Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 21 қаңтар №23-ө-м Астана қаласы



жүктеу 3.05 Mb.
бет1/10
Дата17.11.2017
өлшемі3.05 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы
2013 жылғы 21 қаңтар №23-ө-м Астана қаласы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын

(55-шығарылым) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым) бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А. Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Е. Қ. Егембердіге жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С.ӘБДЕНОВ.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы №23-ө-м бұйрығымен бекітілді

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)



1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (55-шығарылым) «Полиграфиялық өндірістің жалпы кәсіптері», «Полиграфиялық өндірістің қалып процесі», «Баспа процесі», «Брошюра жасау-беттеу және өңдеу процесі», «Шрифт өндірісі» бөлімдерінен тұрады.

2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігі бойынша белгіленді.

3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

5. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.

6. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; брактың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

7. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.

8. Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары алты разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

11. «Полиграфиялық өндірістің жалпы кәсіптері», «Полиграфиялық өндірістің қалып процесі», «Баспа процесі», «Брошюра жасау-беттеу және өңдеу процесі», «Шрифт өндірісі» бөлімдерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 55 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1997 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Полиграфиялық өндірістің жалпы кәсіптері
1. Бейімдеуші
Параграф 1. Бейімдеуші, 1-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы айлабұйымдар арқылы және жасыру жолымен бейімдеу құрылғысында кіші форматты (54х70 см) баспа және гуммирленген қағазды бейімдеу: бейімдеу құрылғысын қағазбен немесе оны іліп қойып зарядтау;

бейімдеу құрылғысының жұмысын бақылау;

қағазды алу, оны айшық бойынша бөлшектеу және штабельге қалау, қағазды кесетін машинаға жіберу.

13. Білуге тиіс:

бейімдеу құрылғысын қағазбен зарядтау жолдары;

қағазды іліп қою ережесі.
Параграф 2. Бейімдеуші, 2-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:

орташа және үлкен форматтағы баспа және гуммирленген қағазды бейімдеу.

15. Білуге тиіс:

қағаз талшықты бағыттау ережесі;

бейімдеу режимдері.
2. Таңдаушы
Парагарф 1. Таңдаушы, 1-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:

төсеніш қағаздан жасалған қатаң есептелмей басылған өнімді қолмен іріктеу, бұрыштыққа түйістіріп қалау;

құжаттаманы белгіленген тәртіп бойынша толтыру;

төсеніш қағазды түйістіру;

басылған өнім мен төсеніш қағазды есептеуге жіберу.

17. Білуге тиіс:

орындалатын операцияға қойылатын техникалық талаптар;

басылып шыққан өнімді ұстау ережесі мен оның түрлері.


Параграф 2. Таңдаушы, 2-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:

төсеніш қағаздан жасалған қатаң есептеліп басылған өнімді және көркемөнер бұйымдарын қолмен іріктеу, бұрыштыққа белгілер, бір жағына қарай бақылау жолы бойынша басылымды жағып жібермей, түйістіріп қалау.

19. Білуге тиіс:

орындалатын операцияға қойылатын техникалық талаптар;

басылып шыққан өнімді ұстау ережесі мен оның түрлері.
Параграф 3. Таңдаушы, 3-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:

төсеніш қағаздан жасалған ақша бұйымдарының, арнайы бұйымдар мен маркалардың басылып шыққан парақтарын қолмен іріктеу.

21. Білуге тиіс:

басылып шыққан өнімді ұстау ережесі мен оның түрлері.


3. Бояу үйлестіруші
Параграф 1. Бояу үйлестіруші, 3-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:

эталонды үлгімен тиражды басылып шыққан қағаздағы бедерлерді салыстыру жолымен оның түс реңкін түзетпей, бояудың үйлесу қасиетін бағалау;

баптау;

түзету;


басып шығару;

сынақ басып шығару станогын тазалау және майлау.

23. Білуге тиіс:

баспаның түрлі тәсілдері технологиясының негіздері;

бояулардың қасиеті;

бояулар мен бедерлердің үлгілерін ұстау ережесі;

сынақ басып шығару станоктарын реттеу жолдары.
Параграф 2. Бояу үйлестіруші, 4-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:

бояудың баспалық қасиетін түзетпей түпнұсқада бояулардың түсіне, реңкіне және қанықтығына сәйкес тираж басып шығаруға арналған бояу құрастыру;

үштік бояу таңдау және бастапқы бояулардың сандық қатынасын айқындау;

бояудың түсті тонының бекітілген үлгіге сәйкестігін тексеруге арналған шкалалық және біріктірілген бедер жасау;

эталонның түсіне сәйкес терең басып шығаруға арналған бояу құрастыру;

бояуды оның құрамын төмендету мақсатында еріткіш қосу;

тиражды басып шығарудан кейін бояуды түзету;

баспа машиналарына арналған бояуды орталықтандырылған жіберу станциялары жабдықтарының жұмысын қадағалау;

эталонды үлгімен тиражды басылып шыққан қағаздағы бедерлерді салыстыру жолымен оның түс реңкін және бояудың үйлесу қасиетін бағалау;

эталондық үлгіге сәйкес бояу тонының түсін түзету;

деколь бедерлерін басып шығаруға арналған берілген рецептура бойынша бояуларды іріктеу және құрастыру;

бояу құрастыруға қажетті компоненттерді есептеу;

деколь бедерлерін басып шығаруға қажетті бояудың тоны мен қасиетін алу үшін бояғыштарды өңдеу процесін жүргізу;

бояу кетіргіштің жұмысын бақылау.

25. Білуге тиіс:

құрғақ пигменттердің, байланыстыратын және басып шығаратын бояулардың қасиетін;

түсті бояулардың эталондарын; баспа бояуларының рецептурасы мен құрастыру технологиясы, станция жабдықтарының құрылысы мен пайдалану ережесі;

бояғыштарды өңдеу технологиясы мен бояуға қойылатын техникалық талаптар.


Параграф 3. Бояу үйлестіруші, 5-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:

эталонның түсті тонына сәйкес тираж баспасына арналған баспа бояуларын құрастыру, тираж қағазының қасиетіне, өндірілетін өнімнің сипатына, тираж басылымының шарттарына байланысты баспалық-техникалық қасиеттеріне сәйкес бояуларды дайындау;

қолда бар бояу түрлерінен бастапқы бояуларды іріктеу және қажет түсті алу үшін олардың ара салмағын айқындау;

тон түсін түзету;

құрастырылған бояудың бедерлерін жасау.

27. Білуге тиіс:

баспа бояуының құрамын;

олардың компоненттерінің қасиетін және қызметін;

бояуларға қойылатын технологиялық талаптар;

баспаның барлық тәсілдерін басып шығару процесінің технологиялық ерекшеліктері;

қосымша заттарға қойылатын талаптар;

басып шығарудың денситометриялық нормалары туралы ұғым;

денситометрді, түстерді араластыру жүйесі атласын және бояу жүйесін пайдалану ережесі.
Параграф 4. Бояу үйлестіруші, 6-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәлдіктегі қайта молықтыруды талап ететін жоғары көркемдік жұмыстарды, ақша бұйымдарын және картографиялық басылымдарды басып шығаруға арналған түсті тон және баспа-техникалық қасиеттері бойынша бояуларды құрастыру және дайындау;

шкалалық бедерлер бойынша бояу рецептілерін құрастыру, қайталама тираждарды басып шығару кезінде бедер сапасының ұқсастығын қамтамасыз ету үшін түстерді түзету.

29. Білуге тиіс:

баспа тәсілдері технологиясының негіздері;

түс тану негіздері, көпшілік баспа бояуларының қасиеттері мен техникалық сипаттамалары.


4. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы
Параграф 1. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы, 2-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес кітап-журнал басылымдарының жартылай фабрикаттарын, таза жазылған және картонаждық бұйымдарды, қағазды, картонды, дедеринді, техникалық маталарды, квитанциялық-бланкалық бұйымдар мен қатаң есептіліктегі өнімдерді сұрыптау, бақылау, қабылдап алу және іріктеу;

іріктелген парақтарды немесе даналарын анықтау және жою, үлгілерін таңдау, қолмен және есептеу машинасында есептеу, бақыланатын бұйымдарды өру және орау;

баспа түрлеріне бойынша ақауларды паспорт – жапсырмаға бөлу;

баспа машиналарындағы баспаның сапасын, нөмірленуін бақылау және ақауларды жою шараларын қабылдау; іріктеу кітапшасында немесе бақылау картасындағы жазбаны жүргізу;

өнімді орау және таңбалау сапасын тексеру;

будаға оралған еркін есептеу бұйымдарын түпкілікті тексеру;

паспорт жапсырманы ресімдеудің дұрыстығын, орам сапасын және пломбалардың бүтіндігін тексеру.

31. Білуге тиіс:

бақыланатын бұйымдарды сұрыптау, есептеу және орау тәсілдері;

материалдар мен бақыланатын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары, оны жасау технологиясы мен ақау түрлері;

будаларды орау түрлері мен өру тәсілдері;

операциялар бойынша шектеулер.

32. Жұмыс үлгілері:

1) қатаң бақылаудағы билеттер – сұрыптау, есептеу және бандерольдеу;

2. бланктік билеттер – нөмірлерін салыстырып тексеру және сапасын тексеру;

3) кітап, брошюра және журнал блоктары – дәптер бойынша бақылау;

4) гуммирленген қағаз – сұрыптау;

5) қатаң бақылаудағы қағаз, жартылай фабрикаттар және даяр өнім – есептеп бақылау;

6) газеттер – бақылау;

7) квитанциялық-бланкілік бұйымдар – бақылау;

8) таза жазылған және картонды бұйымдар (дәптерлер, блокноттар, қораптар) – бақылау;

9) беттеу қақпақтары мен папкалар – бақылау;

10) деколь бедерлері – сұрыптау;

11) картографиялық өнім – сұрыптау;

12) бұқаралық басылымдардың кітап-журнал (даяр) өнімдері – бақылау;

13) кітап-журнал өнімі, афишалар, плакаттар – парақ бойынша бақылау;

14) рұқсатнамалар, куәліктер – бақылау;

15) чектер, ярлыктар – бақылау.
Параграф 2. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы, 3-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес жоғары көркемдік кітап-журнал, көркем-репродукциялық басылымдарды, иллюстрацияларды, ашық хаттарды, қатаң бақылаудағы өнімдер мен күрделі квитанциялық-бланкілік Мемлекеттік белгі бұйымдарын, жаппай шығарылым маркаларын сұрыптау, бақылау, қабылдау және іріктеу;

будаларға оралған қатаң есептегі бұйымдарды түпкілікті тексеру;

паспорт жапсырманы ресімдеудің дұрыстығын, орау сапасын, пломбаның бүтіндігін және сотня сапасын тексеру;

бақыланатын бұйымдарды партиялары бойынша іріктеу, посылкаларда көрсетілген мекенжайларын тексеру;

посылкаларды бандерольдау, пломбылау және тиісті жазуларын ресімдеу, посылкаларды поштаға және арнайы байланыспен жіберу үшін тапсыру;

мемлекеттік белгі бұйымдарын тізімдемемен салыстырып тексеру;

тапсырыс және айрықшалығына сәйкес жинақтаудың бекітілген кестелері және жинақ саны бойынша шрифтілік өнімді жинақтаудың дұрыстығын тексеру;

қолданыстағы мемлекеттік стандартарға және техникалық шарттарға сәйкес құйылған сызғыштар мен ашық жер материалдарының сапасын бақылау, оларды іріктеп шығару.

34. Білуге тиіс:

бақыланатын материалдар мен өнімнің мемлекеттік стандартары мен техникалық шарттары;

бақыланатын өнімді актілеу тәртібі;

Мемлекеттік белгі бұйымдарының номенклатурасы;

баспа түрлерінің ерекшеліктері;

брошюралық-беттеу операцияларының технологиясы;

өлшеудің типографиялық жүйесін;

барлық графикалық негіздер мен қалып қаріптері;

қаріптердің мемлекеттік стандарттары;

сызғыш және ашық жер материалының түрлері, жинақтау кестесі;

сызғыш және ашық жер материалы жарамсыздық түрлері.

35. Жұмыс үлгілері:

1) жоғары көркемдік альбомдар – бақылау;

2) билеттер, нөмірленген арнайы белгіленген өнімдер, рұқсатнамалар, куәліктер, арнайы есептегі квитанциялар – бақылау;

3) грамоталар, дипломдар, аккредитивтер, азаматтық ахуал актілері туралы куәліктер, жинақтау кітапшалары – жартылай фабрикаттарды бақылау;

4) иллюстрациялар, көп бояулы ашықхаттар, көркем маркалар – парақ бойынша бақылау;

5) көп парақты карталар мен плакаттар – бақылау;

6) сызғыштар мен ашық жер материалдары – бақылау;

7) қатаң есептегі парақтар – есепті бақылау;

8) картографиялық (топографиялық және арнайы карта үлгісіндегі күрделі емес) өнім – парақ бойынша бақылау;

9) жоғары көркемдік (даяр) кітап-журнал өнімдері – бақылау;

10) қаріптік өнім – жинақтау сапасын бақылау;

11) кітап-журнал бұйымдарының баспалық қалыптары – бақылау.


Параграф 3. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы, 4-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік белгі жартылай өнімдері мен даяр өнімдерді: ақша бұйымдарын, чектерді, облигацияларды, төлқұжаттық құжаттаманы, еңбек кітапшаларын, ақшалай-заттай лотерея билеттері мен арнайы шығарылған маркаларды сұрыптау және бақылау.

іріктелген парақтарды немесе даналарын анықтау және жою, үлгілерін таңдау, қолмен және есеп машинасында есептеу, қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес Мемлекеттік белгі бұйымдарын өру және орау.

жапсырма – төлқұжатқа баспа түрлері бойынша жарамсыздарын бөлу;

күрделі картографиялық және басқа да жоғары көркемдік көп бояулы өнімді сұрыптауға арналған үлгілерді бақылау және іріктеу;

даяр өнімді сұрыптау және орау сапасын бақылау;

қолданыстағы мемлекеттік стандартарға немесе техникалық шарттарға сәйкес суреті, кегельді, бойы, көзінің тазалығы және басқа да көрсеткіштері бойынша оларды құйғаннан және қолмен жасағаннан кейін қаріптер мен оюлардың барлық түрінің сапасын бақылау;

жарамсыздыққа шығарылған өнімді алу;

түрлі диаграммалық өнім (таспа, дискілер, қатталатын таспалар) мөлшері мен баспа сапасын бақылау;

ақаулықтардың алдын алу шараларын қабылдау;

қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес ғылыми-техникалық және патенттік материал микрофиш және микрофильмдері негативтері мен позитивтерінің сапасын бақылау.

37. Білуге тиіс:

Мемлекеттік белгі бұйымдарын, картографиялық бұйымдарды, микрофиштер мен микрофильмдер жасаудың технологиялық процесі;

бақыланатын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары; картография негіздері;

қаріптер жасаудың технологиялық процесі;

қаріптік жарамсыз өнімнің түрлері мен себептері;

ағаш жыныстары мен оның ағаш литерлерде жіберілетін ақаулықтары;

қолданылатын өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі.

38. Жұмыс үлгілері:

1) ақша бұйымдары, облигациялар, төлқұжаттық құжаттама, еңбек кітапшалары, ақшалай-заттай лотерея билеттері, арнайы шығарылған маркалар – сұрыптау және бақылау;

2) ғылыми-техникалық және патенттік материалдардың микрофиш және микрофильм негативтері, позитивтері - сапасын бақылау;

3) картографиялық (әлем атласының күрделі үлгісі) өнім – парақ бойынша бақылау;

4) барлық түрдегі қаріптер – сапасын бақылау.
Параграф 4. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді бақылаушы, 5-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:

қаріптерді, пуансондарды және матрицаларды құюға арналған бақылау жетектерінің сапасын кегель, бойы, қалыңдығы, қаріп жолы, көзінің тазалығы және басқа да көрсеткіштер бойынша тексеру.

каріп құятын машиналардағы ақаулардың себептерін анықтау және алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау.

картографиялық өнімді басып шығаруға арналған баспалық қалыптардың сапасын оларды жасаудың барлық сатысында тексеру.

Білуге тиіс:

матрицалар мен пуансондардағы ақау түрлері;

қаріптік өнімді құюдағы ақау себептерін жою әдістері.
5. Мекенжайға жіберу машинасының машинисі
Параграф 1. Мекенжайға жіберу машинасының машинисі, 2-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:

жіберілетін құжаттардың мекенжайларының мәтінін теру және стенсельдерді қалыптау мекенжайға жіберу машинасында қалыптау.

баспа мекенжай машинасында мекенжайын басу.

қалыпталған стенсельдерді берілген тәртіпте арнайы жәшіктерге қалап және жәшіктерді шкафтарға орната отырып таңдау.

қалыптайтын мекенжайға жіберу машинасын реттеу, тазалау және майлау.

41. Білуге тиіс:

поштаны жіберу жоспарының терминологиясы;

латын әліпбиі, қалыптайтын мекенжайға жіберу машинасын реттеу тәсілдері.


6. Іріктеу машинасының машинисі
Параграф 1. Іріктеу машинасының машинисі, 3-разряд
42. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті іріктеу машинисінің басшылығымен іріктеу машинасында төсеніш қағаздан жасалған басылып шыққан өнімді іріктеу.

іріктеу машинасын жұмысқа дайындау.

стапельді арбаға қағазды итеріп салу және қалау.

қағаз артқан стапельді арбаны толтыру.

төсеніш және тираждық қағазға арналған қабылдау стапелінің жұмысын қадағалау және оларды реттеу.

қабылдау стапельдерінен төсеніш және тираждық қағазды түсіру.

43. Білуге тиіс:

басылып шыққан өнімді іріктеуге техникалық талаптар;

іріктеу машиналарын пайдалану ережесі.


Параграф 2. Іріктеу машинасының машинисі, 4-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:

төсеніш қағазынан жасалған басылып шыққан өнімді іріктеу машинасында іріктеу.

іріктеу машинасын жұмысқа дайындау, фотоэлементтерді, өзі салатын және көлік шығару жүйесін, парақ шығарып тастайтын құрылғыны реттеу.

бұйымның форматын өзгерту кезінде іріктеу машинасы құрылғысын орнату және реттеу.

іріктеу машинасы тораптарын реттеу, іріктеу машинасының жұмысындағы бұзушылықтарды жою.

45. Білуге тиіс:

іріктеу машинасы механизмдерінің құрылысы, қолдану принципі мен реттеу ережесі;

электронды құрылғыларды реттеу тәсілдері, іріктеу машинасын пайдалану ережесі;

басып шығарылған өнімнің техникалық шарттары.
7. Сұрыптау автоматының машинисі
Параграф 1. Сұрыптау автоматының машинисі, 4-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым білікті сұрыптау автоматы машинисінің басшылығымен сұрыптау автоматында ақшалай бұйымдарды сұрыптау, есептеу және бандерольдау;

сұрыптау автоматын жұмысқа дайындау, бандерольдауға арналған таспа орамын реттеу, желімді желімдеу аппаратына құю;

бандерольдайтын секцияның жұмысындағы ақаулықтарды жою, бандерольдардың сапасын тексеру;

бумаларды орау, пломба орнату және сығу;

ақауды жою;

сұрыптау автоматын тазалау және майлау.

47. Білуге тиіс:

ақшалай бұйымдарды сұрыптау автоматында және қолмен өңдеудің технологиялық процесі;

ақшалай бұйымдардың сапасына және бандерольдауға қойылатын техникалық талаптар;

сұрыптау автоматын пайдалану және бандерольдайтын секцияны реттеу ережесі.
Параграф 2. Сұрыптау автоматының машинисі, 5-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:

сұрыптау автоматында ақшалай бұйымдарды сұрыптау, есептеу және бандерольдау;

сұрыптау автоматын жұмысқа дайындау, өзі қалағышты тираждық және ауыстыратын қағазбен зарядтау;

бандерольдайтын механизмнің ауа жіберуін, көлік шығару жүйесі мен тораптарын реттеу;

сұрыптау автоматының жұмысындағы ақауларды жою;

сұрыптау сапасын тексеру.

ілеспе құжаттаманың түрлерін және ақау санын тіркеу.

49. Білуге тиіс:

сұрыптау автоматы тораптарының құрылысы, пайдалану және реттеу ережесі.
8. Орау машинасының машинисі
Параграф 1. Орау машинасының машинисі, 2-разряд
50. Жұмыс сипаттамасы:

кітап бумаларын шпагатпен орап байлау және орау станоктарында металл қапсырмамен түйінді бекіту;

кітаптарды полиэтилен таспамен орап байлау және орау машиналарында термоқұрылғының көмегімен түйінді бекіту;

орау станоктарын жұмысқа дайындау;

шпагатты, болат, полиэтилен таспаны толтыру;

шпагат, пышақ, қапсырма жасайтын құрылғыларды игіш, термоқұрылғы жүйелерін реттеу;

кітап бумаларының оралу сапасын бақылау.

51. Білуге тиіс:

кітап бумаларын ораудың технологиялық процесі;

орау станоктарын пайдалану және реттеу ережесі.

Параграф 2. Орау машинасының машинисі, 3-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:

кітап бумаларын қағазға, қорап картонға, термотырғызу пленкасына орау машинасында орау;

орау машинасын жұмысқа дайындау;

қағаз орамын, қорап картонды, термоотырғызу пленкасын орнату;

желім аппаратын, кітап бумаларын орау және қағаз кесу механизмдерін баптау және реттеу;

ярлык жапсыру;

кітаптарды орау машинасына қалау, орау машинасының жұмысындағы ақаулықтарды жою, орау сапасын бақылау;

машинаны тазалау және майлау;

анағұрлым жоғары білікті орау машинасы машинисінің басшылығымен орау автоматында термоорау пленкасы өнімін орау;

орау сапасын тексере отырып кітаптың оралған бумасын қабылдап алу, буманы компостерде қысу.

53. Білуге тиіс:

орау машинасындағы кітаптарды ораудың технологиялық процесі;

қолданылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

орау машинасы механизмдерін пайдалану және реттеу ережесі.


Параграф 3. Орау машинасының машинисі, 4-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:

ақша бұйымдарын орау автоматында термоотырғызу пленкасына орау;

орау автоматын жұмысқа дайындау, пленка толтыру, ақша бұйымдарын орау автоматына жіберу, орау процесін жүргізу, орау машинасының жұмысындағы ақаулықтарды жою.

55. Білуге тиіс:

ақша бұйымдарын ораудың технологиялық процесі, орау сапасына қойылатын техникалық талаптар, орау автоматының құрылысы, пайдалану ережесі.
9. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы
Параграф 1. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 3-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:

полиграфиялық күрделі емес станоктарды баптау, реттеу, монтаждан алу және монтаждау;

күрделі емес полиграфиялық станоктарды монтаждан алу және монтаждау;

күрделі емес полиграфиялық станоктардың бөлшектерін слесарлық өңдеу;

күрделі емес полиграфиялық станоктардың жұмысын тексеру.

57. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін станоктардың құрылысы және пайдалану, жұмыс істеуін және дәлдігін тексеру ережесі;

қызмет көрсетілетін станоктардың төлқұжаты;

сызбаларды оқу ережесі.

58. Жұмыс үлгілері:

1) биговальды, жапсыратын, желім жағатын, штрихтайтын, картон кесетін станоктар – баптау;

2) бір аппаратты сым тоқитын үлгідегі машиналар – баптау.


Параграф 2. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 4-разряд
59. Жұмыс сипаттамасы:

полиграфиялық күрделі станоктарды, күрделі емес полиграфиялық машиналар мен жартылай автоматтарды баптау, реттеу;

полиграфиялық станоктарды тораптарын монтаждан алу және монтаждау, бөліктері мен бөлшектерін тексеру және жетілдіру;

кесетін аспапты қайрау;

полиграфиялық жабдықты теңшеу кезінде қажетті есептерді жүргізу;

баптағаннан кейін полиграфиялық жабдықты сынамалау;

жоспарлық- сақтандыру жөндеу жүйесі бойынша полиграфиялық жабдықты профилактикалық байқау, тексеру, жөндеу жүргізуге қатысу.

60. Білуге тиіс:

полиграфиялық жабдықтың құрылысы және конструкциялық ерекешеліктері, басқару жүйесі және қызмет көрсету ережесі;

қызмет көрсетілетін полиграфиялық жабдықтың төлқұжаттық деректері, сызба оқу ережесі;

қызмет көрсетілетін станокты баптау ережесі, жұмыс істеу және дәлдігін тексеру;

кесетін аспапты қайрау ережесі;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

61. Жұмыс үлгілері:

1) форза желімдеу, жиектеу үлгісіндегі автоматтар – баптау;

2) қола құю, парақ кесетін, бір пышақты кесетін, көп аппаратты сым тоқитын, жеңіл үлгідегі тигельді баспа, шығаратын, центрифугалы, пленкалы сығымдауға арналған, бобин кесетін, орайтын үлгідегі машиналар – баптау;

3) алтын жалатылған, алтын жалатылған баспалық, трафареттік баспа жартылай автоматтары – баптау;

4) фотополимерлік қалыптағы, контактілік-көшірмелік, пневматикалық көшірмелеу рамасына арналған корректуралық, беттеу-корректуралық, офсеттік аудару, офсеттік сынау-баспалық, үлгідегі станоктар, фотополимерлік қалыпты шаюға арналған құрылғылар – баптау.


Параграф 3. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 5-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі кинематикалық тәсімді ерекше күрделі полиграфиялық станоктарды, күрделі машиналарды, автоматтар мен жартылай автоматтарды баптау және реттеу.

63. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикалық тәсімі және дәлдігін тексеру ережесі;

негізгі технологиялық және механикалық металл қасиеттері, шектеулер мен отырғызу жүйесі;

ерекше күрделі полиграфиялық станоктардың бөлшектерін өңдеу параметрлері, оптика, жарық техникасы және электроника негіздері.

64. Орта кәсіптік білім қажет.

65. Жұмыс үлгілері:

1) тікпей бекітетін, қосымша тігетін, кітап үстемелейтін, парақ іріктейтін, жіппен тігетін, іріктеп тігетін, үш пышақты кесетін, кіші форматтағы бүктейтін, бағдарламалық басқарылатын бір пышақты кесетін, кіші форматтағы парақты бір бояулы офсеттік, картон кесетін, орайтын үлгідегі машиналар – баптау;

2) фоторепродукциялық көлденең екі бөлмелі аппараттар – баптау.


Параграф 4. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 6-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:

көп мөлшерде полиграфиялық операциялар орындайтын ерекше күрделі полиграфиялық машиналарды, жартылай автоматтар мен автоматтарды баптау және реттеу.

67. Білуге тиіс:

ерекше полиграфиялық күрделі машиналардың, жартылай автоматтар мен автоматтардың құрылысы, қолдану принципі және конструкциялық ерекешеліктері.

68. Орта кәсіптік білім қажет.

69. Жұмыс үлгілері:

1) кітап, брошюра және журнал жасау жөніндегі автоматты ағынды желілер – баптау;

2) қақпақ жасайтын (парақ және орам пішу материалдарында жұмыс істейтін), қосымша тігетін-кесетін, жіппен тігетін, тегіс басатын үлгідегі автоматтар – баптау;

3) блок өңдейтін, тікпей бекітетін, газеттік (баспалық) агрегаттар – баптау;

4) ротациялық жоғары, офсеттік, терең, флексографиялық, орловск және металлографиялық басылым, жоғары баспалы тегіс басатын үлгідегі машиналар, үш және төрт жерден иетін бүктейтін машиналар – баптау;

5) офсеттік баспа қалыптарын жасауға арналған лазерлік гравирленген автоматтар – баптау.
Параграф 5. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 7-разряд
70. Жұмыс сипаттамасы:

микропроцессорлық техникамен жабдықталған күрделі қалыптау, баспалық және брошюралық-беттеу жабдықтарын баптау және реттеу;

арнайы тестілік бағдарламалардың көмегімен басқаратын жабдық жүйелерін диагностикалау.

71. Білуге тиіс:

микропроцессорлық техника базасындағы жабдықтарды басқару жүйелерін құру принципі;

бағдарлайтын контроллерлердің, микро және мини ЭЕМ функционалды және құрылымдық тәсімдері;

бағдарлау негіздері; технологиялық және тестік бағдарламаларды енгізу тәсілдері;

статикалық және динамикалық сипаттамаларды алу мақсатында жүйелерді теңшеу әдістері.

72. Орта кәсіптік білім қажет.

73. Жұмыс үлгілері:

1) басқару және бақылау электронды жүйелермен жарақталған офсеттік және терең баспа парақтық машиналары – баптау;

2) офсеттік төрт бояулы сынау баспалық станоктар – баптау;

3) парақ есептеу машиналары – баптау;

4) жоғары, офсеттік және терең арнайы баспалық машиналар – баптау.


Параграф 6. Полиграфиялық жабдықтарды баптаушы, 8-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:

жүйеге біріктірілген микропроцессорлық техникамен жабдықталған ерекше күрделі және бірегей жабдықтарды қалыптау, баспалық және брошюралық-беттеу жабдықтарын кешенді баптау, реттеу;

қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын орындау;

жүйеге біріктірілген микропроцессорлық техникамен жабдықталған ерекше күрделі және бірегей жабдықтарды қалыптау, баспалық және брошюралық-беттеу жабдықтарын басқарылатын жүйедегі арнайы стенділердің көмегімен диагностикалау;

технологиялық жабдықтардың жұмысын талдау, тоқтап қалуын жүйелеу және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

75. Білуге тиіс:

технологиялық жабдықты кешенді баптау және реттеу әдістері; технологиялық процестерді автоматты реттеу теориясының негіздері.

76. Орта кәсіптік білім қажет.

77. Жұмыс үлгілері:

1) мәтінді және қара-ақ иллюстрацияларды қайта өңдеудің автоматтандырылған жүйелері баптау;

2) басқару және бақылаудың электронды басқару жүйелерімен жабдықталған кітап жасау жөніндегі автоматты ағынды желілер – баптау;

3) басқару және бақылау электронды жүйелермен жабдықталған офсеттік және терең баспалық орама машиналар – баптау;

4) құнды қағаздарды басуға арналған орловск және металлографиялық басылымның арнайы баспа машиналары – баптау.
10. Бояу станциясының операторы
Параграф 1. Бояу станциясының операторы, 3-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті бояу операторының басшылығымен қара және түсті ротациялық бояулар мен бояу станцияларына арналған бояу қоймасына қызмет көрсету;

сығымдалған ауаның бу өткізетін жүйесі және желісін қадағалау;

резервуарларды бояумен толтыру, бояудың айналымын, температуралық режимін бақылау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерінің толтырылуын бақылау;

резервуарларды тазалау.

79. Білуге тиіс:

ротациялық баспа бояуларының эталондары;

жүкті жылжытуға арналған айлабұйымдардың құрылысы, қызметі және рұқсат берілетін жүктемесі;

сорғылардың жұмыс істеу принциптері мен құрылғысы;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі;

резервуарларды бояумен толтыру тәртібі;

резервуарларды тазалау ережесі.
Параграф 2. Бояу станциясының операторы, 4-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы.

қара және түсті газет бояулары мен бояу станцияларына арналған бояу қоймасына қызмет көрсету;

резервуарларға бояу жіберу және бояумен толтыру жүйесіндегі қысымды бақылау;

ротациялық баспа бояуларының баспалық қасиеттерін түзету.

81. Білуге тиіс:

баспалық бояулардың қасиеттері;

түзетілетін заттарға техникалық талаптар;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

резервуарларға бояу жіберу және бояумен толтыру құрылғысы;

бу өткізгіштердің тәсімдері мен орналасуы.


11. Білікше құюшы
Параграф 1. Білікше құюшы, 2-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:

жоғарылау білікті білікше құюшының басшылығымен баспа машиналарына арналған желатинді-глицерин, крахмалды-магний, поливинилхлоридті бояу біліктерін құю жөніндегі жұмысты жүргізу;

білікшеден бояуды жуу;

білік массасын және хлормагний массасын қолмен немесе механикалық тәсілмен кесу;

ылғалданған дәке және шпагат тазалау және өзекшесіне орау;

құю қалыбын тазалау және майлау.

83. Білуге тиіс:

құю қалыптарын білікшелерін құюға дайындау тәсілдері;

білікшелер мен құю қалыптарын сақтау ережесі;

білікше қайнату айлабұйымдарын пайдалану ережесі.


Параграф 2. Білікше құюшы, 3-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:

баспа машиналарына арналған механикалық тәсілмен немесе қолмен бояу білікшелерін құю;

желатин-глицерин білік массасы дайындау және балқыту;

крахмал-магний білікшелерін құюға арналған қоспа жасау;

білік массасын илеуге дайындау;

поливинилхлоридті массаны дайындау;

құю қалыптарын дайындау;

салқындатудан кейін білікшелерді құю және алу;

түпкілікті илеуге арналған біліктерді өңдеу;

иленген білік массасын илемдеу;

резина білікшелердің бетін тегістеу.

85. Білуге тиіс:

желатин-глицерин және крахмал-магний білікшелерді құюдың технологиялық процесі;

поливинилхлоридті масса және білікше массаның, крахмалды-магний қоспасының, иленген білікше массасының рецептурасы;

білікше массасын құю, илеу және илеуден шығару режимдері, құю қалыптарына арналған майламалардың құрамы және дайындау тәсілі;

білікшелердің сапасына қойылатын техникалық талаптар.


Параграф 3. Білікше құюшы, 4-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:

көп бояулы орловск басылымының жіберетін қалыптық білікшелерін құюға арналған шикізаттың (желатин, глицерин, хлорлы магний, поливинилхлорид, крахмал және басқалары) түрлерінен жасалған білікше массасының рецептілерін жасау;

массаның біркелкілігінің жоғарылатылған талаптарын сақтай отырып белгіленген константаларға дейін құрамды түзете отырып, білікше массасын жасау;

бояуларды дәл ауыстыруды және басылатын элементтерді қалыпқа жіберуді қамтамасыз ететін білікшеге айнадай бет беру үшін арнайы майлайтын құрамды құю аппараттарын өңдеу;

білікшелерді құю;

құю аппараттарынан білікшелерді алу және оларды салқындату:

білікшелерді өңдеу және сапасын бақылау.

87. Білуге тиіс:

қолданылатын материалдардың қасиеті;

білік массасының рецептілері, білікше жасаудың технологиялық процесі;

орловск көп бояулы басылымындағы қалыптау білікшелерінің қызметі және оларды жасаудың ерекшеліктері;

қолданылатын жабдықты реттеу және баптау ережесі;

білікше сапасына қойылатын талаптар.
12. Препараторшы
Параграф 1. Препараторшы, 1-разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:

операциялардағы химикалийлерді пайдалана отырып қосымша жұмыстарды орындау;

түрлі материалдардан жасалған пластиналардың бетін механикалық және химиялық жолмен ластықтан тазарту;

оларды стеллаждарға орнату;

қызмет көрсетілетін аппараттарды, айлабұйымдарды, құрылғылардың материалдарын зарядтау;

ерітінділерді дайындау;

жай ерітінділер мен (бір-екі компоненттерден) препараттарды құрастыру;

доғалық фонарлар мен басқа да жарық көздерін зарядтау;

фотоаппарат кассеталарын зарядтау;

ерітінділерді тұнық құрамаларға құю;

қалып жасау кезінде шыныларын тазалау.

89. Білуге тиіс:

өндірісте қолданылатын материалдардың сипаттамасы мен қасиеті, химиялық зертханалық ыдысты ұстау ережесі;

техникалық таразыларда өлшеу ережесі;

қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі.
Параграф 2. Препараторшы, 2-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:

вишерлік матаны ылғалдықтың белгіленген пайызына дейін арнайы станокта өлшеу және ылғалдау;

материалдарды (вишерлік жастықтар, қағаз, мата, шұға, декель материалы) дайындау;

олифаны сынау жасамай оның сапасын пісіру процесінде айқындау бойынша пісіру;

шикіқұрам мен сиккативтерді есептеу;

қазандық тазалау;

жылу және шикіқұрам дайындау.

91. Білуге тиіс:

қолданылатын материалдардың түрлері мен оларды пішудің ережесі;

матаның және оларды ауыстырғыштардың маркалары;

матаның ылғалдық пайызын айқындау ережесі;

металлографиялық басылым туралы жалпы мәліметтер;

сиккативтер мен олифаның қасиеттері, декалькомания басып шығаруда қолданылатын литографиялық бояуға арналған олифаның сапасына қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 3. Препараторшы, 3-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:

фотоматериалдарды (айқындағыштар, фиксажды ерітінділер, химиялық әлсіретуге арналған ерітінділер) өңдеуге, пигментті қағазды сезімталдандыру, цилиндрлерді күмістету, клишені және терең басылым қалыптарын және басқа да процестерді, баспа машиналарының кетіретін біліктерінен металлографиялық бояуларды кетіруге арналған ерітінділерді жасау;

жасалатын препараттардың ара салмағы мен концентрациясын бақылау;

химиялық талдау нәтижелері бойынша құралатын ерітінділерді түзету;

бекітілген әдістеме бойынша қағазды және беттеу материалдарын сыну, қысылу, желімдеу, шаршы метр массасы, деформациялану, формат, қисаюын сынау;

қағаздың қалыңдығын өлшеу;

қағаздағы қоспаны айқындау;

бекітілген әдістеме бойынша материалдарды (білік массасын, шайыр, сиккатив, олифа, желім, еріткіш, крахмал, декстрин, глицерин, желатин, пигмент, лак, езілген бояу) сынау;

талдауға сынама алу;

цехтардағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы мен температурасын қадағалау және қағазды сапасы бойынша сұрыптау;

қосымша материалдар мен ерітінділерді (шайыр, сургуч, резинат, сиккатив, хлорлы темір, крахмалды біліктердің құрамы) берілген технологиялар және рецептура бойынша дайындау;

зерттелетін материалдар бойынша жазбаны жүргізу;

олифаны пісіру процесінде оның сапасын айқындау арқылы сынама жүргізіп пісіру;

оксидтелген олифаны дайындау;

олифаның құрамын глифталийлі, олифтстирольды және басқаларын белгіленген рецептура бойынша араластыру;

опалағаннан кейін арнайы машиналарды деколь бедерлерін тазалау; деколь бедерлерін машинаға қалау, бедерлерін тазалағаннан кейін илеу; үйінді мен стеллаждарға қалау;

тазалауға арналған машиналардың деколь бедерлерін жұмысқа дайындау, тазалау және майлау.

93. Білуге тиіс:

жасалатын материалдар мен ерітінділердің қызметі, қағазға арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар;

қағаз талшықтарын және жіп негіздерін айқындау тәсілдері;

қағазды, материалдарды сынауға, ерітінділердің ара салмағы мен тығыздығын айқындауға арналған аспаптармен жұмыс істеу ережесі;

талдау таразыларында өлшеу ережесі; қарапайым есептерді жүргізу;

ерітіндінің қышқылдығын потенциометрде өлшеу ережесі;

түрлі олифаны араластыру технологиясы мен пісіру режимі;

олифа сапасының көрсеткіштері;

олифа сапасын айқындау жөніндегі сынамаларды жүргізу әдістемесі;

хлорлы темір ерітіндісін дайындау тәсілі;

деколь және тигельді машина бедерлерін тазалауға арналған машиналардың құрылысы мен пайдалану ережесі.


Параграф 4. Препараторшы, 4-разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:

материалдарды: қышқыл, сілті мен тұз, зығыр және машина майы, шайыр, электролит, гарт және металлдарды сынау.түрлі талшықты материалдар мен қағаздың тегістігін және иілгіштігін, ақтығын сынамалау;

қағаздан, талшық материалдардан сынама алу;

су белгісімен сапасын тексере отырып қағазды сұрыптау.

95. Білуге тиіс:

талдау химиясының негіздері, қағаздан сынама алу ережесі;

су белгісі сапасын тексеру тәсілдері;

материалдарды сынауға арналған аспаптарды пайдалану ережесі.


13. Престеуші
Параграф 1. Престеуші, 2-разряд
96. Жұмыс сипаттамасы:

дәптерлерді, кітап блоктары мен кітаптардың механикалық, пневматикалық және гидравликалық престерде престеу;

оларды кареткаға қалау;

кареткаларды пресстен алу және транспортерге орнату;

дәптерлерді, кітап блоктарын және кітаптарды пресстен алу;

престерді тазалау, майлау, реттеу;

мемлекеттік белгі парақтарын ылғалданғаннан кейін берілген өзгеріске дейін сығымдағыш гидравликалық престе қолмен престеу; парақтарды пресстерге қалау; қағаз қалдықтарын прессшпанмен немесе металл пластинамен қайта қалау; престегеннен кейін парақтарды алу;

қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу.

97. Білуге тиіс:

дәптерлерді, блоктар мен кітаптарды престерге қалау ережесі;

престеу қызметі мен режимдері;

каретка және тасымалданатын механизм құрылғысы;

металлографиялық басылым операцияларын орындау ережесі;

гидравликалық престердегі қысымды реттеу жолдары және оларды қысымда ұстау уақыты;

пайдаланатын қағазға қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 2. Престеуші, 3-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:

металлографиялық машинада басылып шыққан ақшалай бұйымдардың парақтарын гидравликалық престерде престеу;

қолданылатын престі, компрессорды, электр тиегішті тексеру;

ақша бұйымдары парақтарын преске қалау және электр тиегіш көмегімен престеуден кейін алу.

99. Білуге тиіс:

гидравликалық престі реттеу жолдары, электр тиегішті пайдалану ережесі мен реттеу жолдары.


14. Машиналар мен агрегаттарда қабылдаушы
Параграф 1. Машиналар мен агрегаттарда қабылдаушы, 2-разряд
100. Жұмыс сипаттамасы:

баспа машиналарынан бедерлердің сапасын қаңылтырға тексере отырып қабылдау;

біліктер мен резинаны шаю;

қаңылтыр жөніндегі баспашының басшылығымен баспа машиналарына қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау;

қаріптік өнімді құю машинасынан қабылдау;

қаріптік өнімді кегель және стандарт бойынша гранкаларға орнату және гранкаларды бақылауға жылжыту;

бақылау жүргізгеннен кейін қаріптік өнімді қабылдау, оны жинақтау бөлімшесіне және қоймаға жіберу;

қаріптік өнімді стандартқа сәйкес қалау;

қабылданған қаріптік өнімді есептеу.

101. Білуге тиіс:

қаңылтырға арналған баспа сапсына қойылатын техникалық талаптар;

қаріптік өнім түрлері;

таңбалау белгілері;

есептеу құжаттамасын жүргізу ережесі;

қаріптің өнімді жылжыту және өлшеу ережесі;

баспа машинасы немесе агрегат орындайтын технологиялық операциялар;

қабылдау құрылғысында жұмыс істеу әдістері.
15. Қабылдаушы- жөнелтуші
Параграф 1. Қабылдаушы- жөнелтуші, 2-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:

полиграфиялық өнімді және үстемелердің биркасын, тізбесін таңдау, сондай-ақ әрбір бағыт бойынша жүк орындарын салыстырып тексеру;

жүкті тізбе бойынша қабылдап алу, жүкті алып жүру, сұрыптаудан алу, темір жол станцияларында құжаттамаға сәйкес тапсыру; жүкті станцияда түсіру;

газеттер мен журналдарды даналап есептеу;

мекенжайлар бойынша қалау;

газет пен журналдардың стандартты бумаларын түпкілікті есептеу;

жөнелту құжаттамасын алу және тарату;

транспортерден бумалар мен қаптарды қабылдау, жүк тізбесінде оларды қабылдап алу туралы белгілеу және жүк орындарын бағыт бойынша есептеу, жүкті құжаттамаға сәйкес қалау;

жүкті көлік құралдарын тиелуінің және газет пен журнал бумалары есептелуінің дұрыстығын бақылау;

жартылай фабрикаттар мен даяр өнімді, оның ішінде қатаң бақылаудағы, микрофиштер мен микрофильмдерді таңдау, жинақтау, және аралас цехтарға және қажетті жөнелту құжаттамасын ресімдей отырып экспедицияға жөнелту.

103. Білуге тиіс:

жөнелтілетін өнімге қойылатын техникалық талаптар;

өнімді есептеу жолдары;

жүкті түсіру және қоймалау ережесі;

жөнелту құжаттамасын ресімдеу ережесі;

жүкті мекенжайларға тарату ережесі;

көлік құралдарына арналған жүкті тиеу ережесі.
16. Штемпель құрастырушы
Параграф 1. Штемпель құрастырушы, 1-разряд
104. Жұмыс сипаттамасы:

каучук штемпельдерді құрастыру жөніндегі жекелеген операцияларды орындау;

штемпельдерді құрастыру;

ағаш немесе металл негізге штемпельдерді желімдеу;

тұтқаларын бекіту.даяр штемпельдерді тапсырыс бойынша іріктеу және оларды бақылауға жіберу;

күнтізбеге арналған вулканизацияланған сақиналарды кесу.

105. Білуге тиіс:

тапсырыс берушінің құжаттамасын;

күнтізбедегі сақиналардың орналасу тәртібі;

штемпельдердің қызметі;

желімнің түрлері мен қасиеті.

106. Жұмыс үлгілері:

Құрастыру

1) резина сақиналы күнтізбелер;

2) дөңгелек және үш бұрышты мөртабандар;

3) түрлі мөлшердегі мөрлерді құрастыру.

Параграф 2. Штемпель құрастырушы, 2-разряд
107. Жұмыс сипаттамасы:

каучук штемпельдерді (мөртабандар, мөрлер және тағы баска) құрастыру жөніндегі операциялар кешенін орындау;

ағаш тұтқа дайындамаларын және негіздерді циркулярлы арамен аралау;

ұяшықтарды негізінен аралау орнын бояу және бұрғылау станогында бұрғылау, станоктарды реттеу және баптау;

тапсырыс берушінің эскиздері бойынша вулканизацияланған қалыптарды іріктей отырып, жекелеген штемпельдерге кесу;

вулканизациялау сапасын бақылау;

штемпельдерді тапсырыс бойынша жинақтау.

108. Білуге тиіс:

вулканизациялау сапасына қойылатын талаптар;

штемпельдерді жинақтау ережесі;

циркулярлы арамен және бұрғылау станогында жұмыс істеу ережесі.
17. Есепші
Параграф 1. Есепші, 1-разряд
109. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды, картонды, жартылай фабрикаттар мен баспалық қатаң бақылаудағы даяр өнімді қолмен және есептеу машинасының көмегімен есептеу;

баспа өнімдері жартылай фабрикаттарын және баспалық материалдарды жұмыс орындарына қабылдау және тапсыру, қоймаға тапсыру немесе жөнелту;

жартылай фабрикаттар мен даяр басылған өнімді жіберу, орау және орамын ашу;

накладнойларды толтыру және тиісті қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу;

парақтық баспа өнімдерін (ақшалай бұйымдардан басқа) жіберіп, бекітілген белгіге инемен түйрей отырып есептеу.

110. Білуге тиіс:

қағаздың, картонның, баспа өнімдерінің жартылай фабрикаттарының түрлері мен олардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

бұйымды жіберу, түйреу, байлау және орау жолдары, инеге түйреу сапасының баспаға әсері, кесу және перфорациялау ережесі;

есептеу машинасында жұмыс істеу ережесі;

қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу тәртібі.
Параграф 2. Есепші, 2-разряд
111. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды, картонды, түрлі қатаң есептегі жартылай фабрикаттарды және даяр баспа өнімін қолмен және есептеу машинасының көмегімен есептеу;

жұмыс орындарына ығыстыру, қабылдау және беру, жартылай фабрикаттар мен даяр баспа өнімін қоймаға тапсыру немесе жөнелту;

макулатуралық белгілі бедерлерді есептеу;

бедерлерді қабылдау және беру, сұрыптау;

жарамсыз бедерлерді есептеу және будаларға жинақтау;

қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жою бедерлерін тапсыру;

өнімді басқа цехтарға тапсыру кезіндегі бедер сапасын бақылау;

ақша ұйымдарын басуға арналған парақтық қағазды түйістіріп, бекітілген белгіге белгіленген белгіге дәл инемен түйрей отырып және накладноймен ресімдей отырып, есептеу.

112. Білуге тиіс:

баспалық материалдарды, жартылай фабрикаттарды, даяр өнімдерді, қатаң есептегі баспалық өнімдердің жарамсыздарын және қалдықтарын ұстау ережесі;

есептеу, есептілігі мен қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеуді жүргізу тәртібі.


Параграф 3. Есепші, 3-разряд
113. Жұмыс сипаттамасы:

ақшалай бұйымдарды, арнайы бұйымдарды, төлқұжаттық құжаттамаларын, облигацияларды, лотерея билеттерін басуға арналған қағазды түйістіріп есептеу;

қатаң бақылаудағы жартылай фабрикаттар мен даяр баспа өнімдерін және көркемөнер бұйымдарын қолмен және электронды құрылғылы ақша есептеу машинасының көмегімен есептеу;

жартылай фабрикаттар мен даяр баспа өнімдері жарамсызын есептеу, қағаз кедергілерін парақтың тұтастығына қарай тексеру және жарамсыздарын орау.

114. Білуге тиіс:

баспа өнімдерін есептеу жолдары, орау түрлері мен тәсілдері, жергілікті белгісі бар қағаздың қасиеттері, ақша есептеу машинасының құрылысы, пайдалану және реттеу ережесі.


Параграф 4. Есепші, 4-разряд
115. Жұмыс сипаттамасы:

ақшалай бұйымдарының жартылай фабрикаттар мен даяр өнімдерін, арнайы бұйымдарды, төлқұжаттық құжаттамаларын, облигацияларды, лотерея билеттерін басуға арналған қағазды түйістіріп қолмен және электронды құрылғылы ақша есептеу машинасының көмегімен есептеу.

116. Білуге тиіс:

есептеу жолдары;

ерекше жауапты бұйымдарды орау тәсілдері, ақша есептеу машиналарын пайдалану және реттеу ережесі.
18. Электрофотограф
Параграф 1. Электрофотограф, 3-разряд
117. Жұмыс сипаттамасы:

қағаздағы мәтіндік және штрихтық көшірмелерін электр репродукциялық аппараттарда жасау; аппаратты жұмысқа дайындау;

селенді пластинаны зарядтау;

экспонирлеу;

айқындайтын құрамды жасау;

бейнесін айқындап шығару;

селенді пластинадағы бейнені түзету, қағазға аудару және түрлі тәсілдермен бекіту;

селенді пластинаны шаю.

118. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін электр репродукциялық аппараттардың жұмыс істеу принципі, электрография негіздері;

селенді пластинаға, айқындап шығарғышқа, қағаз және көшірмелерге қойылатын техникалық талаптар;

бейнені қағазға экспонирлеу, анықтап шығару және бекіту режимдері.


Параграф 2. Электрофотограф, 4-разряд
119. Жұмыс сипаттамасы:

электр репродукциялық аппараттарда мәтіндік және штрих түпнұсқалардан баспалық қалыптар жасау;

суретті пластинадан гидрофильді қапталған фольгаға, қағазға және басқа да қалыпты материалға ауыстыру;

қалыпты түзету;

суретті қалыпқа түрлі тәсілдермен бекіту;

қалыпты өңдеу;

электр репродукциялық аппараттағы ақаулықтарды жою.

120. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін электр репродукциялық аппараттардың құрылғысы;

қалыпты материалдағы суретті бекіту технологиясы;

баспалық қалыптың сапасына қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 3. Электрофотограф, 5-й разряд
121. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай тонды және растрлық бейнелі түпнұсқалардың көшірмелерін және баспалық қалыптарды жасау;

микрофильмдердің көшірмесін қағазға немесе шексіз формулярлардың көшірмесін ЭЕМ-ге электр репродукциялық аппараттарда жасау;

тондық бейнелерді шығару;

пленкаларды немесе шексіз формулярлардың еселігін таңдау және оларды желімдеу;

электр репродукциялық аппаратты микрофильмі бар кассетамен немесе шексіз формулярды орамамен зарядтау;

экспонирлеу режимін таңдау;

қағазды зарядтау;

көшірмелеу.

122. Білуге тиіс:

электр репродукциялық аппараттардың, оның ішінде автомат құрылғылармен (парақтың екі жағында көшіру, іріктеу үшін) аппараттардың құрылғысы; жартылай тондарды шығару принципі;

растр түрлері және линиатурасы;

растрлық және жартылай суретті қалыптарды өңдеу ерекшеліктері;

электроника негіздері;

микрофильмдерге, шексіз ЭЕМ формулярларына, масштаб өзгерту еселігіне қойылатын техникалық талаптар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет