Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі



жүктеу 369.36 Kb.
Дата02.12.2017
өлшемі369.36 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

УМК 042-16.1.70/01-2012

ПOӘК

«Технологиялық машиналарды автоматты жобалау жүйесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



«__»____ 2012 ж.

№ ___ басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»

мамандығы үшін

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДЫ

АВТОМАТТЫ ЖОБАЛАУ ЖҮЙЕСІ

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей

2012


Мазмұны

1

Дәріс оқулар ........................................................................................................




2

Лабораториялық сабақтар ..................................................................................




3

Студенттің өздік жұмысы ...................................................................................





1 ДӘРІС ОҚУЛАР


Дәріс 1.

Кіріспе. Технологиялық машиналарды автоматты жобалау жүйесі (ТМ АЖЖ). Жалпы мағлұмат.

Қазіргі уақытта, заман талабына сай құрастырма құжаттарын дайындау және әртүрлі бұйымдарды жобалауда өнеркәсіп кәсіпорындары мен құрастырма мекемелерін компьютерсіз немесе арнайы копьютерлік бағдарламасыз көзге елестету мүмкін емес. Өндіріс орындарында есептеу техникаларын қолдану қазіргі таңда өз тиімділігін көрсетуде. Сондықтан, өнеркәсіп басшыларымен мамандарын заман талабы құрастырма жұмыстарымен, технологиялық бөлімдердің жұмыстарын автоматтандыру мәселелерімен айналысуға мүмкіндік беруде.

Машинамен жобалау құрастыма және технологиялық құжаттарды жоспарлау уақытын қысқартып, жаңа бұйым өндірісінің басталу уақытын жылдамдатуға, сонымен қатар құрастырмалы жобалаумен қатар шығарылатын құжаттың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Себебі, бәсекелестікке қабілетті өнімнің сызбасы қолмен сызылып орындалған жағдайда, тиімді келісім шарттарға қол қоярда күмән тудырып, серіктестер көңілінде кері әсер туғызуы мүмкін.

Білім беруде де жоғарыда айтылған жағдай қалыптасуда. Сондықтан бүгінгі уақытта жоғары және орта арнайы оқу орындарында студенттерді оқытуда компьютерлік техниканы қолдануға үлкен көңіл бөлінуде. ЖОО-да студенттер жобалаудың дамыған технологияларын, компьютер мен машинамен кескіндеу жүйелерін игеруде.

CAD/CAM-жүйелерін енгізу студенттерді ғана емес, сонымен қатар оқытушыларға да тән. Шығармашылықпен айналысатын және белсенді адамдар, жоғарғы мектептегі дағдарыс кезінде де компьютерлік техниканы игеріп, оларды оқу процесінде қолдануға мүмкіндік табады, мұндай жағдай әр түрлі педагогикалық ғылыми жаңалықтарға кең жол ашады.

Қазіргі уақытта есептеу техникаларының құнының арзандауы компьютерді үйде де қолдануға жол ашты. Бұл студенттерге автоматтандырылған жобалау жүйелерімен аудиторлық сағат аумағында ғана емес, үйде де жеке компьютерлерінде жұмыс істеуге мүмкіндік беруде. Бұл жағдайда пәнмен үстіртін ғана емес, оны толық игеруге әбден болады.

ЖОО автоматты жобалау жүйесі бойынша құрастырма жұмыстары АutoCAD және Компас бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. АutoCAD жүйесін американдық Autodesk фирмасы 80-ші жылдардың басында дамыта бастады және ол бастапқыда сол уақыттағы (PC XT, PC AT процессорсыз және т.б.) жеке комьпютерлерге негізделді. Сол кездің өзінде де, қазіргі көзқарас бойынша әлсіз бағдарлама өз еңбегін автоматтандыруға ұмтылған құрастырмашылар мен сызушылардың қызығушылықтарын туғызды.

Жүйенің кеңінен таралуы MS DOS опреациялық жүйесінде, ағылшын және орыс тілдерінде жұмыс істеген 10-шы нұсқасынан басталды. Бұл нұсқа командаларды командалық немесе экрандық жолдардан графикалық мәзірге шығаруға мүмкіндік бергендіктен жетілген болып саналды.

11-ші нұсқасы елеусіздеу болды. Ресейдегі кең таралған нұсқалардың бірі - MS DOS-та да (Windows 3.1 және Windows 95-ке арналған нұсқалары да болды, бірақ орыс тіліне аударылмады) диалогтық терезелері болған 12-ші нұсқасы. Онда 11-ші нұсқада қолданылған «бет кеңістігі» болды, бұл жағдай үш өлшемдегі нысананы тұрғызып оның проекцияларын терезе бетіне (экранға) қажет масштабта шығаруға мүмкіндік беретін кеңістіктік графикалық жүйе ретінде AutoCAD-ты нақты түрде бекітті.

13-ші нұсқасы бірден екі түрде пайда болды (MS DOS және Windows 95 үшін), сонымен қатар инсталляция сатысында жүйе түрлерінің біреуін таңдауға немесе бірден екеуін қатар орнатуға мүмкіндік берді. 14-ші нұсқасына 13-ші нұсқадағы жаңалықтар кіре отырып, оны алдыңғы нұсқаларға қарағанда шағын және жылдам жұмыс істейтін болды. Ол дефакт жүйесінде жалпы қолданысқа ие болып, жаңа жеке компьютерлерге орнатылатындықтан тек қана Windows (Windows 95 немесе Windows NT) операциялық жүйесіне арналдыі.

1999 жылы сән әлеміне сәйкес 2000 номері берілген 15-ші нұсқасын енгізу басталды. Бұл нұсқа екі өлшемді сурет салумен үш өлшемді моделдеуде алға қарайғы қадам болды. Мұнда плоттермен (графотұрғызғыш) принтерге (баспа құрылғысы) шығаруды басқару жабдықтары да бірталай өзгеріске ұшырады.

Жүйенің 1-ші нұсқасы негізінен кейіннен нұсқалар дамыған сайын солармен қатар дамып отырған қарапайым екі өлшемдегі сурет салуға арналған аспаптардан тұрды. Нәтижесінде AutoCAD өте ыңғайлы «электронды кульман» болды.

Электронды сызулар мұрағатын құруда сурет салудыңм тәсілі үлкен артықшылықтарға ие. AutoCAD жүйесінде құрылған әр сызу түпнұсқа сызудан көшірме сызулар сызуға мүмкіндік беретіндей жеңіл өңделеді. Сызу құжаттарын шығару процесін жеңілдету мақсатында «стандартты элементтер кітапханасын» құруға болады. Бұл ұсыныс құрастырмалық, сәулеткерлік және т.б. бағыттарда жеке жұмыс орындарындағы арнайы жаңа жүйелер құруға жақсы ықпалын тигізді.

10-шы нұсқасы күрделі үшөлшемді құрылыс сызуын кеңістіктің кез-келген жазықтығында орындап, оны әртүрлі экрандарда кез-келген көзқарас бойынша бейнелеуге мүмкіндік берді. Сондықтан, ол үшөлшемді моделдеу аспабы болып есептелінді.

12-ші нұсқа өзгеріс кезеңі деп аталады. Ол кеңітілген жадыда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, диалогтық терезені енгізді, ал 11-ші нұсқада қолданылған кеңістік бетінің және экран түрінің құралдары сызуды нысананың немесе ғимараттың үш өлшемді проекциясында алуға мүмкіндік береді. AutoCAD 2000-да бұл түсінік ары қарай дамып, бір нысана бойынша сызудың бірнеше бетін алуға мүмкіндік берді.

Сондықтан AutoCAD 2000 жүйесі сызба сызуға ғана емес, үш өлшемді нысаналарды құруға да арналған.


Дәріс 2. ЖОБАЛАУ ЖҮЙЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ

Автоматтандырылған жүйе (Автоматизированная система; the automated system) — басқару міндетінің бір бөлігін адам (оператор) орындайтын, басқарьшатын объектілер мен автоматты басқару құрылғыларының жиынтығы. Автоматтандырылған жүйеде автоматты құрылғылар басқару объектісінен ақпарат жинақтауды, оны жеткізуді, түрлендіруді және өңдеуді, басқарушы командаларды қалыптастыруды және басқарылатын объектіде олардың орындалуын жүзеге асырады, яғни формальдауға оңай келетін қызметтер. Адам — оператор басқарудың мақсаттары мен критерийлерін анықтайды және жағдайлардын өзгеруі кезінде оларды түзетеді. іс-әрекеттеріне байланысты автоматтандырылған жүйеде басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі, құрылмалаудың автоматтандырылған жүйесі, өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі, автоматтандырылған жобалау жүйесі және т.б. түрлері болады.

Жобалаужобаның кешенді техникалық құжаттамасын дайындау процесі. Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстарды, өндіріс орындарын, т.б. тұрғызу, салу (қайта құру) не жасау үшін пайдаланатын техникалық-экономикалық негіздеуді, есептеуді, сызбалар, модельдер, түсініктеме жазбалар, т.б. дайындауды қамтиды. Жобалау нысандарды бейнелеу түріне байланысты сызбалық жобалау және көлемдік жобалау болып ажыратылады. Жобалау процесін жылдамдату үшін автоматтандырылған сызғыш құрылғылармен жабдықталған ЭЕМ-і бар автоматтандырылған жобалау жүйелері қолданылады. Бөлшектер өлшемдерін құралымдық унификациялау (біркелкілендіру) және модульдік координаттау жүйесі өндіріске енгізілгеннен кейін, базалық құралым негізінде бұйымдардың бірқатар өзге түрлерін алуға мүмкіндік беретін жобалаудың сериялық тәсілі жолға қойылды. Әр түрлі өндіріс салалары бойынша жобалау арнайы жобалау мекемелерінде (институттарында) орындалады.

Жобалауды автоматтандыру (Автомат проектирования) — есептеуіш және ұйымдастыру техникасы құралдарын, аспаптарды, машиналарды, жүйелерді, құрылыстарды және тағы басқа (жобаланудағы бұйым сипаттамасының есептерінен дайын үлгінің техникалық құжаттамасы мен сынақ нәтижелерінің талдауына дейін) жобалауды автоматтандыру. Жобалауды автоматтандыру дамуының негізгі бағыты — математикалық, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету техникалық құралдарының (ЭЕМ, алфавиттік-сандық және графикалық ақпаратты кодтаушылар және тағы басқа) жиынтығы болып табылатын жобалаудың автоматтандырылған жүйесін (ЖАЖ) пайдалану. Жобалауды автоматтандыру құрылымдау құжаттамасының сапасын жоғарылатады және жобалау мерзімін едәуір азайтады.

Жобалауды автоматтандыру — құралдарды, машиналарды, жүйелерді, т.б. жобалау процесінде, яғни жобаланатын зат қасиеттерін есептеуден бастап дайын болған үлгінің техникалық құжаттарын жасау мен оны тан өткізу нәтижелерін талдауға дейінгі процестерге есептеу техникасын қолдану. Қазіргі кезде математикалық, бағдарламалық, информациялық ақпараттармен қамтамасыз етілген ЭЕМ, графосызғыш, графикалық ақпаратты кодтауыш секілді техникалық құралдар негізінде құрылған жобалаудың автоматтандырылған жүйесін (ЖАЖ) қолдану Жобалауды автоматтандыруды дамытудың негізгі бағыты болып саналады. ЖАЖ-ды математикалық қамтамасыз ету — жобаланатын нысанның математикалық моделін, жобалау алгоритмін, алгоритмдік тілді, терминологияны, арнайы стандарттарды жасау.

Бағдарламалық қамтамасыз ету — операциялық жүйе, бағдарламалау тілдерінен аударатын транслятор, супервизор, қолданбалы бағдарламалар пакеттері кіретін басқарушы бағдарламалар жиынтығы. Бағдарламалық қамтамасыз етуге жобалаудың стандарт процедурасы, типтік жобалау шешімдері, жобаланатын нысанның типті элементтері туралы жазылған құжаттар жатады. Республикада Жобалауды автоматтандыру саласындағы ғылыми-зерттеу және оны іс жүзінде қолдану жұмыстары 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап Қазақ политехникалық институтында (қазіргі ҚазҰТУ), Химиялық машина жасауды жобалау және ғылыми-зерттеу институтында (“Гипро НИИ Химмаш”), Мемл. Орта Азиялық аймақтық астық дайындау өнеркәсібін жобалау және ғылыми-зерттеу институтында (“ГосНИИ Средазпромзернопроект”), Қазақ өнеркәсіп құрылысын жобалау және ғылыми-зерттеу институтында (“Казпромстрой НИИ проект”), т.б. жүргізілді. Технологиялық процестердің автоматтық басқару жүйесіндегі Жобалауды автоматтандырудың теориялық негіздері мен жүйесін (Ә.Әшімовтың басшылығымен), сондай-ақ, түсті металлургия кәсіпорындарындағы газды тасымалдау мен тазартудың өнеркәсіптік кешендерін Жобалауды автоматтандырудың теориялық принциптері мен жүйелері жетілдірілді (Әшімов, Г.М. Тоқтабаев). Астықты сақтау мен қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда жобалауды автоматтандырудың теориялық негіздерін дамыту және жетілдіру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, өнеркәсіптік пайдалануға берілді (Т.В. Оразбаев, Р.У. Ыбыраев, т.б.). Өнеркәсіптік үйлерді жобалаудың қаражаттық құжаттамаларын жетілдіруді автоматтандырудың кешендік жүйесі жете зерттеліп, өндіріске енді (В.М. Шершнев, В.А. Изатов, т.б.). Қазіргі уақытта жобалауды автоматтандыру біртұтас ЭЕМ-дер көмегімен атқарылады.

Есептеу техникасы (Ағылшын тілі: Computing) бағдарламалық жасақтама және компьютерлік құралдарды пайдалану.

Бағдарлама жасақтамасы (ағыл. Software; soft - жұмсақ және ware — бұйым;орыс. Программное обеспечение - бағдарламалық жасақтама,) — компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы, яғни бағдарламалық жасақтама.

  • 1) белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған бағдарламалар жиынтығы; компьютерлерге арналған алгоритмдер мен программаларды әзірлеу;

  • 2) пайдалануға қажетті мәліметтер мен бағдарламалық құжаттарды өңдеу жүйесі бағдарламаларының (программаларының) жиынтығы. Ортақ жөне қолданбалы бағдарламалық (программалық) жасақтама болып екі түрге бөлінеді.

Есептеуіш - кез-келген нәрсені санауға арналған құрал.

  • Мотосағаттың есептеуіші- қозғауыштың жұмыс сағатының есептеулерін тіркеуге арналған кұрал.

  • Жол есептеуіші- көлік құралының жүріп өткен кашықтығын өсу ретімен көрсететін үнемі іске қосылып тұрған цифрлі кұрал - ол спидометрде немесе бөлек кұралады.

  • Тәуліктік жүрісті есептеуіш - жүргізушінің талабы бойынша өткен қашықты өлшейтін цифрлі құрал.

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.

Жалпы алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.



Алгоритм — қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы — адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау — бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:

  1. а-ны x-ке көбейту R1 деп,

  2. оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,

  3. с-ны х-ке көбейту R3 деп,

  4. сх-тан d-ны алу R4 деп,

  5. R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді.

Алгоритмнің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама Алгоритм тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті т.б. түрлері қолданылады.

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

  1. Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

  2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау алгоритмде не істеу керектігі алдын-ала айқын береді. Мысалы, бір есепті шешудің алгоритмі берілсе онда ойланбай-ақ алгоритмде қандай нұсқаулар берілсе, сол нұсқауларды берілу ретімен орындасақ, есеп шығады. Алгоритмнің осы қасиетін оның анықталғандық қасиеті дейміз. Бұл жағдай адам сияқты емес ойлау қабілеті жоқ құрылғылардың мысалы, компьютердің көмегімен есептерді шешу мүмкіндігіне кепілдік берді. Мұндай құрылғылар алгоритмнің жарлықтарын ойланбастан формальды орындайды. Сондықтан алгоритмді есепті шығаруға қажеттінің бәрі бір мәнді анықталу және атқарушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.

  3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі, яғни бастапқы деректер мәндерінің жиынына пайдаланылу мүмкіндігі бар. Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда, жалпылық қасиеті деп атайды.

  4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмнде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белгілі бір санның орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритімнің нәтижелілігі деп аталады.

Компьютерлік бағдарлама (ағылш. Computer program) - 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі; 3) программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға, процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың үзінділеріне арналған жалпы атау.

Бағдарлама басылмасы (Распечатка программы; program (source) listing) — аударғышпен берілетін алғашқы программа мәтінінің басылымы.

Бағдарлама бланкі (Бланк программы; the form of the program) — бағдарламаға арналған кодтау бланкі.


Бағдарлама (бағыныңқы бағдарлама) блогы (Блок программы (подпрограмма); program unit (subprogram)) — үлкен бағдарламаның құрамды бөлігі. Кейбір жағдайларда бұл бөлік тәуелсіз болуы мүмкін.

Бағдарлама жобасының тілі (Язык проекта программы; programme design language) — арнайы құрылмалары бар және, кей жағдайда, бағдарлама жобасын әзірлеу, анализ жасау және құжаттамалау үшін пайдаланылатын верификациялық хаттамалары бар спецификация тілі. қ. Аппараттық жасақтама жобасы- ның тілі (hardware design language); к. Псевдокод (pseudo code).

Бағдарлама көшірмесі (Копия программы; program сору) — тұпнұсқадан көшірілген және күнделікті жұмысқа пайдалануға арналған бағдарлама данасы.

Бағдарлама қоршауы (Окружение программы; environment) — пайдаланушы жұмыс істейтін ортадағы есептеу жүйесінің аппараттық және бағдарламалык ресурстары.

Бағдарлама нұсқауы (Инструкция программы) — бастапқы программаның нұсқауы. Ескерту: бағдарлама нүскауы ассемблерлеу, құрастыру немесе басқа процестер нәтижесінде алынған машина командаларынан ерекше болады.

Бағдарлама объектісі (Объект программы, программный объект; program object) — бағдарламаға түсінікті және онымен өңделетін мәліметтер элементі. Мысалы, бағдарламалық объектіге программада сипатталған айнымалылар, жиымдар, файлдар, жазбалар және т.б. жатады.

Бағдарлама орындалуының астрономиялық уақыты (Астрономическое время выполнения программы; wall-clocktime) — Бағдарлама орындалуының басталуы мен аяқталуының аралығындағы уақыт.

Бағдарлама өлшемі (Размер программы; program size) — биттердегі немесе байттардағы, сиректеу операторлардағы (командалардағы) бағдарлама ұзындығы.

Бағдарлама сегменті (Сегмент программы;, program segment) — оверлейлік бағдарламаларда жедел жадқа толықтай шақырылатын бір немесе бірнеше басқару секцияларының құрамындағы ең кіші бағдарламалық бірлік.

Бағдарлама секциясы (Секция программы; program section) — кобол бағдарламасындағы атаулы, логикалық байланысқан параграфтардың тізбегі.

Бағдарлама семантикасы (Семантика программы; program semantics)— 1) қабылдағыштың — адамның немесе автоматтың — бағдарламаны ұғынуы тұрғысындағы бағдарламаның мағынасы; 2) бағдарламаның автоматты атқарылуы тұрғысындағы бағдарламаның мағынасы.

Бағдарлама сипаттамасы (Спецификация программы; program (module) specification) — мәселенің шешу алгоритмін (бағдарламасын) құруға қажетті ақпараты бар дәл және толық тұжырымы; өңдеу нәтижесінде қанағаттандыруы тиіс бағдарламаға қойылатын талаптардың формальданған ұсынылуы.

Бағдарлама схемасы (Схема программы; the circuit of the program) — кейбір абстрактылық алгебралық жүйенің сигнатураны пайдаланып бағдарламаның қалай түзілетінін көрсететін құрылымдық объект.

Бағдарлама туралы ақпараттық файл (Файл информации о программе; Program Information File (PIF))— Windows ортасында бұл ортаға арналып жазылмаған бағдарламаларды қалай орындау керектігі жөнінде мәліметтер сақтайтын файл. Бұл файлда мынадай мәліметтер бар: файл аты, оны іске қосатын каталог, оның көп есептілік режімде жұмыс істеу қабілеті және экранның жұмыс режімі (мәтін, графика, терезе, толық экран) опциясы.

Бағдарламадағы қате (Ошибка в программе; program error, malfunction) — 1) бағдарламада кездесетін кез келген қате. Бағдарламадағы қатенің болуы бағдарлама дұрыс құрастырылмағанда немесе дұрыс жұмыс істемегенде болатыны белгілі. Қате синтаксистік және сематикалық болып бөлінеді. Олар бағдарламаны аудару мен сынақтан өткізген кезде байқалады және бағдарламаны жөндеу процесінде түзетіледі; 2) Бағдарламаны өңдеу барысында жіберілген қате.

Бағдарламаланатын жасақтама (Программируемое обеспечение; firmware) — құрылымы өзгерместен міндеті бағдарламалық тәсілмен динамикалық түрде өзгеретін жабдық.

Бағдарламаланатын логикалық автомат (Автомат с программируемой логикой) — жұмыс істеу алгоритмі микрокомандалардан тұратын микробағдарлама ретінде басқару жадына жазылатын, жобаланып жатқан кұрылғының жұмыс істеу алгоритміне жедел өзгеріс енгізуге мүмкіндік болатын автомат.

Бағдарламаланатын логикалық матрицалар (Программируемые логические матрицы; programmable logic array, PLA) — шарттаңбалық түрлендіргіштерді жүзеге асыруға арналған орташа және тіпті үлкен дәрежелі шоғырланған микросхемалар. Байланыс желілерінде арнаулы қосқыштары (жалғастырғыштар) бар. Оларды іріктеп бұзуға ("күйдіруге") болады. Сөйтіп бұл матрицаның пайдаланушысына керек байланыстарды қалдыруға, ал керек емесін жоюға болады.

Бағдарламаланатын перне (Программируемая клавиша; programmable (soft) key) — атқаратын қызметі берілген қолданбалы бағдарламамен анықталатын перне.

Бағдарламаланатын тұрақты сақтауыш құрылғы (Программируемое постоянное запоминающее устройство; programmable read-only memory) — мәліметтерді жазу немесе ауыстыру берілген бағдарлама бойынша сақтауыш элементке электрлік, магниттік немесе жарықтық әсер арқылы орындалатын тұрақты сақтауыш құрылғы; ақпараты бағдарлама бойынша басқарылу тәсілімен өшірілетін және жаңартылатын тұрақты сақтауыш құрылғы.

Бағдарламаланатын үлкен интегралдық схема (Программируемая большая интегральная схема) — пайдаланушы атқаратын міндеттерін өзгерте алатын үлкен интегралдық схема.

Бағдарламаланған оқыту (Программированное обучение) — арнайы жазылған бағдарламаларды қолдану арқылы оқытып үйрету.

Бағдарламалар базасы (База программ; program base) — ретке келтірілген бағдарламалардың жиынтығы.

Бағдарламалар банкі (Банк программ; program bank) — бір орталыққа топтастырылған бағдарламалар мен бағдарламалар дестесінің жиынтығы. Бұдан әркім өзіне қажеттілерін пайдаланады. Бағдарламалар банкі магниттік дискілерде бір немесе бірнеше кітапхана түрінде ұйымдастырылады.

Бағдарламалар кітапханасы (Библиотека программ; program library)— 1) бағдарламалардың белгілі бір жүйемен топтастырылған жиынтығы; 2) жүйеде жұмыс істейтін кез келген адамға қатынас құруға болатын стандартты бағдарламалардың жиынтығы. Бағдарламалар кітапханасы бағдарламашылардың қандай да нақты бір мәселені шешуге арналған қажетті дайын алгоритмдер мен бағдарламаларды таңдауына мүмкіндік жасап, олардың қызметін жеңілдетеді. Керекті мәліметтер атауы арқылы ізделеді. Кітапханадағы мәліметтер бөлімдері тізбектелген файл түрінде жазылып, олар әр түрлі бағдарламалардан тұрады. Мәліметтер мазмұны жекеленген элементтерден құрастырылады да, әрбір элемент бөлім атауынан және оның адресінен тұрады.

Бағдарламалар тобы (Группа программ; program group) — Windows 3.x ортасында бағдарлама менеджері ішінде орналасқан қолданбалы бағдарламалар тобы. Нақты белгілері бойынша топтастырылған бағдарламалар жиыны ретінде қарастырылады. Бұлай топтастыру керек кезінде оларды жылдам іздеп тауып, тез іске қосу жұмыстарын жеңілдетеді.

Бағдарламалар ұқсастығы (Идентичность программ; program identity)— шешетін мәселелердің алгоритмдерінің бірдейлігі, бір немесе әр түрлі программалау тілінде жазылған екі бағдарламаның бірдейлігі.

Бағдарламаларды автоматты түрде синтездеу (Автоматический синтез программ; automatic synthesis of the programs) — мәселелерді шешу программаларын осы мәселелердің сипаттамасы бойынша даярлау. Ол бағдарламалаудың интелектілік жүйесінің негізгі қызметі болып саналады.

Бағдарламаларды бөлу (Разделение программ; program sharing) — сол бір бағдарламаны бірнеше компьютердің немесе абоненттердің бір мезгілде пайдалану мүмкіндігі.

Бағдарламаларды қайта аудару (Ретрансляция программ; program retranslation) — аударуға кері процесс-объектілік модульдерді алғашқы тілдегі бағдарламаға автоматтық түрлендіру.

Бағдарламаларды түрлендіру (Преобразование программ; program transformation) — жүйелілік әдістерді қолдану негізінде алғашқы программалардан жаңа бағдарламалар алу.

Бағдарламалардың байланыс блогы (Блок связи программ; program communication block) — IMS и OKA мәліметтер базасын басқару жүйесінде мәліметтер базасының ішкі схемасының сипаттамасы.

Бағдарламалардың сипаттама блогы (Блок спецификации программ; program specification block) - IMS и OKA мәліметтер базасын басқару жүйесінде бағдарламаның байланыс блоктарының жиынтығы болып саналатын модуль. Бағдарламадағы пайдаланылатын әрбір мәліметтер базасы үшін бір блоктан келеді.

Бағдарламалардың үйлесімділігі (Совместимость программ; compatibility of the programs) — аса күрделі мәселелерді шешу үшін бағдарламалық кешендер мен автоматтандырылған жүйелерді бір-бірімен біріктіру тұрғысынан бағдарламалардың жарамдылығы.


Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. түрлерін атап өтуге болады. Арифметикалық (сандық) мәліметтер (арифметические (числовые) данные; arithmetic data) — арифметикалық амалдар орындауға болатын мәліметтер, яғни сандар. Әріптік мәліметтер (Буквенные данные; alphadetic data) — алфавит әріптері мен бос орындардан тұратын мәліметтер. Басқару мәліметтері (Управляющие данные; (управляющая информация) control information) — құрылғының, программаның, жүйенің қандай да бір басқару функцияларын орындауға қажетті мәліметтер. Графикалық мәліметтер (Графические данные; graphic data) — 1) графикалық бейне түріндегі (сурет, схема) мәліметтер; 2) графикалық объектілерді бейнелеуге жеткілікті болатын олардың машиналық өрнегі. Дискрет (цифрлық) мәліметтер (Дискретные (цифровые) данные; digital data) — цифрлық кодпен өрнектелген мәліметтер. Екілік мәліметтер (Двоичные данные; binary data) — екілік кодпен өрнектелген мәліметтер; мәндері екілік санау жүйесіндегі сандар болып келетін мәліметтер. Жабық (қорғалган) мәліметтер (Закрытые (защищенные) данные; restricted data) — кейбір өзгертулердің ғана пайдалану мүмкіндігі бар мәліметтер. Әдетте, қорғау пароль жүйесі арқылы іске асырылады. Кірістік мәліметтер (Входные данные; input data) — өңдеу немесе сақтау үшін жүйеге енгізілетін мәліметтер. Ондық мәліметтер (Десятичные данные; decimal data) — ондық санау жүйесінде өрнектелген мәліметтер. Реттелген мәліметтер (Упорядоченные (отсортированные, ранжированные) данные; ranked data) — берілген реттік қатынаспен орналастырылган мәліметтер (<- өспелі, >-кемімелі, <=кемімейтін, >= -өспейтін). Шифрланган мәліметтер (Зашифрованные данные; cipher data) — компьютердің жадында шифрланган түрде сақталатын мәліметтер (яғни криптографиялық қорғау тәсілі қолданылған мәліметтер). Шығыстық мәліметтер (Выходные данные; output data) — мәліметтерді шығару құрылғыларына компьютерден түсетін мәліметтер; программаның орындалу нәтижелері.

Бағдарламалық құжат (Программный документ; program document) — компьютерде белгілі бір есепті (программалық бұйымды) дайындау, шығару, сүйемелдеу жөне пайдалану үшін қажетті мағлұматтары бар құжат.
Дәріс 3. КОМПАС бағдарламасы жайында жалпы мағлұматтар.

КОМПАС – бұл графикалық әмбебап жүйе. Жұмыс үстеліндегі пиктограмманы немесе бағдарламаның – ПУСК кнопкасын басу арқылы іске қосуға болады.

КОМПАС-тың жұмыс үстелі келесі бөліктерден тұрады:


  1. Түсіру мәзірі – жоғарғы жолдар (файл, редактирование, вид, вставка, фор­мат, рисование, размеры, помощь);

  2. Аспаптардың стандартты панелі – екініші жол;

  3. Нысаналар қасиеттерінің жолы – үшінші жол;

  4. Жағдай жолы – төменгі жол;

  5. Бұйрық жолының терезесі – жағдай жолының алдында орналасқан;

  6. Сызба аймағы –жұмыс үстелінің қалған бөлігі.

Түсу менюі.

Файл – файлдармен жұмыс істеу мәзірі.

Редактирование – жұмыс үстелінің сызба аймағыны бөлігін түрлендіру мәзірі

Вид – экранды басқару бұйрықтарынан, бет кеңістігі мен моделдер кеңістігінің тәртібін өзгертуінен, көзбен қарауды аймағын орнатудан, көрінбейтін сызықтарды жоюдан, бояудан, өңін өзгертуден тұрады.

Вставка – блоктарды, сыртқы нысаналарды, басқа қосымшаларды қоюды қамтамасыз етеді.

Формат – қабаттармен, түстермен сызық түрлерімен, текст түрін басқарумен, сызу шекараларымен өлшем бірліктерін қоюмен жұмыс істеду қамтамасыз етеді.

Рисование – сурет салу бұйрықтарын іске қосады.

Размеры - өлшемдерді қою бұйрықтарын құрап, өлшем параметрлерін басқарады.

Аспаптардың стандартты панелі. Бағыттағышты панель түймешелеріне жақындатқанда түймеше берілгендері жайында мәлімет пайда болады.

Нысана қасиеттері аспаптарының панелі. Бұл панелдің кейбір түймешелері ашылатын тізімді құрайды. Оларды басқанда тізімді шығаратын кішкентай қара үшбұрыш пайда болады.

Жағдай жолы. Бағыттағыш координаталарымен сызу тәртібін қосып, ажырату түймешесінен тұрады.

Бұйрық жолының терезесі. Auto­CAD-пен қарым-қатынас жасауды және бұйрықтарды енгізуді қамтамасыз етеді. Бұйрық жолының терезесін экранға толық шығаруға болады (кл. F2). Бұл жағдайда терезе енгізілген бұйрықтар жайында толық мағлұмат беріп, текстік терезе деп аталады. Текстік терезедегі тексті бұйрық жолының терезесіне көшіруге болады.

Келесі функционалды басқыштарды қолдануға болады:



F6 – жол жағдайында; бағыттағыш координаталары шығады:

F7экрандағы торды қосып, өшіреді (сызу тәртібі үшін);

F8 – қосу/өшіру. ОРТО тәртібі (тік және көлбеу түзіу сызықтарды сызу).

F9 – қадамдарды қосу/өшіру, яғни бағыттағыштың жылжу қадамын реттеу.

Мәзірді және аспаптар панелін таңдау үшін «тышқан» («мышь») деп аталатын құрылғыны қоданады. Сол жақтағы түймеше таңдауға және экрандағы нүктені көрсетуге, ал оң жақтағы түймеше ENTER тәрізді әрекетті іске асыруға арналған. Егер <SHIFT> клавишасын басып тұрып «тышқанның» оң түймешесін бассақ, онда нысана байланыстарының тізімі шығады.


Дәріс 4. Координата жүйелері

AutoCAD-та координаталарды абсолютті немесе салыстырмалы координат түрінде енгізуге болады. Абсолютті координаттар келесі форматтарда енгізіледі: тікбұрышты (декартты) координат (X, Y); полярлы координат r < А, мұнда r — радиус, ал А — сағат тіліне қарсы бағыттағы градус түрінде берілген, алғашқы нүктенің бұрышы. Салыстырмалы кординаттар соңғы енгізілген нүктенің ығысуын көрсетеді. Салыстырмалы координаталарды енгізу барысында абсолютті кординаттарды жазудың кез-келген форматын қолдануға болады: @ds, dy — тікбұрыштар үшін; @r


AutoCAD координатты бейнелеудің үш форматын қолдануға мүмкіндік береді:

1. Динамикалық абсолютты координаттар – ағымдағы жағдайды көрсететін абсолютты координаттар.

2. Статикалық абсолютты координаттар – есеп моментінде ғана өзгеретін абсолютты координаттар

3. Динамикалық полярлық координаттар – курсордың ағымдағы жағдайын көрсететін полярлық координаттар.


Дәріс 4. Экранмен жұмыс істеу

AutoCAD – бұл графикалық әмбебап жүйе. Жұмыс столындағы пиктограмманы немесе бағдарламаның – ПУСК кнопкасын басу арқылы іске қосуға болады.

AutoCAD-тың жұмыс столы келесілерден тұрады:


  1. Түсу менюі – жоғарғы жол (файл, редактирование, вид, вставка, фор­мат, рисование, размеры, помощь);

  2. Аспаптардың стандартты панелі – екніші жол;

  3. Нысаналардың қасиеттерінің жолы – үшінші жол;

  4. Жағдай жолы – төменгі жол;

  5. Бұйрық жолының терезесі – жағдай жолының алдында;

  6. Графикалық аймақ –жұмыс столының қалған бөлігі.

Түсу менюі.

Файл – файлдармен жұмыс істеу менюі.

Редактирование – жұмыс столының графикалық аймағының бөлігін редакциялау менюі

Вид – экранды басқару бұйрықтарынан, бет кеңістігі мен моделдер кеңістігінің тәртібін өзгертуінен, көз қаратуды орнатудан, көрінбейтінсызықтарды жоюдан, бояудан, өңін өзгертуден тұрады.

Вставка – блоктарды, сыртқы нысаналарды, басқа қосымшаларды қоюды қамтамасыз етеді.

Формат – қабаттармен, түстермен сызық түрлерімен, текст түрін басқарумен, сызу шекараларымен өлшем бірліктерін қоюмен жұмыс істеду қамтамасыз етеді.

Рисование – сурет салу бұйрықтарын іске қосады.

Размеры - өлшемдерді қою бұйрықтарын құрап, өлшем параметрлерін басқарады.



Аспаптардың стандартты панелі. Курсорды панелькнопкаларына таятқанда кнопканың берілгендері жайында мәлімет пайда болады.

Нысана қасиеттері аспаптарының панелі. Бұл панелдің кейбір кнопкалары ашылатын тізімді құрайды. Оларда басқанда тізімді шығаратын кішкентай қара үшбұрыш бар.

Жағдай жолы. Курсор координаталарымен сызу тәртібін қосып, өшіретін кнопкасын құрайды

Бұйрық жолының терезесі. Auto­CAD-пен қарым-қатынас жасауды және бұйрықтарды енгізуді қамтамасыз етеді. Бұйрық жолының терезесін экранға толық шығаруға болады (кл. F2). Бұл жағдайда терезе енгізілген бұйрықтар жайында толық мағлұмат беріп, текстік терезе деп аталады. Текстік терезедегі тексті бұйрық жолының терезесіне көшіруге болады.

Келесі функционалды клавишаларды қолдануға болады:



F6 – жол жағдайында; курсор координаталары шығады:

F7 – экрандағы торды қосып, өшіреді (сызу тәртібі үшін);

F8 – қосу/өшіру. ОРТО тәртібі (тік және көлбеу түзіу сызықтарды сызу).

F9 – қадамдарды қосу/өшіру яғни курсордың жылжу қадамын.

Менюді және аспаптар панелін таңдау үшін «мышь» деп аталатын құрылғыны қоданады. Сол жақтағы кнопка таңдауға және экрандағы нүктені көрсетуге, ал оң жақтағы кнопка ENTER тәрізді әрекетті іске асыруға арналған. Егер <SHIFT> клавишасын басып тұрып «мыштың» оң клавишасын бассақ, онда нысана байланыстарының тізімі шығады.


Дәріс 5 Экранды басқару

Дәріс 6 Объектіні құрастыру





- объектіні тасымалдау командасы




- объектіні көшіру командасы (COPY)




- объектіні бұру командасы (ROTATE)

Мысалы:

Command: ROTATE

Select objects: Объектіні көрсету

Select objects: <Enter> Бәрі алынды

Base point: INT of бұрылу ортасын көрсету

/Reference: 90 - бұрыш.

+90 – сағат тіліне қарсы

90 – сағат тілі бойынша










- сурет өлшемдерін өзгертуге мүмкіндік береді (SCALE)



Мысалы:

Command: SCALE


Select objects: объектіні таңдау

Select objects: <Enter> Бәрі алынды

Base point: INT of - масштабтау ортасы

/Reference : 2 - масштаб
Дәріс 7. Сызуларды түзету
ALIGN бұйрығының көмегімен айналдырумен қатар оны басқа объектілермен теңестіруге болады.




- объектіні айналы бейнесін құру командасы (MIRROR)

Мысалы:

Command: MIRROR

Select objects: объектілерді таңдау

Select objects: Бәрі алынды

First point of mirror line: END of - шағылысу сызығының 1 нүктесін көрсету

Second point: END of - шағылысу сызығының 2 нүктесін көрсету отображения

Delete old objects?: N - ескі көріністі жою керекпе
Дәріс 8. Сызуларды жобалау

Offset distance or Through < Through >:(орын ауыстыру өлшемі немесе Нүкте<Нүкте>:) – орын ауыстыру (нүктелер саны немесе жұбы) немесе кілт Through (Нүкте арқылы);

Select object to offset: (ықтималдықтар туғызатын объект:) – орын ауыстыруға оъект таңдау. Бұл үшін қаңқаны қолдануға болмайды, көп бұрышты сызық немесе ағымдағы жинаққа сілтеледі. Көрсетіген объект түрленуге түседі;

Side to offset? (Ығысу жағы?) – қай жаққа ығысатынын курсормен көрсету (оңға немесе солға, ішке немесе сыртына), егер ығысу көрсетілсе;

Through point: (Нүкте арқылы:) – объектінің ығысу нүктесін көрсету, егер кілт Through көрсетілсе (Нүкте арқылы).

Берілген қашықтық нөлден жоғары болуы керек. Кең сызықты қашықтықта ара қашықтық өстік сызықтан өтеді.

Егер ығысу кезінде қиындының нәтижесінде жаңа қиынды болып табылады. содан кейін хабарлама пайда болады:

Invalid through point (Дұрс емес нүкте.)

Егер дөңгелектің немесе доғаның ығысуында ара қашықтық және ығысу бағыты берілсе және объект анықталмаса (мысалы, теріс радиус пайда болса), онда хабарлама шығады:



No parallel at that offset (мұндай ығысумен жүргізу мүмкін емес)

Ұқсас, өте жақсы қиынды, дөңгелек, доға, екі сызықты полисызықтар, эллипс, эллипстік доға, түзу немесе сәуле таңдауда хабарлама пайда болады:



Cannon offset that object (Берілген бойынша объект құра алмаймын)
Дәріс 9. Үш жүйелі объектілерді қапына келтіру

Dimension Lines панелінде төмендегідей ауыспалы өлшемдердің реттелуі іске асырылады: DIMCLRD, DIMLWD, DIMDLE, DIMDLI, DIMSD1 и DIMSD2. Мұнда өлшемді сызықтардың түсін, қалыңдығын анықтайды; бөлшем сызықтарының бірінші және екінші бөліктерімен басқарады.

Extension Lines панелінде келесідей ауыспалы өлшемдердің реттелуі жүреді: DIMCLRE, DIMLWE, DIMEXE, DIMEXO, DIMSE1, DIMSE2. Мұнда шығыңқы сызықтардың түсі мен қалыңдығы; олардың өлшемді сызықтан қаншалықты асатындығы анықталады; объектіден шығыңқы сызықтың асу өлшемін анықтау; бірінші және екінші шығыңқы сызықтарды басқару.

Arrowheads панелінде төмендегі ауыспалы өлшемдердің реттелуі жүреді: DIMBLK1, DIMBLK2, DIMLDRBLK, DIMASZ. Мұнда бірінші және екінші сызыұтардың ішкі түрі белгіленеді, шығыңқы бағыттаушы түрін анықтайды, бағаттаушыға өлшем береді.

Center Marks for Circles панелінде D1MCEN ауыспалы өлшемнің реттелуі жүргізіледі. Мұнда шеңберлік ортасынан маркердің ішкі түрі мен олардың маркер өлшемі көрсетіледі.


Дәріс 10. Үш жазықтықтағы сызуларды түзету
Text Appearance панелінде төмендегі өлшемді ауыспалылардың реттелуі жүргізіледі: DIMTXSTY, DIMCLRT, DIMTXT, DIMTFAC, DIMGAP. Мұнда өлшемді мәтінінің стилін, оның түсі мен биіктігін, өлшемді мәтіннің салыстырмалы биіктігі мен санын анқтайды, өлшемді мәтін арасын белгілеуге болатынын немесе тыйым салынатынын анықтайды.

Text Placement панелінде келесі өлшемді ауыспалылардың реттелуі жүргізіледі: DIMTAD, DIMJUST, DIMGAP. Мұнда салыстырмалы өлшемді бағытталуға салыстырмалы мәтіннің жағдайы мен сызықты шығыңқылықтың және өлшемді сызық пен өлшемді саны арасындағы ара қашықтық беріеді.

Text Alignment панелінде DIMTOH и DIMTIH ауыспалыларының реттелуі жүргізіледі. Мұнда өлшемді сызыққа қатысты мәтіннің жағдайы анықталады.


Дәріс 11. Үш жазықтықтағы моделдер
Жаңа немесе қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізуде Dimension Style Manager диалогтық терезесі алты көрінбеден тұрады. Олардың әрқайсысы жүйелік ауыспалыларды реттеу нәтижесінде көрінеді. Жаңа өлшемді стилдің атауы аса үлкен емес Create New Dimension Style диалогтық терезесінде көрінеді, ол New пернесін басқанда барып қосылады.

Dimension Style Manager диалогтық терезесі
Create New Dimension Style диалогтық терезесі бір енгізу алаңы мен екі жабылатын тізбектен тұрады.

  • New Style Name енгізу алаңы құралатын қабаттың атын енгізуге мүмкіндік береді.

  • Start With жабу тізімі стилдің негізгі өлшемін беруге мүмкіндік береді.

  • Use for жабу тізімі туындайтын өлшемді стилді таңдауға мүмкіндік береді.

  • Continue пернесі New Dimension Style диалогтық терезесін ашуға мүмкіндік береді.



Create New Dimension Style диалогтық терезесі
Дәріс 12. AUTOCAD жұмыс істеу жүйесі

DIMSTYLE командасы Dimension Style Manager диалогтық терезесін ашады және жүйелік ауыспалыларды реттеуге мүмкіндік береді. Диалогтық терезе өлшемді стилдердің сәйкесінше тізімін береді, стилді өлшемдер мен бес пернеден тұрады:

Set Current — ағымдағы өлшемді стилді орнатады;

New — жаңа өлшемді стилді орнатуға мүмкіндк береді;

Modify — бұрыннан бар өлшемді стилді дұрыстауға мүмкіндік береді;

Override — ағымдағы өлшемді стилді өзгертусіз уақытша жүйелі ауыспалыларды алып тастау мүмкіндігі;

Compare — қлшемді ауыспалыларды салыстыруға мүмкіндк береді.


Дәріс 13. Сызба жұмыстарын ұйымдастыру
Zero Suppression панелінде DIMTZIN өлшемді ауыспалысының реттелуі жүргізіледі, жіберу алдында нөлдік бос немесе жетекші режимдер орнатылады. Осыған ұқсас DIMALTTZ ауыспалы өлшеміне де жүргізуге болады.


Alternate Unit Tolerance панелінде DIMALTTD өлшемді ауыспалының реттелуі жүргізіледі, ол алтернативті өлшемдер үшін үтірден кейін қойылатын белгілер санын анықтайды.
Дәріс 14. Автоматикалық жобалау жүйесі реттеу
Жұмыс ортасы монитор экранындағы суретті басқаруға қажетті және жеткілікті қабат сандарынан тұруы керек. Мысалы, A3 форматты жұмыс ортасына келесідей қабат пен олармен байланыс параметрлерінің мәндерін белгілейміз (әдетте параметрдің жаңа қабаты үшін). Осындай жағдайда AutoCAD терезесіне күлгін түс қоюымыз керек.

Кесте



Қабат атауы


Қабаттың қолданылуы


Сызық түсі


Сызық типі


Сызық қалың

дығы



WORK


Геометриялық құралдарды және жіңішкен сызықтарды жетілдіруге арналған қабат


қара (7 нөмірлі)


CONTINUOUS

тұтас



Default


MAIN


Сызбаны соңғы жетілдіруге арналған қабат


blue

көк (5)



CONTINUOUS

тұтас



0.5


AXIS


өстік сызықтарды сызуға арналған қабат

red

қызыл(1)



CENTER

штрих-нүктелі




Default


HATCH


Штрихты бітеу аймақтарды орындауға арналған қабат

magenta фиолетовый (6)

CONTINUOUS

тұтас



Default


DIM


өлшемді сызықтарды енгізуге арналған қабат


green

жасыл (3)



CONTINUOUS

тұтас



Default


DASHED


Көрінбейтін контурды сызуға арналған қабат


cyan

көкшіл(4)




DASHED

штрихты



Default


TEXT


Мәтіндерді енгізуге арналған қабат


244


CONTINUOUS

тұтас



Default




Дәріс 15. AUTOCAD программалау
CAD/CAM-жүйелерін енгізу студенттерді ғана емес, сонымен қатар оқытушыларғада тән. Творчестволық және белсенді адамдар, жоғарғы мектеп қиын қыстау кезеңіндеде компьютерлік техниканы игеріп, оларды оқу процесінде қолдануға мүмкіндік табады, бұндай жағдай әр түрлі педагогикалық жаңалықтарға кең жол ашады.

Қазіргі уақытта есептеу техникаларының құнының түсуі, компьютерді үйдеде қолдануға жол ашты. Бұл студенттерге автоматтандырылған жобалау жүйелерімен аудиторлық сағат аумағында ғана емес, үйде жеке компьютерлеріндеде жұмыс істеуге мүмкіндік беруде. Бұл жағдайда пәнмен үстіртін ғана емес, оны толық игеру жағдайында сөз қозғауға болады.

АutoCAD жүйесін американдық Autodesk фирмасы 80-ші жылдардың басында дамыта бастады және ол бастапқыда сол уақыттағы (PC XT, PC AT процессорсыз және т.б.) жеке комьпютерлерге негізделді. Сол уақыттың өзінде, қазіргі көзқарас бойынша әлсіз бағдарлама өз еңбегін автоматтандыруға талап қылған конструкторлар мен сызушылардың қызығушылықтарын туғызды.

Жүйенің кеңінен таралуы MS DOS опреациялық жүйесінде, ағылшын және орыс тілдерінде жұмыс істеген оныншы нұсқасынан басталды. Бұл нұсқа командаларды командалық немесе экрандық жолдардан графикалық менюге шығаруға мүмкіндік бергендіктен жетілген болып саналды.

Онбірінші нұсқасы елеусіздеу болды. Ресейдегі кең таралған нұсқалардың бірі MS DOS-та да (Windows 3.1 және Windows 95-ке арналған нұсқаларыда болды бірақ орыс тіліне аударылмады) диалогтық терезелері болған он екінші нұсқасы болды. Онда 11-ші нұсқасында қолданылған «бет кеңістігі» болды, бұл жағдай үш өлшемдегі нысананы тұрғызып оның проекцияларын терезе бетіне (экран) қажет масштабта шығаруға мүмкіндік беретін кеңістіктік графикалық жүйе ретінде AutoCAD-ты нақты бекітті.

Он үшінші нұсқасы бірден екі нұсқада пайда болды (MS DOS және Windows 95 үшін), сонымен қатар инсталляция сатысында жүйе нұсқасының біреуін таңдауға немесе бірден екеуін қатар орнатуға мүмкіндік берді. Онтөртінші нұсқасы онүшінші нұсқадағы жаңалықтар кіре отырып, оны алдыңғы нұсқаларға қарағанда шағын және жылдам жұмыс істейтін болды. Ол де-факт жүйесі жалпы қолданысқа ие болып, жаңа жеке компьютерлерге орнатылатындықтан тек қана Windows (Windows 95 немесе Windows NT) операциялық жүйесіне есептелді.

1999 жылы мода ағымына сәйкес 2000 номері берілген 15-ші нұсқасын енгізу басталды. Бұл нұсқа екіөлшемді сурет салумен үшөлшемді моделдеуде алға қарайғы қадам болды. Бұнда плоттермен (графотұрғызғыш) принтерге (баспа құрылғысы) шығаруды басқару жабдықтарыда бірталай өзгеріске ұшырады.

Жүйенің бірінші нұсқасы негізінен кейіннен нұсқалар дамыған сайын солармен қатар дамып отырған қарапайым екі өлшемдегі сурет салуға арналған аспаптардан тұрды. Нәтижесінде AutoCAD өте ыңғайлы «электронды кульман» болды.

Электронды сызулар архивын құруда сурет салудың бұндай тәсілі үлкен артықшылықтарға ие. AutoCAD жүйесінде құрылған әр сызу түпнұсқа сызудан көшірме сызулар сызуға мүмкіндік беретіндей оңай редакцияланады. Сызу құжаттарын шығару процесін оңайлату мақсатында «стандартты элементтер кітапханасын» құруға болады. Бұл идея конструкторлық, архитектуралық және т.б. бағыттарда жеке жұмыс орындарындағы жүйелер негізінде жаңа арнайы жүйелер құруда жақсы стимул болды.

Оныншы нұсқасы күрделі үшөлшемді құрылысты кеңістіктің кез-келген жазықтығында орындап оны әртүрлі экрандарда кез-келген көзқарас бойынша бейнелеуге мүмкіндік берді. Сондықтан, ол үшөлшемді моделдеу аспабы болып танылды.

Он екінші нұсқа өзгеріс кезеңі болып танылады. Ол кеңітілген жадыда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, диалогтық терезені енгізді, ал он бірінші нұсқада қолданылған кеңістік бетінің және экран түрінің механизмдері сызуды нысананың немесе ғимараттың үш өлшемді проекциясында алуға мүмкіндік берді. AutoCAD 2000-де бұл идея ары қарай дамып: бір модел бойынша сызудың бірнеше бетін алуға мүмкіндік берді.

Сондықтан AutoCAD 2000 жүйесі сызу сызуға ғана емес, үш өлшемді моделдерді де құруға арналған.



2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

Әр лабораториялық және практикалық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.

Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.

Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы

Типтік есептерді біз аудиториялық практика - лабораториялық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап беремін.

Қарастырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспект жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.

Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды лабораториялық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.

Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.


3 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Әдістемелік ұсыныстар


Әрбір студентке пәнді оқу барысында жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.

Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.

Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.

Тапсырмаларды орындауды оны тапсырудың соңғы күніне қалдырмаңыз. Өкінішке орай кебір студенттер солай жасайды. Сізге бұл жағдайда күрделірек есептерді шешу кезінде қиыншылықтар туындайды.



Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОСӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет