бойынша 70,5 %-ды құрады. 2014 жылы халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 70,7 % болған. Жұмыспен қамтылған халықтың саны – 8 586,6 мың адамды құрады (2014 жылы 8 510,1 мың адам, 2015 жылы – 8 623,7 мың адам).

2016 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық саны құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2 225,3 мың адамды құрады (2014 жылы – 2 400,4 мың адам, 2015 жылы – 2 328,9 мың адам).

Жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 5,0 %-дан 2016 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша 4,9 %-ға дейін төмендеді.

2014 жылдан бері халықтың жұмыссыздар саны 7,2 мың адамға азайып, 444,7 мың адамды құрады (2014 жылы – 451,9 мың адам).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі – ЖЖК 2020) бағдарламасының нысаналы тобы болып табылатын жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 4,2 %-дан және 2015 жылғы 4,3 %-ға төмендеп, 2016 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша ғасыр басынан бері ең төмен көрсеткіш – 3,9 % көрсетті.



Соңғы жалдары еңбек нарығында қалыптасқан тұрақты оң көрсеткіш уақтылы дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен де негізделеді. ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша жұмыс жүргізілді.

Елбасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы тапсырмасына сәйкес Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1029 қаулысымен жаңғыртылды.

Жалпы, 2011 – 2015 жылдары Бағдарламаны іске асыруға 457,7 млрд. теңге бөлінді.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 770 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларын қабылдады. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде іске асырылған 9 048 жобада 99,4 мың жұмыс орны ашылып, 54,0 мың қатысушы жұмысқа орналастырылды.


Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру (2014-2016 жылдар)





Іс-шаралар

2014

2015

2016 жылғы

1 желтоқсан

1

Іске асырылған жобалар

1 979

565

5 709

Жобаларға жұмысқа орналастырылғандар

23 793

8 601

40 573

2

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар

9 288

2810

3 743

Микрокредит алғандар

9 607

4 385

10 099

Қосымша жұмыс орындарына орналастырылғандар

10656

6 134

8 821

3.1

Оқумен қамтылғандар

35 740

13 952

7 240

Оқуды аяқтағандар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар

19 337

10 422

6 282

3.2

Қоныс аударғандар, адам

3 456

1 020

1 979

Еңбекке қабілетті жастағы адамдар қатарынан жұмысқа орналастырылғандар

1 401

371

584


Екінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 37,0 мың адам оқытылды. 43,8 мың адам микрокредит алды, оның 66,6 %-ға жуығы немесе 29,2 мың адам жеке істерін ашып, кәсіпкер атанды. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс үшін орындарының ашылуымен сүйемелденді. Бұл қосымша 40,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Бағдарламаға қатысушыларды оқыту және қоныс аудару шаралары қабылданды.



Үшінші бағыт бойынша кәсіптік ұтқырлықты арттыру үшін тегін оқумен 130,0 мың адам қамтылған, сондай-ақ оларға оқу орнына дейін бару үшін жолақыға және тұруға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Оқуды аяқтаған 123,8 мың бағдарламаға қатысушының 87,9 %-ға жуығы жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындары мен «жастар практикасына» нысаналы топтың 200,0 мыңнан астам өкілі орналастырылды.

Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері (2011 – 2014 жылдары) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 18,1 мыңға жуық адам қоныс аударылды. Жаңа тұрғылықты жерлері бойынша қоныс аударғандар қатарынан еңбек етуге қабілетті адамдардың 78,0 %-ы жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның тиімділігінің негізгі көрсеткіші – тұрақты жұмысқа орналастырылған адамдардың үлес салмағы, 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 79 %-ды құрады (2014 жылы – 83,9 %, 2015 жылы – 91,3 %). Бұл ретте соңғы үш жыл ішінде өз бетінше жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан нәтижелі жұмыспен қамтылған адамдар үлесінің өсуі байқалуда, егер 2014 жылы ол 69,9 %-ды құраса, 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша – 83,8 % болды.

Сонымен қатар, экономиканың қарқындауы аясында еңбек нарығының болмашы сыйымдылығымен байланысты құрылымдық проблемалардан бөлек сапалы жұмыс орындарын қамсыздандыру, өз бетінше нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың жоғары үлесі, кәсіби білім берудің кемшіліктері, кәсіпкерлік қызмет және еңбек нарығында өңірлік дисбаланстың қолжетімділігімен байланысты проблемалар шешімін таппады.

Еңбек нарығында сақталған проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру бойынша қосымша шараларды қабылдау мақсатында 2016 жылғы 9 қыркүйекте Елбасы Үкіметке жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша тапсырма берді.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі бойынша тұжырымдамаға сәйкес жұмыспен қамтуды және еңбек ақысын қамсыздандыру, адами капитал сапасын арттыру, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамсыздандыру саясатын жаңғырту дамудың басымдылығы деп айқындалған.

Осыған орай, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы әзірленді, ол еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдыларды және біліктілікті алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек бітістірушілігін, сондай-ақ, ақпараттық сүйемелдеу және кәсіпкерліті дамытуды ескере отырып, тиімді моделін құруға бағытталған.

Әлемдік практикада еңбек нарығында проблеманы шешу үшін жұмыспен қамтуға белсенді шаралар қолданылады, ол ақпараттық сүйемелдеу, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуды қоса отырып, еңбек ресурстарын жетілдіру (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (еңбек ақысын/жұмыспен қамтуды субсидиялау), еңбек нарығы институттарының қызметін жетілдіру арқылы іске асырылады.

Экономикалық тұрғыдан бұл нәтижелі жұмыспен қамтылу ықтималдығының артуын, еңбек өнімділігі мен еңбекақының өсуін, әлеуметтік тұрғыдан – жұмыссыздық деңгейін төмендету, еңбек белсенділігінің өсуін және адами капиталды жетілдіруді жорамалдайды.

Сондықтан, Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және ЭЫДҰ елдерінің үздік практикасына сәйкес азаматтарды кәсіпкерлікке тарту арқылы халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету арқылы белгіленген проблемаларды шешуге жәрдемдеседі.


Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту

Біздің еліміздің стратегиялық дамуынының негізгі бағдарларының бірі - жоғары білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету, экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру болып табылады.

Жұмыс берушілер тарапынан даярлық және практикалық дағдылар деңгейіне қойылатын ұдайы өсіп отыратын талаптар мамандардың кәсіптік құзыреттерімен сәйкес келуге тиіс.

Осы алшақтықты еңсеру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда өндірістің қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келетін және мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған жаңа біліктілік жүйесі құрылуда және кәсіптік стандарттар әзірленуде.

2013-2015 жылдары 449, оның ішінде 2013 жылы – 323, 2014 жылы – 88, 2015 жылы – 38 кәсіптік стандарттар әзірленді.

Мемлекеттік сектор және жұмыс берушілер бірлестігі арасында кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және бекітуге құзіреттілікті шектеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне толықтырулар енгізілді.

2016 жылы жаңа Ұлттық біліктіліктің шеңберін қайта қарауға және бекітуге байланысты, мемлекеттік органдар кадрларды даярлау бойынша құрылымдық кеңестермен, жұмыс берушілер бірлестігімен бірлесіп біліктілік салалық шеңберін қайта қарау, мемлекеттік органдар және жұмыс берушілер іске асыратын жұмысқа (қызметке) саланың қызметін талдау бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму банкімен бірлескен «Еңбек дағдыларын жетілдіру және жұмыс орындарын ынталандыру» жаңа жобасы шеңберінде 2020 жылға дейін шамамен 550 кәсіптік стандартты қайта қарау және әзірлеу жоспарлануда.


Халықтың көші-қоны. Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан әлемнің көші-қон процестері барынша күшті байқалатын елдерінің қатарына жатады.

Қазіргі кезде республикада көші-қон жағдайы былайша сипатталады:

1) ішкі қарқынды көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдары өңіраралық көші-қон және көші-қон ағындары бағыттарының жоғары көрсеткіші сақталуда. 2013 жылдан 2015 жыл аралығын қоса алғанда, өңіраралық көші-қон процестеріне 1,2 млн. астам адам тартылды. Халықты ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден экологиялық ортасы жақсы өңірлерге көшіру оның құрамдас бөлігі болып табылады.

2015 жылы басым түрде еңбекке қабілетті жастағы халықтың ең көп көшуі Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Астана, Алматы қалалары, Алматы және Маңғыстау облыстары халықтың келу ағынының негізгі өңірлері болып табылады.

2) шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) оңтайлы тарту. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ШЖК тартуға квота белгілеуде. 2014 – 2015 және 2016 жылдарға квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына 0,7 % мөлшерінде белгіленді, ол 63 мың адамды құрайды. 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 32,4 мың рұқсат қолданыста болды немесе жалдамалы қызметкерлер санының 0,5 %-ы (2014 жылдың аяғына 30,7 мың рұқсат, тиісінше) құрайды.

Бұл ретте тартылатын ШЖК арасында мамандардың үлесі (шетелдік қызметкерлердің 1-3-санаттары) 72,70 %-ды құрады (2014 жылы – 70,0 %).

3) жыл сайын келетін этникалық қазақтардың өсу динамикасы тұрақты. Тәуелсіздік жылдары 279 432 отбасы немесе 996 690 этникалық қазақ тарихи отанына оралды (2014 жылы – 3 792 отбасы немесе 8 247 мың адам, 2015 жылы – 1 920 отбасы немесе 4 890 адам, 2016 жылы – 11 488 отбасы немесе 23 791 адам).
Енбек қатынастары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 100 нақты қадамды іске асыру шеңберінде бес институционалдық реформаны (83-қадам «Еңбек қатынастырын ырықтандыру») іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жаңа Еңбек кодексі әзірленді (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді).

Кодекстің міндеті жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастары саласында мемлекеттің араласу шегін белгілеу, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлін және жауапкершілігін бөлу жолымен еңбек заңнамасын ырықтандыру болып табылады.

Еңбек кодексінде тараптардың мүдделері теңгерімінің қамтамасыз етілуін ескере отырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынасы аясында мемлекеттің араласуы шекарасы анық айқыналған, еңбек қатынастары субъекттерінің рөлі мен жауапкершілігі анықталған.

2014 жылы қабылданған, жұмыскерлердің құықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде кәсіп одақтардың (жұмыскерлердің өкілдерінің) және жұмыскерлердің өздерінің белсенділігін арттыруға бағытталған «Кәсіп одақтары туралы» Заңды ескере отырып кәсіподақтар рөлі арттырылды. Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық келіссөздер және олар арасында шарттасқан келісімдер әлеуетін күшейтумен өзіндік реттеу принципінде құрылады.

Ең төмен еңбек стандарты, базалық кепілдіктер және жұмыскерлерге өтемақылар бекітілген.

Еңбек кодексі еңбек қатынастарын икемді реттеу тетігін кеңейтуге, кәсіпорынның дамуына кедергі келтіретін бірқатар шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді, ол кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуға және инвестициялар тартуға оң ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін іске асыру үшін 37 нормативтік құқықтық акті қабылданды ( 4 ҚР ҮҚ және ҚР ДСӘДМ 33 бұйрығы).


Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу жөнінде шаралар қабылдануда.

Аталған шаралар кәсіпорындардағы ахуалдың тұрақсыздануына ықпал ететін еңбек саласының проблемалық мәселелерді анықтау және ескерту арқылы іске асырылады. Бұл мақсатта 2015 жылдан бастап мынадай жоспарлар іске асырылуда:

- Еңбек қатерлері картасын жасау арқылы еңбек саласында әлеуметтік шиеленіске ай сайынғы мониторинг;

- жалақы бойынша берешекке апта сайын мониторинг және оны бақылау;

- жұмыскерлерді босату қаупі бар кәсіпорындарда ахуалға апта сайынғы мониторинг;

- өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша өңірлердің әкімдері, өндірістік кәсіпорын басшылары мен кәсіподақтар арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу, сондай-ақ меморандум шеңберінде алынған міндеттерді орындауды апта сайынғы бақылау бойынша жұмыстар;

- республика кәсіпорындарында ұжымдық шарт жасасу бойынша жұмыс.

Прокуратура органдарының, уәкілетті еңбек органдарының құрамындағы ведомствоаралық жұмыс тобы форматында дәрменсіз борышкерлермен жұмыс, сот актілерін орындау бойынша жалақының дер кезінде төленуіне он күн сайын мониторинг пен бақылау жүргізіліп отырады.

2016 жылдың басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 807 кәсіпорында 6,9 млрд. теңге сомасында 49 364 жұмыскерге жалақы бойынша ағымдағы берешекті анықтады. Аталған кәсіпорын басшылығына міндетті орындау үшін 1 762 ұйғарым берілді және 263,4 млн. теңге сомасында 1 607 айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 6,7 млрд. теңге көлемінде еңбекақы берешегі төленіп, 48 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қабылдаған шаралар нәтижесінде соңғы үш жылда 13 млрд. теңге сомасында жалақы берешегі төленіп, 101 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. (2014 жылы – 1,5 млрд. теңге, 2015 жылы – 4,8 млрд. теңге, 2016 жылы – 6,7 млрд. теңге).

Осылайша жалақы бойынша берешектің (2014 жылғы 1 қаңтарда – 737,9 млн. теңге, 2015 жылғы 1 қаңтарда – 106,3 млн. теңге, 2016 жылғы 1 қаңтарда – 275,7 млн. теңге,2016 жылғы 15 желтоқсанда – 158,7 млн. теңге) өсуіне жол бермеу үшін шаралар қолданылуда.

2016 жылдың басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары 699 кәсіпорында 2,7 млрд. теңге сомасында 21 615 жұмыскерге жалақы бойынша ағымдағы берешекті анықтады. Аталған кәсіпорын басшылығына міндетті орындау үшін 489 ұйғарым берілді және 82,7 млн. теңге сомасында 481 айыппұл салынды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 10,7 мың тексеру жүргізді, тексерулер барысында 18,4 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзғаны анықталды. 2015 жылы 19,5 мыңнан астам заң бұзушылық, 2014 жылы 21,6 мың еңбек заңнамасының бұзушылығы анықталды.

Анықталған бұзушылықтар нәтижелері бойынша заңды тұлғалар мен ұйымдардың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 603,4 млн. теңгеге 4,1 мыңнан астам айыппұл салды (2016 жылғы 1 қаңтарға – 429,6 млн. теңге, 2015 жылғы 1 қаңтарға – 287,4 млн. теңге).

2015 жылғы ақпан айынан бастап Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еңбек нарығында тұрақты жағдайды сақтауға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында жұмыскерлерді босату қаупі бар кәсіпорындар жағдайына апта сайынғы мониторинг жүргізеді.

2016 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы жұмыскерлер саны 331 мың адамды құрайтын 676 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 5 654 жұмыскермен шартты немесе жұмыскерлерді қысқарту себебімен еңбек қатынастары тоқтатылды.

Жергілікті атқарушы органдар қысқартылған жұмыскерлерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша тиісті шаралар көрсетуде.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған мониторингке сәйкес 17,6 мың жұмыскер икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған. Аталған жұмыскерлерге қатысты әкімдіктер жұмыс орнын сақтап қалу бойынша мақсатты шаралар қабылдауда.

Әлеуметтік әріптестік бойынша аудандық (қалалық) үшжақты комиссия отырыстарында икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған жұмыскерлері бар компаниялар басшыларының есептері тұрақты тыңдалады.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестердің қатысуымен республика бойынша 482 кәсіпорын басшылары тыңдалған үшжақты комиссиясының 139 отырысы болды.

Өңірлердің әкімдері, өндірістік кәсіпорын басшылары және кәсіподақтар арасында ынтымақтастық меморандумдар жасасу, сондай-ақ меморандум шеңберінде алынған міндеттерді орындауды апта сайынғы бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Меморандумдар жұмыс берушілердің міндеттерін, өндіріс көлемінің көрсеткіштері төмендеген жағдайда персоналды уақытша толық емес жұмыс күніне немесе еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес жұмыстың басқа түрлеріне ауыстыру тетігін көздейді.

2016 жылғы 15 желтоқсанда республика бойынша 2,8 млн. жұмыскердің құқығын қорғайтын 112,9 мың меморандум жасалды, ол еліміздің 81,6 % ірі кәсіпорындарды және 66,7 % орта және шағын өндірістік кәсіпорындарды қамтиды.

Аталған жұмыс нәтижесінде мемлекет бойынша 2,8 млн. жұмыс орнын сақтап қалу көзделген.

Еңбек саласындағы жағдайдың күрделену қатерлерін айқындау мақсатында ден қоюшараларын қабылдаумен және ахуалды дамытудың ықтимал сценарийлерін ескере отырып, Еңбек қатерлері картасы айсайын қалыптастырылады және нәтижелерін талдау жүргізіледі.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2014 жылдан бастап еңбек жанжалының саны 2 есе төмендеді (2014 жылы – 15, 2015 жылы - 7, 2016 жылы – 7).


Жұмыс берушілер тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау шаралары қабылдануда.

Елдің ірі және орта кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттардың өскені байқалады. 2016 жылы енгізілген стандарттардың саны – 1 476, 2015 жылы – 1 463, 2014 жылы –1 450 құрайды.

Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі ішкі бақылауды іске асыру бойынша жаңа тәсілдер еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құруды қарастырады, жұмыс беруші оны шешуге міндетті.

Кәсіподақ ұсынатын және өндірістік кеңес бекітетін жұмыскерлер ішінен техникалық инспекторлар институты енгізіледі. 2016 жылы республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша 11 215 өндірістік кеңес құрылды, оның міндетіне еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды іске асыру кіреді.

Еңбек заңнамасын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша заң бұзушылықты алдын алу мақсатында 2015 жылдан бастап кәсіпорындарға ескертулік-профилактикалық сипатта бару түріндегі бақылаудың жаңа түрі енгізілді.

Жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда.

Еңбек кодексіне жұмыс берушілердің қызметін ерікті түрде декларациялау арқылы оларды ынталандыруға бағытталған тетіктер енгізілген.

Қызметі еңбек заңнамасына сәйкес деп танылған жұмыс берушілерге үш жылдық мерзімге сенім сертификаты беріледі, оларға қатысты тексерулер және бақылаудың басқа түрлері жүргізілмейді. Жұмыс берушілердің қызметін декларациялау қағидалары қабылданды. Мұндай ұйымдар жұмыскерлердің еңбек құқықтарын кепілді түрде сақтайтын кәсіпорындар тізіміне кіреді.

2016 жылы сенім сертификатының 61 кәсіпорын иегерлері атанды (2014 жылы пилоттық жоба қорытындысы бойынша – 24 кәсіпорын).

Қабылданып жатқан шаралар өндірістік жарақат деңгейінің төмендеуіне өз септігін тигізді. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 0,32-ге дейін төмендеді (2015 жылы – 0,33, 2014 жылы – 0,39).

Адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті жұмыс істейтін 1000 адамға шаққанда төмендеуге тұрақты тенденцияға ие, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,05 құрады (2015 жылы шамамен 0,05-ке, 2014 жылы – 0,07-ке тең болды).

Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамуда. Барлық деңгейде үшжақты комиссииялар жұмыс істейді (24 салалық және 16 өңірлік келісім, сондай-ақ қалалар мен аудандар деңгейінде 180-нен астам келісім), 2014 жылғы 25 желтоқсанда 2015 – 2017 жылдарға арналған Бас келісім жасалды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 71,2 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 33,5 %-ы қамтылды (2016 жылғы 1 қаңтарда 66,8 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 36,6 %-ы). Ірі және орта кәсіпорындардың қамтылу көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 0,5 пыйыздық тармаққа көбейіп, 93,3 %-ға жетті (2014 жылы – 92,8 %, 2015 жылы – 93,1 %).

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 69,3 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарынан 32,5 %-ы қамтылды.

Бизнес қауымдастықтарда әлеуметтік жауапкершілік ұғымы ұлғайып келе жатқанын атап өткен жөн. «Парыз» байқауын өткізген жылдары (2008 – 2016 жылдары) еліміздің барлық өңірлерінен 4 245 кәсіпорын қатысты (2016 жылы – 501, 2015 жылы – 541, 2014 жылы – 584). 2016 жылғы 6 желтоқсанда тоғызыншы рет өткізілген «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өткізілді.


3.2) Негізгі проблемаларды талдау

Жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын реттеуді қалыптастырумен байланысты қызметте төмендегідей проблемалар сақталып отыр.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы оң нәтижелерге және жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеуіне қарамастан, ұлттық еңбек нарығының дамуына жасалған белгілі бір қыр көрсетулер мен қатерлердің бар екенін айғақтайды.

1. Еңбек ресурсының төмен сапасы

Соңғы уақытта жоғары және аяқталмаған жоғары білімді жұмыс күшінің үлесінің өскені байқалады ( 2013 жылы – 34 %, 2014 – 2015 жылдары – 37 %). Техникалық және кәсіптік білімді жұмыс күші үлесі орташа деңгейде 33 % (2013 жылы – 32 %, 2014 жылы – 34 %, 2015 жылы – 33 %).

Ұлттық біліктілік шеңберін қалыптастыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап айтқан жөн. Нормативтік құқықтық актілер қабылданды, атап айтқанда, Ұлттық біліктілік шеңбері ұғымын қарастыратын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді, біліктілік стандарттарын әзірлеу және бекіту әдістемесі белгіленді.

Сонымен қатар, жұмыспен қамтылған халық құрылымын сапасында түбегейлі өзгеріс байқалмайды – негізгі, орта, жалпы және бастапқы білімі бар еңбек ресурстарын үлесінің төмендеуіне қарамастан (48-ден 27 %-ға дейін), ол жоғары деңгейде сақталып тұр.

Соңғы үш жылда жалпы білім беру мекемелерінің 9 және 11-сынып түлектерінің қозғалыс динамикасы орташа 21 мың түлек кәсіп игермей жұмысқа тұратынын көрсетті.

Сонымен бірге, еңбек ресурстарының еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес болмауы проблемасынан жыл сайын жұмысшылар ұсынған 20 мың вакансия толтырылмай қалады.

Ұлттық сарапшылар жүргізген мемлекеттік кәсіпорындарының сауалнамасының мәліметтері бойынша кадр қажеттіліктерінің шамамен 73 %-ы техникалық және кәсіби білікті мамандар және жұмыс мамандығы қажет.

Осыған орай, жастарға тегін алғашқы жұмыс мамандығын алуға жағдай жасау, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие жұмыс мамандықтары бойынша үлкен жастағы халықтың дағдыларын қайта даярлау және жоғарылату өткізу қажет.



2. Нәтижесіз жұмыспен қамту

Өзіндік жұмыспен қамтылған халық саны 2013 жылғы 2,2 млн.-нан (27 %) 2014-2015 жылдарғы 2,1 млн. (25 %) адамға дейін азайды, сол уақытта соңғы үш жылда нәтижесіз өзіндік жұмыспен қамтылғандар саны 40 %-ға азайды (2013 жылы 558 мың адам, 2014 жылы – 430 мың, 2015 жылы – 331 мың адам).

Сонымен бірге, өзіндік жұмыспен қамтылған халық үлесі 25 %-ды немесе 2,2 млн. адамды құрайды. Өзіндік жұмыспен қамьылғандар санынан 360 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылған болып табылады (қызметі тіркелмеген, немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен).

Өзіндік жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі ауылдық мекендерде тұрады және төмен табыс пен өнімділіктен бөлек кедейлік алдыңда осалдығымен сипатталады, бұл потенциалды атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын көбейтеді.

Бұдан басқа, өндірісі және табысы жоғары жұмыс орындарына рұқсат білім мен кәсіби шеберлігі жетпеуі себебінен шектеледі. Негізгі, орта, жалпы және бастапқыбілімді өзіндік жұмыспен қамтылғандардың 56 %-ы нәтижесіз өзіндік жұмыспен қамтылған болып табылады.

Сондай-ақ, алдағы 5 жылда 1990-жылдардың басындағы демографиялық құлауға байланысты жаңа жұмыскерлер келуінің тоқтауы байқалады (2014 жылдан бастап төмендеу байқалады). 2021 – 2022 жылдарға қарай жыл сайынғы жаңа жұмысшылардың келуі 19 мыңға дейін қысқарады.

Осыған орай, жаңа жұмысшылардың келуінің төмендеуі жағдайында өзіндік жұмыспен қамтылған халықты экономикалық өсуі үшін резерв ретінде қарыстыруға болады, оны толық экономикалық қызметке тарту қажет.

3. Өңірлік үйлеспеу және демографиялық дисбаланс.

Ұлттық сарапшылардың болжамдық бағасына сәйкес 2050 жылы халық саны 24,5 млн. адамды құрайды, бұр ретте солтустік өңірлердің халық саны 0,9 млн. адамға азаяды, ал оңтүстік өңірлерде 5,3 млн. адамға артады, бұл ретте оңтүстік өңірлерде солтүсткке қарағанда халық тығыздығы 4 есе жоғары болады.

Солтүстік өңірлердің халық саны соңғы үш жылда практикалық тұрғыдан өзгермеді (2013 жылы – 2 млн. 943 мың адам, 2014 жылы – 2 млн. 945 мың адам, 2015 жылы – 2 млн. 950 мың адам). Сол уақытта оңтүстік өңірлерде халық саны 132 мың адамға көбейді (2013 жылы – 6 млн. 482 мың адам, 2014 жылы – 6 млн. 505 мың адам, 2015 жылы – 6 млн. 614 мың адам).

Бұл ретте солтүстік өңірлерде жалпы халық санына қатысты 15 жастан кіші халық үлесі 20 %-ды, ал оңтүстік өңірлерде – 35 %-дан жоғары құрайды. Сондықтан еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге азаматтарды ерікті көшіруге жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық мобильділігін ынталандыру бойынша шаралар қабылдау мақсатты болып табылады.



4. Экономикада жұмыс орындарын жеткіліксіз генерациялау.

2010 – 2015 жылдары экономиканың өсіміне негізгі үлесті қызмет секторы енгізді. Соңғы алты жылда жиынтық экономикалық өсімнің үштен бір бөлігі сауда есебінен қамсыздандырылды, тағы 15 %-ы транспорттық қызмет қосыт, 13 %-ы – ақпарат және байланыс. Тауар өндірісі экономиканың тек 17 %-ын ғана қамтамасыз етті, бұл ретте бұл салым жыл сайын азайып келеді.

2013 жылы экономиканың өсіміне тауар өндірісінің салымы 28,1 % құраса, 2014 жылы 17,2 %-ға дейін төмендеді, ал 2015 жылы тек 15,9 %-ды құрады.

Сауданың экономика өсіміне салымы 2013 жылы 30,6 % (2014 жылы – 29,2 %, 2015 жылы – 10,6 %), транспорт және жинақтау секторы 2013 жылы 12,9 % (2014 жылы – 16,7 %, 2015 жылы – 33,9 %), ақпарат және байланыс секторы 2013 жылы 12 % (2014 жылы – 10,9 %, 20115 жылы 4,6 %) құрады.

2010 – 2015 жылдары экономика секторларының жұмыспен қамту өсіміне қолқан үлесіне қатысты – жұмыспен қамту өсімінінің 28 %-ын мемлекет басым салалар қматамасыз етті: білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару. Мемлекеттік кәсіпорындар құрған жұмыс орындарын ескерумен жалдамалы жұмыскерлердің өсіміне мемлекеттің жиынтық салымы 50 %-дан астам құрайды.

Бұл ретте, соңғы жылдары жеке сектор жаңа, тұрақты және өндірістік жұмыс орындарының кішігірім санын өндіреді.

5. Қабылдаушы тараптың мүдделерін және көшіп-қонушыларды өңірлерде жайластыру мүмкіндіктерін ескерместен, этникалық қазақтарды ел аумағы бойынша біркелкі орналастырмау.

Тәуелсіздік даму жылдарында Қазақстан Республикасында 996 690 астам оралманды қабылдады, қазіргі уақытта олар ел халқының жалпы санының шамамен 6 %-ын құрайды. Әдетте, республика аумағындағы тұрғылықты жерін оралмандар өздері айқындайды. Тарихи отанына көшіп келген этникалық қазақтардың 60 %-ы еліміздің төрт облысында орналасқан (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстары).

Этникалық қазақтардың қоныстануын реттеу мақсатында 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды, ол көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелерін реттейді.

Қазақстан Республикасы Заңының аясында оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеп (2016 жылы 463 отбасы), Қазақстан Республикасы Үкімет айқындаған өңірлеріне қоныстандыру жағдайында (Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары) жұмыспен қамтуға көмектесу жөніндегі белсенді шаралар шеңберінде заңнамаға сәйкес этникалық қазақтардың әлеуметтік пакетті алуы көзделді.

Осы шаралар этникалық қазақстарды Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтаған өңірлерде орналастыруға ынталандыру үшін қабылданған.
Еңбек қатынастарын дамытуда мынадай проблемалар байқалып отыр.

6. Халықаралық өлшемдер бойынша өндірістік жарақат пен кәсіби аурулардың жоғары деңгейі сақталуда.

7. Ірі және орта кәсіпкерліктерде ұжымдық шарт жасасуды толық емес қамту.

8. Еңбек ақысы бойынша мерзімі өткен берешекті ұзақ уақыт төлемеу, ооларды өтеу мерзімі 3 айдан асып кеткен.
3.3) Қатерлерді басқару


Ықтимал қатердің атауы

Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Экономиканың рецессия салдарынан жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және жұмыспен қамту құрылымының өзгеруі

1. Проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, өңірлерде жеке апта сайынғы жұмыспен қамту мәселелерінің мониторингін қамтамасыз ету.

2. Тиісті меморандумдарға әрбір өңір бойынша қосымша нақты шаралар енгізу, сондай-ақ 2017 – 2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру




Интеграциялық процестердің дамуы мен көрші жеке елдер экономикасының нашарлау салдарына байланысты отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсеке қабілеттілікті жоғалту жағдайларында, әсіресе ауылдық жерлерде нәтижесіз жұмыспен қамтылудың артуы

1. Өңірлер бөлінісінде есептер жүргізу және ағымдағы жағдайды талдау.

2. Бағдарлама шеңберінде ауыл тұрғындарына микрокредит беру үшін өңірлерге қосымша нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу.



Негізгі қор (ғимарттар, құрылыстар, құрылғылар) қанағаттандырылмайтын және кіші кәсіпорында еңбекті қорғау ұйымдарының төмен деңгейі жағдайында өндірістік жарақаттануөсімі

1. еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бйынша өндірістік кеңес құру арқылы еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша ішкі бақылау іске асыру бйынша жаңа әдістер енгізу.

2. Кәсіподақ ұсынған жұмыскерлер қатарынан техникалық инспекторлар институтын құру.

3. ескертпелі-профилактикалық сипатқа ие кәсіпорындарға бару түрінде бақылаудың жаңа түрін енгізу.

4. Жұмыс берушілердің қызметің ерікті декларациялау арқылы оларды ынталандыру.



Жұмыскерлерді қысқартуға байланысты еңбек ұжымында әлеуметтік шиеленістің қалыптасуы

Ұйымның жұмыскерлерін сақтау бойынша шаралар қабылдау, өзара келісім негізінде толық емес жұмыс күнін енгізу және еңбек ақысын сақтамай еңбек демалысын беру

Жұмыскерлерге еңбек ақысын төлеуді тоқтату

Дағдарысқа қарсы штабтар және әлеуметтік кәсіпкерлік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырыстарында еңбек ақысы бойынша берешек жіберген өндіріс жұмыс берушілерін тыңдау және берешектерді жою графигі мен мерзімін орнату

Біліктілігі төмен еңбек мигранттарын ұлғайту (бірінші басшыларға және олардың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, мамандарға және білікті жұмысшыларға жатпайтындар) (өсімі соңғы 3 жылдағы орташа көрсеткіштердің 50 %-ынан асады)



Қатерлердің басталу себептері мен олардың нәтижелеріне байланысты талдау

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметіне жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келетін еңбекші көшіп-қонушыларға квоталауды енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбекші көшіп-қонушылардың рұқсат алуына алым мөлшерлемесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне үшінші және төртінші санаттар (мамандар және білікті жұмысшылар), сондай-ақ маусымдық шетелдік қызметкерлер бойынша квотаны қысқарту жөнінде ұсыныстар дайындау және енгізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет