Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы»



жүктеу 92.84 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі92.84 Kb.

2014 жылғы 19 наурыздағы № 123 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының

қорытындыларын рецензиялау туралы ережені

бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі жарғысының 23 тармағының 2 тармақшасын басшылық алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы ереже» бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 8 ақпандағы №28 Сот сараптамасы орталығы директоры бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Директор И. Борчашвили

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

Сот сараптама орталығы директорының

2014 ж. «19» наурыздағы №123 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы

ЕРЕЖЕ

(15.03.2016 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)

Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы сарапшыларының қорытындыларын рецензиялау туралы ереже (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында (әрі қарай - Орталық) рецензиялауды жүргізуді ұйымдастыру және сарапшы қорытындыларын рецензиялау нәтижелері бойынша рецензент (рецензенттер комиссиясы) жасаған рецензияның мазмұнын және оны рәсімдеудің тәртібін белгілейді.

2. Сарапшы қорытындыларын рецензиялау – Орталықтың сарапшылық кадрларының кәсіби даярлығы деңгейін анықтау және арттыру, рецензияланатын сарапшы қорытындыларының Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін реттейтін заңнаманың, ведомстволық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкестігін, сараптамалық зерттеу әдістемелерін қолданудың негізділігін, толықтығын анықтау мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми-әдістемелік қызмет нысандарының бірі.

3. Рецензент (рецензенттер комиссиясы) – сот сарапшысының қорытындысын рецензиялау тапсырылған, тиісті мамандық бойынша сот сарапшысы біліктілігі, осы мамандық бойынша 5 жылдан кем емес сарапшылық жұмыс өтілі бар адам (адамдар).

Рецензент ретінде комиссия құрамына «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар, сондай-ақ 47-бабына сәйкес шет мемлекеттердің сот сараптамасы саласындағы мамандары мен сот сарапшылары тартылуы мүмкін.

Рецензиялау рецензенттер комиссиясына келесі жағдайда тапсырылуы мүмкін: сарапшы қорытындысы тұжырымдарының дұрыстығы мен негізділігіне күмәні баяндалған шағым келіп түскен, сондай-ақ басшы зерттеудің толық еместігін, қате тұжырымдарға, дұрыс рәсімдемеуге алып келетін бұзушылықтарды анықтаған, жүргізілген зерттеудің адалдығына күмәні (сарапшының анықталған кемшіліктерді жоюдан бас тартқан кезінде) болған жағдайларда.

4. Келесілер рецензиялаудың негіздемелері болып табылады:

- сот сарапшысының аттестаттаудан өтуі;

- алғашқы сараптаманың тұжырымдарын растамайтын қайталама сараптамалардың бар болуы;

-жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері, құқық қорғау және арнайы органдардың ұсынымдары, сарапшы қорытындысына соттардың жеке қаулылары (ұйғарымдары).

- сарапшының кәсіби құзыреттілігі деңгейіне негізделген күмән туындауы.


2. Рецензиялауды ұйымдастырудың тәртібі
5. Рецензиялау жоспарлы, сонымен бірге жоспарсыз негізде жүзеге асырылады.

6. Сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының қорытындыларын жоспарлы рецензиялау ҚР ӘМ ССО Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институтына (әрі қарай – ССҒЗИ) жүктеледі.

7. Сарапшылар қорытындыларын рецензиялау жоспарына 3 жылға дейінгі сарапшылық жұмыс өтілі бар сот сарапшылары, сондай-ақ аттестаттауға жататын сот сарапшылары міндетті түрде енгізіледі.

8. Жоспардан тыс рецензиялау қызметтік тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, алғашқы сараптаманың тұжырымдарын растамайтын қайталама сараптамалар бар болғанда, сарапшының кәсіби құзыреттілігі деңгейіне негізделген күмән туындағанда жүргізіледі.

9. Орталық сарапшы қорытындыларын сыртқы рецензиялауды ұйымдастыруға құқылы, оны жүзеге асыру сот сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жүргізіледі.

10. Рецензиялау үшін аумақтық бөлімшенің басшысы ССҒЗИ пошта байланысы арқылы әр сараптама мамандығы бойынша, күрделілігі әр түрлі санаттағы кем дегенде 3 сарапшы қорытындысының көшірмелерін ұсынады.

11. ССҒЗИ рецензентті (рецензенттер комиссиясын) анықтайды, сонан кейін оған (оларға) жазбаша тапсырма мен ол үшін қажетті барлық материалдарды жолдайды.

12. Рецензиялау 10 күндік мерзімде жүргізіледі. Мерзімді ұзарту қажет болған жағдайда рецензент ССҒЗИ рецензиялаудың мерзімін ұзарту туралы дәлелді хат жолдайды.


3. Рецензияның мазмұны

13. Рецензент (рецензенттер комиссиясы) сарапшы қорытындысын процессуалдық, ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыдан талдауы және бағалауы тиіс.

14. Рецензия осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді және рецензенттің (рецензенттер комиссиясының) сарапшы қорытындысы туралы айқын пікірін білдіруі тиіс.

15. Рецензияда келесілер көрсетілуі тиіс:



1) ақпараттық сипаттағы жалпы мәліметтер:

- сарапшы қорытындысы рецензиялауға ұсынылған сот сарапшысы туралы мәліметтер: сарапшының тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны және лауазымы, білімі, ғылыми дәрежесі мен атағының болуы, сарапшылық мамандығы, сарапшылық жұмыс өтілі;

- сарапшы қорытындысы туралы мәліметтер: қорытындының нөмірі мен күні, зерттеу түрі;

- сарапшы қорытындысының рецензиялауға келіп түскен күні және рецензиялаудың негіздемесі;

- рецензиялаудың аяқталған күні.

Сондай-ақ, рецензент (рецензенттер комиссиясы) туралы мәліметтер көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағының болуы, сарапшылық мамандығы, сарапшылық жұмысының жалпы өтілі.



2) сарапшы қорытындысының жалпы сипаттамасы:

- зерттеу объектілері, олардың саны, жай-күйі, орамасы;

- сараптаманы жүргізу мерзімі мен күрделілік дәрежесі;

- сараптама түрі;

- жүргізу тізбектілігі бойынша: алғашқы, қосымша, қайталама;

- жүргізу нысаны бойынша: жеке дара, комиссиялық, кешенді;

- сарапшы қорытындысы құрылымының Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасына, ведомстволық нұсқаулыққа және басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келуі;

- сарапшы қорытындысының рәсімделуі, сауаттылығы, безендірілуі, қосымшаларының бар болуы және т.с.с.

3) сарапшы қорытындысының ауқымды сипаттамасы:

Рецензент (рецензенттер комиссиясы) қорытындының кіріспе бөлімін зерделеп:

а) мыналарды:

- қойылған сұрақтардың сарапшының құзыретіне сәйкес келуін;

- сот сарапшысының өзіне қойылған сұрақтарды нақтылауының негізділігін (егер ол орын алған болса), сараптама міндеттерінің, сараптамалық зерттеу көлемінің тарылуы орын алғанын-алмағанын бағалайды;

б) мыналарды:

- сараптамалық міндеттің деңгейін (сәйкестендірушілік, диагностикалық, жіктеушілік, ахуалдық);

- қосымша материалдарды ұсыну туралы талап-өтініштің болуын, талап-өтініштің негізділігін, тоқтата тұрудың негізділігін белгілейді.

Қорытындының зерттеу бөлімін талдай отырып, рецензент (рецензенттер комиссиясы):

- нақты тектің (түрдің) сараптамалық зерттеу әдістемесінің жалпы ережелерінің сақталуын;

- шешілетін міндеттердің сипаттамасына, сараптамаға ұсынылған объектілердің ерекшелігіне сүйене отырып, сараптамалық зерттеу әдістемесі мен схемасын (алгоритмін) таңдаудың негізділігі мен жеткіліктілігін;

- зерттеу кезеңдерінің тізбектілігі мен толықтығын, олардың өзара байланысын;

- сараптамалық зерттеу әдістері мен әдістемелерін қолдану кезінде алынған нәтижелердің негізділігін;

- безендіру материалының болуын, жеткіліктілігін, сапасы мен көрнекілігін;

- жалпы қабылданған, арнайы және ғылыми терминологияны сақталуын ескереді.

Қорытындының зерттеу бөлімін талдай отырып, рецензент (рецензенттер комиссиясы) зерттеу нәтижелерін сараптамалық бағалаудың болуын және дұрыстығын белгілейді.



Тұжырымдарды қарастыру кезінде рецензент (рецензенттер комиссиясы) олардың зерттеу нәтижелеріне, қойылған сұрақтарға сәйкестігін сипаттайды және тұжырымдардың нысандарын (үзілді-кесілді, ықтимал, ҚБМЕ), сәйкестендірушілік міндеттерді шешкен кезде - олардың шешілу деңгейін (жеке-нақты теңдік, тектік, топтық тиістілік және т.б.) белгілейді.
4. Рецензияланып жатқан сарапшы қорытындысының жалпы бағасы

16. Сарапшы қорытындысын жалпылама сипаттай отырып, рецензент (рецензенттер комиссиясы) сот сарапшысының процессуалдық заңнаманың, ведомстволық нұсқаулықтың және сот-сараптама қызметін реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтағанын және әдістемені қолдануының негізділігін белгілейді.

17. Процессуалдық, ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы ескертулер болмаған жағдайда рецензияланып жатқан сарапшы қорытындысының жалпы бағасы оң деп саналады.

Егер рецензиялау барысында процессуалдық, ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы кемшіліктер анықталса, рецензияланып жатқан сарапшы қорытындысының жалпы бағасы теріс деп саналады.

Рецензент (рецензенттер комиссиясы) нақты қандай бұзушылықтар негізсіз тұжырым беруге алып келгенін және оларды жою жолдарын толық көрсетуі тиіс.

Сарапшы қорытындысының рецензиясы объективті, дәйекті және өз нысаны бойынша әдепті болуы керек.

19. Рецензиялауды тиісінше жүргізбеу анықталған жағдайда рецензиялауды жүргізген рецензентке (рецензенттер комиссиясы) қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі.
5. Рецензиялау нәтижелері бойынша ұсыныстар

20. Егер, рецензенттің (рецензенттер комиссиясының) пікірінше сараптамагы жүргізу кезінде қандай-да бір жаңа әдістемелік ережелерді немесе өзге терминдерді және т.б. пайдалану керек болса, онда ол ұсыным ретінде баяндалады.

21. Сараптаманы жүргізу сапасын жоғары бағалаған жағдайда оң тәжірибені Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары сарапшыларының арасында тарату ұсынылады.

22. Кемшіліктер табылған кезде рецензент (рецензенттер комиссиясы) оларды жою және сот сарапшысының жұмысын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды немесе оның кәсіби даярлығының деңгейін арттыру бойынша келесі нысандардағы ұсыныстарды жолдайды:

- сот-сараптама қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын зерделеу;

- ғылыми және әдістемелік әдебиетті зерделеу;

- сарапшылық мамандығы бойынша қосымша тағылымдамадан өту;

- қайта рецензиялау рецензияда көрсетілген кемшліктер жойылғаннан соң алты айдан кейін жүұргізіледі;

- ренцензиялаудың теріс нәтижесімен дәлелденген, сот сарапшысының кәсіби даярлығының тиісті деңгейіне негізделген күмән туындаған кезде (сот сараптамасын жүргізу кезінде ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы талаптарды бірнеше рет бұзушылық болған кезде) сарапшыны кезектен тыс аттестаттауға жіберу ұсынылады.
6. Қорытынды ережелер

23. Рецензия 3 данада жасалады: рецензияның екі данасы ССҒЗИ жолданады, оның бір данасын ССҒЗИ өз қорытындысын рецензиялауға ұсынған сот сарапшысына жолдайды, рецензияның үшінші данасы - рецензентте (рецензенттер комиссиясында) сақталады.

24. Егер, рецензияланған қорытындының бағасы теріс болса, онда рецензия аумақтық бөлімшеде кеңес хаттамасы толтырыла отырып міндетті түрде талқылануы тиіс, ол хаттамада сот сарапшысының рецензия нәтижесімен келісуі немесе негізделген келіспеуі көрініс табады.

Хаттаманың екі данасы ССҒЗИ жолданады, оның бір данасын ССҒЗИ рецензентке (рецензенттер комиссиясына) жолдайды.

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

Сот сараптамасы орталыығы

сарапшыларының

қорытындыларын рецензиялау

туралы ережеге

қосымша

РЕЦЕНЗИЯ
күні жүргізілген орны
1. Ақпараттық сипаттағы жалпы мәліметтер ________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Қорытындының жалпы сипаттамаcы ______________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
3. Қорытындының ауқымды сипаттамасы:

а) қорытындының кіріспе бөлімінің ______________________________

___________________________________________________________________

б) қорытындының зерттеу бөлімінің ______________________________

___________________________________________________________________

в) қорытындының синтездеу бөлімінің ____________________________

___________________________________________________________________

г) тұжырымдардың ___________________________________________

___________________________________________________________________
4. Рецензияланып жатқан сарапшы қорытындысының жалпы бағасы _____

___________________________________________________________________


5. Сарапшының жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар _______________________________________________________________________________________________________________________________________
Рецензент (рецензенттер комиссиясы)

_______________________ _______________

(Т.А.Ә.) (қолы)

_______________________ _______________



(Т.А.Ә.) (қолы)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет