Қазақстан республикасы дін істері және азаматтық ҚОҒам министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/4
Дата05.02.2019
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
Азаматтық қоғам істері комитеті


VII АЗАМАТТЫҚ ФОРУМНЫҢ ҰСЫНЫМДАРЫН

ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ
жергілікті атқарушы органдардың және

орталық мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде

Астана - 2018

МАЗМҰНЫ
1 ұсыным «Коммерциялық емес сектордың қоғамдық маңызы бар проблемаларды шешу және әлеуметтік дауларды азайту жөніндегі ортаны қалыптастыру үшін кең спектрде қызмет жүргізуге әлеуеті мен қабілеттерін есепке ала отырып биліктің барлық деңгейлерінде коммерциялық емес ұйымдармен жұмысты нығайту»………….…………...……………………...4
2 ұсыным «Коммерциялық емес ұйымдардың жеке проблемаларды шешуге икемділігін есепке алып, мемлекеттің әлеуметтік саладағы ауыртпалығын кеміту үшін коммерциялық емес секторға мемлекеттік органдардың қызметтерін беру жөніндегі жұмысты жалғастыру» …….......................................................................................................................………………..........19
3 ұсыным «Коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік экономикалық дамуға қосқан үлесін бағалау үшін шаралар әзірлеу»…………………............……...……………………….........23
4 ұсыным «Қоғамдық белсенділерді жергілікті деңгейдегі қызметіне тарту және жағымды инфрақұрылымды жасау арқылы ауылдардағы азаматтық сектордың дамуына үлес қосу»…………….................………………………………………..................................................…26
5 ұсыным «Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде стратегиялық құжаттардағы мақсаттарға сәйкес келуі, ҮЕҰ жұмысын орындауға бөлінген және жұмсалған қаражаттар тиімділігін бағалау. Үрдістерді бағалау, техникалық тапсырманы қалыптастыру және дайындау, конкурсты жариялау мен орындалу мерзімдерінен бастап есептерді ұсынуға, тапсырушының жауапты тұлғаларымен кейінгі бақылау, сонымен қатар құқық қорғау және қадағалаушы органдар тексерісіне дейін бағалау»……...…..……….…………………………….................…….................31
6 ұсыным «КЕҰ қызметі мәселелері бойынша нормативті құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жалғастыру»………………………..........................…………………………………...…34
7 ұсыным «Әлеуметтік кәсіпкерлікті анықтау қағидалары мен тәсілдерін қарастыру және оны заңнамалық бекіту»…………………..............……………………...……………………36
8 ұсыным «Қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіру және ақпаратқа қолжетімділік бойынша үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын ескеру»………………………….…………38
9 ұсыным «Тұрақты даму және елдің барлық деңгейлері мен аймақтарында тиімді енгізу саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру механизмдерін әзірлеу бойынша азаматтық қоғам мен Үкіметтің бірлесуі бойынша шаралар қабылдау»…..……………………...........................…….…42
10 ұсыным «Қызмет істемейтін коммерциялық емес ұйымдармен (қоғамдық бірлестіктермен) осы заңды тұлғаларды таратумен байланысты процедураларды жеңілдету арқылы жұмыс жүргізу»…………………………………………...........................…………………44
11 ұсыным «Ашықтық және айқындылық бойынша мемлекеттік органдар рейтингін уақытылы жаңартуды қарастыратын жүйе жүргізу»…..………………………….................……..45
12 ұсыным «Азаматтық және коммерциялық секторлармен серіктестікте республикадағы волонтерлік қызметті дамыту және оны халықаралық қозғалысқа енгізудің стратегиялық бағыттарын әзірлеу»....…….………..………………………..................……………47
13 ұсыным «Жасыл» дамуды өлшеуге қажет экономикалық және экологиялық көрсеткіштер тізімін салаларға «жасыл» технологияларды енгізу деңгейін ескерумен әзірлеу, және ҮЕҚ бірлесе Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу кезеңінде мониторинг және есептілікті дайындау жүйесін әзірлеу»………...……………………….………51

1 ұсыным


«Коммерциялық емес сектордың қоғамдық маңызы бар проблемаларды шешу және әлеуметтік дауларды азайту жөніндегі ортаны қалыптастыру үшін кең спектрде қызмет жүргізуге әлеуеті мен қабілеттерін есепке ала отырып биліктің барлық деңгейлерінде коммерциялық емес ұйымдармен жұмысты нығайту»
1 т. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландырудың салалық бағытын кеңейту жөнінде жұмыс жүргізу»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 2017 жылы іске асырылуын мониторингтеу нәтижесі бойынша жалпы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық бағытының кеңеюі бойынша оң динамикасы байқалады. Мысалға, өңірлердегі және Астана, Алматы қалаларындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілер саны (бұдан әрі – ББ әкімшілері) 58-ге өсті:


  • облыстық деңгейде – 106 ББ әкімшілері (2016 жылы 102 ББ әкімшілері);

  • қалалық және аудандық деңгейде – 252 ББ әкімшілері (2016 жылы 198 ББ әкімшілері).



Соның ішінде, 16 өңірдің 7-еуі (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облысы) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс барлық қалаларда және аудандарда іске асырылады.

Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Соның ішінде, негізгі басымдық бағытталатын болады:



  • өңірлердегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық бағытталуындағы айырмашылықтың төмендеуі және ББ әкімшілері саны бойынша бірегей көрсеткіштерге жетуі;




Анықтама

2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іске асырылды:

- Солтүстік Қазақстан облысында – 12 облыстық басқарма;

- Қостанай және Қызылорда облыстарында – 9;

- Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында – 8;

- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында – 4.




  • тұрақты мониторинг, салалар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуы үшін әр түрлі мақсатты топтар қажеттіліктерін талдау және есепке алу.




Анықтама

2017 жылы Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қалалар және аудандар деңгейінде тек ішкі саясат басқармаларымен іске асырылды.

2017 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен гранттық қаржыландырудың салалық тақырыптарын арттыру бойынша сәйкесінше жұмыс жүргізілді. 2016 жылмен салыстырғанда гранттар тақырыптары 3 есеге артты:




  • 57 жоба (2017 жыл) – 11 жоба (2016 жыл)

  • жалпы сомасы 618,5 млн.теңге (2017 жыл) – 208 млн.теңге (2016 жыл)


2016 жылы ҮЕҰ гранттық қаржыландыру шеңберінде 208,4 млн. тенге сомаға 4 бағыт бойынша 11 жоба іске асырылды.





Бағыт атауы

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту

1

14,5

жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

1

15,0

азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

8

170,1

гендерлік проблемаларды шешу

1

8,8

Барлығы 4 бағыт

11

208,4

2017 жылы ҮЕҰ гранттық қаржыландыру шеңберінде 618,5 млн. тенге сомаға 11 бағыт бойынша 57 жоба іске асырылды.





Бағыт атауы

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

әр түрлі

19

127, 3

жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

8

72, 9

қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту

7

174,4

жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

7

93,2

азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

6

67,3

азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

2

19,8

халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

2

18,5

гендерлік проблемаларды шешу

2

10,0

білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1

10,0

қоршаған ортаны қорғау

1

10,0

азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

1

10,0

тарихи-мәдени мұраны қорғау

1

5,0

Барлығы 11 бағыт

57

618,5

2018 жылы ҮЕҰ гранттық қаржыландыру шеңберінде 965,4 млн. тенге сомаға 11 бағыт бойынша 87 жобаны іске асыру жоспарланды.




Бағыт атауы

Жобалар саны

Сомасы,

млн. теңге

азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

42

328,2

жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау

16

149,0

қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту

8

227,2

жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету

8

137,1

гендерлік проблемаларды шешу

4

12,8

тарихи-мәдени мұраны қорғау

3

21,0

азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау

2

39,4

білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу

1

19,7

қоршаған ортаны қорғау

1

19,7

азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

1

8,3

халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

1

3,0

Барлығы 11 бағыт

87

965,4


Ұсыным орындалуда.

***
2 т. «ҮЕҰ-ға арналған гранттық қаржыландыру бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қолдану»



(2017 жылғы 25 шілде)
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 123 бұйрығы қабылданды.


Анықтама

Негізгі өзгерістер:

  • конкурстық комиссияны қалыптастыру тәртібі;

  • конкурстық комиссияны қалыптастыру үшін сарапшылар тізілімін тұрақты негізде жүргізетін Оператордың міндеттері бойынша норма енгізілді;

  • гранттар ұсыну бағыттары кеңейтілді;

  • гранттық конкурсқа ұсынылған құжаттар тізбесі, Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі (ЮСАИД), Азиялық даму банкі сияқты шетелдік ұйымдардың тәжірибелерін ескере отырып бейімделді.


Ұсыным орындалды.

***
3 т. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландырудың аясында ұзақ мерзімді жобаларды (2-3 жыл) іске асыру жөніндегі мәселелерді пысықтау»



(2017 жылғы 25 желтоқсан)
2011 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру көзделген. 2013 жылы алғаш ұзақ жобаларды іске асыруды Қарағанды облысы бастады. 2017 жылы Қарағанды облысында ұзақ мерзімге 7 әлеуметтік жоба аударылды.

Есеп кезеңінде ұзақ мерзімді жобаларға Жамбыл облысы қосылды. 2017 жылы өңірде 2 ұзақ мерзімді жоба іске асырылды.

ДІАҚМ-де өңірлік ішкі саясат басқармалары үшін оқыту семинары (2017 жылдың 12-13 қазанда) өткізіліп, ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ, жұмыс үшін әдіснамалық ұсынымдар әзірленді.


Анықтама

2018 жылы ұзақ мерзімді жобалар 8 жергілікті атқарушы органдармен жоспарланды: Ақмола, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Алматы қаласы.

Гранттық қаржыландыру қағидасында гранттардың іске асырылу мерзімін 3 жылға дейін жоспарлау мүмкіндігін беру және ұзақ мерзімді жобаларға арналған бюджеттік қаражаттың жұмсалу тиімділігін арттыру бойынша норма қараған. 2018 жылға 2 ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру қаралды.


Ұсыным орындалды.

***
4 т. «ҮЕҰ-ға жергілікті деңгейде гранттар беру мүмкіндігін қарау

және механизмдерін пысықтау»

(2017 жылғы 25 желтоқсан)
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасында жергілікті атқарушы органдардың гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы гранттар беру құзыретін қарастырады.
Ұсыным орындалды.

***
5 т. «Халықаралық тәжірибе негізінде өңірлер бойынша азаматтық қоғамның

даму индексін өлшеу әдісін әзірлеу»

(2017 жылғы 25 желтоқсан)
ДІАҚМ тапсырысы бойынша «Транспаренси Қазақстан» ҚҚ «Халықаралық тәжірибеге негізделген өңірлер контексіндегі азаматтық қоғам дамуының индексін өлшеудің әдіснамасын жасау арқылы азаматтық сектордың рөлін күшейту» гранттық жобасын жүзеге асырды.

Жоба аясында Қор әдістеме әзірледі, оның негізінде Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму индексін құрастырды.



Ол 15 индикатордан тұрады:

  • азаматтық құзыреттің деңгейі;

  • азаматтық қоғам ұйымдарының тұрақтылығы;

  • ұйымның ашықтығы мен есептілігі;

  • қаржылық тұрақтылық.



Анықтама

Азаматтық қоғамды дамыту индексті есептеу әлеуметтік зерттеу сұрақтарының негізінде 16 өңірінен 123 ҮЕҰ қатысуымен жүргізілді.



Ұсыным орындалуда.

***


6 т. «Жергілікті деңгейде әлеуметтік және ішкі саясат саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурстарында халықтың нақты қажеттіліктеріне негізделген азаматтық бастамаларды дамыту жөнінде тақырыптар тізімін кеңейтуді қамтамасыз ету»

(25 желтоқсан 2017 - 2018 жж.)
Бірінші. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары тізімі ҮЕҰ, облыстардың Азаматтық Альянс заңды тұлғалар қауымдастығы ұсыныстарын ескеру, әлеуметтік зерттеу және талдау, фокус-топтар жүргізу арқылы кеңейтілді.

Анықтама

Мысалы,

  • Маңғыстау облысында жалпы жоспарланған лоттардың 45%-ы ҮЕҰ талаптары мен ұсыныстары бойынша әзірленді;

  • Қостанай облысында облыстық ресурстық орталықтың қызметі шеңберінде ҮЕҰ мектебінің жұмысы ұйымдастырылды, оның отырыстары апта сайын өтті;

  • Қызылорда облысында 2017 жыл қорытындысымен өңірде жүзеге асырылған әлеуметтік жобалардың тиімділігі қарастырылды.


Екінші. ДІАҚМ мақсатты топтардың қажеттіліктерін, ҮЕҰ ұсыныстарын зерделеу және талдау негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру процесіне бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында заңжобасына «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру» ұғымы енгізілді.


Анықтама

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру процесіне бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде қалыптастыру тәсілдері белгіленеді.



Үшінші. 2017 жылы арналған гранттық қаржыландыру жоспарында «өңірлердің, оның ішінде ауыл тұрғындарының қажеттіліктер мен мұқтаждықтарын бағалауды өткізу» жобасы іске асырылды.


Анықтама

Жоба аясында 2017 жылы осы бағалаудың әдістемесі әзірленді. Жоба аясында өңірлер бөлінісінде тұрғындардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктері картасы құралған және ол өңірлерге жұмыста пайдалану үшін жіберілетін болады.


Төртінші. 2018 жылы өңірлер бойынша Тұрғындардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктері әдістемесін енгізу, қажет болған жағдайда оны өзектендіру, сондай-ақ Тұрғындардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктері картасына мониторингті және толықтырылуды қамтамасыз ету қарастырылған.
Ұсынымды іске асыру жалғасуда.

***
7 т. «Білім беру жүйесін жетілдіру процесіне азаматтық қоғам институттарының өкілдерін кеңінен тартуды қамтамасыз ету»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беруші ұйымдарда оқитын жастармен белгілі бір жұмыстар жүргізеді.
Бірінші. Республикалық деңгейде қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмыс:

  • мүгедек балаларға инклюзивті білім беруді дамыту;


Анықтама

  • «Әртүрлі-бірдей: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жергілікті атқару органдары мен «Дара» қайырымдылық қорының бірлескен жобасы аясында, бүгінгі таңда Астана, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Өскемен, Петропавл, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Қостанай қалалары мен Маңғыстау облысының Құрық кентінде 15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинет ашылды.

  • Астана қаласындағы №71 жалпы білім беретін мектеп негізінде «Болашақ» Корпоративті Қорының «Әрбір бала мектепке лайық» атты жобасы;

  • Алматы қаласындағы №23 жалпы білім беретін мектеп пен балабақша негізінде «Ашық әлем» Қоғамдық Қорының жобасы іске қосылды, онда балалардың инклюзивті ортасына аутизмі бар балаларды қосу бойынша эксперименттік алаңшалар құрылды.



  • техникалық және кәсіби білім беруді дамыту;


Анықтама

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында қосарлы оқытуды дамыту аясында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы, кәсіпкерлердің өңірлік палаталарымен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, Қазақстан Республикасы колледждерінің қауымдастығымен өзара әрекеттестік іс-қимыл дамытылуда. 2017 жылы колледждер мен кәсіпорындар арасында 31 мың студентті қамтыған 30 мыңнан астам келісім жасалды, оның ішінде қосарлы оқу бойынша 10 мың келісім жасалды.




  • жоғары білім беру жүйесін дамыту;


Анықтама

  • Қауымдастық нормативтік құқықтық актілерді сараптауда «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеуде, студенттер үшін түрлі ұйымдар өткізетін іс-шараларды қолдауға атсалысады.

  • Білім және ғылым, балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңестің мәжілісінде үштілді білім беруді енгізу, жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне шетел сарапшыларын тарту, Министрліктің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру сияқты мәселелер қаралды.

  • Емтихан сессиясы кезінде «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық ұйымы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен жоғары оқу орындарында жыл сайын сыбайлас жемқорлықты әшкерелеуге арналған «Таза сессия» акциясын өткізеді.




  • жоғары оқудан кейінгі және кәсіби білім беруді, біліктілікті арттыру бойынша курстар ұйымдастыру;


Анықтама үшін

Қазақстандық білім және ғылым салалық қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп мұғалімдерге арналған біліктілікті жоғарылату курстары ,бірлескен ғылыми-теориялық және ғылыми тәжірибелік конференциялар, симпозиумдер, білім және ғылым саласындағы қызметкерлерге арналған семинарлар ұйымдастырылуда.


Екінші. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге азаматтық қоғам институттары өкілдерін білім беру жүйесін жетілдіру үрдістеріне тарту бойынша бірлесіп жұмыс жасау.

Анықтама үшін
2017 жылы Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында келесідей бағыттарда әлеуметтік жобалар іске асырылған:

  • кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыстық әрекеттерді алдын алу;

  • білім алушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу;

  • жастар бастамаларын қолдау;

  • әлеуметтік жетімдікті алдын алу;

  • балалардың бос уақытын ұйымдастыру,

  • діни экстремизм мен терроризмді алдын алу;

  • кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын алу;

  • қазақ халқының тарихына, мәдениетіне және салт-дәстүріне және т.б. қатыстылық сезімін қалыптастыру,

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен бірге іске асырылған жобалар қатарына келесілерді атап өтуге болады.



  • Алматы қаласының әкімдігімен бірге жұмыс жүргізілуде:

  • «Атамекен» ҰКП бірге мектепке дейін білім беру және тәрбиелеу бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

  • Республикалық білім беру жеке меншік ұйымдарының қауымдастығымен бірге мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарды ашу және кеңес беру;

- «Қазақстандық жобаларды басқару институты» ҚҚ, Қазақстандық интернет-бизнес қауымдастығымен, «КазРоботикс» Қазақстандық спорттық және білім беру робототехника Федерациясы» РҚБ бірге Алматы қаласында мектепте білім алушылар арасында робототехниканың дамуы бойынша;

- Шығыс Қазақстан облысындағы Қоғамдық кеңестің қызметі шеңберінде Білім беру мәселесі бойынша сараптамалық жұмыс тобы және азаматтық қоғам институттарының өкілдері кіретін басқа да жұмыс топтары, кеңестер, білім беру ұйымдарының жанындағы ата-аналар комитеті жұмыс істейді.



  • Астана қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша қоғамдық ұйымдарды тарту олардың 83 мектепте құрылған қамқоршылық кеңестерге қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі.

ҚР Ғылым және білім министрлігі жалпы білім беру жүйесін дамытуға бағытталған қоғамдық ұйымдардың жобалары мен идеяларын мемлекеттік органдар мен
бизнес-құрылымдар тарапынан одан әрі қолдаудың қажеттілігін ескереді.
Ұсыным орындалуда.

т. 8 «Халыққа қосымша білім беру қызметтерін көрсетуге азаматтық сектор

мен бизнестің қатысуын кеңейту»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
ҚР БҒМ-нің ақпараты бойынша, бүгінгі күні үлкендер үшін қосымша білім беруді қамтамасыз етуде қоғамдық ұйымдар мен бизнес-құрылымдар белсенді түрде тартылуда.

Азаматтық сектор мен бизнестің қатысуымен өңірлерде тұрақты негізде білім беру жобалары келесі түрде жүзеге асырылады:


- техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы студенттердің өндірістік тәжірибесі


- оқыту семинарлары, лекциялар

- ересектерге арналған тегін оқыту курстары, тақырыптық шеберлік сыныптар


- көшпелі конференциялар


Ұсыным орындалуда.

***
9 т. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында халықтың осал

топтарымен, оның ішінде оралмандармен жұмыс жүргізуге

бағытталған әлеуметтік жобаларды қамтамасыз ету»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) берген ақпаратына сәйкес, қиын өмірлік жағдайды еңсеру бойынша жағдай жасау үшін ЕХӘҚМ өңірлерде өмірлік жағдайларды еңсеруге жағдай жасау мақсатында әлеуметтік корғау саласында арнайы әлеуметті қызметтер көрсету саласы белсенді түрде дамуда.


Анықтама үшін

  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету нарығында ҮЕҰ саны 2009 жылдан (4 ҮЕҰ) бастап 2017 жылға (120 ҮЕҰ) дейін 30 есе өскен

  • 2017 жылы ҮЕҰ-ға 3 933 адамға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 1,1 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді;

  • 2018 жылы мақсатты ағымдық трансферттер қарастырылған:

  • арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге (адам саудасының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, жартылай стационар жағдайында, үйде күтім көрсету жағдайында) мақсатты ағымдағы трансферттерге 1,3 млрд. теңге 4 328 адамға;

  • «Инватакси» қызметін дамытуға 34 949 мың теңге.

Сонымен қатар, 2014 жылдан бері ЕХӘҚМ «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» конкурсы ұйымдастырылады.

2017 жылы «Үздік әлеуметтік жоба» атану үшін конкурскқа 155 өтінім ұсынылды, олардың ішінде аумақтық таңдау турларынан жеңімпаз болып 20 әлеуметтік жоба танылды. Әлеуметтік жобалардың авторлары болып үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдар, жеке тұлғалар және өзге де мекемелер мен ведомстволар болып табылады.

Сонымен қатар, осы тармақтың орындалуы мақсатында ДІАҚМ өңірлер ұсынған ақпаратқа мониторинг жүргізді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде барлық 16 өңірде халықтың осал топтарымен, оның ішінде оралмандармен жұмыс жүргізуге бағытталған 502 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Ол барлық жобалардың 22,2% құрады (жалпы жобалар саны - 2262).






Анықтама үшін

  • оралмандарды бейімдеуге және қоғамға әлеуметтік кіріктіруге арналған жобалар Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Қостанай облыстарында жүзеге асырылды;

  • жобалар аясында консультациялар, кездесулер өткізілді, оралмандарды қолдау мен бейімдеу бойынша әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

ДІАҚМ-нің гранттық қаржыландыру шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарымен, соның ішінде оралмандармен жұмыс істеуге бағытталған 5 жоба іске асырылды.



Анықтама үшін

2017 жылдың гранттық қаржыландыру шеңберінде:

  • 7 үздік ауылдық бизнес-жобаларға 500-ден 700 мың теңгеге дейін қолдау көрсетілді және оларды іске қосты немесе кеңейтті;

  • ауылда кәсіпкерлікті дамыту жобасының нәтижесінде 54 жұмыс орны ашылды;

  • репатрианттарды қайта әлеуметтендіру жобасының шеңберінде 200-ден астам адам көмек алды;

  • бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан адамдарды тиімді қайта әлеуметтендіру бағдарламасы әзірленген;

  • ҚР мүмкіндігі шектеулі адамдардың ағымдағы жағдайын зерттеу бойынша зерттеу жүргізілді.


Ұсыным орындалуда.

***
10 т. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсетілетін коммерциялық емес ұйымдар қызметтерінің стандарттарын әзірлеу және бекіту»

(2018 жылғы 25 шілде)
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын іске асыруда нормативтік құқықтық актілердің жобасы, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттар жобалары әзірленді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттар жобаларымен ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында көрсететін қызметтердің сапасын бағалау өлшемшарттары, мазмұнына, шарты мен сапасына қойылатын жалпы талаптарды құруға бағытталған.



Анықтама үшін

Қызметтің 6 түрінің стандарттар жобалары әзірленді:

  • орталықтардың жұмыстарын ұйымдастыру (ресурстық, білім беру, консультативтік, әлеуметтік орталықтар);

  • іс-шаралар өткізу;

  • проедение мероприятий;

  • ресурстық, білім беру, консультативтік орталықтар, әлеуметтік қызметтер.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі Регламентінің 114-тармағына сәйкес нормативтік-құқықтық актілер заңнамалық акті күшіне енгеннен кейін бекітіледі.


Ұсыным орындалуда.

***

11 т. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру аясында деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен тұлғаларды сауықтыруға бағытталған әлеуметтік жобалардың қаржыландыруын арттыру»

(әр жыл сайын 25 июля, 25 желтоқсан)
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып осы ұсынымдарды іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

ҮЕҰ гранттық қаржыландыру

2017 жылы гранттық қаржыландыру бойынша ДІАҚМ-де деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен тұлғаларды сауықтыруға, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған 6 әлеуметтік жоба іске асырылған.

Жобалар шеңберінде:


  • радикалды идеологиядан зардап шеккен азаматтарды оңалту және бейімдеу қызметі орталықтарының қызметі ұйымдастырылды (Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында);

  • діни қарым-қатынас саласындағы консультативтік және практикалық көмек көрсету үшін «Қауырт желі» жұмысы қамтамасыз етілді (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Петропавл, Тараз, Шымкент қалаларында);

  • «E-Islam» арнаулы исламдық интернет порталының тиімді жұмысын қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылды;

  • нысаналы аудиториялармен және Интернет желісінде дін саласында ақпараттық және түсіндіру-профилактикалық жұмыстар кешені ұйымдастырылған.



Анықтама үшін

Жобаларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша:

  • 17 819 адамға радикалды идеологиядан зардап шеккен азаматтарды оңалту және бейімдеу орталығында қызмет көрсетілді;

  • «114» Қауырт желісі арқылы 3 012 адам консультация және тәжірибелік көмек алды;

  • 90 имамды тарта отырып, ресми мұсылман дін өкілдерімен әлеуетті күшейту бойынша жұмыс жүргізілді.





Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру

Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобалар жүзеге асырылды.
Жоба шеңберінде қамтамасыз етілді:



Ұсыным орындалуда.

***

12 т. «Коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылға жауапты мемлекеттік қызметкерлерді қайта дайындауға және біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы механизмін жетілдіру мақсатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бірқатар төмендегідей комплекстік іс-шаралар ұйымдастырылған:

- ҮЕҰ арналған қолданыстағы қолдауларды (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, гранттар, сыйақылар) жүзеге асырудың жолдары, азаматтық қоғам институттары қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл мәселелері туралы Өңірлік ішкі саясат басқармаларына арналған 4 оқу семинары ұйымдастырылған. Жалпы семинарға 120 адам қатысқан.

- «ҮЕҰ мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас деңгейін көтеру» гранттық жоба шеңберінде «Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен ҮЕҰ мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас деңгейін көтеру өңірлік және республикалық деңгейде курстық семинарлар өткізілді. Семинарлар жалпы 145 адамды қамтыды. Сонымен қатар, қоғамдық талқылаудың негізінде ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының жағдайы, сипаты және деңгейі туралы сараптамалық есеп дайындалған.

- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» 2017 жылғы желтоқсанда барлық өңірлерде мемлекеттік орган өкілдеріне арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру туралы тренингтер ұйымдастырылған. Шара барлығы 300 мемлекеттік қызметшіні қамтыған. Жоба шеңберінде әдістемелік ұсынымдар дайындалып, тренингтерге қатысушыларға таратылған.

Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының семинарлар кестесіне сәйкес 2017 жылғы 17-20 қазан күндері «Әлеуметтің кәсіпкерлік – дамудың тыйымды құралы» тақырыптарында семинар ұйымдастырылған. Семинарға 18 мемлекеттік қызметші қатысқан.
Ұсынымның орындалуы жалғасуда.

***
13 т. «Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында VII Азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысының ақпараттық жария етуін қамтамасыз ету»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (АҚМ) мәліметі бойынша, республикалық және өңірлік БАҚ-та Іс-шаралар жоспарын іске асыру барысын баяндау бойынша («Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ашық үкімет» порталын ілгерілету бойынша, еріктілер ұйымдарының жұмысы туралы) республикалық және өңірлік бұқаралық ақпараттар құралдарында 3920 материал жарияланды.


  • республикалық телеарналарда 297 сюжет;

  • республикалық басылымдар парақшаларында 317 материал;

  • өңірлік телеарналар эфирінде 950 сюжет;

  • өңірлік басылымдар парақшаларында 1270 материал;

  • интернет-қорларда 1086 материал;



Анықтама үшін

2017 жылы VII Азаматтық форумның ұсынымдарының орындалуы туралы ақпараттық материалдар арнайы баспа парақшаларында «Өзекті», «Күн тақырыбы», «Оқиға», «Экономика», «Қоғам», «Саясат» айдарында жарияланды.

Bnews.kz, kazinform, kapital.kz, strategy 2050 интернет-ресурстерінде келесідей материалдар жарияланды:

- ҮЕҰ қызмету туралы;

- «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңын қабылдау туралы;

- «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» және «электрондық үкімет» веб-порталын енгізу туралы;

- қоғамдық кеңестердің қызметі туралы;

- «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде еріктілер ұйымдарының қосқан үлесі туралы, еріктілердің ҰОС ардагерлеріне көмектері туралы:

- ҰОС ардагерлеріне еріктілердің көмегі туралы;

- еріктіліктің Ұлттық стратегиясын таныстыру туралы:

- бәсекелестік ортада мемлекеттік функцияларды тапсыру туралы және т.б материалдар.




Анықтама үшін

Өңірлік баспа БАҚ-да арнайы айдар ашылған:

  • «Азаматтық қоғам»;

  • «Үшінші сектор»;

Теледидарда тақырыптық бағдарламалар:

  • «Біз айтпасақ кім айтады?

  • Кто если не мы?»

Радиода тақырыптық бағдарламалар:

  • «Біздің іс – Наше дело»

Әкімдіктердің, ішкі саясат басқармаларының сайттарында азаматтық сектордың жұмысы туралы материалдар жариялау үшін арнайы бөлімдер қарастырылған..


Ұсыным орындалуда.

Каталог: sites -> default -> files -> basic page files
basic page files -> Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
basic page files -> Салыстырма кесте
basic page files -> Конкурс Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті
basic page files -> Қазақстан Республикасының Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны орындауы жөніндегі сегізінші оныншы жинақталған мерзімді баяндамасы
basic page files -> Салыстырма кесте


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет