Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне бағынысты мемлекеттік органдардың



жүктеу 61.29 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі61.29 Kb.
түріКонкурс







Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне бағынысты мемлекеттік органдардың және ОҚО бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында

ішкі конкурстың 1-этапын жариялау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, 160013, Шымкент қ., Диваев көш., 148-үй», байланыс телефоны: (8-7252) 32-13-48, факс 47-85-41, e-mail: sh.baibulova@enbek.gov.kz төмендегі «Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурстың 1-этапын жариялайды:
1) № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы (категория С-О-4, индекс 10-01, 1 бірлік, Шымкент қаласы Абай ауданы)

Функционалдық міндеттері: мүгедектік тобын, кәсіптік еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін анықтау үшін адамдарды куәландыру, уақытша еңбекке қабілетсіздік мерзімдерін ұзарту, оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу, оңалту шараларын өткізу, оңалту шараларын өткізуге бақылау жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу, МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрстеу, мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жоғары медициналық білім келесі мамандықтары бойынша: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): дәрігерлік емдеу ісі, педиатрия (терапевт, невропатолог, хирург, реабилитолог немесе педиатр).
Функционалдық міндеттері: бөлім жұмысына жалпы және ұйымдық басшылық жасау, бөлім жұмысын жоспарлау және талдау жасау; мүгедектік тобын, кәсіптік еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін анықтау үшін адамдарды куәландыру, уақытша еңбекке қабілетсіздік мерзімдерін ұзарту, оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу, оңалту шараларын өткізу, оңалту шараларын өткізуге бақылау жасау, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын жүргізу, МӘС және мүгедектерді оңалту мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, Үкіметтің қаулылары мен тапсырмаларын, басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрықтарын, департамент басшыларының тапсырмасын дер кезінде орындау мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жоғары медициналық білім келесі мамандықтары бойынша: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина): дәрігерлік емдеу ісі, педиатрия (терапевт, невропатолог, хирург, реабилитолог немесе педиатр).
С-О-4 санаты бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға келесі жалпы талаптар белгіленеді:

- жоғары білім;

- бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

- жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы;**

9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.


Еңбек ақысының көлемі мен шарттары:

Санаты

Қызмет өтіліне байланысты




min

maх

С-О-4

109937

148248


Құжаттарды қабылдау тәртібі, орны және мерзімі. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттар тізбесі. Ішкі конкурсқа қатысу үшін ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс өткізу ережелері мен құжаттар үлгілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген және kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.



Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет