Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет1/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2017 жылғы «___»___________

№______


және Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2017 жылғы «___»__________

№______


бірлескен бұйрығына

1-қосымша


Автомобиль көлігі саласындағы

тәуекел дәрежесін

бағалау өлшемшарттарына

қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары







Өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

  1. Алдыңғы тексерулердің нәтижелері (бұзушылықтың ауырпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді)

Такси тасымалдаушылары және таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі

1

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны жолдауды қамтамасыз ету

өрескел

2

Таксимен тасымалдау үшiн арнаулы, оның iшiнде толықтай қолмен, рулi оң жақтан басқарылатын, сондай-ақ бүйір есiгi төрт есіктен аз сериялы шығарылатын жеңiл автокөлiк құралдарын қолдануға жол бермеу

өрескел

3

Автокөлік құралдары рейс алдында техникалық байқаудан етуін, такси жүргізушілерінің рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтуін қамтамасыз ету

өрескел

4

Таксиде жарамды таксометр немесе бақылау-кассалық аппараты болуы

өрескел

5

Ақпараттық-диспетчерлік қызметтің немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз ету

өрескел

6

Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыру

өрескел

7

Таксидiң салонында тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі, сондай-ақ такси қызметінің құны (бағасы) туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету

өрескел

8

Әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксидің болуы

өрескел

9

Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшiн түсі біркелкі және айырым белгiлерi бар таксилердiң пайдаланылуын қамтамасыз ету

өрескел

  1. Автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қызмет көрсететін тұлғалар

10

Автовокзалдар мен автостанцияларда мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың болуы

елеулі

11

Автовокзалдар мен автостанцияларда мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларының болуы

елеулі

12

Автовокзалдарда және автостанцияларда автобустар тұрағы үшін алаңның болуы

елеулі

13

Автовокзал және автостанцияда жолаушылар үшін күту залымен күрделі ғимараттың бар болуы

елеулі

14

Автовокзал және автостанцияда билет кассаның (кассалардың) болуы

елеулі

15

Автовокзал мен автостанцияларда багажды сақтау камерасы (камералары) болуы

елеулі

16

Автовокзалдарда ана мен бала бөлмесінің болуы

елеулі

17

Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету

елеулі

18

Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (ішкіоблыстық, қалааралық), ішкіаудандық және халықаралық жолаушы және багаж тасымалдарын жүзеге асыратын жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқы жоқ

елеулі

19

Тасымалдаушыларға автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес және автомобильмен тұрақты маршрут бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарға жолаушыларды отырғызу мен түсіруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге тиым салынады

елеулі

20

Егер шартта өзгеше көзделмесе, сот багажды иесiз деп танығанға дейiн багаждың межелi немесе жөнелту пунктiнiң автовокзалында немесе автостанциясында сақталуын қамтамасыз ету

елеулі

  1. Жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар

21

Тасымалдаушылармен жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлiк құралының техникалық жарамды күйiн қамтамасыз ету және белгiленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жай-күйi сай емес автокөлiк құралының маршрутқа шығуына жол берілмеу

өрескел

22

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiн рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өткізуін, олардың еңбек және тынығу режимiнің сақталуын қамтамасыз етуі

өрескел

23

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың багаждың уақтылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуі

өрескел

24

Жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушының азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңiлдiктер берілуін қамтамасыз етуі

өрескел

25

Жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес автомобильмен тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушының жылдамдық туралы нақты уақыт режимінде мәліметтердің үзіліссіз берілу жабдықтарымен жабдықталған автокөлік құралдарымен, тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпаратты беру арқылы қозғалыс бағдары және кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі

өрескел

26

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустар сары түсті жарқыл шамшырақпен жабдықталған

өрескел

27

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустардың алдында және артында «балаларды тасымалдау» айырым белгісі орнатылған

өрескел

28

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауды жасы жиырма бірден кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізуші болып еңбек өтілі бір жылдан кем емес жүргізушілер жүзеге асырады

өрескел

29

Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустарда екі есіктен кем емес болуы

өрескел

30

Автокөлік құралдарына рейс алдындағы техникалық байқаудан өту үшін және жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық байқаудан өту үшін қызметтің және білікті персоналдың немесе тиісті ұйымдармен жасалған шарттардың болуы мен сәйкестігі

өрескел

31

Тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдайтын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық байқаудан өткізуді және автобустар, микроавтобустар және троллейбустар жарамсыз болған жағдайда оларды уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуі

өрескел

32

Жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдарының, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік жайдың жағдайы және болуы

өрескел

33

Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк көлігі, соның ішінде арнайы автомобильдер жатады

өрескел

34

Автобустарды, жүк автомобильдерін, оның ішінде арнайыландырылған автомобильдерді пайдалануға рұқсат бермеу:

1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);


2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парағын жүргізусіз (бақылау құрылғылары жарамсыз жағдайында)

өрескел

35

Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттердің арасында жолаушылар тасымалдауға рұқсат бермеу

өрескел

  1. Қауіпті жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін ұсынатын автомобиль тасымалдаушылары

36

Тасымалдаушыда 1, 6 және 7 класты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы

өрескел

37

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдайтын автокөлік құралдарында жылдамдық туралы нақты уақыт режимінде мәліметтерді үзіліссіз жіберу жабдықтарының болуы, қозғалыс бағдарының сақталуы

өрескел

38

Жүргiзушiге халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiктің болуы

өрескел

39

Қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустарға, жүк автомобильдеріне, оның ішінде арнайы бейімделген автомобильдерге рұқсат бермеу:

1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);


2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парағын жүргізусіз (бақылау құрылғылары жарамсыз жағдайында)

өрескел

  1. Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін автомобиль тасымалдаушыларына

40

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралымен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы

өрескел

41

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген барынша салмағы, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмеуі

өрескел

  1. Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль тасымалдаушылары

42

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігінің болуы

өрескел

43

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат карточкасының болуы

өрескел

44

Тахографпен жабдықтауға автобустар, жүк көлігі, соның ішінде арнайыландырылған автомобильдер жатады

өрескел

45

Тасымалдаушыға берілген шетел рұқсат құжаттарының басқа тасымалдаушыға берілуіне жол бермеу

өрескел


  1. Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін автомобиль тасымалдаушылары

46

Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде аталған мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберу туралы санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қорытындысы бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз ету

елеулі

47

Қазақстан Республикасында тіркелген, уәкілетті органмен берілетін тез бұзылатын жүктерді халықаралық тасымалдау үшін арналған автокөлік құралдарына куәліктің болуы

елеулі

48

Жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдарының, тиеу-түсіру тетіктерінің, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған қызметтік жайдың жағдайы және болуы

елеулі

  1. Техникалық қарап тексеру операторлары

49

Техникалық байқау операторының қызмет көрсету аймағы шегінде көлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізу үшін шығу кестесін жасауды қамтамасыз етуі

өрескел

50

Стационарлық және (немесе) мобильді техникалық байқау желілерді қолданып міндетті техникалық байқауды жүргізу

өрескел

51

Қызмет көрсету аймағы шегінде көлік құралына міндетті техникалық байқауды жүргізу

өрескел

52

Техникалық байқау операторларымен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне деректердің енгізілуін және механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде, диагностикалық картада мәліметтің сақталуын қамтамасыз ету

өрескел

53

Көлік құралдары иесіне міндетті техникалық байқауды мерзімдік жүргізуіне сәйкес келесі міндетті техникалық байқау мерзімі көрсетілген диагностикалық картасын беру

өрескел

54

Біліктілігі біліктілік талаптарға сәйкес келетін қызметшілерді міндетті техникалық байқау өткізуге жіберу

өрескел

55

Күнтізбелік бес күн ішінде техникалық байқау орталығының орналасқан жерінің ауысуы туралы хабарлауды қамтамасыз ету

өрескел

56

Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу және жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуді қоса атқаруға жол берiлмеуі

өрескел

57

Техникалық қарап тексеру операторының аумағында көлiк құралдарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетуге жол берiлмеуі

өрескел

58

Халықты қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы хабардандыру

өрескел

59

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап-тексеруді техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері ғана жүзеге асыру

өрескел

60

Міндетті техникалық қарап тексеруден өтудің белгіленген мерзімділігіне сәйкес келесі міндетті техникалық қарап тексеруден өту мерзімі көрсетіле отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының берілуін қамтамасыз ету

өрескел

61

Қарап тексерілген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтерді электрондық түрде есепке алуды жүзеге асыру

өрескел

62

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарландыру

өрескел

63

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз ету

өрескел

64

Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ белгіленген талаптар бұзыла отырып, қайта жабдықталған, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге тыйым салынуы

өрескел

65

Міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу шарттарын өзгертуге тыйым салынуы

өрескел

66

Техникалық байқау операторы тізіміне қосу кезінде ақпаратты дұрыс ұсынбауға жол бермеу

өрескел

  1. Тахографтарды орнату мен оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар

67

Тахографтарды орнату мен оларға қызмет көрсету бойынша қызметтің басталуын мемлекеттік электрондық тізімінде хабарландыруын және рұқсат беруін қамтамасыз ету

елеулі

68

Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру бойынша қызметтің басталуын мемлекеттік электрондық тізімінде хабарландыруын және рұқсат беруін қамтамасыз ету

елеулі

69

Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттың (тахографтарды салыстырып тексеру жөнінде жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттеу аттестаты, тахографты тексеру туралы сертификат, тахографты кезеңдік тексеру туралы куәлік, тахографтармен жұмысты есепке алу журналы, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама) болуы

елеулі

70

Тексерілетін субъект ұсынған, соның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы ұсынған есептер мен мәліметтерді мониторингтеу нәтижесі негізінде субъективті өлшемшарттар




71

«Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтерді көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін, маркасын, моделін енгізу

өрескел

72

«Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтерді көлік құралының санатын енгізу

өрескел

73

Көлік құралының сәйкес емес санатында роликтік тежеу стендінде көлік құралының тежеу басқаруын тексеру

өрескел

74

Көлік құралы фотофиксациясының жоқтығы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және тормоздық стенд роликтарында тұрған автомобильдің алдыңғы осьін бір уақытта шолуын қамтамасыз етпеу

өрескел

75

«Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесінде тексерілетін параметрлер бойынша техникалық байқаудың диагностикалық картасына жалған мәліметтерді енгізу

өрескел

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны,

мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау,



76

Жолаушыларды тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

77

Жолаушыларды тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

78

Қауіпті жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға зиян әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

79

Қауіпті жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға зиян әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

80

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға, мемлекет мүддесіне зиян әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

81

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға, мемлекет мүддесіне, автомобиль саласындағы қозғалыс қауіпсіздігіне зиян әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

82

Міндетті техникалық байқауды өткізу кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға, қозғалыс қауіпсіздігіне зиян әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

83

Міндетті техникалық байқауды өткізу кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, қоршаған ортаға, қозғалыс қауіпсіздігіне зиян әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

84

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүддесіне зиян әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

85

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүддесіне зиян әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

86

Тез бұзылатын жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

87

Тез бұзылатын жүкті тасымалдау кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

88

Тахографтарды орнату мен қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

89

Тахографтарды орнату мен қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

90

Автовокзалдарға, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріне қызмет көрсету кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

өрескел

91

Автовокзалдарға, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріне қызмет көрсету кезінде адамның денсаулығына зиян және өліміне әкелмеген автомобиль көлігі саласындағы бұзушылықтардың болуы

елеулі емес

Уәкілетті орган беретін мәліметтерді талдау

92

Қаупсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органнан жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тасымалдаушыларға қатысты әкімшілік материал саны (екі және одан артық) бойынша ақпараттың болуы

елеулі

93

Көліктік бақылау органдарының желіде және автоматты режимде істейтін және автомобиль көлігі саласында әкімшілік бұзушылық жасауды тіркейтін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша жасалған әкімшілік материалдардың болуы

елеулі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет