Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



жүктеу 172.34 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі172.34 Kb.
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-3, В-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;*

      7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.*

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

       жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

       4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

       5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

       6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*

       7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

       8) ғылыми дәрежесінің болуы.*



С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

       жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       3) В-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

       4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

       5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

       6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*

       7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

       8) ғылыми дәрежесінің болуы.*


* Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:




Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 041

275 664

С-3

154 071

208 205

С-4

138 248

186 551



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс, анықтама телефоны 8 (7172) 74-28-18, e-mail: a.doszhanova@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 05-2



Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде Департамент қызметін үйлестіру. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты және стратегияны қалыптастыру және оны жүзеге асыру мәселелерін, модернизация, БМСК дамуының басымдықтары, амбулаториялық-емханалық жедел және шұғыл медициналық көмек, дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмек көрсету, зертханалық қызмет, қан қызметі сұрақтары, әлеуметтік-маңызы бар ауруларға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша жетекшілік ету. Департамент директорымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің немесе денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Стратегиялық даму департаменті стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы, С-3 санаты, 10-01-01

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау. Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлауды, бақылауды, ұйымдастыруды және талдауды, басқармадағы өзара алмасушылықты қамтамасыз ету. Министрліктегі және одан тыс кеңестерде басқарма мүддесін ұсынуды және қорғауды жүзеге асыру. Басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, олардың сапалы және уақтылы орындалуына талдау жүргізеді. Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамаларды, стратегияларды, стратегиялық және операциялық даму жоспарларын әзірлейді және әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысады және үйлестіреді. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптама жасауға қатысады. Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми-практикалық конференцияларға, конгрестерге, симпозиумдарға, семинарларға және басқаларға қатысады. Денсаулық сақтау ұйымдарының бағыныстағы ведомстволарының, аумақтың даму бағдарламасындағы денсаулық сақтау бөлімінде стратегиялық және өзге директивалық құжаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүргізеді. Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөнінде Министрлікке бағынысты ведомстволық бағынысты ұйымдарды және аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтерін үйлестіру. Стратегиялық және басқа да директивті құжаттарға сәйкестікті аумақтарды, ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарын дамыту бағдарламаларына сараптама жасау. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар мен денсаулық сақтау саласының аумақтық органдарының қызметін үйлестіру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына және денсаулық сақтау ұйымдарының бағыныстағы ведомстволарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент), құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Амбулаториялық-емханалық және жедел медициналық көмек басқармасының бас сарапшысы (2 бірлік), С-4 санаты, 05-01-02, 05-01-03 (1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына 05.10.2019 ж қоса алғанда)

Функционалдық міндеттері: Амбулаториялық-емханалық көмек, жедел медициналық көмек және санитариялық авиация, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультациялық-диагностикалық, дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмек көрсету, зертханалық қызмет мәселелері, динамикалық қадағалау мәселелері бойынша жетекшілік ету, ауруларды басқару бағдарламасын енгізу. Амбулаториялық-емханалық деңгейде, шұғыл және жедел медициналық көмек, санитариялық авиация түріндегі медициналық көмек, травматологияда клиникалық хаттамаларды әзірлеуге қатысу; Көпшілік іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету; Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша ұйғарымдарды, пікірлерді, заңдарға түзетулерді, сонымен қатар Министрліктің қарауына келіп түскен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қарау және әзірлеу. Құзыреті шегінде бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша мемлекеттік органдармен бірлесе әрекет ету, Департамент қызметкерлерінің ІІМ ТЖК бірге маусымдық штабтық оқу-жаттығуларына қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша немесе мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының, біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Жұртшылықпен байланыс басқармасының - баспасөз қызметінің бас сарапшысы (1 бірлік), С-4 санаты, 14-03-02 (негізгі қызметкердік бала күтіміне байланысты демалыс уақытына 06.07.2019 г қоса алғанда)

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарымен Министрліктің өзара байланысты жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарынан денсаулық сақтау мәселелері бойынша жаңалықтарды іріктеу. Министрлік өткізетін іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және комитеттерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестік жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру. Министрлік Web-сайтының «Жаңалықтар» бөлімінің жұмысын үйлестіру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың хаттарын қарау. Министрлік өткізетін іс-шараларға қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс) немесе (орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі, оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті) мамандықтары бойынша жоғары білім, мүмкіндігінше негізгі мамандығы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік), С-4 санаты, 11-01-04 (негізгі қызметкердің жүктілік пен босануға байланысты демалыс уақытына 13.11.2018 ж. қоса алғанда)

Функционалдық міндеттері: Халықаралық ұйымдармен (БҰҰДБ, ДДҰ, ЮНИСЕФ, ЮСАИД, ЮНФПА, және т.б.) денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды дайындау. Халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы іске асырып жатқан және іске асырылуға жоспарланған жобаларын мониторингтеу және бақылау. Министрлік басшылығының халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулерін және келіссөздерін ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге және оларды түгендеуге қатысу. Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп министрлік басшыларының ресми шетелдік іссапарларына қатысуына қажетті талдамалық материалдарды, баяндамаларды дайындауға қатысу; ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыру. Басқа министрліктер мен ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ СІМ бөлімшелерімен (Консулдық қызмет департаменті және басқалар) құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің сайтына халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша материалдарды беру. Министрлік пен басқарма қызметінің саласымен байланысты құжаттарды мемлекеттік, шет тілдерге аудару, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар және қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықараралық қатынастар) мамандықтары бойынша жоғары білім. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекітетін жоғарыда көрсетілген басым мамандықтар бойынша шетелде жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігінше оқуды аяқтауы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің (магистратура) бар болуы және шет тілдерін меңгеруі. Осы мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін атқаруға қажетті келесі құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау жасай білуі, ұйымдастыра білуі, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Арнайы мамандандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Арнайы мамандандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.



Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен эссе жазады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________


      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________


______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет