Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



жүктеу 156.11 Kb.
Дата30.03.2019
өлшемі156.11 Kb.
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-5


104 102

140 746



Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-28-18, e-mail: zh.aisagalieva@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің аурулар профилактикасы мен мониторингі басқармасының сарапшысы (2 бірлік, 1 бірлік – жүктілік және босану демалысы мерзіміне), С-5 санаты, 05-03-04, 05-03-05

Функционалдық міндеттері: Басқармаға келіп түскен құжаттарды орындау, олардың сапалы және уақтылы орындалуына өзін-өзі талдау жүргізеді. Комитеттің стратегиялық қызметін ұйымдастыруға қатысады. Қоғамдық денсаулық сақтау саласы шеңберінде инфекциялық және негізгі әлеуметтік-маңызды инфекциялық емес аурулардың алдын алу және мониторингі бойынша жұмысқа талдау жүргізеді.Қоғамдық денсаулық сақтау саласы шеңберінде жобаларды әзірлеуге және нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға мониторинг жүргізеді. Басқарма құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша денсаулық сақтаудың жергілікті  органдарына, ведомствалық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша ДСМ-дегі семинарларға, коллегияларға, конференциялар және талдамалы материалды дайындауға қатысу. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан түскен сұратуларға жауап құру. Басқармаға түскен құжаттарды тағайындалған мерзімде сапалы және уақтылы орындау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (барлық мамандықтар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



  1. Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық білім беру басқармасының сарапшысы (2 бірлік, 1 бірлік – оқу демалысы мерзіміне 01.07.2018 дейін, 1 бірлік – жүктілік және босану демалысы мерзіміне 05.10.2017 дейін) С-5 санаты, 08-01-03, 08-01-04

Функционалдық міндеттері: Азаматтардың өтініштерін қарастыру және медициналық және фармацевтикалық білім беру мәселелері бойынша ұйымдастыру, іс-қағаздар жүргізу, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау бойынша білім беру ұйымдарының статистикалық есептеліктерін жинақтау, жалпылау және талдау, республика бойынша медициналық және фармацевтикалық білім беруге жетекшілік ететін мәселелер бойынша аналитикалық материалдарды даярлау, республика бойынша медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуде қатысу, медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру саласында нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, саланың стратегиялық қажеттілігіне сәйкес медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлауды жоспарлау, медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру бойынша бағдарламаларды ұйымдастыру және әзірлеу, медициналық және фармацевтикалық білім беру жағдайын талдау және монитрингі, қызметтік корреспонденция және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау, медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру мәселелері бойынша министрліктер, ведомстволар және медициналық ұйымдармен қарым қатынас құру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе жаратылыстану ғылымдар (биология, химия), білім беру (орыс тілі және әдебиет, шетел тілі: екі шетелдік тілдері) немесе гуманитариялық ғылымдар (шығыстану, пәлсәпә, филология) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



3. Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық ғылым және жаңа технологиялар басқармасының сарапшысы, (1 бірлік – бала күту демалысы мерзіміне 06.04.2019 дейін) С-5 санаты, 08-02-04

Функционалдық міндеттері: Ғылым мәселелері бойынша ұйымдастыру және азаматтардың өтініштерін қарастыру, іс-қағаздар жүргізу, ғылыми қызметкерлерді даярлау бойынша ғылым ұйымдарының статистикалық есептілігін жинақтау, жалпылау және талдау, республика бойынша ғылымның жетекшілік ететін мәселелері бойынша аналитикалық материалдарды даярлау, республика бойынша ғылымды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, саланың стратегиялық қажеттілігіне сәйкес ғылыми кадрларды даярлауды жоспарлау, ғылымды жетілдіру бойынша бағдарламаларды ұйымдастыру және әзірлеу, ғылым жағдайын талдау және монитрингі, ғылыми-зерттеулік ұйымдардың ғылыми өнімдері, жаңа медициналық және ұйымдастырушылық технологияларды енгізу қорытындылары мониторингін құру бойынша материалдар даярлау, ғылыми әзірлемелерді енгізу және ғылыми техникалық бағдарламаларды үйлестіру, оларды заң жағынан қамтамасыз ету, қызметтік корреспонденция жұмыс жасау, ғылымды жетілдіру мәселелері бойынша министрліктер, ведомстволар және медициналық ұйымдарымен қарым қатынас құру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржылар, менеджмент, есепке алу және аудит), техникалық ғылымдар және технология (ақпараттық жүйелер, басқару және ақпараттарды өңдеу), білім беру (орыс тілі және әдебиет, шетел тілі: екі шетелдік тілдері) немесе гуманитариялық ғылымдар (шығыстану, пәлсәпә, филология) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Инвестициялық саясат департаментінің денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту басқармасының сарапшысы (1 бірлік), С-5 санаты, 09-02-04

Функционалдық міндеттері: Даму бюджеттік жобаларын (құрылысқа, реконструкциялауға және сейсмикалық күшейтуге) іске асыру және қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің және стратегиялық құжаттардың жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жобасы бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру және орындау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету, оны іске асыру бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының жұмыстарын үйлестіру, соның ішінде дүниежүзілік банк, қазынашылық және басқа мүдделі ұйымдар арасындағы жұмыстарды үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент) немесе техникалық ғылым мен технологиялар (құрылыс, құрылыс материалдарының бұйымдар мен конструкциялардың өндірісі) мамандықтары бойынша жоғарғы білім.. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Заң қызметі департаментінің құқықтық талдау және талап-арыз жұмысы басқармасының сарапшысы (1 бірлік – бала күту демалысы мерзіміне 30.03.2018ж дейін ), С-5 санаты, 14-02-02

Функционалдық міндеттері Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында наразылық-талап жұмыстарының жүргізілуін талдау және үйлестіру, сотта, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдарда құқықтық мәселелер бойынша министрліктің мүддесін білдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары білім.. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).


Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:
C-5 санаты үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________


      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________________________________________


_________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА

НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)


_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)





ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения





2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)





3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения





4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)





5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками





6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)





7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)





8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)





ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема


босатылған/
увольнения














_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата


_______________
күні/дата







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет