Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау министрлігініњ



жүктеу 65.52 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі65.52 Kb.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Бекітемін

МСЭБК төрағасы

__________А.Белоног

«___»_______2007 жыл

«Валбрента Кемилакс» ЖШҚ (Ресей) өндірген

«БРОМ-БД» родентицидті затын қолдану жөніндегі


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

АСТАНА – 2007 жыл

«Валбрента Кемилакс» ЖШҚ (Ресей) өндірген

«БРОМ-БД» родентицидті затын қолдану жөніндегі


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Әдістемелік нұсқаулық Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ.д. К.С.Оспанов, орындаушы – профилактикалық және ошақты дезинфекция, дезинсекция, дератизация бөлімінің меңгерушісі – О.А.Хасенова).

«БРОМ-БД» родентицидті затын талдаудың физикалық-химиялық және талдамалық әдістері» бөлімін өндіруші фирма ұсынған.

Әдістемелік нұсқаулық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне (басқармаларына), санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталықтарына және дезинфекциялық қызметпен айналысуға құқығы бар басқа да мекемелерге арналған.


  1. Жалпы мағлұмат




  1. «Валбрента Кемилакс» ЖШҚ (Ресей) өндірген «БРОМ-БД» родентицидті заты құрамында 0,25% әрекет ететін заты бар бромадиолон негізінде жасалған қызыл немесе сары түсті мөлдір сұйық концентрат болып табылады.

Концентраттың құрамына келесі компоненттер кіреді: бромадиолон – әрекетті зат, «Битрекс» – ащы зат, қызыл немесе сары бояғыш, еріткіш. «Битрекс» пен бояғыш концентратқа міндетті түрде қосылатын қоспа болып табылады, және де родентицидті заттың белгіленбеген жерге кездейсоқ түсуіне (адамның немесе үй жануарларының улануы) жол бермеу үшін қажет.

  1. Бромадиолон негізіндегі еліктіргіштердің сұр егеуқұйрық пен үй тышқандарына қатысты жоғары биологиялық белсенділігі бар.

  2. Аталмыш зат жіті уыттылық параметрлері бойынша егеуқұйрықтардың асқазанына енгізу барысында родентицидтердің уыттылығы мен қауіптілігінің жіктегіші бойынша айтарлықтай қауіпті заттардың 2 класына жатады, зат пішіндік сезімділіктің жоқтығымен сипатталады (КВС егеуқұйрық/тышқан – 1,3); егеуқұйрықтардың терісіне бір мәрте енгізу барысында аталмыш зат аз қауіпті заттардың 4 класына жатады. Заттың асқазанға енгізу барысында айқын байқалатын жинақтайтын қасиеті (Ккум<1) және теріге қайта енгізу барысында кері соратын қасиеті бар. Заттың теріні тітіркендіретін қасиеті жоқ. Көздің сілемейлі қабығын аз шамада тітіркендіреді.

Жұмыс аумағының ауасында бромадиолонның ОБУВ 0,001мг/м³.


  1. «БРОМ-БД» затын қолдану аясы

4. Үйлерде, фермаларда, хайуанаттар паркінде, мал қораларында, қоймаларда, қоқыс үйінділерінде, тазарту станцияларында, порттық кешендерде, корабльдерде, шахталарда, метрополитендерде кеміргіштермен күрес жүргізу үшін.

5. Елді мекендердің құрылыс салынған және құрылыс салынбаған аумақтарындағы табиғи-ошақты жұқпа ошақтарында.

6. Дезинфекциялық қызметпен айналысуға құқығы бар ұйымдар мамандарының уландырылған еліктіргіштерді дайындауы үшін және оларды алауан түрлі санатты объектілердегі, сондай-ақ елді мекендердің құрылыстарына іргелес орналасқан ашық учаскелердегі сұр егеуқұйрықтар мен үй тышқандарын жоюы үшін қолдану.




  1. Уландырылған еліктіргіштерді дайындау және қолдану

7. Заттың концентратын құрамында 0,005% әрекет ететін заты бар родентицидті еліктіргіштерді әзірлеу үшін қолданады.

8. Еліктіргіштер концентратты қандай да болмасын жақсы сапалы тағамдық негізбен араластыру жолымен дайындалады (1кг тағамдық негізге 20мл). Қызықтыру үшін еліктіргішке алуан түрлі аттрактанттар қосылады, мысалға күнбағыс майы.

9. Дайын уланған еліктіргіштер сұр егеуқұйрықтар мен үй тышқандары мекендейтін жерлерге қойылады.

10. Дайын уланған еліктіргіштер 15-30г (тышқандар үшін), немесе 50-100г (егеуқұйрықтар үшін) пакеттерге салынады немесе кішігірім сыйымдылықтарға (еліктіргіш жәшік, қорапша тәріздес), арнайы контейнерлерге, сондай-ақ қатты қағаздан, полиэтиленнен жасалған төсеніштерге, қағаздан немесе пластиктен жасалған бір рет пайдаланатын табақшаларға салынады.

11. Бөлмелерде еліктіргіш салынған сыйымдылықтар кеміргіштердің жүретін жолдарына, әсіресе, бөлме бұрыштарына, қабырға маңына, жиһаздың астына, інілердің жанына қойылады.

12. Қойылған еліктіргіштердің жағдайы мен қаншалықты желінгенін бірінші қойылғаннан кейін 2 күн өткен соң бақылау керек. Кейін еліктіргішті 1 аптада бір тексеріп тұрады. еліктіргіштің порцияларын желінгені немесе ластанғанына қарай, сәйкесінше, қосып немесе жаңасымен алмастырып отырады. Егер еліктіргіш біраз уақыт желінбей тұрса, онда ол кеміргіштердің жоқтығын көрсетеді, мұндай жағдайда еліктіргішті бақылау мен алмастыру тоқтатылады.


  1. Сақтық шаралары

13. Затпен жұмыс жасауға 18 жасқа толған, арнайы нұсқаудан өткен және қан мен бауыр ауруларымен ауырмайтын тұлғаларға ғана рұқсат етіледі.

14. Затпен жұмыс жасау (еліктіргіштерді әзірлеу) барысында жеке қорғаныс құралдарын (резеңке қолғап, шаңнан қорғайтын матадан тігілген халат немесе комбинезон, бас киім, арнайы аяқ киім) қолдану керек.

15. Жұмыс барысында міндетті түрде жеке гигиена талаптарын сақтау керек, шылым шекпеу керек, тамақ ішпеу керек. Үзіліс уақытында және жұмыстан кейін бет пен қолды жылы сумен сабындап жуу керек.

16. Жұмыс аяқталғаннан кейін қолғапты, қолды, зат тиген құралдарды жылы сумен сабындап жуу керек.

17. Кірлеген арнайы киімді содалы-сабынды ерітіндіге (2,5% сабын, 0,5% сода) салып қою жолымен зиянсыздандыру қажет, содан кейін жуу керек.

18. Улы зат салынған ыдыс пен сыйымдылықтарды өзге мақсатта қолданбау керек. Заттың пайдаланбаған қалдықтарын пайдаға асыруға жіберу қажет.


  1. Уланған кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем

19. Заттың асқазанға (ауыз арқылы улану) кездейсоқ түсіп кетуі болған жағдайда әрекетті заттың жоғары дәрежеде уытты болуына байланысты улану болуы ықтимал, уланудың белгілері: бас ауыру, жүрек айну, жалпы әлсіздік, кейінірек қызылиектің қанағыштығы мен теріге қан құйылу пайда болуы мүмкін. Міндетті түрде ағзадан уды шығару шараларын қолдану қажет және зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету керек.

20. Алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары:


  • құстырту, активтендірілген көмір (активтендірілген көмірдің үгітілген 10-15 таблеткасы) мен тұзды іш айдатқы (екі стақан суға қосылған бір ас қасық глауберлі тұз) ішкізу қажет;

  • теріге тиген жағдайда жылы сумен сабындап жуу қажет;

  • көзге тиген кезде 10-15 минут бойы жылы сумен жуып, содан кейін ас содасының 2%-дық ерітіндісін тамызу керек;

  • алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, сондай-ақ улану белгілері байқалған кезде дереу дәрігерге барған жөн.

21. Уға қарсы зат ретінде К3 (викасол) немесе К1 (фитоменадион) витаминдерін немесе солардың негізінде жасалған препараттарды қолданған жөн.


  1. Тасымалдау, сақтау, қаптама.

22. Көліктің әр түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес затты қапталған түрде көліктің барлық түрімен тасымалдауға рұқсат етіледі. Затты жануарларға арналған азық, тағамдық өнім, дәрі-дәрмек және иісі бар химиялық заттармен қоса тасымалдауға тыйым салынады.

«У» деген жазулы этикеткасы бар бүтін қаптамада, арнайы жабылатын шкафта (сейфте) немесе құрғақ және жақсы желдетілетін, тағамдық өнімдер мен жемнен, сондай-ақ иісі бар химиялық заттардан бөлек жабық қоймаларда сақтау керек, мұнда заттың кірісі мен шығыны қатаң бақылауға алынуы тиіс.

«БРОМ-БД» родентицидті затын сақтау мерзімі 3 жыл.

23. Затты қақпағы тұмшалы жабылатын сыйымдылығы 1; 3; 5 және 10л канистрлерге салады. Зат салынған сыйымдылықтарды гофрирленген картоннан жасалған химиялық өнімге арналған жәшіктерге салады.

24. Зат кездейсоқ төгіліп қалған жағдайда – зат төгілген орынды құммен немесе ағаш үгіндісімен жауып, барлығын арнайы контейнерге мұқиятты түрде жинап алып, пайдаға асыруға жібереді.

25. Заттың ағынды, жер бетіндегі немесе жер асты сулары мен кәрізге түсуін болдырмау қажет.


  1. Сапаны бақылаудың физикалық-химиялық әдістері

26. Бақылауға алынған көрсеткіштер:



  • сыртқы пішіні – қызыл немесе сары түсті мөлдір сұйықтық;

  • бромадиолонның массалық үлесі – 0,25%±0,02%.

27. Сыртқы пішінін анықтау.

«БРОМ-БД» затының сыртқы пішіні зат сынамасын ақ фонда түссіз шыныдан жасалған пробиркада қарау арқылы анықтайды.

28. Бромадиолонның массалық үлесін анықтау.

Бромадиолонның массалық үлесін спектрліфотометриялық әдіспен анықтайды.

28.1. Өлшеу құралдары, реактивтер, ерітінділер.

Өлшеу барысында келесі өлшеу құралдары, реактивтер, ерітінділер қолданылады:

Құрал-жабдық.


  • «Спектролаб 2600» УФ спектрліфотометрі (Англия) немесе сол тәріздес құрал;

  • максималды жүккөтергіштігі 200г ВЛА-200 немесе ВЛР-200 типтес талдамалық таразылар; 2-25-2 өлшемді колбалары;

  • дәлдігі 2 класты градуирленген тамшуырлар, 4-2-1, 6-1-10 түзу.

Реактивтер.

  • ВЭЖХ санатты ацетонитрил;

  • құрамында 99%-дан кем емес негізгі заты бар бромадиолонның стандарты («СИГМА АЛДРИЧ» фирмасы).

Градуирлеу ерітіндісін әзірлеу.

0,0002г дәлдікпен өлшенген бромадиолонның³ 12мг мөлшерін (заттың 100%-ына есептегенде) 1:2 қатынаспен 10см³ изопропилді спирт пен ацетонитрил қосындысында ерітеді, мөлшерлі түрде 25см³ өлшемді колбаға ауыстырып, еріткішпен белгіге дейін жеткізеді. Содан соң тамшуырмен 5см³ аликвотаны айырып алып, 25см³ өлшемді колбаға ауыстыру қажет, және қайтадан еріткішпен белгіге дейін жеткізу керек.

28.2. Заттың құрамындағы бромадиолонның массалық үлесін «Спектролаб 2600» аспабында (Англия) немесе сол тәріздес құралда спектрліфотометрия әдісімен анықтайды.

28.3. Өлшеуді орындау.

1:2 көлемдік қатынаста 50г сұйық концентратты изопропилді спирт пен ацетонитрил қосындысына экстрагирлеу қажет. Затты экстрагирлеу бөлме температурасында магнитті араластырғышта 30 минут бойы жүргізіледі.

Экстракт қағаз сүзгі арқылы сүзіледі және «Спектролаб 2600» (Англия) тәріздес УФ-спектрліфотометрде спектрліфотометрленеді. Затты, сондай-ақ градуирлеу ерітіндісін спектрліфотометрлеу, толқынның 261нм ұзындығында жүргізеді.



ТҚН талаптарына сәйкестігін анықтау үшін зат құрамындағы әрекет ететін заттың массалық үлесін зерделеу нәтижелері статистикалық өңдеуден өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет