Қазақстан Республикасы Әділет министрінің



жүктеу 150.01 Kb.
Дата04.10.2017
өлшемі150.01 Kb.
түріРегламент

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің   
2015 жылғы 29 мамырдағы 
№ 301 бұйрығына 3-қосымша

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенты


      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.02.2016 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер


      1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет cтандарты (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11384 тіркелді) негізінде көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді:
      1) Министрліктің кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған Үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (автоматтандырылған).
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекеттері тәртібінің сипаттамасы


      4. Көрсетілетін қызметті алушының cтандарттың 6-қосышасына сәйкес сұрау салуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама алуға сұрау салу түскен кезде жинақтау бөлмесінің қызметкері тіркелімге сәйкес құжаттарды қабылдайды және оларды заңды тұлғаларды тіркеу бөліміне жібереді. Құжаттарды қабылдау мен берудің ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді және оған орындауға береді.
      Ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болған жағдайда жауапты маман құжаттарды әзірлеу бойынша әрекеттерді жүргізеді. Құжаттарды өтініш берушіге беру үшін әзірлеу мен қараудың ұзақтығы 40 минутты құрайды.
      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жібереді. Қараудың ұзақтығы басшыда бір сағатты және жауапты орындаушыда бір сағатты құрайды.
      Басшы қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы уәкілетті органның жинақтау бөліміне береді. Уәкілетті органның жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижесі мынадай рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіз болып табылады:
      1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;
      2) өтінішті заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) басшысының қарауы;
      3) заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы (бөлімі) сарапшысының өтінішті қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеуі;
      4) мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әрекеттері тәртібінің сипаттамасы


      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы (қызметкерлердің әрбір рәсімдердің ұзақтығы көрсетілген) осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) көрсетілетін қызметті өзге де берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы


      8. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау операциялық залда орталық қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және лауазымы көрсетілген «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
      Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      Қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      9. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді Мемлекеттік корпарация қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде «терезе» арқылы күн сайын береді.
      Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
      10. Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесінде тіркеуі және өңдеуі кезіндегі рәсімдері (әрекеті) реттілігі осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      11. «Электрондық үкімет» веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (әрекеттердің) реттілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
      1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен тіркеуді жүзеге асырады, ол алушының компьютерінің ғаламтор-браузерінде сақталады (ЭҮП тіркеуден өтпеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің ғаламтор-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЭҮП логин (ЖСН/БСН) және парольдің көмегімен тіркелген қызмет алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-да қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажетті құжаттарды сұрау нысанына қоса тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу);
      6) 4-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін алушының таңдауы;
      7) 2-шарт – ЭҮП ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізбесінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанды (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
      10) 7-процесс – «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЗТ МДҚ АЖ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) тіркеу және ЗТ МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;
      11) 3-шарт – қоса берілген құжаттардың стандартта көрсетілген және қызмет көрсету үшін негіз болатн құжаттарға сәйкес келуін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      12) 8-процесс – «Заңды тұлғалар» МДҚ АЖ көрсетілетін қызметті алушының ЗТМДҚ АЖ деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЗТ МДҚ АЖ-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (электрондық және қағаз нысанында) немесе мемлекетік қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді хабарламасын) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланыла отырып, қалыптастырылады.
      12. Қызмет көрсету кезіндегі Мемлекеттік корпорацияның қадамдық іс-қимылдары осы регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.
      1) 1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін орталық АЖ АЖО Мемлекеттік корпорация операторының логині мен паролін енгізу (авторизациялау процесі);
      2) 2-процесс - Мемлекеттік корпорация операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және орталық операторының көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкілінің (сенімхат нотариалдық куәландырылған кезде, сенімхатты басқаша куәландырған кезде – сенімхаттың деректері толтырылмайды) деректерін енгізуі;
      3) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-на, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхатының деректері туралы Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) сұрау салуды жіберуі;
      4) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да болуын, сенімхаттың деректерін БНАЖ-да болуын тексеру;
      5) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да болмауына байланысты деректер алу мүмкін еместігі жөнінде хабарлама қалыптастыру;
      6) 5-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы сұрау салуды толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткізуі, оларды сұрау салу нысанына қоса тіркеуі және қызмет көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыруы;
      7) 6-процесс – ЗТ МДҚ АЖ-не Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы жіберу;
      8) 7-процесс – ЗТ МДҚ АЖ-на электрондық құжатты тіркеу;
      9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттардың Стандартта көрсетілген және қызмет көрсету үшін негіз болатын құжаттарға сәйкестігін көрсетілетін қызмет берушінің тексеруі (өндеуі);
      10) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының орталық операторы арқылы ЗТ МДҚ АЖ-де қалыптастырылған көрсетілетін қызметтін нәтижесін алуы (Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы туралы анықтама (электрондық және қағаз тасығышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді хабарлама).
      13. Қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын толтыру бойынша әрекеттердің сипаттамасы:
      1) ЭҮП кіру үшін пайдаланушының ЖСН логинді және парольді енгізуі;
      2) осы Регламентте көрсетілген қызметтерді таңдауы;
      3) «Оnline қызметіне тапсырыс беру» түймешесін басу арқылы қызмет түріне тапсырыс беру;
      4) сұрау салуды толтыру:
      пайдаланушының ЭҮП тіркеуі нәтижесінде ЖСН автоматты түрде таңдалады;
      пайдаланушы «сұрау салуды жіберу» түймешесінің көмегімен сұрау салуды куәландыруға (қол қоюға) көшіруді жүзеге асырады;
      5) пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) сұрау салуды куәландыру (қол қою) - пайдаланушы «қол қою» түймешесін басу арқылы ЭЦҚ сұрауды салуы жүзеге асырады, содан кейін сұрау салу өңдеу үшін ЗТ МДҚ АЖ-не жіберіледі;
      7) ЗТ МДҚ АЖ сұрау салуды өңдеу;
      8) пайдаланушының дисплей экранында мынадай ақпарат көрсетіледі: ЖСН, сұрау салу нөмірі; қызмет түрі; сұрау салу мәртебесі; қызмет көрсету мерзімі;
      «мәртебесін жаңарту» түймешесінің көмегімен пайдаланушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін көру мүмкіндігі беріледі;
      ЭҮП жауап алған кезде «қарау нәтижелері» түймешесі пайда болады.
      14. Сұрау салу өңделген соң көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салуды өңдеудің нәтижелерін көру мүмкіндігі мынадай түрде беріледі:
      «ашу» түймешесін басқаннан кейін – сұрау салу нәтижесі экранның дисплейіне шығады;
      «сақтау» түймешесін басқаннан кейін – көрсетілетін қызметті алушы сұратқан сұрау салу нәтижесі Adobe Acrobat форматындағы магнитті жеткізгіште сақталады.

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың


филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу      
(қайта тіркеу) туралы анықтама беру»         
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне     
1-қосымша                      

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және құрылымдық бөлімшелердің (әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы


Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Мемлекеттік корпорацияның инспекторы

Жинақтаушы бөлімнің инспекторы

Жинақтаушы бөлімнің инспекторы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау

Журналға қол қояды

Тізілімді құрастырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Журналда тіркеу және қолхат беру

Құжаттарды жинақтау

Құжаттарды тіркеуші органның жинақтаушы бөліміне жіберу

5

Орындау мерзімдері

15 минут

күніне 2 рет

күніне 2 рет




Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

4

5

6

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Тіркеуші органның жинақтаушы бөлімі

Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды тізілім бойынша қабылдау

Құжаттарды тізілім бойынша қабылдау

Анықтаманы қол қоюға дайындау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөліміне жібереді

Жауапты орындаушыны белгілейді

Анықтаманы қол қоюға жіберу

5

Орындау мерзімдері

30 минут

15 минут

40 минут




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

7

8

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Тіркеуші органның басшысы

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Анықтамаға қол кою

Анықтаманы ресімдеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөліміне беру

Құрылтай құжаттарын жинақтаушы бөлімге беру

5

Орындау мерзімдері

2 сағат

30 минут




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

9

10

11

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

тіркеуші органның жинақтаушы бөлімі

Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөлімі

Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру бөлімі

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Орындалған материалды берілетін тізілімге сәйкес тексеру

Орындалған материалды берілетін тізілімге сәйкес тексеру және қабылдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөліміне беру

Тізілім бойынша қабылдау

Компьютерге енгізу

5

Орындау мерзімдері

15 минут

5 минут

3 минут




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

12

2

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Мемлекеттік корпорацияның операторы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қолхатты қабылдау және журналға енгізу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Дайын құжаттарды беру

5

Орындау мерзімдері

3 минут

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу      
(қайта тіркеу) туралы анықтама беру»         
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне     
2-қосымша                      

Көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесінде тіркеу және өңдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы


1

Іс-қимылдың (жұмыстар барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2

Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі

Мемлекеттік корпорацияның АЖ АЖО

Мемлекеттік корпорацияның операторы

Мемлекеттік корпорацияның операторы

ЖТ МДҚ

Мемлекеттік корпорацияның операторы

Мемлекеттік корпорацияның операторы

ЗТ МДҚ АЖ

ЗТ МДҚ АЖ

ЗТ МДҚ АЖ

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің операцияның атауы және олардың сипаттамасы)

Логин және пароль арқылы Мемлекеттік корпорацияның операторы авторланудан өтеді

Қызметті тандайды және сұрау салудың дерекетерін қалыптастырады

Сұрау салуды ЖТ МДҚ жібереді

Көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ куәландыру және сұрау салуға қажетті құжаттарды қоса тіркеумен сұрау салуды толтыру

ЭЦҚ
арқылыкуәландырылған (қолқойылған) сұрау салуды
ЭҮӨШ
АЖО-ға
жіберу

Құжатты тіркеу

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты көрсетілетін қызметтен
бас тарту хабарламасын қалыптастыру

Электрондық құжат

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Өтінішке нөмір беру арқылы сұрау салуды
жүйеде тіркеу

Сұрау салуды сәтті қалыптастыру туралы хабарламаны көрсету

Сұрау салуды бағдарлау

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Сұрау салуды сәтті қалыптастыру туралы хабарламаны көрсету

Сұрау салуды бағдарлау

Өтінішке
нөмір беру
арқылы сұрау салуды тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру




5

Орындау мерзімдері

30 сек-1 мин

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

30 сек –1 мин

1 мин

-

-

1 жұмыс күні

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4 – егер көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда;
5 – егер бұзушылықтар болмаса

-

-

-

8 - егер бұзушы
лық
болса;
9 - егер
бұзушылық
болма
са

-

-

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу      
(қайта тіркеу) туралы анықтама беру»         
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне     
3-қосымша                     

ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметті электрондық көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың


филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу      
(қайта тіркеу) туралы анықтама беру»         
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне     
4-қосымша                      

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті электрондық көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы




«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың


филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу      
(қайта тіркеу) туралы анықтама беру»         
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне     
3-қосымша                       

«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы


  •  Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде 

 

      * «Электрондық үкімет» порталында қызмет көрсету кезінде



* ҚФБ - Құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның, "электрондық үкіметтің" веб-порталының өзара іс-қимылы;



 


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет