Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің



жүктеу 60.1 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі60.1 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2014 жылғы «22» сәуірдегі

№ 210 бұйрығына

2-қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2014 жылғы «10» ақпандағы

№ 75 бұйрығына

7-қосымша



Электрондық бағыттарды іске асыруға және реттеуге қойылатын стандарттық талаптар


  1. Жалпы ережелер

1. Электрондық бағыттардың іске асырылуына және реттелуіне қойылатын стандарттық талаптар (бұдан әрі – стандарттық талаптар) 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 498 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

2. Осы стандарттық талаптар халықаралық EN 13940 «Медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» стандартының (System of concepts to support continuity of care) (бұдан әрі – халықаралық EN 13940 стандарты) талаптарын ескере отырып, электрондық бағыттардың іске асырылуы мен реттелуіне қойылатын талаптарды белгілейді.


    3. Осы стандарттық талаптардың мақсаты Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау кеңістігінде ЭДП арқылы электрондық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың анықталуы болып табылады.

    4. Осы стандарттық талаптардың міндеті электрондық бағыттарды іске асыру мен реттеудің жағдайлары мен әдістерін белгілеу болып табылады.

    5. Осы стандарттық талаптарда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылған:

    1) e-денсаулық сақтау стандарттық талаптары - Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітетін талаптар;

    2) электрондық бағыт (Electronic Referral) – ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес осы термин медициналық көмек көрсетуді талап етуін, яғни медицина қызметкері медициналық қызметтер берушіден клиникалық процеске өкілеттіктерді қабылдауға сұраған жағдайды білдіреді. Клиникалық процесті жүзеге асыру өкілеттіктеріне консультациялау мен диагностикалаулар қосылады. Сонымен, электрондық бағыт медициналық қызметтер берушілердің өзара іс-қимылы үшін медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін іске асыру мақсатында пациент жөніндегі тиісті ақпаратпен алмасуға әкеледі;

    3) медициналық қызметтер беруші (Healthcare Provider) - медициналық қызмет көрсететін «медициналық ұйым» (Healthcare Organisation) және/немесе «медицина қызметкері» (Healthcare professional);

    4) медицина қызметкері (Healthcare professional) - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

    5) пациент (Subject of Care)- медициналық қызметтерді тұтынушы болып табылатын (табылған) жеке тұлға;

    6) уәкілеттіктер (Mandate) - денсаулық сақтау тараптың қабылданған нақты рөлінің көлемі мен шеңберін және атқаратын рөлге сәйкес оның жауапкершілігін анықтайтын ережелер жиыны;

    7) медициналық көмек көрсетуге қойылатын талап (Demand for Care) – пациентке медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау тарапынан берілген сұраным;

    8) ЭДП репозиторийі (EHR Repository) - бірыңғай деректер репозиторийінің құрамдық бөлігі ретінде ЭДП қолдау мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалық-ақпараттық кешен;

    9) бірыңғай деректер репозиторийі (бұдан әрі – БДР) (Unified Data Repository) - ЭДП қолдау мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, оған байланысты жүйелердің, электрондық денсаулық сақтау сервистерінің, тіркелімдердің, анықтамалықтың, сәйкестендіру сервистерінің және басқа дерек көздерінің бағдарламалық-ақпараттық кешені. Бірыңғай деректер репозиторийі өңірдің технологиялық инфрақұрылымына байланысты ұлттық, өңірлік немесе жергілікті деңгейлерде жүргізілетін бірыңғай деректер репозиторийі.

    10) БДР сервисі (UDR Service) – ЭДП-ға қойылатын талаптардың ережелеріне сәйкес электрондық денсаулық паспорты мен басқа ақпараттық жүйелері арасындағы деректердің сенімді тапсырылуын қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер мен электрондық құрылғылардың өзара байланысын қамтамасыз ететін технологиялық инфрақұрылым;

    11) БДР операторы (UDR Operator) – ЭДП қолдау мен басқаруды, сондай-ақ ЭДП интероперабельдігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік, ұйымдастыру және техникалық қызметтердің ұсынуын жүзеге асыратын заңды тұлға.



  1. Транзакциялар

    6. Электрондық бағыттар жүйесі ЭДП-ға тікелей рұқсаты бар медициналық қызметтер берушілері де арасында, сондай-ақ ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптар белгілеген БДР-ды пайдаланатын медициналық қызметтер берушілері арасында да ақпаратпен алмасу мен электрондық табыстауды қамтиды.

    7. Электрондық бағыттарды жүзеге асыратын ЭДП-ның жергілікті репозиторийлері арасындағы электрондық хабарламалар арқылы бағыттауға байланысты бағыт пен ақпаратты беру кезінде БДР сервисін пайдалану жағдайында ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптар және ақпараттық е-денсаулық сақтау жүйелерімен өзара іс-қимыл жасауға (хабарламаларды жіберу) техникалық талаптар қолданылады.

    8. 6-тармақта көрсетілген электрондық бағыттарды берудің екі нұсқасында да ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптар және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылатын қоолданыстағы технологиялық стандарттар мынадай операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады:

    (1) Бағыт мүмкіндігі туралы ақпаратты сұрату;

    (2) Бағыт мүмкіндігі туралы ақпаратты алу;

    (3) Жаңа бағытты беру;

    (4) Алушыдан қабылдау туралы жауапты күтіп, берілген жаңа бағыт туралы хабарлама;

    (5) Жауап мәртебесін жолдау;

    (6) Жауапты негіздеу бойынша ақпаратты қоса алғанда, жауап қайтарудың қатесі немесе қабылдамау;

    (7) Бағытты өзгерту туралы сауалды жіберу;

    (8) Бағытты өзгерту туралы жауапты жіберу;

    (9) Бағыттың жіберілуін болғызбау.

    9. ЭДП жіберу/беру жазбасын жасағаннан кейін 8-тармақта көрсетілген операциялар бойынша бағыттың сауалына байланысты ақпарат үшін логирлеу журналының жүргізілуі бастамашылық етіледі.

    10. Бағыттар туралы жазбалар және ЭДП-ға қайта жіберілетін консультациялар нәтижелері ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес арнайы бекітілген жазбалар түрінде пациент ЭДП-да тұрақты түрде сақталады.

    11. Пациент ЭДП мен ЭМЖ-ның сыртқы жүйелері арасындағы жіберілетін ақпараттың құрылымы мен құрамы ЭДП мен ЭМЖ-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес анықталады.

    3. Дәрігерге электрондық жазылу

    12. Осы стандарттық талаптарда көрсетілген электрондық бағыттармен барлық операциялардың нәтижесінде пациент үшін таңдалған уәкілетті медицина қызметкерлері электрондық қабылдау кестесін жасайды.

    13. Электрондық бағыт уәкілетті денсаулық сақтау ұйымына қатысты берілген жағдайда осы ұйым нақты медицина қызметкерінің қабылдауды жоспарлау және бұл туралы ЭДП-ға хабарламаны жіберу үшін жауапты болады.

    14. Белгілі бағыт үшін ЭМЖ есепке алу жазбасын құру туралы хабарламаларды/ескертулерді уәкілетті медицина қызметкерлеріне беру және өңдеу үшін электрондық денсаулық паспорты қабылдау кестесі туралы ақпаратты пайдаланады. Осы уәкілетті медицина қызметкері ЭМЖ есепке алу жазбасы үшін ЭДП мен ЭМЖ-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес жауапкершілік атқарады.



    4. Мониторинг және хабарламалар

    15. Электрондық бағыттағы кез келген транзакция консультация процессі аяқталғанша және олардың нәтижелері ЭДП-ға электрондық түрде сақтау үшін берілмейінше «ашық» немесе «ағымдағы» болып табылады, содан кейін олардың өкілеттіктері мен қызмет көрсету мерзімдері ЭДП мен ЭМЖ-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес аяқталады.

    16. Электрондық бағыт процессінің ағымдағы мәртебесін сипаттау үшін пайдаланылатын кодтардың мағыналары ЭДП-ға қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес анықталады.

    17. Бағыттауды бастамашылық еткен медициналық қызметтерді беруші электрондық бағыт процессінің ағымдағы мәртебесі туралы ақпаратты бағытты беру сәтінен бастап және медициналық қызметтер көрсетудің бүкіл мерзімі бойына және өкілеттіктер аяқталғанша алады.

    18. Электрондық бағытпен көзделген медициналық қызмет көрсету мерзімінің бойына бағытты алушы – уәкілетті медицина қызметкері негіздеме бар болған жағдайда не бас тартуға, не өкілеттіктерді қабылдап, бағыт бастамашысын бағыт процессінің барысы туралы, қорытынды клиникалық процесс және оның нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті. ЭДП мен ЭМЖ реттеу тәртібі, жағдайлары мен ережелері медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде ЭДП мен ЭМЖ-на қойылатын стандарттық талаптарға сәйкес қолданылады.

    5. Диагностикалық зерттеуге жіберу

    19. Электрондық бағыт жағдайында диагностикалық зерттеу мақсатында (зертханалық зерттеулерді өткізу) мынадай ерекшеліктермен осы стандарттық талаптарда белгіленген тәртіп пен шарттар қолданылады:

    ЭМЖ мен ЭДП-ндағы зертханалық нәтижелерді электрондық беру үшін тәртіп, шарттар мен стандарттар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

    Электрондық зертханалық нәтижелерге жататын е-денсаулық сақтау процессін осы стандарттық талаптардың нұсқасы қамтымайды және сондықтан Қазақстан Республикасындағы электрондық денсаулық сақтау іс-шараларының осы шеңберінен тыс болады. Тиісінше, осы процестерді уәкілетті медицина қызметкері консультацияны электрондық басқару процессінің бөлігі ретінде орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет