Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту



жүктеу 1.73 Mb.
бет1/12
Дата29.04.2019
өлшемі1.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және "Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережесiн бекiту туралы" 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысы



      «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына,  9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Тау-кен, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      2) «Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      3) «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      4) «Уларды өндiру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      5) «Оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеудi, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      6) «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      7) «Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      8) «Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      9) «Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      10) «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
      11) «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) «Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 76-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiнде:
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлға үшiн – өтiнiш берушiнi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк* немесе анықтама, дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Ереженiң 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған жағдайда жiберiлетiн елдiң және/немесе жөнелтетiн елдiң заңнамасында көзделген өнiмдi жеткiзу қажеттiлiгiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.».
      2) «Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 14, 129-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережесiнде:
      6-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттар уәкiлеттi органға түскен күнiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.».
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 155 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Тау-кен, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және
(немесе) пайдалану (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру)
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тау-кен, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).


      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
      3. Мемлекеттiк қызметтi Министрлiктiң Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi, оның iшiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е–лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:


      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтiнiш берiлген сәттен бастап:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 15 (он бес) жұмыс күнi;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу – 15 (он бес) жұмыс күнi;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру – 2 (екi) жұмыс күнi;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
      6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi – тау-кен, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру) жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресiмдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
      7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жерi бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезiнде лицензиялық алым 10 айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресiмдегенi үшiн лицензиялық алым – лицензия беру кезiндегi ставканың 10 %-ын құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды.
      3) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезiндегi ставканың 100 %-ын құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екiншi деңгейде банктер және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берiлген жағдайда төлем «электрондық үкiметке» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) немесе екiншi деңгейда банктер арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесi:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, түскi асқа үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.
      2) порталдың – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда).
      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жүгiнуi кезiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
      1) лицензия алу үшiн:
      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшiн белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;
      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшiн белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      еркiн нысанды өтiнiш;
      лицензияны қайта ресiмдеу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның түпнұсқасы (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта алған жағдайда);
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу қажеттiлiгiн растайтын құжаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).
      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай: жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) өзгерген; дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:
      еркiн нысанды өтiнiш;
      лицензияның телнұсқасын беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
      Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi өздiгiнен портал арқылы немесе мемлекеттiк қызметтердi көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Порталға:
      1) лицензия алу үшiн:
      көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
      2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;
      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның түпнұсқасы (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта алған жағдайда);
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу қажеттiлiгiн растайтын құжаттың көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).
      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай: жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) өзгерген; дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген; заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған; заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта ресiмдеу туралы сұрау салуды құжаттар ауыстырылған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресiмдеу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшiрмелерi түрiнде ұсынылады.
      Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi өздiгiнен портал арқылы немесе мемлекеттiк қызметтердi көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасын қабылдау күнiн және уақытын көрсете отырып, оның көшiрмесiндегi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi өтiнiштiң қағаз тасығышта қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негiздерi:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салынуы;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгiзiлмеуi;
      3) көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сай келмеуi;
      4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;
      5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;
      6) сот орындаушысының ұсынысы негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға соттың лицензия алуға тыйым салуы.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi
берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша орталық мемлекеттiк органның, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:


      шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша Министрлiк басшылығының атына берiледi, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48.
      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қабылдап алған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жiберiледi.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
      Портал арқылы жүгiнген кезде шағым жасаудың тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жiберген кезде жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау, туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
      12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету, оның iшiнде электрондық нысанда
көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету мекенжайы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.


      14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.
      15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинетi», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетiмдiлiк режимiнде алу мүмкiндiгi бар.
      16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24-07-49, 24-12-91, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Тау-кен, химия өндiрiстерiн жобалау  


(технологиялық) және (немесе) пайдалану 
(пайдалы қазбаларды барлау, өндiру)   
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия
беру, қайта ресiмдеу, лицензияның     
телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына            
1-қосымша                 

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға арналған өтiнiшi

_____________________________________________________________________


         (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
     (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрi(-лерi) көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________ жүзеге асыруға лицензия және (немесе)
лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ________________________________
(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгiсiн қою
керек) беруiңiздi сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы, елдi мекенi, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
                (шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы(лары) _______________________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы, елдi мекенi, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
      _______ парақ қоса берiлiп отыр.
      Осымен:
      көрсетiлген барлық деректердiң ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген
ақпаратты жiберуге болатындығы;
      көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызметтiң лицензияланатын түрiмен
және (немесе) кiшi түрiмен айналысуға соттың тыйым салмағаны;
      қоса берiлген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетiнi және
жарамды болып табылатындығы расталады.

      Басшы _________   _____________________________________________


              (қолы)     (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны

      Толтыру мерзiмi 20__ жылғы «___» ___________

«Тау-кен, химия өндiрiстерiн жобалау  


(технологиялық) және (немесе) пайдалану 
(пайдалы қазбаларды барлау, өндiру)   
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия
беру, қайта ресiмдеу, лицензияның    
телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына          
2-қосымша              



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет