Қазақстан Республикасы Денсаулық



жүктеу 0.86 Mb.
бет1/5
Дата01.05.2019
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрдің

міндетін атқарушының

2010 жылғы 3 тамыздағы

588 бұйрығы



1-Қосымша

«Тамақ өнімін қайта өндеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық ережелері
1 - бөлім. Жалпы ережелер
1. «Тағам өнімдерін өндеу және өндіру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері (бұдан әрі- Ережелер) тағам өнімдерін өндеу және өндіру бойынша объектілер қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді (бұдан әрі - объекті), бұлардың сақталынбауы адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді және оған мынадай санитарлық-эпидемиологиялық талаптар енеді:


  1. құрылысқа жер учаскесін таңдау;

  2. объектіні қайта жобалау, құру, реконструкциялау, қайта профильдеу, жөндеу және пайдалануға енгізу;

  3. объектіні сумен қамтамасыз ету, кәріздеу, жарықтандыру және желдету;

  4. өндірістік үй-жайлардың ауасы мен микроклиматына;

  5. үй-жайларды, жабдықтарды ұстау және пайдалануына;

  6. тағам өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп орау, кәдеге асыру және жоюға;

  7. тағам өнімдерін йодтау және байытуға;

  8. жүктерді тасымалдау және сақтау жағдайларына;

  9. өнімдердің радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігін, соның ішінде оның құрамында генетикалық өзгертілген нысандардың бар болуын өндірістік бақылауды ұйымдастыруға;

  10. өндіріс қалдықтарды жинау, пайдалану, зарарсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуге;

  11. қызметкерлердің еңбек жағдайына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтылуына;

  12. қызметкерлердің гигиеналық оқытылуына.

2. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар колданылды:

1) Алдын ала толықсытылған қамыр-толықсытылған қамырдың нормативті техникалық құжаттарға сәйкес температура мен ауа ылғалдылығында ұсталуы;

2) Аз экстракциялық өндіріс – өсімдік майын өндіретін, майлардың гидрогенезациясы мен бөлшектенуін жасайтын объектілері;

3)Ажарлау мәшинесі- дән сыртындағы қалған қабықтарды тазалау үшін, сонымен қатар жармаларды қажетті үлгіге (дөңгелетілген, шеңбер тәрізді) келтіру.

4) ашытқы пресі-25-30 пайыз құрғақ заттары бар ашытқы;

5) бункер, сүрлем төменгі бөлік арқылы алынатын, арнайы жабдықталған, дәнді

6) бураттар – ұнды елеуге және металлмагнитті қоспаларды ұстап қалуға арналған технологиялық жабдық;

7) бастундар – ұзын макаронды бұйымдар ілініп, кептірілетін жабдықтың көмекші бөлігі;

8) гомогенизация – сүттің майда түйіршіктерін майдалап, оның құрамын біркелкі қалыпқа келтіретін технологиялық үдеріс;

9) дәнді ылғалды өңдеуге арналған мәшине-дәнді ылғалдандырып, қабықтарын тазалауға қолданылатын мәшине;



10) дәннің зиянды қоспасы- адам мен жануарлардың денсаулығына зиянды сұйық қоспа;

  1. есеп мәшинесі-щеткесі бар, дәнді қабық пен шаңнан тазалайтын тазартқыш мәшинесі;

  2. етті жібіту - еріту барысында еттің қалың жеріндегі температураны минус 1 градустан (бұдан әрі-0С) төмен емес жағдайға келтіру;

  3. жу мәшинесі- дәннің эндоспермісінен тұқымды дәндердің бөлінуін қамтамасыз ететін орталықтандырылған мәшине;

  4. зарарсыздандыру - жуу пункті (бұдан әрі-зарарсыздандыру үшін жуатын пункт) - малдарды таситын көлікті жуып, зарарсыздандырудан өткізетін орын;

  5. жетілдіру камерасы - дайын өнімнің органолептикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ету және сақтауға төзімділігін арттыру үшін етке созылмалы түр беріп, ылғал ұстағыш қабілетін сақтау мақсатында керіп, ұстауға арналған жай;

  6. зеер камерасы – шнек және пресс пластиналары арасындағы кеңістік;

  7. уақытша сақтайтын сыйымдылық;

  8. карқынды ылғалдандыратын шнек-дәнді ылғалдандыруға арналған көлік түріндегі құрал-жабдық;

  9. кұрғақ ашытқы 90 пайыз құрғақ заттары бар ашытқы;

  10. кабық – күнбағыс дәнінің жеміс қабығы;

  11. магнит ұстағыш - ұсақ темір заттарды ұстауға арналған қондырғы;

  12. мисцелла – шротпен еріткіш қоспасы;

  13. майдаланған майлы дәндер – жаймалағышта ұнтақталған шикізат;

  14. магнитті қоршаулар-металломагнитті қоспаларды бөлуге құрылғылар;

  15. меласса-қызылша қантты өндірісті шығын, ашытқыны даярлауда қолданылады;

  16. пісірме - түрлі жеміс-жидек пюресі қосылған пісірілген қант қоспасы;

  17. санитарлық өндеу – жабдықтарды, құрал-аспаптарды, ыдыстарды жуу және зарарсыздандыру сапасын қамтамасыз ететін технологиялық әдістер жиынтығы;

  18. санитарлық сою орны - ауру малдарды союға арналған үй-жай;

  19. сепаратор- дәнді ірі, ұсақ және жеңіл қоспалардан тазартуға арналған мәшине;

  20. рециркуляция- алдыңғы параметрлерге жеткізілген ауаны қайта қолдану;

  21. технологиялық жарамсыз өнім - тағамдық мақсатқа қолдануға жатпайтын өнім.

  22. термограмма - пастеризаторда сүтті жылыдай өңдеу тәртібін сызықпен кескіндеу;

  23. шағын қуаттылық объектілері (шағын өндіріс) қайта өнделетін шикізат көлемі ауысымына үш тоннадан аспайтын объектілер; нан және нан –тоқаш өнімдерін өндіру бойынша тәулігіне үш тоннаға дейін; макарон және макарон өнімдері – тәулігіне бір тоннаға дейін, тәулігіне 10 тоннаға дейін ұн өндіру бойынша объектілері;

  24. шелдеу - терінің астында қалған етті және майды сылып алып тастайтын технологиялық әдіс;

  25. Шрот – өсімдік майларын өндіруде, майлы дақылдар тұқымдары пресстеу және экстракциялаудан өткеннен кейін пайда болатын жанама өнім;

42) Циклон ауаны тазартатын құрылғы.

2. Құрылысқа арналған жер учаскесін таңдауға, жобалауға, құрылысына, қайта жөндеуге, жөндеу жұмыстарын өткізуге, тағам өнімдерін қайта өндеу және өндіру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Нысанды құруға арналған жер учаскесін таңдау сәйкес аумақтағы тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі тұрғысында мемлекеттік орган өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

4. Нысанды құруға арналған жер учаскесін таңдауда, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі тұрғысындағы мемлекеттік орган арнайы аумақтағы жер учаскесін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды:

1) өткен уақытта жер учаскесінің қолданылуы;

2) жобаланатын объектіні қажетті мөлшерде қауіпсіз ауыз сумен қамту мүмкіндігі;

3) жер учаскесіндегі радиация деңгейі;

4) желдің орынды бағытталуы;

5) жер учаскесінің санитарлық-қорғау алаңынан тыс жерде орналасуы және бар объектілердің санитарлық үзінділерін ұйымдастыруға мүмкіндік бар;

6) жобаланатын объектінің тұрғындар денсаулығына кері әсер ету күдіктенуінің мүмкіндігі;

5. нысандардың құрылысын жобалау келесі жер учаскелерінде тыйым салынады:

1) өткен уақытта бұл жерде токсикалық шығындар, өлген мал жерленсе;

2) табиғи негізде қуат деңгейі гамма-сәуле дозасының 0,2 асуы;

3) жер учаскесінде Сібір жарасы бойынша стационарлы қолайсыз пункттердің табылуы;

4) санитарлық үзінділерді ұйымдастыру мүмкіндігінің болмауы;

6. Таңдап алынған жер учаскесінде объектінің құрылысын жобалау санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келуі жөнінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болуы.

7. Құрылысқа арналған жер учаскесін таңдауға, жобалауға, құрылысына, қайта жөндеуге, жөндеу жұмыстарын өткізуге тиісті объектінің жобасы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі негізінде сәйкес аумақтағы мемлекеттік органға санитарлық ережелер талаптарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға ұсынылады.

8. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі негізінде сәйкес аумақтағы мемлекеттік органның өкілі объектіні әрекетке қосу бойынша қабылдау комиссияларынның жұмысына қатысады.

Объектінің санитариялық паспорты болуы қажет.

9. Адамның денсаулығына кері әсер етудің көзі болып табылатын технологиялық процесстері бар объектінің жергілікті пункттердің аумақтарын немесе санитарлық үзінділерді қоршауға арналған бас жоспарларды әзірлеу сатысындағы арнайы есептермен анықталатын санитарлық-қорғау алаңы болуы керек.

10. Объект жеке аумақта орналасады, объектінің тұрғын-жайларда орналасуына, балаларға арналған сүт ас үйін санамағанда, тыйым салынады.

11. Сүт және сүт тағамдарын, нан мен нан бұйымдарын, макаронды, кондитер бұйымдарын, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді және сыраны бір аумақ территориясында орналастыру сәйкес аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық игілік тұрғысындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

12. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін құрал-жабдықтары немесе материалдары бар объектілердің жойылуы немесе консервациялануы ұсынылған материалдардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы негізінде, адамның денсаулығына қауіптілік төндіретін құрал-жабдықты, материалдарды зарарсыздандырылуы, жойылуы бойынша шаралардың өткізілгенін дәлелдейтін санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда рұқсат етіледі.

13. Сәулет-жоспарлы шешімдер цехтердің (учаскелердің) жобалауға арналған міндеттерге сәйкес дайын тағамдар мен шикізаттардың бөлек тұруын қамтитын жеке жайларын, олардың орналасуын қарастыру қажет.

14. Тұрмыстық жайлардың құрамына жеке гардеробты бөлмелер, сыртқы, жеке және санитарлық киім мен аяқ-киім, таза киімдерді сақтауға арналған бөлме, лас санитарлық киімдер жайы, душ пен қол жуатын раковиналар, киім мен аяқ-киімді кептіруге арналған кептіргіш, киімдерді жуу бөлмесі мен жуып-жинауға арналған құрал-жабдықтарды сақтау жайы кіреді.

15. Өндіріс қуаттылығы мен ерекшелігіне байланысты, әйелдердің жеке гигиенасы бөлмесі немесе гигиеналық душ бөлмесі бар арнайы кабина қарастырылады.

16. Кәсіпорын қызметкерлеріне асхана немесе буфет қарастырылады. Асхана (буфет) болмаған жағдайда тамақтануға арналған жай бөлінеді. Цехтердің ішінде тамақтануға тыйым салынады.

3–бөлім. Объектіні сумен қамтуға, канализация жүйесіне, жарықтандыру мен желдетілуіне арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.

17. Объектінің орталықтандырылған ыстық және суық сумен қамту жүйесі мен канализациясы болуы қажет.

18. Су құбырындағы суды енгізу изоляцияланған жабық жайда орналасып, манометрлары, су сынамаларын алуға арналған крандары, мал жаюға жасыл алаңдары, қайта клапандары болуы керек.

19. Ауыз судың сапасы әрекетті нормативті құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

20. Объектінің барлық жайлары суық және ыстық сумен қамтылуы тиіс. Өндірістік жайлар жиыстыруға арналған жуушы крандармен қамтылады. Шлангілерді сақтауға клапандармен жабдықталған кронштейндер қарастырылған. Өндірістік жайларда қол жууға арналған раковиналар кіреберісте және жұмыс орнынан 15 метрден алыс емес қашықтықта орналасып, сабынмен, щеткалармен, бір қолданатын әрі электрлі қол орамалдарымен қамтамасыз етіледі.

21. Жергілікті пунктте орталықтандырылған сумен қамту жүйесі болмаған жағдайда, жергілікті су көздеріндегі суды қолдану рұқсат етіледі, ал орталықтандырылған ыстық сумен қамту мен бу жүйесі болмағанда жеке котельныйлар орнатылады.

Азық-түліктермен немесе олармен қатынас жасайтын үстіңгі қабаттар бумен қатысқан жағдайда, зиянды заттары жоқ ауыз судан шығуы керек. Котлоагрегаттарда қолданылатын химиялық реагенттер Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілуі тиіс.

Жергілікті сумен қамту жүйесінің құрылғысы тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі негізінде сәйкес аумақтағы мемлекеттік органмен келісіледі.

22) Ауыз және техникалық сумен қамту жүйелері жеке болып, айырмалы түстерге боялуы қажет. Суды алу нүктелерінде «ауыз су» және «техникалық су» жазулары болу керек. Техникалық су компрессорлы орнатуға, котельныйлардың желді суларын шығындауға, аумақты суаруға, автокөліктер мен дәретханаларды жууға жұмсалады.

23) Өндірістік және ауыз қолданысы мақсатына объектіде судың қорын сақтауға өндірістің қуаттылығына байланысты, жинақтаушы резервуарлармен, сатылармен, люктермен, су сынамаларының талдауын алуға крандармен жабдықталуы керек.

24) Объектілердің канализациясыз жергілікті пункттерде орналасуында жергілікті канализация мен шығарушы тазазртқыш жүйелері қарастырылған. Ағымды суларды қабылдауға бетонды шұңқырдың қақпағы болып, 2/3 көлемді толуына орай тазартылады. Жергілікті канализация жүйесі мен шығарушы тазазртқыш жүйесінің құрылғысы тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі тұрғысында сәйкес аумақты мемлекеттік органмен келісіледі.

25) Жеке тұрған дәретханалар өндірістік және қоймалық жайлардан 25 метр аралықта орнатылып, тазалықта сақталған күйінде аптасына бір рет зарарсыздандым срылады.

26) Ағымды сулар жергілікті канализация немесе жергілікті тазартқыш орындарына ағылу алдында механикалық тазартылуға жатады.

27) Өндірістік жайлар ағымды суларды жинауға диаметрі 10 см траптармен немесе торлармен жабдықталады. Технологиялық жабдық пен мәшинелерден шыққан ағымды суларды жинау трубоөткізгіштері сифонды құрылғылармен канализация жүйесіне қосылады.

28. Рұқсат етілмейді:

1) Жұмыс орындары мен технологиялық жабдық тұғырларында технологиялық және тұрмыстық негіздермен канализациялық трубалардың құрылғылары;

2) өндірістік жайлардан тұрмыстық шығындардың өтуі;

3) өндірістік цех пен асханалардан дәретханаларды, душтарды, киім жуу бөлмелері мен жуынатын бөлмелерді орналастыру;

29. Объектінің барлық жайларында табиғи және жасанды жарықтандыру қарастырылған.

30. Жарық беру көздері қорғаушы арматурамен немесе жабық плафондармен қамтылады. Жайларда ашық технологиялық процессті жарық беруші құралдарды технологиялық жабдықтардың маңында орналастыруға тыйым салынады. Жарық беру арматурасын тазалау оның ластану дәрежесіне қарай жүргізіледі.

31. Суық қоймаларды, котельныйларды, трансформаторлы станцияларды есепке алмағанда, өндірістік, көмекші және тұрмыстық жайлар жылу беру жүйесімен қамтылып, жасанды немесе жергілікті желдеткіш құралдарымен жабдықталады.

Желдету мен кондиционерлеу жүйелері ластанған аумақтан таза аумаққа ауаның өту мүмкіндігін жоққа шығарып, тазалауды немесе ауыстыруды талап ететін фильтрлерге не болмаса басқа бөліктерге қол жеткізуі керек.

Жұмыс аумағының ауасында зиянды заттардың болуы, объектілердің нақты категориясына мүмкінді-шектеулі деңгейлерден (МШД) аспауы тиіс.

32. Өндірістік жайларға ауа жинау, жер деңгейінен 2 метрден төмен емес (әрі-м) аумақта жүзеге асырылады.

33. Әр жайдың, егер ол технологиялық процесстермен рұқсат етілсе, табиғи тұрғыдағы желдетілуі болу керек. Жылу, ылғал және зиянды заттарды бөлудің көзі жергілікті сорғыш құрылғысы бар желдеткішпен қамтылады. Өндірістік және көмекші жайларда орталықтандырылған немесе жергілікті жылу беру жүйесі орнатылады.

34. Жылу берудің жылыту құралдары тазарту мен жөндеуге қол жетімді дәрежеде болуы керек.

35. Өндірістік және қойма жайларының кіреберісінде тамбурлар болмаған жағдайда, ауаны жылытатын «ауалық» құрылғылар қарастырылады.

36. Өндірістік жайларда жарықтандыру, микроклимат, шу, діріл деңгейлері және жұмыс аумағы ауасындағы зиянды заттардың болуы гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келуі керек.



4–бөлім. Объектіні ұстау мен әрекеттілігіне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.


  1. Өндірістік, тұрмыстық жайлардың және зертханалардың қабырғалары екі метрден кем емес жоғары деңгейде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандыру мен жууға төзімді құралдармен қапталып, жоғарғы жақтары боялады. Душ бөлмелерінде қабырғалар толығымен қапталады.

  2. Барлық жайлардағы еден түзу, тегіс, жұмыс орындары мен өтетін жерлерде орналасқан су өткізбейтін материалдармен қапталған болу керек. Өндірістік жайлардағы еден, жоғары дәрежеде маймен ластануға байланысты ағаштан жасалған қоршаулармен жабылады. Өндірістік жайлардың жиыстыру жұмыстары күн сайын ылғалды әдіспен жүзеге асырылады. Еден жұмыс процессінің кезінде және ауысым аяқталған соң сабынды ерітіндімен жуылады. Өндірістік жайлардағы панельдердің үстіңгі қабаты, есіктер аптасына бір рет жуылады.

  3. Терезелердің, шамдардың ішкі жақтары, электржарықтандыру арматурасы ластану дәрежесіне сәйкес жуылады. Жаз аралығында ашылатын терезелер мен есіктер қорғаушы торлармен жабылады.

  4. Лотоктар, қолжуғыштар, раковиналар, урналар ауысым бойы және ауысымнан кейін тазартылады, жуылып, зарарсыздандырылады.

  5. Айына бір реттен кем емес барлық жайларды, құрал-жабдықтарды зарарсындандырумен ылғалды жиыстыру жұмыстарын өткізуге санитарлық күн жүргізіледі.

  6. Жайлардың ағымды жөндеу жұмыстары жылына бір реттен кем емес жүргізіледі. Өндірістік және көмекші жайлардың қабырғалары мен төбесін ақтап, сырлау жылына екі реттен аз емес өткізіліп, зарарсындандырылуы керек.

  7. Судың қоры сақталатын жерлердің қақпақтары құлыпталып, пломбаланып, «Ауыз су» жазуымен маркерленіп, 48 сағат сайын суы ауыстырылуы қажет. Резервуарлардың тазаланып, зарарсыздандырылуы тоқсанына бір реттен кем емес жүргізіледі.

  8. Аппаттық жағдайларды жоюды, жөндеу жұмыстарын өткізген соң су құбыры мен резервуар кейінгі зертханалық тұрғыдан суды зерттеумен жуылып, зарарсыздандырылады.

  9. Су құбыры мен канализациядағы аппаттар мен жөндеу жұмыстары, судың, бу мен салқынның болмауы журналдарда (Ережелерге 1 қосымша) тіркелуі қажет.

  10. Технологиялық процесстерге, жайлар мен құрал-жабдықтарды санитарлық өңдеу мақсаттарына сулы жылыту жүйесінен ыстық суды қолдануға тыйым салынады.

  11. Тоңазытқышты камералар жүктен босатылған соң, тоңазытқышқа ауқымды жүк түсіру аралығында қабырғаларға, төбеге тот басу анықталғанда олар жөндеуден өткізіліп, жуылып, зарарсындандырылуы керек.

  12. Тағамдарды өңдеу аралығында жайларда жөндеу жұмыстары мен зарарсыздандыруды өткізуге тыйым салынады. Өндірістік аралықта құрал-жабдықтарды жөндеуге оны экрандармен қоршаған соң ғана рұқсат етіледі.

  13. Технологиялық процесстерде қолданылмайтын, өндірістік жайлар мен тоңазытқыштарда шығындарды, сонымен қатар құрал-жабдықтар мен керек-жарақтарды сақтауға тыйым салынады.

  14. Жиыстыру жұмыстарына арналған жуушы және зарарсыздандырушы құралдарды сақтауға лас суды төгуге жабдықталған, суық және ыстық суы бар раковиналарды өткізумен, кептіруге арналған құрылғысымен жеке жай бөлінеді.

  15. Өндірістік корпус пен цехтің кіреберісіндегі зарарсыздандырушы кілемшелер әр ауысымда зарарсыздандырушы ерітіндіге малынуы керек.

  16. Объектінің аумағы қоршалып, көркейтіледі, оның қатты қабаты бар, атмосфералық, ағымды суларды жинауға арналған канализациямен жабдықталады, күн сайын жинастырылып, суарылады, қыс мезгілінде қар мен мұздан тазартылады.

  17. Аумақта шағын өндіріс объектілерін санамағанда, екі бөлек кіру мен шығу қарастырылып, функционалды алаңдар бөлінеді: әкімшілік-құқықтық, өндірістік, көлік-қоймалық және көмекші объектілер. Өндірістік цех жайларының орналасуы технологиялық процесстердің ағымдылығын қамту қажет.

  18. Құсты, етті, балықты қайта өндірумен айналысатын объектілердің аумағына кіру мен шығу кезінде эпизоотикалық жағдайға байланысты, зарасыздандырушы ерітіндімен зарарсыздандырушы шаралар өткізіледі. Жылдың қыс мезгілінде кюветтер зарарсыздандырушы ерітінділері бар құрылғылармен жабдықталады.

  19. Қоқыс пен шығындарды жинауға, шаруашылық аумақта асфальтті немесе бетонды алаңда орнатылған қақпақтары бар металлды контейнерлер қолданылады. Алаң үш жақтан қабырғамен қоршалады.

  20. Қоқыс пен шығындарды шығару, контейнерлердің толуына орай 2/3 көлемге қарай жүзеге асырылады. Босатылғаннан кейін контейнерлер жуылып, зарарсыздандырылады.

  21. Объектіде, осы әрекетпен айналысуға рұқсаты бар ұйымдар дезинсекциялық және дератизациялық шараларды өткізеді.



5–бөлім. Құрал-жабдықтарды ұстауға және іске қосуға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Құрал-жабдықтар, аппаратура, ыдыстар, керек-жарақтар, Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға рұқсат етілген материалдардан әзірленіп, қажетті нормативті-техникалық құжаттары болу қажет.

Жаңа технологиялық жабдықтың немесе сызықтың орнатылуы, тағамдардың жаңа үлгілерін шығару сәйкес аумақтың территориясында санитарлық-эпидемиологиялық игілік тұғырындағы мемлекеттік органмен келісіледі. Жаңа технологиялық жабдық пен тағам үлгілеріне қажетті санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болу қажет.

Азық-түліктермен жұғысатын жабдықтар мен аппаратураның барлық бөліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тағам өнімдерімен қатысатын материалдардан әзірленуі керек.



  1. Жабдықтарды орналастыру технологиялық процесстің ағымдылығын, қызмет көрсету мен жөндеуді, жууды қамту тиіс. Технологиялық жабдықтың діріл және шудан қорғайтын құрылғылары болу тиіс.

  2. Зауыт ішіндегі көлік пен цех ішіндегі сыйымдылықтар даяр тағамдардың жеке шикізаттарына тіркеліп маркерленеді.

  3. Жабдықтар (керек-жарақтарды, сыйымдылықтарды) мен көлік құралдарын жуу мен зарарсыздандыру су өткізетін еденмен, буды, ыстық және суық суды, ағымды суларды құятын орынды, оқытылатын қызметкерлерге желдетуді өткізумен, арнайы жуушы жайларда жүзеге асырылады. Қолмен жууға 3 секциялы жуушы ванналар қарастырылу қажет. Жабдықтарды зарарсыздандыру мен жууға Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырушы және дезинфекциялаушы құралдар, сонымен қатар маркерленген керек-жарақтар қолданылады.

  4. Көлік құралдарын санитарлық өңдеуге, су өткізетін еденмен, буды, суық және ыстық суды, ағымды суды канализацияға құюға арналған құрылғыны өткізумен жуушы бөлім жабдықталады.


6–бөлім. Тағам өнімдерін өндіру, сақтау, саралау шарттарына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар


  1. Объектінің қуаттылығына қарамастан, шикізат пен даяр тағамдарды саралау, сақтаудың барлық процесстері оларды сақтау мен бұзылу, құрамына бөгде заттардың түсуі шарттарына қарай жүргізіледі.

  2. Тағам өнімдері жұмыстың ұйымдастырылуына нормативті-техникалық құжаттамаға сәйкес өндірілуі тиіс, шикізаттың жаңа үлгілері, технологиялық жабдықтар мен процесстер, өндірістік шикізат пен азық-түліктер, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі мен гигиеналық нормативтердің тұғыры төңірегінде жағымды санитарлық -эпидемиологиялық қорытындыға сәйкес қаптағыш және полимерлі материалдар өндіріледі.

  3. Шикізат, даяр тағамдар мен көмекші материалдар олардың қауіпсіздігі мен сапасын дәлелдейтін құжаттармен жетекшіленеді.

  4. Даяр тағамдар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдарға қапталады.

  5. Шикізатты, даяр тағамдарды, қаптаушы және көмекші материалдарды жеке сақтауға объект тоңазытқышты және қоймалы жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Қоймалы жайлар мен тоңазытқышты камералар тауар қоятын құрылғылармен, стеллаждармен, полкалармен жабдықталады. Даяр тағамның тоңазытқышты камерада немесе қоймалық жайларда сақталуы партиялармен, күнін, өндіру ауысымы мен партияның нөмірін көрсетумен жүзеге асырылады.

  6. Тағам компоненттері мен тағам қоспалары кәсіпорынның-даярлаушының қаптамасында сақталып, жеке жайда қолданысқа даярланады.

  7. Қоймалық жайлар температура мен ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдармен жабдықталады. Жайлардың температурасы мен ылғалдылығы сақталатын өнімдердің нормативті құжаттамасының талаптарына сәйкес келуі керек. Өндірістік шикізат пен тағам өнімдеріне арналған қоймалық жайларда тағамдық емес тауарларды (сабын, кір жууға арналған ұнтақтар, зарарсыздандырушы құралдар) сақтауға тыйым салынады.

  8. Лас, зақымданған, нақты маркерлі белгісі жоқ, пломбасы бұзылған қорапта өнімді сақтап, сатуға рұқсат етілмейді.

  9. Тағам өнімдерін тасымалдау арнайы автокөлікпен жүзеге асырылады. Тағам өнімдерін тасымалдауға арналған тасымалдаушы құралдар таза, мәшине кузовының жууға ыңғайлы гигиеналық жамылғысы болу керек. Көлік құралдарының санитариялық паспорты болу қажет.

  10. Тағам өнімдерін шикі азық-түліктермен, жартылай фабрикаттармен және басқа да тағамдық емес азық-түліктермен тасымалдау рұқсат етілмейді.

  11. Тағам өнімдерін тасымалдау мен сату, сақтау шарттары нақты азық-түлік пен Ережелерге нормативтік құжаттамаға сәйкес келуі керек.

  12. Барлық шығарылатын даяр тағамдар нормативті құжаттаманың талаптарына сәйкес маркерлі белгісі болу қажет.


Каталог: img
img -> 1-й чол голос: «Святий благовірний князь Ярослав Мудрий». 2-й чол голос
img -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img -> 100 кратких жизнеописаний геев и лесбиянок
img -> Книга представляет собой сборник очерков о наиболее тяжелых катастрофах
img -> Сегодня наркомания – угроза всему обществу
img -> Формирование отраслевых систем взаимного страхования и перспективы их развития


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет