Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау



жүктеу 284.72 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі284.72 Kb.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау

қызметкерлері Кәсіподағының

2014 жылғы 10 желтоқсандағы XI съезінде

бекітілді


«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ»

қоғамдық бірлестігінің

Ж А Р Ғ Ы С Ы

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы, әрі қарай Кәсіподақ деп аталатын, өз мүшелерін кәсіптік мүдделерінің еңбектік ортақтығы негізінде біріктіретін тәуелсіз, дербес салалық мәртебелі қоғамдық ұйым болып табылады.

1.2. Кәсіподақ Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңдарына, халықаралық жалпыға бірдей қабылданған нормаларына және осы Жарғыға сәйкес қызмет істейді.

1.3. Кәсіподақ өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары және жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен, саяси партиялар және басқа қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз, олардың алдында есеп бермейді және бақылауға алынбайды.


  1. Кәсіподақ басқа кәсіподақтармен тығыз байланыс жасайды, республикалық және халықаралық кәсіподақ қозғалысына қатысады, шетелдік кәсіподақтармен және басқа қоғамдық ұйымдармен іскерлік байланыс жасайды.

  2. Кәсіподақ өз мүшелерін қорғауға бағытталған қаржы қорларын құруға құқылы

  3. Кәсіподақтың дербес балансы, банктік, оның ішінде валюталық есепшоты, мөрі, мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, өзінің рәміздері мен атрибутикасы бар

1.7. Кәсіподақтың толық ресми атауы:

  • мемлекеттік тілде – «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ;

  • орыс тілінде – ОО «Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников здравоохранения».

Қысқартылған атауы:

  • мемлекеттік тілде – «ҚДСҚСКО» ҚБ;

  • орыс тілінде – ОО «КОПСРЗ».

Кәсіподақтың басқару органының мекенжайы: Астана қ., Алматы ауданы, Абай даңғылы, 38 үй.


  1. КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚЫЗМЕТ НЫСАНАСЫ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ




  1. Дәрігерлік, фармацевтикалық тағы басқа денсаулық сақтау жүйесіндегі мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда істейтін, басқа да халық денсаулығын сақтау және сауықтыру саласында мүліктік меншік және ұйымдық-құқықтық түрлеріне қарамастан қызмет атқаратын жоғары және арнаулы орта оку орындарында оқитын студенттер мен оқушылар және Кәсіподақ Жарғысын қабылдайтын, кәсіподаққа мүшелік жарна төлейтін кез келген азаматтар Кәсіподақтың қызмет нысанасы болып табылады.

  2. Кәсіподақ мүшелерімен қарым-қатынасын тең праволық, әріптестік, ынтымақтастық негізінде құра отырып, олар еңбек, кәсіптік, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылады және қызметін атқарады.

2.3. Кәсіподақ сайланбалы органдары арқылы өз мүшелерін қорғау үшін:

- кәсіподақ ұйымдарының қызметін біріктіреді, бағдарлама береді және үйлестіреді;

- кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік органдары және жұмыс берушілер, сотта өкілеттік етеді және қорғайды, сонымен қатар прокуратураның бақылауындағы кейбір құқықтық және нормативтік құқықтық актілерге қарсылығын білдіре алады;

- мемлекеттік билік органдары, жұмыс берушілер өкілдерімен келіссөз жүргізеді, келісімдер, ұжымдық шарттар жасасуда әлеуметтік серіктес тарапы болады және олардың орындалуын бақылайды;

- мемлекеттік билік органдарына Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары және мүдделеріне қатысты заң құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді, олардың құқықтарына шек қоятын нормативтік актілердің күшін жоюды талап етеді;

- еңбек заңын, еңбекті қорғау және қауіпсіздікті сақтау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысады қатысады;

- әлеуметтік еңбек қатынастары, оның ішінде еңбекті нормалау және еңбекақыны ұйымдастыру, бюджет және салық саясаты, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен заң жобаларын әзірлеуге қатынасады немесе тиісті мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын енгізеді;


  • ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатынасады;

  • кәсіподақ кадрлары мен активінің біліктілігін арттыруға оқу, даярлау, қайта даярлау ұйымдастырады, сонымен қатар медиация сұрақтары бойынша;

- еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандарды аттестациялауға қатынасады;

- өмір деңгейі, отбасы бюджеті, инфляция, жұмыссыздық, еңбекті қорғау, кадрларды кәсіптік дайындау және білімін жетілдіру және басқа сұрақтар бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және мемлекет саясатының әлеуметтік бағытта болуына атсалысады;

- кәсіподақ мүшелеріне дәрігерлік және зейнетақылық, қамсыздандыру, санаторлық-курорттық емдеу, демалыс ұйымдастыруға және мамандығын арттыру мен қайта дайындаудан өтуіне көмек көрсетеді;

- өз мүшелеріне және құрылымдық бөлімдеріне ұйымдастырушылық, кеңестік, құқықтық және материалдық, қайырымдылық көмек береді;

- заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша өз өкілдерін Қазақстан Республикасы Парламентіне және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ұсынады;

- заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жиналыстар, митингілер, бой көрсету шерулер, ереуілдер және басқа бұқаралық акцияларды ұйымдастырады және өткізеді;

- осы Жарғыда белгіленген мақсаттарын орындау үшін шаруашылық қызмет атқарады, кәсіпорындар, сақтандыру және қаржы қорларын, ынтымақтастық қорын және басқа да қорларды құрады; акциялар және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және кәсіпкерлік қызметті дамытады;

- ақпараттық мәліметтендіру және баспа қызметін атқарады;

Кәсіподақ мүшелері тиісті кәсіподақ құрылымдары арқылы өкілеттік еткен басқа да қызметтерді атқарады.


  1. КӘСІПОДАҚҚА МҮШЕЛІК




  1. Дәрігерлік, фармацевтикалық тағы басқа денсаулық сақтау жүйесіндегі мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда істейтін, басқа да халық денсаулығын сақтау және сауықтыру саласында мүліктік меншік және ұйымдық-құқықтық түрлеріне қарамастан қызмет атқаратын жоғары және арнаулы орта оку орындарында оқитын студенттер мен оқушылар және Кәсіподақ Жарғысын қабылдайтын, кәсіподаққа мүшелік жарна төлейтін кез келген азаматтар Кәсіподаққа мүше бола алады.

Кәсіподақ мүшесі басқа кәсіподақтар қатарында бола алмайды.

  1. Кәсіподаққа мүшелік әр адамға ерікті. Кәсіподаққа қабылдау және одан шығу әр адамның сәйкес келетін кәсіподақ ұйымына жолдаған жазбаша жеке өтініші бойынша атқарылады.

Кәсіподаққа қабылдау туралы шешім Кәсіподақ мүшелерінің саны 30-дан кем болған жағдайда бастауыш ұйымның жиналысында, егер 30-дан артса – кәсіподақ бюросының, кәсіподақ комитетінің мәжілісінде қабылданады да, осы шешім бастауыш ұйымның жиналысында /конференциясында/ мәлімденеді.

Кәсіподақ мүшесі болып қабылданған адамға белгіленген түрдегі Кәсіподақ билеті беріледі. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу жұмыс не оқу орнындағы бастауыш ұйымның есеп карточкалары арқылы жүргізіледі.



  1. Мекемеде, ұйымда, кәсіпорында бастауыш кәсіподақ ұйым болмаған жағдайда кәсіподақ мүшесі болу және одан шығу туралы шешімді жекелеген тәртіппен кәсіподақтың жергілікті филиалы қабылдайды.

  1. Кәсіподаққа мүшелік стаж мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап саналады.

  1. Кәсіподақ стажы мүшелік жарналарын уақтылы төлеп тұрған мына жағдайдарда сақталады:

- жасына не мүгедектігіне байланысты жұмысын тоқтатқан зейнеткерлер үшін;

- штат қысқарту салдарында, мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жойылып, уақытша жұмыссыз қалғандар үшін, басқа қызметке қабылданғанға дейін;

3.6. Кәсіподақ мүшесінің құқықтары:

- кәсіподақ және оның органдары тарапынан мемлекеттік билік, жұмыс беруші, сот және басқа органдар алдында өзінің еңбектік, кәсіптік және басқа әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- кез келген Кәсіподақ органы не ұйымынан ақыл - кеңес алып, өзінің өтініші не ұсынысы бойынша нақты жауап алу;

- еңбек және басқа даулар бойынша Кәсіподак органдары көрсететін тегін заңгерлік кеңес алу;

-кәсіподақ қаражатынан материалдық, қайырымдылық көмек алу;

- кәсіподақ органдарын сайлауға және өзі сайлана алу;

- кәсіподақ жұмысына қатысу, оған байланысты сұрақтар ұсынып, оның талқысына еркін қатысу, сайланылған органдардың қызметіне баға беріп, осы органдардың жұмысы туралы кез келген ақпарат алу;

- кәсіподақ жүргізген келісімдер мен шарттарға байланысты көзделген қосымша жеңілдіктер мен үстемелер алу.

3.7. Кәсіподақ мүшесінің міндеттері:

- Жарғыға бағыну, бастауыш ұйымы мен жоғарғы кәсіподақ органдарының шешімін орындау;

- ай сайын белгіленген тәртіп пен мөлшер бойынша, кәсіподақ мүшелігінің жарнасын төлеу;

- жеке не ұжымдық еңбек шарттары мен келісімдерде көрсетілген міндеттерді орындау;

- кәсіподақ мүшелері өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға ауызбірлік білдіріп, кәсіподақтың жалпы қозғалысын қолдау.

3.8. Кәсіподаққа мүшелік оның қатарынан шыққанда не шығарылғанда тоқтатылады.

Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы сұрақ кәсіподақ мүшесінің өзінің жарғылық міндеттерін орындамағанда не кәсіподақ бірлігін бұзатын басқа да зиян келтіретін әрекеттері үшін қойылады.

3.9. Кәсіподақ мүшесі өзінің жарғылық міндеттерін орындамаса, ол 6 айға дейін Кәсіподақ жеңілдіктерінен айырылады.

3.10. Кәсіподақ жеңілдіктерінен айыру және мүшеліктен шығару туралы шешімді Кәсіподаққа қабылдау құқы бар орган не кәсіподақтың сайланбалы жоғарғы органдары қабылдай алады, ол туралы бастауыш ұйым мәлімденеді.

Осы шешім кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қабылданады. Себепсіз жағдаймен кәсіподақ мүшесі осы сұрақ қаралуынан бас тартса, шешім оның қатысуынсыз қабылданады.

Шешім, толық негізі бар жиналысқа не сайланбалы органның мәжілісіне қатысушы адамдардың үштен екі бөлігінен кем емес дауыс берсе, қабылданған болып саналады.

3.11. Кәсіподақ мүшесі жеңілдіктермен пайдалану құқығынан айырылғаннан не кәсіподақ мүшелігінен шығарылғаннан кейін екі ай мерзімде қабылданған шешімді сайланбалы жоғарғы Кәсіподақ органдарынан қайта қарауды талап ете алады.

3.12. Кәсіподақ мүшелігінен шығарылған адам жалпы негізде, бірақ бір жылдан кем емес уақыттан кейін кәсіподақ мүшелігіне қабылдана алады.

3.13. Кәсіподақ мүшесі бастауыш ұйыммен байланысы үзіліп, жұмыстан шығып не ауысуына байланысты кетіп қалса, ол бастауыш ұйымның санағынан шығарылады.

3.14. Кәсіподақ мүшесі негізсіз себептермен қатарынан үш ай бойы мүшелік жарнасын төлемесе, сол ақысын өтегенге дейін Кәсіподақ қорғауынан ажыратылады. Одан әрі оны Кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы сұрақ шешіледі.

3.15. Кәсіподақ мүшелігінен шығып кеткен не шығарылған адам Кәсіподақ тарапынан қорғау және кәсіподақ меншігімен пайдалану құқығынан айырылады, бұрын төленген жарналардың жалпы құны кері қайтарылмайды.



  1. Кәсіподақ жұмысына белсене қатысқаны үшін Кәсіподақ мүшелері мынадай жеңілдіктер мен құрметке ие бола алады:

- кәсіподақтың құрмет белгілері мен атақтарын алу;

- алғыс;

- Орталық Кеңестің және оның құрылымдарының сайланбалы органдарының грамотасымен марапаттау;

- ақшалай, құнды заттай сыйлықтар, сувенирлер беру;

- демалыс, санаторлық-курорт орындарына және туристік жолдамалар беру.




  1. КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1. Кәсіподақ өндірістік көп салалық сипат бойынша құрылады және қызметін мына қағидалар негізінде қалыптастырады:

- салалалық Кәсіподақ қозғалысының бірлігі;

- Кәсіподақ мүшелігіне еркін кіру және еркін шығу;

- Кәсіподақтың төменнен жоғарыға дейін барлық органдарының сайланушылығы, олардың кәсіподақ мүшелері және жоғарғы Кәсіподақ органдары алдында есеп беріп тұратындығы;

- барлық сайланбалы органдар жұмысындағы алқалық қабылданған шешімдер және тапсырмаларды орындау үшін жеке жауапкершілігі;

- Кәсіподақ жоғарғы органдары шешімдерінің төменгі кәсіподақ органдарына, кәсіподақ мүшелеріне және мүшелік ұйымдарға міндеттілігі;

- Кәсіподақ жоғарғы органдарының Кәсіподақ Жарғысына кайшы қабылданған төменгі кәсіподақ органдары мен ұйымдары шешімдерінің күшін жоюы, тоқтатылуы, жоғарғы кәсіподақ органдарының шешімдері;

- біріңғай қаржы саясаты;

- кәсіподақ активтерінің біліктілігін арттыруға, оқытуға негізделген біріңғай кадр және актив саясаты, кадрлық резервті сапалы даярлау;

4.2. Кәсіподақ құрылымы осы біріңғай Жарғы шеңберінде заңды тұлға құқығына ие емес мына құрылымдық бөлімдерді қамтиды;

- бастауыш ұйымдар;


  • филиалдар;

  • Кәсіподақ өкілі.

4.3. Бастауыш ұйым.

4.3.1. Бастауыш ұйым Кәсіподақтың ішкі құрылымына және оның филиалдарына кіреді.

4.3.2. Бастауыш ұйым бір мекемеде, ұйымда, кәсіпорында дәрігерлік, фармацевтикалық және денсаулық сақтау мен сауықтыру салаларында басқа да жұмыс жасайтын немесе оқу орнында оқитын, кем дегенде үш кәсіподаққа кіруге өтініш жасаған азаматтар болғанда құрылтай жиналысында құрылады.


  1. Бастауыш ұйымның жиналысы /конференциясы/ жылына кем дегенде екі рет өткізіледі. Жиналыстың (конференцияның) өткізілетіні, өтетін мерзімі, күн тәртібі, орны туралы кәсіподақ мүшелері кемінде екі апта бұрын хабарландырылады.

Кезектен тыс жиналыс /конференция/ кәсіподақ комитеті өз ынтасымен, жоғары кәсіподақ органының шешімімен немесе ұйым мүшелерінің үштен бірінің талабымен шақырылады. Оның өтетін мерзімі, күн тәртібі, орны туралы мәлімет кәсіподақ мүшелеріне ең кем дегенде бір жұма бұрын хабарландырылады.

Жұмысына бастауыш ұйым мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жиналыс құқыққа сай болып табылады.

Жұмысына сайланған делегаттардың үштен екісінен кем емесі қатысқан конференция құқыққа сай болып табылады

4.3.4. Жиналыс /конференция/ бастауыш ұйымның жұмысына қатысты кез-келген сұрақты қарай алады. Жиналыстың /конференцияның/ тікелей құзырына:

- бастауыш ұйым жұмысының басыңқы бағыттарын анықтау:

- кәсіподақ комитеті, тексеру комиссиясының есептерін тыңдап, талқылау;

- бастауыш ұйым басқарушысын /кәсіподақ ұйымдастырушысын/, кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының төрағаларын сайлау;

- кәсіподақ мүшелерінің атынан жұмыс берушімен келіссөз жүргізіп, ұжымдық шартқа кіретін мәселелерді анықтау;

- жұмыс беруші не оның өкілдерінің ұжымдық шартты орындау туралы есебін тыңдау;

4.3.5. Күнделікті жұмысты атқару үшін бастауыш ұйым:

- 30-дан кем Кәсіподақ мүшесі болса, кәсіподақ ұйымдастырушысын;

- 30-дан артық Кәсіподақ мүшесі болса, төраға басқаратын кәсіподак комитетін сайлайды.

Бастауыш ұйым өз қызметін Кәсіподақ ОК Атқару Комитеті бекіткен Кәсіподақтың Жарғысы мен Ережесіне сәйкес атқарады.

4.3.6 Кәсіподақ комитетінің мәжілісі қажетіне қарай немесе ең кемінде үш айда бір рет өткізіледі. Кәсіподақ комитеті Жарғыда көрсетілген өкілеттігіне байланысты күнделікті жұмыс атқарып, қойылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды, өз жұмысы туралы жиналыс /конференция/ және жоғарғы Кәсіподақ органдарының алдында есеп береді. Жиналыс /конференция/ құзырына жататын мәселелер туралы шешім қабылдауға құқы жоқ;

4.3.7. Кәсіподақ комитетінің шешімінің бастауыш ұйымның құрылымдық бөлімдерінде кәсіподақ топтары, кәсіподақ бюролары /цехком/ құрылады оларға жұмыс шеңберінде кәсіподақ комитетінің құқы берілуі мүмкін.

4.3.8. Кәсіподақтың бастауыш ұйымы мөр, бланктер мен тиісті үлгідегі мөртанбаға ие.

4.3.9. Территориалық бытыраңқылықты ескере отырып тиісті филиалдың шешімімен бастауыш ұйымдардың төрағаларының Кеңесі құрылуы немесе Кәсіподақтың өкілі лауазымы енгізіледі.

4.3.10. Заңды тұлға /кәсіпорын, ұйым/ қайта құрылса сондай-ақ меншік ауысқан жағдайда бастауыш кәсіподақ ұйымы алдыңғы әрекет еткен бастауыш ұйымның кәсіподақ мүшелері алдындағы осыдан туындайтын барлық мүліктік, басқа да құқықтары және міндеттерімен бірге заңды мұрагер болып табылады.

4.3.11. Бастауыш ұйымның төрағасы сол ұйымның өкілетті өкілі ретінде келесі мәселелерді шешуге құқы бар:

- комитет құзырына тікелей қатыспайтын жедел сұрақтарды өз еркімен шешуге;

- кәсіподақ комитеті мен кәсіподақ жиналысы, конференциясы, кәсіподақ комитеті мәжілісіне қаралатын сұрақтарды дайындап, олардың шешімдерін әзірлеу үшін тұрақты және комиссиялар құрады және ол жұмысқа сарапшылар тобын және уақытша кәсіподақ активін шақыруға;

- кәсіподақ комитетінің мәжілісін шақырып, оны жүргізіп отыруға, қабылданған шешімдер мен хаттамаларға қол қоюға;

- кәсіподақ комитетінің штатындағы қызметкерлердің жұмысын басқаруға;

- кәсіподақ мүшелері мен ұйым қызметкерлерінің атынан ұжымдық келісім-шартқа қол қоюға;

- кәсіподақ комитетінің келісімімен қаржы саясатын және соған байланысты басқа да шаруашылық жұмыстарды басқаруға;

- сайланбалы кәсіподақ активінің оқуын ұйымдастыруға;

- кәсіподақ мүшелерінің жеке талабы және жазбаша өтініші бойынша, ұжымдық келісім шарт негізінде мүшелік кәсіподақ жарналарын уақтылы қолма қол емес жолмен, Жарғыда белгіленген мөлшерде, аталған филиалдың есепшотына аударылуын бақылауға;

- Кәсіподақтың тиісті филиалына кәсіподақтың мүшелік жарнаның дер кезінде және толық аударылуына жеке жауапкершілікте.



  1. Кәсіподақтың филиалы

4.4.1. Кәсіподақтың филиалы бір аймақтың құрамында ең кемі он бастауыш кәсіподақ ұйымы болғанда және өз қызметін Орталық Кеңестің Атқару Комитеті бекіткен Ереже негізінде атқарған жағдайда Кәсіподақ Орталық Кеңесі Атқару Комитетінің шешімімен құрылады.

4.4.2.Кәсіподақ филиалы жергілікті әділет органдарында есептік тіркеуден өткеннен кейін банкте өзінің есеп-шотын ашып, арнаулы бланкілер, мөр, штампқа ие болуға құқы бар.



  1. Кәсіподақ филиалының конференциясы филиалдың Атқару Комитетінің немесе Кәсіподақ Орталық Кеңесі Атқару Комитетінің шешімімен бес жылда бір рет шақырылады.

Конференцияның өту мерзімі мен орнын, өкілдік нормасын, конференцияға делегаттарды сайлау тәртібін филиалдың Атқару Комитеті кемінде бір ай бұрын белгілейді.

Кезектен тыс конференция филиалдың (Атқару Комитетінің) сайланбалы органының ынтасымен, ұйымға кіретін бастауыш ұйымдардың екіден үш бөлігінің талабымен немесе Кәсіподақ Орталық Кеңесі Атқару Комитетінің шешімімен шақырылады. Кезектен тыс конференцияны шақыру туралы шешім кем дегенде екі апта бұрын хабарландыру арқылы қабылданады.

  1. Кәсіподақ филиалы конференциясының ерекше құзырына мыналар жатады:

- филиал Кеңесінің және тексеру комиссиясының жұмысы туралы есебін тыңдау;

- филиал жұмысының ең басты бағыттарын анықтау;

- тікелей жіберу ұстанымы бойынша филиал Кеңесін жасақтайды Кәсіподақ филиалы Кеңесінің мүшелерін сайлап, олардың өкілеттігін бекіту;

- Кәсіподақ филиалының төрағасын және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;

- филиалға қатысты басқа да мәселелерді, филиалды жою мәселесінен басқасын, шешеді.

4.4.5. Конференция аралығында Кәсіподақ филиалының жұмысын конференция шешімімен құрылған Кеңес басқарады. Кеңес жұмысын төраға басқарады. Кеңес мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде жылына екі рет өткізіледі.

4.4.6. Кәсіподақ Кеңесі өз жұмысының басты бағыты ретінде жалпы Кәсіподақтың алдына қойған негізгі міндеттерді басшылыққа ала отырып:

- филиал төрағасының ұсынысымен оның орынбасарын сайлайды және қызметінен босатады;

- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын реттеп, оларға нақтылы көмек көрсетеді, сол сияқты кәсіподақ ұйымдары мен оның мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік органдары мен сот және басқа органдар алдына және жұмыс берушілер алдында қорғайды;

- бастауыш кәсіподақ ұйымының шешімімен Кеңес құрамына ұсынған азаматтардың өкілеттігін бекітеді;

- атқарушы комитетті сайлайды;

- филиал төрағасы мезгілінен бұрын өкілеттігін тоқтатқан жағдайда, сайлау өткізеді;

филиал төрағасы, оның орынбасары мезгілінен бұрын өкілеттігін тоқтатқан жағдайда, қайтадан сайлау өткізуге құқы бар;

- кәсіподақ жұмысына байланысты бекітілген Кәсіподақ Жарғысы аясында конференцияның ерекше құзырына жататын мәселелерден басқа сұрақтарды қарауға құқы бар;

- кәсіподақ ұйымы өз жұмысы аясында тек Кәсіподақ филиалы конференциясы мен Кәсіподақтың Орталық Кеңесі алдында есеп береді.

- құрылымдық бөлімшелердің қызметін тоқтату бойынша шешім қабылданған кезде тексеру комиссиясының қортындысын бекітеді.

4.4.7. Күнделікті жұмыс жүргізу үшін Атқару комитеті сайланады, оның мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде үш айда бір рет өткізіледі.

4.4.8. Атқару комитеті:

- жоғарғы Кәсіподақ басқарушы органдарының, конференциялары мен Кеңес мәжілісінің және өз шешімдерінің орындалуын бақылап, оларды орындау шараларын іске асырады;

- жұмыс берушілермен немесе олардың өкілдерімен келісім-шарттың негізгі қағидаларын анықтайды;

- мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілермен келісім жүргізу үшін өздерінің арнайы өкілдерін тағайындайды;

- жергілікті жерде денсаулық сақтау саласының мәселелеріне байланысты көтерілген мәселелерге өз үлесін қосып, оны жүзеге асыратын шаралардың орындалуына ықпал етеді;

- бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қаржы, шаруашылық жұмысын, Жарғыға байланысты іс-әрекетін, жоғарғы Кәсіподақ органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалап, жұмыс бағытына ұсыныстар жасайды;

- кәсіподақ құрылымына кіретін ұйымдардың Жарғыға және жоғарғы Кәсіподақ органдарының шешіміне қайшы келетін шешімдерінің күшін жою туралы шешім қабылдайды;

- негізгі себептермен Кәсіподақ Жарғысы мен шешімдерінде жоғарғы кәсіподақ ұйымдарының көрсетілген талаптарға қайшы іс-әрекеттері үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жеке жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Егер кәсіподақ төрағасының іс-қимылы Жарғыдағы бағыт мақсаттарға қайшы келсе, онда оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданады, керек жағдайда кәсіподақ комитетінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін;

- пайдалы тәжірибелерді көпшілікке таратып, кәсіподақ активінің оқуын ұйымдастырады;

- филиалдың жалдамалы қызметкерлер штатының санын, сондай-ақ филиалдың және бастауыш ұйымдарының кәсіподақ бюджетінің сметасын бекітеді;

- бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау туралы шешімін бекітеді. Қарастырылған кандидатура бекітілмеген жағдайда сайлаудың қайта өтуі туралы шешім қабылдайды.

- құзырына тиісті, мәселелерден басқа, күнделікті өмір аясында кездесетін мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы;

- өз жұмысы туралы тек конференция алдында, филиал Кеңесінің, Кәсіподақ Орталық Кеңесінің алдында есеп береді.

4.4.9. Кәсіподақ филиалы төрағасы:

- филиал жұмысын басқарып, филиалдың Атқару комитеті мен Кеңесінің құзырына кірмейтін, жедел қойылған мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

- филиал штатындағы қызметкерлердің жұмысын басқарады, олармен еңбек шартына отырады және тиісті заңға сәйкес еңбек шартын бұзады;

- Кәсіподақтың атынан жұмыс берушілер және олардың одағымен, кәсіподақ құрылымдары және тағы басқа мекемелермен келісім шартқа қол қояды;

- Кәсіподақтың жоғарғы органдары және филиалдың Атқару комитеті мен Кеңесінің берген өкілеттігіне сәйкес қаржы саясатын жүргізеді;

- Кәсіподақ Атқару Комитеті мен Кеңесінің, сондай-ақ филиалдың Атқару Комитеті мен Кеңесінің шешіміне сәйкес басқа да оған жүктелген міндеттерді атқарады.

- жарғылық міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте;

- филиалдың Атқару комитетінің атынан негізгі қызметінен босатылған кәсіподақ комитеттерінің төрағаларымен еңбек шартына отырады және еңбек шартын бұзады;

4.5. Сайланбалы органдардың мәжілістерінің, кәсіподақ жиналыстарының шешімі, егер жиналыстар мен мәжіліс отырысына кәсіподақ мүшелерінің тең жартысынан астамы қатысқан жағдайда, ал конференциялар мен съездердің шешімі сайланган делегаттардың үштен екісі қатысқан жағдайда, егер Жарғының өзге пункттерінде басқаша көрсетілмесе, қабылдануға негізі бар.

4.6. Сайланбалы органдардың мәжілісінің, жиналыс, конференциялардың және съездің шешімі тек кворум және көпшілік дауыс алған жағдайда қабылданады және ол шешім заң талабына сәйкес келеді, егерде Жарғы бойынша басқа тұжырымдамалар болмаса.

4.7.Съезд, конференция, жиналыс сайланбалы органдардың мәжілісінің күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша шешім, осы шараларға қатысушылардың ұсынысымен ашық немесе дауыс беру арқылы қабылданылады.


  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ

ОРГАНДАРЫ
5.1. Кәсіподақ қызметі республика облыстарының жартысынан артығын қамтыған жағдайда кұрылады.

5.2. Съезд – Кәсіподақтың ең жоғарғы органы болып табылады және ол кемінде бес жылда бір рет Орталық Кеңеспен шақырылады. Съездің өту мерзімі мен орнын, күн тәртібін, өкілдік нормасын, съезге делегаттарды сайлау тәртібін филиалдың Атқару Комитеті екі ай мерзім бұрын белгілейді.

Кәсіподақтың кезектен тыс съезі Орталық Кеңестің шешімімен немесе салалык кәсіптік одақ құрамына кіретін ұйымдардың ең кем дегенде тең жартысының талабы бойынша шақырылады, ол туралы шешім кем дегенде бір ай бұрын қабылдану керек.

Қажет болған жағдайда кезектен тыс съезді Атқару Комитеті шақырады.

Съезд сайланған делегеттардың үштен екісінен кем емес бөлігі қатысса, өз жұмысын бастауға құқықты болып саналады.

5.3. Кәсіподақ съезі:

- Кәсіподақ Орталық Кеңесі мен Кәсіподақ тексеру-бақылау комиссиясының өз жұмысы туралы есебін тындайды және талқылайды, олардың жұмысына баға береді;

- іс-әрекеттердің бағдарламасын және Кәсіподақтың кезекті мәселелерін айқындайды;

- Кәсіподақтың Жарғысын, оған енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды, Кәсіподақтың Тексеру комиссиясы және бастауыш ұйым мен филиалдың Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекітеді.

- Орталық Кеңесті тікелей жіберу принципі бойынша жасақтайды;

- Кәсіподақ төрағасын және Тексеру-бақылау комиссиясының мүшелерін сайлайды;

- Кәсіподақтың мүшелік жарнасы туралы ережені қабылдайды, онда кәсіподақ мүшелерінің жарнасының міндетті түрде аударылатын мөлшері белгіленеді.

- Кәсіподақ қызметінің қысқарғаны туралы шешім қабылдайды;

- Кәсіподақ қызметімен байланысты басқада шешімдер қабылдайды;



  1. Съездер аралығында Кәсіподақтың басқарушы органы, Кәсіподақ төрағасымен басқарылатын, Кәсіподақтың Орталық Кеңесі болып табылады. Орталық Кеңестің мәжілістері қажетіне қарай ең кемінде жылына бір рет өткізіледі және құрамына қарай ең кемінде мүшелердің жартысынан көбі қатысқан жағдайда құқықты болады.

5.5. Орталык Кеңес өз жұмысын бекіткен Ережеге сәйкес және келесі мәселелер бойынша өз шешімін қабылдауға құқы бар:

- съезде көтерілген мәселелер, Жарғыдағы көрсетілген кәсіподақтың негізгі мақсаттары, принциптерінің орындалуын қадағалайды;

- салалық кәсіподақтың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік билік, сот, шарушылық органдар мен басқа қоғамдық құрылымдар алдында өкілеттік етеді және қорғайды;

- өз құрылымына кіретін кәсіподақ ұйымдарының жұмысын реттеп, оларға кеңес береді, құқықтық көмек көрсетеді;

- Кәсіподақ төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтадан сайлау өткізеді;

- Кәсіподақта есеп беру және қайта сайлау туралы және олардың өткізілетін мерзімі мен реті туралы шешім қабылдайды;

- Кәсіподақ төрағасының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (ларын) сайлайды;

-Кәсіподақтың тұрақты қызмет атқаратын комиссияларының жұмысы туралы Ережені бекітеді.

- съезд алдында өз қызметі туралы есеп береді;

- Кәсіподақ пен оның құрылымдық бөлімдері басшыларының Кәсіподақ Жарғысы мен оның шешімдерінің орындалуы туралы есептерін тыңдайды;

- Атқару Комитетін сайлайды;

- Съездің шешімімен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

5.6. Жедел және күнделікті жұмыстарды атқару үшін құрамында кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары /лары/ және мүшелері бар Аткару комитеті сайналады. Аткару комитетінің мәжілісі қажетіне қарай ең кемінде үш айда бір рет өткізіліп, құрамына сайланған мүшелерінің жартысынан артығы қатысқан жағдайда оның шешімдері құқықты болып саналады.

5.7. Аткару комитеті:

- Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мәжілісін шақырып, оның күн тәртібімен өткізілетін орнын белгілейді;

- съезд және Орталық Кеңес шешімдерінің орындалуын қадағалайды;

- кәсіподақ қызметкерлері мен активінің оқуын ұйымдастырып, пайдалы тәжірибелерді көпшілікке таратады;

- Орталық Кеңесің ішкі құрлымы мен штат кестесін бекітіп, төрағаның ұсынысымен бөлім меңгерушілерін бекітеді;

- Кәсіподақ құрылымына кіретін ұйымдардың қызметі туралы статистикалық мәліметтердің жүйесін анықтайды, олардың уақытында тапсырылуын қадағалайды;

- жыл сайынғы жиынтық статистикалық есепті қарайды және бекітеді;

- Кәсіподақ кіріс-шығыс сметасын бекітіп, белгіленген өкілеттік шеңберінде, қарауындағы мүліктің сақталу және оны қолдану туралы нормативтік актілер қабылдайды;

- Кәсіподақтағы еңбекақы төлеу мөлшері мен жүйесін белгілейді;

- өзінің құрылымындағы ұйымдарының Жарғыда көрсетілген ережелер мен міндет-мақсаттарын орындау барысы және қаржы шаруашылық жұмысын тексеру туралы шешім қабылдап, егер де тексеру барысында жұмыс аясында жіберген кемшіліктері болса, онда істің аңық-қанығы шешілгенше банкідегі қаражатын пайдалануға тыйым салады;

- Кәсіподақ Жарғысы мен алқалы органдарының шешімдеріне қайшы келетін төменгі кәсіподақ ұйымдарының қаулыларының күшін жояды, қабылданған шешім туралы кәсіподақ мүшелерін хабардар етеді;

- Кәсіподақтағы біріңғай кадрлық саясатты анықтайды, оның ішінде кәсіподақ кадрларын іріктеу, орналастыру мен оқыту, кәсіподақтағы басқарушы қызметтерге резерв жасақтау;

- негізгі себептермен Кәсіподақ Жарғысы мен шешімдерінде көрсетілген талаптарға қайшы іс-әрекеттері үшін кәсіподақтың құрылымдық бөлімінің төрағасы жеке жауапкершілікке тартылуы туралы сұрақтарды қарастырады. Кәсіподақ Жарғысы өрескел бұзылған жағдайда төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды, керек жағдайда қабылданған шешім туралы кәсіподақ мүшелерін хабардар етеді;

- Кәсіподақ филиалдарының төрағаларын сайлау туралы шешімді бекітеді. Кандидатура бекітілмеген жағдайда сайлауды қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.


  • Кәсіподақ филиалын құру туралы шешім қабылдайды;

  • Кәсіподақтың филиалы мен бастауыш ұйым туралы Ережені әзірлейді және бекітеді;

  • салалық келісім-шарттың негізгі бағыт бағдарламасын белгілеп, олардың орындалуын қадағалайды;

  • қаржылық есептің мүшелік кәсіподақ жарналарының есептелуі мен төленуіне байланысты көрсеткіштерін анықтайды;

  • жалпы Кәсіподақ бойынша жыл сайынғы жиынтық қаржылық есебін қарастырады және бекітеді;

  • Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мәжілісін шақырады, күн тәртібінің жобасы мен өткізу орнын анықтайды;

  • Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдері басшыларының Кәсіподақ Жарғысы мен оның шешімдерінің орындалуы туралы есептерін тыңдайды;

  • Комиссиялар мен басқа да тұрақты немесе уақытша жұмыс органдарын жасақтайды, оларға өкілеттік береді;

  • Кәсіподақ Жарғысы бұзылған жағдайда, құрылымдық бөлім басшысының жауапкершілігі туралы Кәсіподақ төрағасының ұсынысын қарастырады;

  • одақаралық кәсіподақ ұйымдарының құрамына өз өкілдерін сайлайды немесе тікелей жібереді.

- Орталық Кеңес жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.

Қажет жағдайда Атқару Комитетінің шешімін сауалдама бойынша қабылдай алады.

5.8. Кәсіподақ төрағасы:

- Кәсіподақ мүддесін мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдарда, жұмыс берушілер бірлістіктерінде, халықаралық ұйымдарда өкілеттейді;

- қажет жағдайларда Кәсіподақ атынан мәлімдеме жасайды, өтініш, үндеулер жолдайды;

- Кәсіподақ атынан жұмыс берушілермен немесе олардың өкілдерімен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдар, кәсіподақ бірлістіктері және тағы басқа да мекемелермен келісім-шартқа отырып, кейінен ол қол қойылған келісім-шартты Орталық Кеңес мәжілісінде бекітеді;

- Орталық Кеңестің аппаратында жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмысына басшылық ете отырып, олармен шарт жасасады және оны тоқтату туралы бұйрықтарға қол қойып, басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

- Кәсіподақ мүлкі және ақшалай қаражатына Кәсіподақ Орталық Кеңесі мен Атқару Комитеті анықтаған құзыры шегінде иелік етеді;

- жарғылық міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікте;

- Кәсіподақ Орталық Комитетінің Атқару Комитеті атынан Кәсіподақ филиалдарының төрағаларымен еңбек шартына отырады және тиісті заңға сәйкес жеке еңбек шартын бұзады;

- Орталық Кеңес пен Аткару комитеті жүктеген басқа да міндеттерді атқарады.

5.9. Кәсіподақ төрағасының орынбасары /лары/ өз қызметін, төраға тапсырмасын және ол жоқта оның қызметін аткарады.





  1. КӘСІПОДАҚТАҒЫ САЙЛАУ ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚ

ОРГАНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
6.1. Кәсіподақта сайлау төменнен жоғарыға дейін бір мерзімде өтеді. Өкілетті мерзімдер:

- кәсіподақ топ жетекшісі, кәсіподақ ұйымдастырушысы, цехтық жене бастауыш ұйымдардың кәсіподақ органдары үшін - екі - үш жыл;

- Кәсіподақтың және оның филиалының басқарушы органдары үшін - бес жыл.

6.2. Кәсіподақта сайлау науқанын өткізу мерзімі туралы шешімді Орталық Кеңес қабылдайды, қажет жағдайда – Атқару Комитеті.

6.3. бастауыш ұйым жиналысына (конференциясына), филиал конференциясына өкілдік мөлшерін және делегаттар сайлау тәртібін, сонымен қатар олардың өткізу мерзімі мен орнын бастауыш ұйымның тиісті кәсіподақ органы, филиалы, съезге – Кәсіподақтың Атқару Комитеті белгілейді.

Бастауыш және облыстық ұйым төрағалары, олардың орынбасарлары осыған сәйкес конференциялардың, ал Кәсіподақ төрағасы, оның орынбасары /лары/ қызметіне сәйкес съезд делегаттары болып танылады.

6.4. Филиал Кеңестері мен Кәсіподақтың Орталық Кеңесі тікелей конференцияларда және съезде кейін шақырып алу, ауыстыру құқығымен тікелей жіберу принципі бойынша Кәсіподақ Орталық Комитеті мен филиалдың сайланбалы органы белгілеген мөлшерге сай жасақталады.

Кәсіподақ ұйымдары басшыларын және органдарын сайлауда дауыс түрін конференция, съезд анықтайды.

Кәсіподақтың және оның филиалдарының басшылары қызметіне сайланатын кандидатуралар кәсіподақ оқу курстарында дайындықтан өткен және кәсіподақ жұмысында үш жылдан кем емес стажы бар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының мүшелері қатарынан ұсынылады.

6.5. Ең көп немесе өзге кандидаттарға қарағанда көбірек және жиналысқа, конференцияға, съезге қатысушы делегаттардың, Кәсіподақ органы мүшелерінің жартысынан көбінен дауыс алған. Мәжілістің өткізілуі құқықты деген жағдайда ұсынылған кандидаттар сайланды деп саналады.

6.6. Жиналыста, конференцияда, съезде, Кәсіподақ органының мәжілісінде сайлаған кәсіподақ ұйымдарының басшылары тиісті сайланбалы кәсіподақ органының мүшесі болып қызметіне сәйкес бір уақытта сайланады деп саналады.

6.7. Кәсіподақтың сайланбалы органдарының мүшелері байланысы үзіліп, кәсіподақ мүшелігінен шығып кеткен жағдайда тиісті сайланбалы органның шешімімен сол құрамнан шығарылады.

6.8. Қажетті жағдайларда кәсіподақ органдарына қосымша сайлау немесе оларды мерзімінен бұрын сайлау өткізілуі мүмкін:

- бастауыш ұйымдарда - жиналыстарда, конференцияларда;

- Кәсіподақтың филиалдарында - филиал Кеңесі мәжілістерінде;

- Кәсіподақта – Кәсіподақ Орталық Кеңесінің мәжілісінде.

Кәсіподақ органдарын мерзімінен бұрын сайлау Кәсіподақ мүшелерінің кем дегенде үштен бірінің талабымен немесе Кәсіподақ органының шешімімен, кәсіподақ органының, оның басшысының қанағатсыз қызметі, Кәсіподақ Жарғысын өрескел бұзған жағдайда өткізіледі.


  1. КӘСІПОДАҚТЫҢ МЕНШІГІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЫЗМЕТІ

7.1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері Кәсіподағы өзіне белгіленген тәртіп бойынша берілген, кәсіподақ мүшелік жарналардан табылған, шаруашылық, баспагершілік, және де басқа заңға қайшы келмейтін қызмет кірістерінен құрылған меншік иесі болып табылады.

7.2. Кәсіподақ мүлкін қалыптастыру көздері:

- қолданыстағы заңға сай Кәсіподақтың ақшалай және басқа формада қалыптасқан мүлкі;

- мүшелік кәсіподақ жарналары;

- ерікті мүліктік жарналар және қайырымдылық;

- шаруашылық және басқа да заңға қайшы келмейтін қызметтен түскен түсімдер (кірістер);

- басқа да заңға қайшы келмейтін түсімдер.

Кез-келген қызметтен алынған кірістер жарғылық мақсаттарға бағытталады.

Мүлік кәсіподақтың жеке меншік құқығына жатады. Меншіктік, пайдалану және қаулылар тәртібі, меншік түрін өзгерту Кәсіподақтың Орталық Кеңесімен анықталады.

Кәсіподақ өзіне тиесілі мүлікпен заңға қайшы келмейтін кез-келген іс-әрекеттерді жасауға құқылы.

7.3. Бастауыш ұйымдар мен филиалдар қарауына Кәсіподақ тапсырған мүлік пайдаланушысы болып табылады.

7.4. Кәсіподақ ақшасы ай сайын төленетін жарнадан, шаруашылық, кәсіптік қызметтен түсетін пайдадан және басқа заңмен тыйым салынбаған көздерден құралады.

7.5. Әр айлық мүшелік жарна мына мөлшерде белгіленеді:

- жұмыс істейтіндер үшін айлық жалақысының 1 пайызы;

- штат қысқарып, мекеменің жойылуы салдарынан, балаларын үш жаска дейін тәрбиелеу үшін, уақытша жұмыссыз қалған адамдар үшін үкімет белгілеген ең төменгі жалақы мөлшерінен 1 пайыз;

- жұмыс істейтін зейнеткерлер үшін зейнетақыдан 1 пайыз;

- студенттер мен оқушылар үшін стипендия мөлшерінен 1 пайыз.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының шешімі бойынша кәсіподақ мүшелік жарнасының жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін.

7.6. Кәсіподақта мүшелік кәсіподақ жарналарын жинау және бөлу біріңғай тәртібі белгіленеді.

Кәсіподақ мүшелік жарналарын кәсіподақ мүшелері төлейді, олар кәсіподақ мүшелерінің мемлекеттік баскару және сот органдарында, жұмыс берушілер алдында көпшілік келіссөз және ұжымдық шарт жасасқанда білікті мамандарды шақырып, олардың өтемақысын төлеуге, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсетуге. Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғауға бағытталған ауызбірлік және де басқа қорларды құруға, кәсіподақ мүшелерінің заңды талаптарын қорғауға арналған акцияларды дайындауға және өткізуге, заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындауға, сараптық бағалау жұмысын ұйымдастыруға, ақпараттық және әдістемелік жұмыстарға, кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуға және басқа да жарғылық қызметтерге жұмсалады.

Мүшелік жарна ақшалай немесе кәсіподақ мүшесінің өтініші бойынша еңбекақысынан аудару арқылы төленеді.

Қолма-қол төленбейтін кәсіподақтың мүшелік жарналарының тәртібі келісіммен, ұжымдық келісім-шартпен немесе әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы арасындағы келісім-шартпен Кәсіподақ Жарғысы анықтаған мөлшерде белгіленеді.

Келісім және ұжымдық келісім шартқа сай, сіподақтың бастауыш ұйымдарында жиналған мүшелік жарна толығымен (100 пайыз) тиісті аумақтық филиалдың шотына түседі.

Кәсіподақ филиалы түскен мүшелік жарналардың 58 пайызын бастауыш кәсіподақ ұйымына, 12 пайызын- кәсіподақтың Орталық Кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аумақтық кәсіподақ бірлестіктерімен Кәсіподақтың Орталық Кеңесі белгілеген мөлшерде бағыттайды.

Кәсіподақ филиалының жарғылық қызметін қамтамасыз етуге мүшелік кәсіподақ жарналарының барлық түсімінің 30 пайызы бағытталады.

Кәсіподақ ОК Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына жиналған кәсіподақ мүшелік жарналардан кәсіподақтар Федерациясы Жарғысы белгілеген мөлшерде аударады.

7.7. Кәсіподақтын сайланбалы органдарының бюджеттері осы Жарғыда көрсетілген қызметтерді атқаруға бекітілген сметаға сәйкес жұмсалады.

7.8. Қаржы есептері жоғарғы Кәсіподақ органдарына жарты жылда бір рет жіберіледі.

7.9. Негізсіз себептермен жоғарғы органдарды қаржыландырмайтын Кәсіподақ ұйымдары сол органның шешімімен үш айдан кейін оған деген өзінің қорғау міндетін тоқтатады деп ескертіледі.



  1. Кәсіподақ құрылымдық бөлімдерінің /органдарының/ төрағалары мүшелік жарнаны толық жинау, міндетті түрде бөлу және аудару тәртібін сақтау үшін жеке басымен жауапкершілікте.




  1. КӘСІПОДАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯЛАРЫ

8.1. Кәсіподақтың Бақылау-тексеру комиссиясы Кәсіподақ съезінде, құрылымдық бөлімдердің тексеру комиссиялары олардың жиналыстарында және конференцияларында сайланбалы органдардың мерзімдік өкілеттігіне сәйкес кәсіподақ және оның құрылымдық бөлімдерінің есептік-шаруашылық қызметін, олар кұрған ұйымдардың қызметін бақылау үшін, кәсіподақ мүшелік жарналарын дұрыс есептеу, жинау, аудару және жұмсау, қаражаттар мен меншіктегі кұнды заттарды дұрыс пайдалану мәселелерін тексеру үшін сайланады да олар өз жұмысында съезд бекіткен Ережелерді басшылыққа алады.

Кәсіподақтың Тексеру-бақылау комиссиясы барлық деңгейдегі сайланбалы органдардың қызметіне тексеріс пен тексеру жүргізеді

Кәсіподақтың құрылымдық бөлімдерінің тексеру комиссиялары жұмыс барысында Кәсіподақтың Тексеру-Бақылау комиссиясына есепті, оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.



  1. Кәсіподақ Бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы съезд делегаты, филиалдар мен бастауыш ұйымдары тексеру комиссияларының төрағалары тиісті конференциялар делегаттары болып табылады.




  1. КӘСІПОДАҚ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

9.1. Аталған Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар Кәсіподақ съезінде енгізіледі.

Кворум болған жағдайда, съезд делегаттарының жартысынан көбі дауыс бергенде, съезд шешімі қабылданған болып саналады

9.2. Аталған Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпке сай мемлекеттік тіркеуге жатады.




  1. КӘСІПОДАҚТЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ

10.1. Кәсіподақты қайта құруды (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, өзгерту) Орталық Кеңес жүргізеді.

10.2. Кәсіподақ қызметі тоқтатылуы мүмкін:

- Кәсіподақ съезінің шешімі бойынша;

- сот шешімі бойынша.

10.3. Кәсіподақты жою туралы шешімді съезд қабылдайды. Кворум болған жағдайда, делегаттардың үштен екісінен кем емесі дауыс бергенде шешім қабылданған болып есептеледі.

Кәсіподақты жою туралы шешім қабылданған жағдайда съезд жою комиссиясын тағайындайды.

Барлық есеп айырысудан, міндетті төлемдердің қайтарылымынан қалған Кәсіподақ мүлкі съезд анықтаған мақсаттарға бағытталады.




  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

11.1. Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің Кәсіподағы заңды тұлға құқығына ие. Бұл құқық Кәсіподақтың Орталық Кеңесі мен оның Атқару Комитетімен, Кәсіподақ төрағасымен белгіленген заң шеңберіндегі аталған Жарғымен, съездер мен Кәсіподақтың басқару органдарының шешімдерімен іске асырылады.

Кәсіподақ Жарғысына

№1 қосымша



Қазақстандық денсаулық сақтау

қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы белгісінің

СИПАТТАМАСЫ

1. Эмблема алтын түсті айнала сәуле шашқан дөңгелек пішінді, ортасында ақ түспен жылан оралған тостаған - денсаулық сақтау символы бейнеленген.

Эмблеманы орай ақ фонда көк түспен «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» жазуы бар.

2. Кәсіподақтың эмблемасы кәсіподақ органдарының фирмалық бланкілерінде, кәсіподаққа мүшелік билеттерінде, марапат құжаттарында, баспа басылымдарында болуы міндетті.



3. Эмблеманың үйлесімді бейнесін сақтап әр түрлі материалдан бір түсті нұсқада қайта шығаруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет