Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрінің



жүктеу 203.87 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі203.87 Kb.





Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрінің

2017жылғы «__» қазандағы

№ ____бұйрығына

қосымша








Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2017жылғы «28» мамырдағы

№ 407бұйрығына

қосымша




«Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті

1-тарау.Жалпы ережелер
1. «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекiтiлген «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін (бұдан әрі – мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі) тағайындау рәсімін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.



2-тарау.Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.

6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдары:

1) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау бойынша функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:

- келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде Стандартта белгіленген мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады.

Егер талап етілетін құжаттар Стандартта көрсетілген мерзімде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 12-тармағына сәйкес мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;

электрондық цифрлық қолтаңба арқылы:

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау туралы;

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларында(бұдан әрі – Қағидалар)белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын куәландырады;

мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі маманының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;

2) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау бойынша функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы екі жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде Стандартта белгіленген мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік копорация бөлімшесіне қайтарады;

Егер талап етілетін құжаттар Стандартта белгіленген мерзімде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 12-тармағына сәйкес мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;

электрондық цифрлық қолтаңба арқылы:

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау туралы;

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер Қағидалардабелгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын куәландырады;

мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі басшысыныңэлектрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады;

3) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау бойынша функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:

келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);

мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде Стандартта белгіленген мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік копорация бөлімшесіне қайтарады;

электрондық цифрлық қолтаңба арқылы:

электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау туралы;

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін құжаттарды ұсынбаған, ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтер Қағидалардабелгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

қабылданған шешімді автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жібереді;

электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған кезде мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаларды Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне автоматты түрде жібереді.

Мемлекеттік кепілдік төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 5-тармағында айқындалған мерзімдерде көрсетіледі.



3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қатысады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада ұсынылған.



4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10.Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация фронт-офисінің бөлімшесінде «электрондық кезек» тәртібінде, кедергісіз қағидат бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте құжаттарды қабылдайтын маман мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:



  1. мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мыналардың:

төлемді тағайындау,төлеу немесе Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген себеп бойынша тағайындаудан бас тарту фактісінің;

өтініш берген күнгестатистика жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет ресурсында орналастырылған деректерге сәйкес инфляция коэффициенті туралы мәліметтердіңболуына сұрау салуды қалыптастырады.

Айырманы тағайындау(тағайындаудан бас тарту) немесе төлеу фактісі анықталған кезде Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;


  1. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесіне – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша сұрау салуды қалыптастырады;

  2. көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;

  3. көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;

  4. сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

  5. өтінішті тіркейді және құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Стандарттың 9-10-тармақтарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындауға құқығы болмаған жағдайда Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

Өтініш берген күнге инфляция коэффициенті туралы мәліметтер болмаған жағдайдамаман өтініш берушігетолық құжаттар пакетімен қызмет көрсету мерзімін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 25 (жиырма бес) күнге дейін ұзарту қажеттігі туралы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді.

11. Мемлекеттік корпорация бэк-офисінің бөлімшесіекі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады.

Іс макетін қалыптастыратын маман мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:



  1. электрондық іс макетін қалыптастырмастан бұрын салымшының міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылғанжабылмаған қате транзиттікшоттарыныңболуын тексеруді жүзеге асырады.

Салымшының міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару жүзеге асырылған жабылмаған қате транзиттік шоттары анықталған жағдайда маман қате шоттарды жабу және біріктіру бойынша шараларды қолданады және бұл ретте көрсетілген қызметті алушыны екі жұмыс күні ішінде қызмет көрсету мерзімінің күнтізбелік 10 (он) күнге ұзартылғаны туралы телефон байланысы (sms-хабарлама) арқылы хабардар етеді.

  1. көрсетілетін қызметті алушының электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қалыптастырады;

Алушылар-мүгедектіктің 1 немесе 2-тобымерзімсіз белгіленген адамдар және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар санаттары бойынша электрондық іс макетін қалыптастырған кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын алу күні көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсеткен мәліметтерге сәйкес қабылданады.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорыкөрсетілетін қызметті алушы зейнетақы жинақтарын осы регламентке 11-тармақтың 3)-тармақшасына сәйкес жолданған хабарлама бойынша алуы фактісін растамаған жағдайда маман мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім жобасын қалыптастырады;

  1. Бірыңғай жинақтушы зейнетақы қорынажеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы жөнінде мәліметтер ұсыну туралы хабарлама жібереді;

  2. Бірыңғай жинақтушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтер алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасыменсалыстырып тексереді;

тиісті кезеңдегі инфляцияның деңгейін ескере отырып,мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемінің мөлшерін есептеудің және Қағидалардың13-тармағына сәйкес келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын қарайды және тексереді;

Көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай жинақтушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоты бойынша деректерді қайта сұрату үшін негіздемелер болған жағдайда маман көрсетілетін қызметті алушыны екі жұмыс күні ішінде қызмет көрсету мерзімінің күнтізбелік 25 (жиырма бес) күнге дейін ұзартылғаны туралы телефон байланысы (sms-хабарлама) арқылы хабардар етеді;

Бұл ретте зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күнге инфляция коэффициенті туралы мәліметтер болған кездеСтандарттың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қызметті ұзартудың жалпы мерзімікүнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспауға тиіс.


  1. күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары сомалары туралы дұрыс мәліметтер ұсыну үшін Бірыңғай жинақтушы зейнетақы қорына хабарламаны қайта жібереді;

  2. екі жұмыс күні ішінде электрондық шешім жобасын қалыптастырады, электрондық шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады және автоматты режимде Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысына жібереді.

Күнтізбелік 10 (он) күн өткен соңБірыңғай жинақтушы зейнетақы қорымемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асыру үшін қажетті жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары туралы дұрыс мәлімет ұсынбаған жағдайда маман көрсетілетін қызметті алушы Бірыңғай жинақтушы зейнетақы қорымен мәліметтерді қате ұсынусебебін реттегенге дейінмемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын қалыптастырады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың13-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

12. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

1) бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемінің мөлшерін есептеудің және келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін ресімдеудіңдұрыстығын қарайды және тексереді;

2) құжаттарды немесе есептеуді тексеру үшін негіздемелер болған жағдайдаСтандартта белгіленген мерзімде мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау туралы шешім қабылдау үшін электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік копорация бөлімшесінің электрондық іс макетін қалыптастыратын маманына пысықтауға қайтарады;

3) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді.

13. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация филиалы:

1) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемінің мөлшерін есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қарайды және тексереді;

2) құжаттарды немесе есептеуді тексеру үшін негіздемелер болған жағдайдаСтандартта белгіленген мерзімде мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау туралы шешім қабылдау үшін электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін Мемлекеттік копорация бөлімшесінепысықтауға қайтарады;

3) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық шешімжобасы менэлектрондық іс макетін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

14. Мемлекеттік корпорация филиалынан құжаттарды немесе есептеуді тексеру үшін негіздемелердің болуы себебінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:

электрондық іс макетін қалыптастыратын маман:



  1. егер қызмет көрсету мерзімі бұрын анықталған себептер бойынша ұзартылмаған болса, көрсетілетін қызметті алушыны екі жұмыс күні ішінде Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету мерзімінің ұзартылғаны туралы телефон байланысы (sms-хабарлама) арқылы хабардар етеді;

  2. қажетті құжаттарды ұсыну немесе мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемінің сомасын есептеудегі қателерді жою бойынша шаралар қолданады және екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макетін (қажет болған жағдайда жаңа электрондық іс макетін қалыптастырады) және электрондық шешім жобасын Стандарттаайқындалған қажетті құжаттармен толықтырады, құжаттарды сканерлеу сапасын, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемінің мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады және Мемлекеттік корпорация филиалына жібереді;

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік корпорация филиалы екі жұмыс күні ішінде:

мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемінің мөлшерін есептеудің және келіп түскен электрондық шешім жобасыменэлектрондық іс макетін ресімдеудің дұрыстығын тексереді;

электрондық іс макеті мен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

15. Мемлекеттік корпорация бэк-офисінің бөлімшесі көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішіндекөрсетілетін қызметті берушінің қабылдаған шешімі туралы көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мобильді телефонына sms-хабарлама (sms-хабарлама нысаны осы регламентке2-қосымшаға сәйкес) жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаған жағдайда фронт-офис бөлімшесі хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде береді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары осы регламентке 3-қосымшада графикалық нысанда көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық жүйелілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттікқызметін көрсету регламентіне

1-қосымша



Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген көрсетілетін

қызметті беруші қызметкерлерінің арасындағы рәсімдердің

(іс-қимылдардың) жүйелілігінің сипаттамасы


Іс-қимыл (жұмыстар барысының, ағынының) №

Құрылымдық-функционалдықбірліктердіңатауы

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауыжәнеолардыңсипаттамасы

Аяқтаунысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдікшешім)

Орындаумерзімдері

Келесііс-қимылдыңнөмірі

1

Көрсетілетінқызметтіберушібөлімінің (басқармасының) маманы

Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) Электрондық шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу;

2) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін және себебі көрсетілген хабарламаны Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтару



2 жұмыскүні

2

2

Көрсетілетінқызметтіберушібөлімінің (басқармасының) басшысы

Келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарау

1) Электрондық шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;

2) Электрондық іс макетін Стандартта айқындалған тиісті құжаттармен толықтыру қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін және себебі көрсетілген хабарламаны Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтару;



2 жұмыс күні

3

3

Көрсетілетінқызметтіберушініңбасшысы

Келіптүскенэлектрондықшешімжобасыменэлектрондықісмакетінқарау

1) Мемлекеттіккепілдікбойыншаайырматөлемінтағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралышешімқабылдау;

2) Мемлекеттіккепілдікбойыншаайырматөлемінтағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралыхабарламаныМемлекеттік корпорация бөлімшесінежіберу;

3) Электрондықісмакетін жете ресімдеуқажетболғанжағдайдаэлектрондықшешімжобасыменэлектрондықісмакетінжәне себебі көрсетілгенхабарламаныМемлекеттік корпорация бөлімшесінеқайтару


1жұмыс күні


«Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттікқызметін көрсету регламентіне

2-қосымша

Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау туралы SMS - хабарлама

__________________ шешімімен тағайындалды/бас тартылды

(төлем түрі)

Бас тарту себебі

________________________________________________________________________________________________________________________________________

(Жауапты адамның Т.А.Ә. және лауазымы)

«Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты

енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының,

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының

сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы

арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік

қызметін көрсету регламентіне

3-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің

функционалдықөзараіс-қимылыныңграфикалықнысандағыдиаграммалары


«Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттікқызметін көрсету регламентіне



4-қосымша

«Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттікқызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет