Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 375.05 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі375.05 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2016 жылғы ____ _______№ ___

2-қосымша



Концессия шарты бойынша көрсетілетін табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді



 есептеу әдістемесі

1 Тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) 2010 жыл 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-ші бап 1 тармақ 41-67) тармақшасына және 16-7 бап 2-ші тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірнде № 8480 санымен тіркеліп 2013 жыл 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Агенттігі төрағасының № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарлар, жұмыстар) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуде қолданылатын Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп), нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірнде № 8716 санымен тіркеліп Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары 2013 жылғы 31 шілдедегі № 239-НҚ бұйрығымен бекітілген Әуежайлар саласында қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алу ережесіне сәйкес және әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді есептеудің тетігін айқындау мақсатында әзірленген.

  2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. қолданысқа енгізілген активтердің коэффициенті - табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын технологиялық қуатынан нақты пайдалануын (іске қосылуын) сипаттайтын пайыздық көріністегі көрсеткіш;




  1. концессия - концессия объектілерін құруға (жақсартуға) және пайдалануға бағытталған, концессионердің қаражаты есебінен немесе концедентпен қоса қаржыландыру шарттарында жүзеге асырылатын қызмет;

  2. концессиялық шарт - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының 7 шілдедегі 2006 жылғы "Концессиялар Туралы" Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) шектеулі уақыт кезеңінің ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы. Концессиялық жобалар Заңның 8-бабы 6-3) тармақшасына сәйкес Республикалық Үкіметпен анықталатын ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі санатына жатқызылуы мүмкін;

  3. концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - концессия объектілерін жасау (салу) және қайта құру үшін шығындардың белгілі бір белігін қаржыландыруға бюджеттік қаражаттардың бөлінуі;

  4. концессия объектілері - концессия шарты бойынша құрылатын (жаңартылатын) және пайдаланылатын тізбесіне енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

  5. концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы концессия субъектісі ұсынатын және белгілі бір тауар түрінде тұтынүшыға беру түрінде қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын жағдайларды қоса алғанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

  6. концессия шарты - тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, концессияны іске асыру шарттарын айқындайтын концедент пен концессионер арасындағы жазбаша келісім;

  7. қолданысқа енгізілген активтер - әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;

  8. қызмет бағыттары - қызметтерді көрсетуде дербес те, бір бірімен өзара байланыста да қатысатын қызметтердің көрсетудің белгілі бір процестерінің жиынтығы;

  9. қызметтерге арналған тікелей шығындар - белгілі бір қызметпен тікелей себептік- салдарлы байланыстары бар және сондықтан тікелей және бір мәнді белгілі бір қызметке жатқызылатын шығындар;

  10. тарифтің шығын бөлігі - тарифті және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетумен байланысты шығындардың жиынтығы;

Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына Заңның 1-бабы 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган айқындайды.

Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.



2 Тарау. Концессия шарты бойынша көрсетілетін табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді есептеу тетігінің негізгі қағидаттары
3. Осы Әдістемеге сәйкес тарифтерді есептеудің негізгі қағидаттары;

1) көрсетілетін қызметтер сапасының мемлекеттік органдар өздерінің құзыретінің шегінде белгілеген талаптарға сәйкестігі;

2) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыпастырудың ашықтығы;

3) табиғи монополия субъектісінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жеткілікті рентабельділік деңгейін тарифпен (бағамен, алым ставкасымен) қамтамасыз ету;

4)қызметтерге арналған тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) пайданың жол берілетін деңгейін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасының негізінде нормалау;

5) қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) есептеу кезінде пайдаланылатын өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің шынайлығы болып табылады.

3 Тарау. Концессия шарты бойынша көрсетілетін табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтерінің тарифтерін есептеудің тетігі
4. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету (бұдан әрі - әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет), тариф мынадай операциялар бойынша шығындарды қамтиды:

ұшу-қону жолағын, рульдеу жолдарын, перрондарды ұсыну;

әуеайлақтың ұсталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;

әуеайлақты жарық техникалық қамтамасыз ету;

апаттан құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;

әуежайдың аумағында ұшу қауіпсіздігінің орнитологиялық қамтамасыз ету;

әуе кемелерінің әуежайдан ұшуларының негізгі бағыттары бойынша аэронавигациялық ақпараттың және аэронавигациялық жағдайдың жедел өзгерістерін ұсыну (әуежай атқаратын жағдайларда);

осмотр правильности расчетов потребного количества авиационного горюче-смазочного материала с учетом ветрового режима по маршрутам полетов (в тех случаях, когда выполняется аэропортом);



радиотехникалық қызмет көрсету (әуежай атқаратын жағдайларда);

метеорологическое обеспечение (в тех случаях, когда выполняется аэропортом);

диспетчерское обслуживание подхода и аэродромное диспетчерское обслуживание (в тех случаях, когда выполняется аэропортом);



әуе кемесіне әуеайлақта тұрақ орнын қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почта) болған жағдайда қонғаннан кейін 3 сағат ішінде жолаушылар және 6 сағат жүк пен жүк-жолаушы сертификатталған үлгідегі әуе кемелеріне ұсыну;

Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;

Әуе кемесінің ұшуын және қонуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің өлшем бірлігі 1 тонна ең жоғары ұшу массасы болып табылады.

5. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің тарифі (бағасы, алым ставкасы) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (бұдан әрі - авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету), мынадай бағыттар бойынша шығындардың есебін қамтиды:



жолаушыларды, қол жүгін, багажды, азаматтық авиация әуе кемелері экипаждарының мүшелерін, авиациялық персоналды және өзге ұйымдардың қызметкерлерін тексеру;

әуежайда өткізу және ішкі объекті режимдерді қамтамасыз ету;

әуе кемесін, жүктерді, почта мен борт тамағын тексеру;

әуежайдың құралдары мен күштерін заңсыз араласу актілерінің жолын кесу жөніндегі іс-әрекеттерге дайындықта ұстау.

әуе кемелері тұрақтарының күзеті: исключающая возможность проникновения в воздушное судно посторонних лиц;

6) исключение возможности незаконного провоза оружия, боеприпасов, взрывчатых, радиоактивных, отравляющих, легковоспламеняющихся предметов и веществ, запрещенных к перевозке воздушным транспортом;

7) введение особых мер предосторожности при перевозке оружия и боеприпасов, обеспечивающих их перевозку в багаже в разряженном состоянии, в изолированных от пассажиров отсеках воздушного судна;

8) охрана объектов авиатопливообеспечения;

9) координация деятельности служб авиационной безопасности эксплуатантов в зоне аэропорта.

әуежайдың шектеулі қол жеткізілетін аймақтарында орналасқан жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің өлшем бірлігі 1 тонна ең жоғары ұшу массасы болып табылады.

6. Әуе кемесіне әуеайлақта тұрақ орнын қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почта) болған жағдайда қонғаннан кейін үш сағаттан артық жолаушылар және алты сағат жүк пен жүк-жолаушы сертификатталған үлгідегі әуе кемелеріне ұсыну жөніндегі қызметке алым ставкасы за исключением обслуживания авиаперевозок, осуществляющих транзитные пролеты через воздушное пространство Республики Казахстан с осуществлением технических посадок в аэропортах Республики Казахстан в некоммерческих целях (далее – услуга по предоставлению место стоянки воздушного судну), әуе кемесінің тұрақта нақты болған әрбір сағатына есептеледі.



Әуе кемесіне әуеайлақта тұрақ орнын қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почта) болған жағдайда қонғаннан кейін үш сағаттан артық жолаушылар және алты сағат жүк пен жүк-жолаушы сертификатталған үлгідегі әуе кемелеріне ұсыну жөніндегі қызметтің өлшем бірлігі 1 тонна ең жоғары ұшу массасы болып табылады. Толмаған бір сағат болып есептеледі.

7. Базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі қызметке алым ставкасы бір тәулікке белгіленеді. Толмаған бір тәулік болып есептеледі.



Базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі қызметтің өлшем бірлігі 1 тонна-сағат ең жоғары ұшу массасы болып табылады.

В случае разделения услуг по предоставлению места стоянки воздушного судна на базовом аэродроме на услуги, предоставляемые при осуществлении внутренних рейсов и услуги, предоставляемые при осуществлении международных рейсов, при осуществлении последних свыше трех суток применяется тариф, установленный для внутренних рейсов.

При этом в день вылета применяется тариф, действующий для международных рейсов.

8. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) бірлігіне экономикалық негізделген тарифті (алым ставкасын) есептеу;



қызмет бірлігіне тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігінің есебінен;

қызмет бірлігіне тарифтің (бағаның, алым ставкасының) кіріс бөлігінің есебінен тұрады және мынадай формула бойынша есептеледі:

 

Д=Тз+Р,


 

мұндағы:

Д - концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне тариф (баға, алым ставкасы);

Тз - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі (концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне келетін нормативтік-нақты шығындар);

Р - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) кіріс бөлігі (концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне келетін пайданың рұқсат берілетін деңгейі).
4 Тарау. Концессия шарты бойынша көрсетілетін табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтерінің тарифтерін (бағалардың, алымдар

ставкаларының) шығын бөлігін қалыптастыру

9. Концессия субъектісінің тарифіне енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу және концессия субъектісі шығыстарының деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.

10. Шығын бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар өнімнің (қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бірлігін шығаруға шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрі - материалдық ресурстар) шығысының техникалық және технологиялық нормаларына немесе (немесе) материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендерлік (конкурстық) сатып алудың нәтижесі бойынша белгіленген материалдық ресурстар бағаларына сүйене отырып айқындалады.

11. Аудиторлық, консалтингілік, маркетингтік қызметтерінің және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының шығыстары бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынатын өндірістік сипаттағы басқа қызметтер тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

12. Мемлекеттік меншікті уақытша иелікке және пайдалануға берген кезде концессия субъектісі ағымдағы мен күрделі жөндеуге және негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын қаражаттар уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

13. Концессия шартының негізінде жаңа объектілерді салу және пайдалану кезінде концессия субъектісінің есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалатын және негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын және концессия шартын іске асыру жағдайында салынған ақшалай қаражатты қайтару көзінің бірі болып табылатын амортизациялық аударымдар және концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік саланың объектілерін қаржыландыруға байланысты шығыстар концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тариф қалыптастыру кезінде ескеріледі.

14. Кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдарға арналған шығыстар және бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставкаларына, тәртіпке және ақы төлеу шарттарына сәйкес айқындалады.

15. Концессия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидия тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, тарифтің шығын бөлігін азайтуға ескеріледі.

16. Кезең шығыстарында заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген концессия субъектісінің концессиялық жобасын іске асыруға арналған қарыз қаражаты үшін сыйақыны төлеу шығыстары ескеріледі.



Концессиялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақыны төлеу шығыстары тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселік ресми ставкасын қолдана отырып есептелген соманың шегінде ескеріледі.

Концессиялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақыны төлеу шығыстары тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде Лондон банкаралық нарықтың қайта қаржыландырудың 4 еселік ставкасын қолдана отырып есептелген соманың шегінде ескеріледі.

Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы тарифтің шығын бөлігінің кезең шығыстарында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің болжамдық көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжанып отырған өзгерісін ескере отырып ескеріледі.

Қазақстан Республикасының қайта қаржыландыру ставкасы және Лондон банкаралық нарығының ставкасы концессия субъектісі тарифті және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімді берген күніне қолданылады.

17. Концессия субъектісінің тарифтері мен тарифтік сметаларын қалыптастыру және бекіту кезінде мынадай шығыстар ескерілмейді:



нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, қоймалардағы тауар - материалдық құндылықтар мен запастардың бүлінуі мен жетіспеушілігі, басқа өнімді емес шығыстар мен ысыраптар;

реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары:

реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық процесте пайдаланылатын, сенімгерлікпен басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;

ластандырушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;

сот шығындары;

үмітсіз борыштар;

шаруашылық шарттарды бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сондай-ақ кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімдер;

ұрлаудан болған залалдар;

ақаудан болған ысыраптар;

концессия шартында көзделгеннен басқа, әлеуметтік саланың объектілерін ұстау (технологиялық қажетті, сауықтыру лагерьлерді, мәдениет пен спорт, тұрғын үй қорының объектілерінен басқа, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, кәсіптік-техникалық училище);

мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін өткізу, спектакльдерді, концерттерді қою) өткізу;

кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерді және үй шаруашылығын жинауға берілген несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;

бау-бақша серіктестіктерін абаттандыру (оның ішінде жолдардың құрылысы, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру);

ғылым мен өнер қайраткерлерімен дәрістер, көрмелер, диспуттар, кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізу мен ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналар;

бұралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар, өндірістік мақсатта пайдаланылатын өнімді қоспағанда, жарнамалық, плакат пен баспа өнімдерін шығару;

концессия субъектісінің персоналы үшін пәтерлер, тұрғын ғимараттар мен құрылыстар, жатақханаларда және қонақ үйлерінде орындар сатып алу, жалдау және ұстау;

қаланы абаттандыру жұмыстарын атқару, ауыл шаруашылығына көмек көрсету және осыған ұқсас басқа да жұмыстар;

білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеу;

қызметкерлердің және олардың балаларының емделуге, демалуға, экскурсияға жолдамаларына концессия субъектісі қаражаттарының есебінен кәсіптік ауруларды оңалтуға байланысты шығындарды қоспағанда, ақы төлеу;

өз қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емханалардың қызметеріне ақы төлеу;

сақтандыру төлемдері (кәсіпорындар өз қызметкерлерінің пайдасына жасаған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар);

қызметкерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамадан көзделгеннен тыс) ақы төлеу, қызметкердің отбасы мүшелерінің демалысты пайдалану орнына және кері жүруіне ақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсету;

концессия субъектісінің қызметкерлеріне заңнамада көзделгеннен басқа жеңілдіктер (қызметкерлерге тамақтануды тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына абонементтерге, секцияларда, клубтарда шұғылдануға ақы төлеу, протездеу);

мерейтойларға сатып алынатын немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автомашинаны, пәтерлерді, ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды және басқа да заттарды, сондай-ақ қызметкерлердің жеке шоттарының пайыздық ставкаларын өсіруді қоса алғанда) сыйлықтар;

мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерлердегі баларды тамақтандыру құнын өтеу;

ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіподақтарға аударымдар;

өндірісті өнертабушылыққа және ұтымды етуге байланысты: тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарды жүргізу, өнертабушылық және жұмысты ұтымды ету ұсыныстары бойынша модельдер мен үлгілерді жасау және сынау (реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуде қолданылатын және экономикалық тиімділігі бар жұмыстарды қоспағанда), өнертабушылық және жұмысты ұтымды ету бойынша көрмелерді, байқауларды, конкурстарды және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру, авторлық сыйақыларды төлеу;

реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге тікелей жатпайтын, сондай-ақ негіздеуші материалдармен (шарттар, шот-фактуралар, қаржылық және басқа да құжаттар) расталмаған және тарифтердің өсуіне алып келетін басқа да шығыс түрлері,

18.Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігін қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:



1) әуежайдың шығындарын тұтастай кәсіпорын бойынша және бүкіл құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде концессия шартының негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды бөле отырып айқындау;

2) әуежайдың көмекші қызметтерінің шығындарын бөлу;

3) кезең шығыстарын бөлу;

4) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігін концессия шартының негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды жабуды қамтамасыз ететін тарифтің (бағаның, алым ставкасының) құрамдасын көрсете отырып айқындау;

19. Бірінші кезеңде әуежайдың әрбір құрылымдық бөлімшесінің өндірістік шығындары айқындалады. Өндірістік шығыстар өндірістік штатты ұстау шығыстарынан, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарынан, материалдар шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларға жөндеу жүргізу шығыстарынан, арнаулы автокөлік техникасын ұстау және қызмет көрсету шығыстарынан, амортизация шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларды ұстау мен пайдалану шығыстарынан, концессия шартының негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылатын қызметке байланысты шығындарды бөле отырып материалдар, энергия және отын шығындарынан тұрады.



20.Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастырудың екінші кезеңінде әуежайдың көмекші қызметтерінің шығыстарын бөлу жүргізіледі. Соңғы өнімді шығармайтын құрылымдық бөлімшелердің өндірістік шығындарын соңғы өнім шығаратын бөлімшелерге көмекші қызметтер тұтынған қызметтердің санына тепе-тең қайта белінеді.

Көмекші қызметтердің шығындарын қайта бөлу көзі әуежайдың көмекші қызметінің басшысы көрсетілген қызметтер туралы әрбір құрылымдық бөлімшеге қалыптастырған (тарифті (бағаны, алым ставкасын) есептеу үшін базаға алынған кезең ішіндегі) ай сайынғы ақпарат болады. Көрсетілген ақпарат әрбір құрылымдық бөлімшеге орнатылған есептеу аспаптарынан алынған көрсеткіштердің негізінде толтырылады және көмекші қызметтердің шығыстарын бөлу үшін бастапқы құжат болып табылады. Көмекші қызметтің басшысы берілген ақпараттың шынайлығы мен толықтығы үшін жеке жауапты болады.

Көмекші қызметтердің ішкі көрсететін қызметтерінің шығыстарын бөлу:

1) жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету қызметі, қызмет жұмысының бағыттары:

әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі - ЖЖМ) және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету әуежайдың сыртқы тұтынушылары көрсететін қызмет болып табылады;

әуежайды автомобильдік жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі - авто ЖЖМ) қамтамасыз ету әуежайдың ішкі қызметі көрсететін ішкі қызмет болып табылады.

Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар авто ЖЖМ-ды жеткізуге, сақтауға және сатып алуға арналған шығындарды, авто ЖЖМ-мен әуежайдың қызметтерін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік штаттың жалақысын, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарын, авто ЖЖМ-ды сақтау және бөлу үшін қажетті негізгі өндірістік қорлардың материалдық шығындарын, амортизациялық аударымдарын өзіне қамтиды.

Қызметтің көрсетілген бағыттардың арасында бөлінбеген шығыстары үстеме шығыстар ретінде құрылады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай қызметтерінің арасында әрбір құрылымдық бөлімше тұтынатын авто ЖЖМ-ның мөлшеріне тепе-тең бөлінеді.

Авто ЖЖМ-ның жұмсалуы туралы ақпараттың толықтығы мен шынайлығы үшін жанар-жағар май материалдары қызметінің басшысы әуежайдың құрылымдық бөлімшелерінің бөлінісінде авто ЖЖМ-ды тұтынудың есебін жүргізеді, ол көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстарды әуежай қызметтерінің арасында қайта бөлу есебін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

2) Жылу техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі - ЖжСТҚ), қызмет бағыттары:

әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету;

әуежайды жылумен қамтамасыз ету.

Әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету қызмет бағыты бойынша шығыстар әуежайдың қызметтерін сумен және кәрізбен қамтамасыз ету тікелей байланысты қызметтің өндірістік персоналының еңбегіне ақы төлеу шығындарынан, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарынан, материалдық шығындардан, әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге тікелей байланысты қызметтің негізгі өндірістік қорларының амортизациялық аударымдарынан тұрады.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар судың тұтынылған көлеміне тепе-тең бөлінеді.

Әуежайдың жылумен жабдықтау қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежайды жылумен жабдықтауға қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбек ақысына жұмсалған шығыстарды, еңбек ақы қорынан аударымдарды, материалдық шығындарды, әуежайдың жылумен қамтамасыз ету процесіне тікелей қатысушы негізгі өндірістік қорлардың амортизациялық аударымдарын қамтиды.

Көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар жылытылатын ғимараттың алаңына тепе-тең бөлінеді.

Көрсетілген қызмет бағыттарының арасындағы ЖжСТҚ қызметінің бөлінбеген шығыстары қосымша шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

ЖжСТҚ қызметі басшысының тұтынылған судың және кәріздік сарқынды сулардың, жылудың саны туралы ақпараты шығыстарды бөлу жөнінде есеп айырысу үшін негіз болып табылады.

3) Ұшуларды энергия-жарық беру техникалық қызметпен қамтамасыз ету (ҰЭЖТҚ) қызметтерінің бағыты:

ұшу-қону жолақтарын энергия-жарық беру техникалық қызметпен қамтамасыз ету;

әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету.

Әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай қызметін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстардан, әуежайды электр энергиясымен амортизациямен және өзге де шығыстармен қамтамасыз етуге тікелей байланысты еңбек ақы қорынан аударымдардан, материалдық шығындардан құралады. Шығыстар тұтынылған электр энергиясы санының көлеміне тепе-тең бөлінеді. Шынайы ақпараттың көзі қызмет басшысының ай сайынғы есебі болып табылады.

Көрсетілген бағыттардың арасындағы бөлінбеген шығыстары қосымша шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындар қызмет бағыттарының арасында тепе-тең бөлінеді.

4) Арнаулы автокөлік қызметінің шығыстары (бұдан әрі - АКҚ) мынадай қызмет бағыттары бойынша бөлінеді:

әуежайлық қызметтің көліктік сүйемелдеуі. Қызметі ұшу-қону жолақтарын, жерде жүру жолдары мен перрондарды ұстаумен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстарды қамтиды. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде әуеайлақтық қызметке жатады;

авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз етуді (бұдан әрі -СПАСОП) көліктік сүйемелдеу. Қызметі авариялық-құтқару жұмыстарымен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстарды қамтиды. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде СПАСОП қызметіне бөлінеді;

әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ӘДҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі әуеайлақтық диспетчерлік қызметпен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстарды қамтиды. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ӘДҚ қызметіне бөлінеді;

жолаушыларға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі - ЖҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі жолаушыларды әуе кемесінің бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстары. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ЖҚҚ қызметіне бөлінеді;

жүктерге, почтаға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі - ЖПҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі жүктерді, қол жүктерін ӘК бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ЖПҚҚ қызметіне бөлінеді;

жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көліктік (бұдан әрі - ЖЖМҚ) сүйемелдеу. Қызметі әуе кемесін авиа ЖЖМ және басқа сұйықтықтар құюға тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде авиа ЖЖМ-мен қамтамасыз ету ЖЖМҚ қызметінің бағытына бөлінеді. Қызметі авто ЖЖМ жеткізу мен бөлуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар толық көлемінде авто ЖЖМ-мен қамтамасыз етудің ЖЖМҚ қызметінің бағытына бөлінеді.

авиациялық қауіпсіздік қызметін (бұдан әрі - АҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі жолаушыларды әуе кемесінің бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстары. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде АҚҚ қызметіне бөлінеді;

ұшуларды электр-жарық беру техникасымен қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі - ҰЭЖТҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ҰЭЖТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ҰЭЖТҚ қызметіне бөлінеді;

жылу техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі - ЖжСТҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ЖжСТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ЖжСТҚ қызметіне бөлінеді;

инженерлік-авиациялық қызметті (бұдан әрі - ИАҚ,) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ИАҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде ИАҚ қызметіне бөлінеді;

әкімшілік-басқару персоналын көліктік сүйемелдеу. Әкімшіліктің автокөлігін пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде әкімшілік шығыстарға жатады;

жалпы пайдаланудағы көліктер. Ортақ мақсаттағы автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. Осы бағыт бойынша шығыстар қызмет көрсетулердің тікелей шығындарына тепе-тең бөлінеді.

Арнайы автокөліктік қызмет көрсетудің көрсетілген бағыттар арасында бөлінбеген шығыстары қосымша шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан қызмет бағыттарының арасында тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

21. Қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шығын бөлігін қалыптастырудың үшінші кезеңінде табиғи монополия субъектінің кезең шығыстары бөлінеді.



Кезең шығыстары мынадай көрсеткіштер бойынша тепе-тең бөлінеді:

жалпы шаруашылық шығыстар - табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір түрі бойынша өндірістік шығындарға тепе-тең;

салықтар мен алымдар (негізгі құралдарға байланысты) табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір түріне жатқызылатын активтердің қалдық құнына тепе-тең;

банктерге сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстар - көрсеткені үшін кредит алған қызметтерге ақша қаражаттарының қатысу дәрежесі бойынша бөлінеді.

22. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі төртінші кезеңде анықталады.



Әуеайлақтық қызмет көрсету шығыстары қызметтің екі бағытының арасында - ұшу-қону жолақтарын ұстауға және әуе кемелеріне арналған тұрақтар аландарын ұстауға - тепе-тең бөлінеді.

Әуе кемесінің ұшуын-қонуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі осы қызметті көрсетуге жұмсалған шығындарды қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы айқындалады. Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар - бұл мынадай шығыстардың сомасы:

негізгі құрылымдық бөлімшелер за исключением расходов, связанных с досмотром и обеспечением пропусками сотрудников и транспортных средств сторонних организаций, проходящих в зону ограниченного доступа, в случае оказания субъектом естественных монополий дополнительных авиационных услуг;

- әуеайлықтық қызмет көрсету қызмет бағыты ұшу-қону жолақтарын ұстау, СПАСОП, ӘДҚ, ҰЭЖТҚ қызмет көрсету қызметінің бағыты ұшу-қону жолақтарын жарықтехникалық қамтамасыз ету;

көрсетілген негізгі қызмет көрсетуге бөлінген көмекші қызмет көрсетулердің шығыстары;

осы қызметке жатқызылған кезең шығыстары. Қызметке арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігі;

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша - осы қызметті көрсетуге жұмсалған шығындарды қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы айқындалады. Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар - бұл шығыс сомалары:

негізгі құрылымдық бөлімшелер АҚҚ, ДҚ;

аталған негізгі қызмет көрсетулерге бөлінген көмекші қызмет көрсетулердің шығыстары;

осы қызметке жатқызылған кезең шығыстары.

Әуеайлақта әуе кемесіне жолаушылар ұшағы үшін қоғаннан кейін 3 сағаттың ішінде және әуежайға қонғанда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктері (почталары) болған жағдайда әуе кемелерінің жүк және жүкжолаушылар тиелген сертификатталған түрлері үшін 6 сағат тұрақ орнын беру жөніндегі және базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орын беру жөніндегі қызметтер бойынша шығыс бөлігін анықтау:

әуе кемелері үшін тұрақ орнын ұстау қызметінің бағыты бойынша қалыптасқан әуеайлақтық қызмет көрсету шығыстары екі қызмет арасындағы бағыт бойынша - жолаушылар ұшағы үшін қоғаннан кейін 3 сағаттың ішінде және әуежайға қонғанда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктері (почталары) болған жағдайда әуе кемелерінің жүк және жүкжолаушылар тиелген сертификатталған түрлері үшін 6 сағат тұрақ орнын беру жөніндегі және базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орын беру жөніндегі қызметтер осы қызметтердің нақты көлеміне тепе-тең бөлінеді;

аталған негізгі қызмет көрсетулерге бөлінген көмекші қызмет көрсетулердің шығыстары;

осы қызметтерге жатқызылатын кезең шығыстары. Тарифтің шығыс бөлігі концессия шартының негізінде концессияға берілген объектілерде жүзеге асырылып отырған қызметке байланысты, шығыстарды жабуды қамтамасыз ететін құрастырушы тарифті (бағаны, алым ставкасын) көрсете отырып есептелуге тиіс.

5 Тарау. Концессия шарты бойынша көрсетілетін табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың қызметтерінің тарифтерін (бағалардың, алымдар

ставкаларының)кіріс бөлігін қалыптастыру
23. Қолда бар және құрылып жатқан негізгі құралдар табиғи монополиялар субъектісінің Табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді білектеп есепке алу әдістенмесіне разработанной с подпунктом 17 статьи 7 Закона Республики Казахстана от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках» сәйкес қызметтерге (товары, работы) (оның ішінде реттелмеген) бөлінеді.

24. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің бірлікке арналған тарифінің (бағасының, алым ставкасының) і- кіріс бөлігі мына формула бойынша белгіленеді:



 

 

мұндағы,



P1i - i реттеліп көрсетілетін қызметке жатқызылған қолда бар негізгі құралдарға арналған қолданысқа енгізілетін активтердің реттелетін базаларының негізінде есептелетін тарифтің (бағаның, алым ставкасының) кіріс бөлігін құрайтын реттелетін қызмет (тауар, жұмыс),

P2i - реттеліп көрсетілетін қызметке жатқызылған, жаңа (құрылып жатқан) негізгі құралдарға жататын тарифтің (бағаның, алым ставкасының) кіріс бөлігін құрайтын реттелетін қызмет (тауар, жұмыс).

25. Әуежайлар қызметтерінің і- реттеліп көрсетілетін қызметіне жатқызылған, қолда бар негізгі құралдарға арналға н қолданысқа енгізілетін активтердің реттелетін базаларының негізінде есептелетін тарифтің (бағаның, алым ставкасының) кіріс бөлігін құрайтын есеп мына формула бойынша белгіленеді:

 

 

мұндағы,



P1i - і-й реттеліп көрсетілетін қызметке жатқызылған, қолда бар негізгі құралдарға арналған қолданысқа енгізілетін активтердің реттелетін базаларының негізінде есептелетін тарифтің (бағаның, алым ставкасының) кіріс бөлігі,

Аi - қызметтерден і-й қызметін көрсетуде қолданысқа енгізілетін қолда бар активтердің реттелетін базасы (тенге),

СП - пайда ставкасы (%).

Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша қолданысқа енгізілетін қолда бар активтердің реттелетін базасы і- қызметін көрсетуде қолданысқа енгізілетін активтвтердің қолданысқа енгізілгендігінің коэффициентіне активтердің нақты құнын шығару ретінде мынадай формула бойынша анықталады:

 

Аi=CAixКза,

 

мұндағы,

САі - і-й реллетіп көрсетілетін қызметтерін ұсынуда қолданысқа енгізілетін, қолда бар активтердің нақты құны, (тенге),

Кза - қолда бар активтердің қолданысқа енгізілгендік коэффициенті.

Қолда бар активтердің қолданысқа енгізілгендік коэффициенті әуежайдың қолда бар негізгі құралдарымен көрсетілетін қызметтерінің нақты көлемінің (алдыңғы төрт тоқсан үшін немесе алдыңғы күнтізбелік күн үшін) олардың өндірістік қуатына арақатынасы ретінде айқындалады.

Қолда бар активтердің нақты құны негізгі құралдардың және конкурстық негізде таңдалған бағалаушыларға қарамастан оларды қайта бағалаудың нәтижесінде алынған, қызметтерді өндіру және ұсыну кезінде пайдаланылатын табиғи монополия субъектісінің материалдық емес активтерінің қалдық құнының негізінде айқындалады.

26. Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін пайда ставкасы капиталдың (далее - СВСК) орташа өлшенген құны әдістемесінің көмегімен есептеледі және мынадай формула бойынша айқындалады:



 

СП (СВСК)=((1-g) х re)+(g х rd),

 

мұндағы,

g - қаржылпандырудың жалпы құрылымындағы табиғи монополия субъектісінің борыштық және еркін капиталының арақатынасын сипаттайтын леверидж, шама, яғни қолда бар негізгі құралдарды жүргізілген соңғы қайта бағалауды ескере отырып, барлық капиталдың құрылымындағы нақты борыштық құралдардың үлесі (меншік және борыштық капиталдың сомасы). Леверидж деңгейі кем дегенде нөл шамасы болып табылады. Субъектінің меншік капиталының кері мәні кезінде, леверидж деңгейі 1 тең шама үшін қабылданады;

re - меншік капиталына арналған сыйақы ставкасы (%);

rd - борыштық құралдарға арналған сыйақы ставкасы (%).

Борыштық құралдарға арналған сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

rd=rf+ДП,

 

мұндағы,

мұндағы rf - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданатын тәуекелсіз ставка.

ДП - егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, борыштық міндеттемелерге арналған сыйақының негізінде анықталған, мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты оларға шығарылған және айналымның сол бір мерзімінде айналымда жатқан табиғи монополия субъектісі бойынша тәуекелге арналған борыштық сыйақы. Өзгедей жағдайда, ол қызметтің олсыған ұқсас түрімен айнылысатын және Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас кредиттік рейтингі бар басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекеліне арналған борыштық сыйақыларды ескере отырып, айқындалады.

Меншік капиталына арналған сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

re=rf+ra,

 

мұндағы,

ra - тәуекел үшін сыйақы. Тәуекелге арналған сыйақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.

Әуежайдың өндірістік құзіреттілігіне қарамастан болып өткен себептер бойынша технологиялық авариялардан болған табыстын ысырабын жабуға арналған өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел негізгі құралдар мен тауар-материалдық қорлардың көзделген табыстың ысырабына алып келуі мүмкін тәуекелдер саласына ұшырағандық дәрежесін көрсетеді. Осы көрсеткішті есептеу тиісті ысыраптар мен меншік капиталының шамасы бойынша, тиісті кезең ішіндегі ақпараттың негізінде жүргізіледі, уәкілетті орган белгіленген мынадай формула бойынша айқындалады:

 

rmex=Za/Ce,



 

мұндағы,

Za - бір жыл ішінде орта есеппен авариялар мен зілзала салдарларын жоюға арналған шығындар.

Авариялардың саны бойынша деректер болмаған авариялардың болу ықтималдығын анытау мүмкін болмаған кезде негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестеріне қарай шкаланы пайдалану ұсынылады:

Негізгі құралдардың тозу дәрежесіне қарай технологиялық тәуекелді айқындау шкаласы

 

 

Тозу дәрежесі %

30% дейін

30 - 40%

40 - 50%

50% жоғары

Өндірістік-технологиялық тәуекелдің мәні (rmex)

0,3

0,5

0,75

1

 

(rop) Жұмыстардың көлемін төмендетуден алынған табыстың ысырабын жабуға арналған операциялық тәуекелдер (жұмыстардың көлемдері ұлғайған жағдайда осы тәуекел қолданылмайды) мынадай формула бойынша айқындалады:



 

rop=0.5*(V-Znep)*rop=0.5(V-Znep)*ΔV/V,

 

мұндағы,

V - есепті кезең ішіндегі осы қызметтерден алынған пайда (табыс),

Znep - есепті кезең ішіндегі ауыспалы шығындар (қызметтердің көлеміне қарай) немесе і-й қызметіне болжамдалған мән,

ΔV - болжамдалған жыл ішінде і-қызметінен алынған табысты өзгерту,

Δ׀π - қызмет пайдасының құлау деңгейі,

Ce - қызметке жатқызылған негізгі құралдардың теңгерімдік құны.

Операциялық тәуекелдің мәні тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5% дейінгі шектерде шектелген.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының ысырабы ықтималдығына байланысты қаржылық тәуекел (rfin), мынадай формула бойынша айқындалады:

 

Δ׀π=0.5*ΔV/V*(V-Znep)π баз,



 

мұндағы,

Н - пайдаға салынатын салық ставкасы;

 

rfin= π баз*(1-H)*Δ׀π/Ce,

 

мұндағы,

π баз - кәсіпорынның есепті жыл ішіндегі жалпы табысы.

Қаржылық тәуекелдің мәні тәуекел түрлерінің кепшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5% дейінгі шектерде шектелген.

Акционерлік капиталға арналған сыйақының құны борыштық қаражатқа арналған сыйақы құнынан кем емес шама болып табылады.

27. і-й реттеліп көрсетілетін қызметке арналған концессия шартының негізінде концессияға беріліп отырған, жаңа негізгі құралдарға жатқызылаты құрастырылған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) табыс бөлігінің есебі мынадай формула бойынша айқындалады:



 



мұндағы,

IEi - Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес і-й қызметі үшін жобаның өтелімділігі кезеңі үшін инвестициялар тарту жөніндегі шығындар (концессиялық өтінімге кіретін құжаттар пакетін әзірлеу жөніндегі консалтингтік қызметтер, жобаны қаржылық институттар және т.б. сараптауы);

ICi - і-й қызметіне жатқызылатын, концессиялық жобаны іске асыруға бағытталған капиталдық салымдардың сомасы, бұл ретте концессияның жаңадан құрылған объектілерін пайдалануға, негізгі құралдардың пайдаланылу мерзімін ұзарту үшін объектілерді жаңғырту жөнінде қосымша капитал салымдарын енгізу жөніндегі концессиялық жобаның бастапқы құнының сомасы ретінде болуы мүмкін;

N - қолданысқа енгізілген активтер базасының негізінде есептелген инвестициялардың тиімділік нормасы - мәні тәуекелсіз ставканың деңгейінен төмен болмауға тиісті уәкілетті органмен келісілген ставка;

Zai - і-й қызметіне жатқызылған, жаңа (қалыптасып жатқан) негізгі құралдардың орташа жылдың амортизациялық аударымдарының туражелілік (бірлдей) әдісі бойынша есептелетін, инвестициялық тарифтің қолданылу мерзіміне арналған;



t - концессиялық шарттың қолданылу мерзімі;

Vcpi - і-й қызметінің орташа жылдық көлемі.

28. Концессиялық шарттың қолданылу мерзімінің ішінде қызметтердің нақты көлемдерінің және тарифтің қолданылу мерзімінің жартысы аяқталысымен болжанып отырғаннан жұмсалатын нақты шығыстарды қабылдамау кезінде тарифтің (бағарның, алым ставкасының) көлемінің өзгеруі. Сондай-ақ тарифтің (бағарның, алым ставкасының) көлемінің өзгеруі Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген жағдайда жүргізіледі және уәкілетті органның шешімімен ресімделеді.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет