Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсембаевтың Қазақстанда педофилдер кастрациялана ма деген сауалына вице-министр Игорь Лепеха жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжілісте заң жобасын талқылау барысында депутат Елнұр Бейсенбаев педофилия үшін айыпталғандарға химиялық кастрация жасау туралы ұсынысты тағы да еске салды. Ол екінші оқылымға дейін үкімет бұл норманы құжатқа енгізуге дайын ба деп сұрады.

Ішкі істер министрінің орынбасарының сөзінше, педофилия үшін сотталғандарға химиялық кастрация жасау нормасы азаптау санатына жатады. 

  • Педофилдерге хирургиялық кастрация жазасын да енгізу керек – Аймағамбетов
  • Кастрация және өмір бойына бас бостандығынан айыру: Ақтауда қызын зорлаған бұрынғы әскери қызметкер жазаланды

"Қазіргі таңда педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы анық көрсетілген. Егер ол өмір бойына бас бостандығынан айырылса, хирургиялық кастрацияға жүгінудің қажеті бар ма? Екіншіден, бізде азаптау туралы конвенция бар. Оған Қазақстан қосылды. Бұл Ішкі істер министрлігіне қатысты мәселе емес. Меніңше Әділет министрлігі мен Бас прокуратура араласуы керек. Менің субъективті пікірім бойынша, "бұл азаптау санатына жатады. Үшіншіден, бұл медициналық мәселе. Оның қалай жүзеге асырылатынына Денсаулық сақтау министрлігі жауап береді", — деді вице-министр.

Вице-министр мұны кім жүзеге асыратынын медициналық тұрғыдан да қарастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ ол жалпы үкімет үшін жауап бере алмайтынын, бірақ депутаттар мұндай түзетуді ұсынса, Ішкі істер министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, оны талқылауға кірісетінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Депутат Елнұр Бейсенбаев енді педофилдерге қатаң жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалатынын айтып, бірақ заң жобасында химиялық кастрация қарастырылмағанына наразылығын білдіргені туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.