Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет13/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20














31

Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықтау. Құрылымына сәйкес, жүк вагондарының өту алаңында тоқтату краны және қол тежегіші бар болуы. Теміржол жылжымалы құрамындағы қолмен тежегіштер жарамды жай-күйде ұсталуы және есептік тежегіш қысымын қамтамасыз ету.













32

Иiнтiректiк тежегiш берiлiстiң ажырауы немесе омырылуы габариттен шығып кетуге немесе жолға түсiп қалуға алып келуi мүмкiн барлық бөлiктерiнiң сақтандырғыш құрылғыларының болуы.













33

Автотiркегiштердiң бойлық осьтерiнiң арасында биiктiгi бойынша:

1) жүк поезында - 100 миллиметр;

2) локомотив пен жүк поезының жүк тиелген бiрiншi вагоны арасында - 110 миллиметр;

3) локомотив пен жолаушылар поезының бiрiншi вагоны арасында - 110 миллиметр;

4) сағатына 120 километр жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезында - 70 миллиметр;
5) сондай сағатына 121-140 километр жылдамдықпен - 50 миллиметр; 

6) локомотив пен АЖҚ-тың жылжымалы бiрлiктерi арасында – 100 миллиметр орнату.

Сағатына 161 километр және одан артық жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезы вагондар арасындағы саңылаусыз автотiркегiшпен жабдықтау.













Инфрақұрылымның ұлттық операторына қатысты




1

Жылжымалы құрам уәкілетті орган белгілеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркеудің болуы.













2

Темiржол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз ету.













3

Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат беру.













4

Жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптерінің қызметкерлерін кәсіби даярлау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдардың іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіру.













5

Поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін қолданыстағы нұсқаулықтармен қағидаларды білу білімін мерзімді тексерулер жүргізу.













6

«Қозғалыс қауіпсіздігі күні» тақырыбы бойынша онкүндік сайынғы тексерулер жүргізу.













7

Жолдарды, жасанды құрылыстарды, жылжымалы құрамды, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау құрылғыларын, теміржол өткелдерін, жабдықтарды, тетіктерді және көліктің басқа да техникалық құралдарын жөндеу және күтіп ұстау сапасын арттыру жөніндегі ұдайы жұмысты жүзеге асыру.













8

Тасымалдау процесіне қатысушылар ұйымдарының бірінші басшыларымен алғашқы есептің толық енгізілуін және қауіпсіздікті бұзу жағдайларының дұрыс жіктелуін қамтамасыз ету.













9

Жүргізілетін жұмыс ерекшелігіне сәйкес техникалық түзу құрал-саймандармен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету.













10

Меншік нысанына қарамастан қызметін теміржол көлігі саласында жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметтері Қазақстан Республикасының теміржол көлігінде жол берілген қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарына әкелген қауіпсіздік бұзушылықтары туралы ақпаратты уәкілетті органына және оның аумақтық бөлімшелеріне жедел тәртіппен бір тәуліктен кешіктірмей, ал поездар мен жылжымалы құрамның соқтығысуы, жолдан шығып кетуі жағдайларында оқиға болған сәттен бастап бір сағаттан кешіктірмей ұсыну.













11

Теміржол жылжымалы құрамның әр бірлігінде мынадай анық айыру белгілері мен жазбаларының болуы:

1) темiржол жылжымалы құрамы иесiнiң атауы;


2) нөмiрi, жасалған күнi мен орны көрсетiлген жасаушы зауыттың тақтайшасы;

3) құрама бөлшектерiнде сәйкестендiру нөмiрлерi мен қабылдау таңбалары;

4) белгiленген жөндеу түрлерi жүргiзiлген күнi мен жерi (локомотивтерден басқа);

5) ыдыстың салмағы (локомотивтерден басқа).

Мынадай жазбалардың жазылуы:

6) локомотивтерде, моторвагонды темiржол жылжымалы құрамда және АЖҚ - конструкциялық жылдамдығы, сериясы мен бортының нөмiрi, тiркелген орнының атауы, резервуарлардың, бақылау аспаптарының және куәландырылғаны туралы тақтайшалар мен жазбалар.


7) жолаушылар вагондарында, қызметкерлердi жұмыстарды жүргiзу орнына және керi қарай жеткiзу көзделiп отырған моторвагонды темiржол жылжымалы құрам мен өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамда – орындар саны; 

8) жүк, почта, багаж вагондарында - жүк көтергiштiгi.















12

Әр локомотивке, вагон мен моторвагонды жылжымалы құрамның әр бiрлiгiне және АЖҚ техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған дайындаушы-зауыттың техникалық паспортын жүргiзу.













13

Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулары бар жылжымалы құрамды, оның ішінде АЖҚ пайдалануға және поездарда жүруге жіберілуіне жол бермеу.













14

Жылжымалы құрам және АЖҚ белгіленген мерзімде жоспарлы-ескерту жөндеу түрлерінен және техникалық қызмет көрсетуден өтуін қамтамасыз ету.

Жыл сайынғы метрологиялық тексеруден аппаратурасы өндірушінің пайдалану құжаттарына сәйкес жоспарлы жөндеуден өтпеген: техникалық қызмет көрсету кемінде жылына 1 рет, орташа жөндеу 2 жылда кемінде 1 рет, жаңғырту 4-6 жылда кемінде бір рет болмаса, жолөлшеуіш құралдармен және дефектоскопты аппаратурамен жабдықталған АЖҚ-дар қолданысқа жіберуіне жол бермеу.















15

Темiр жол жылжымалы құрамының иелерi және оны күтетiн темiржол көлiгi қызметкерлерi дұрыс техникалық жай-күйiн, оған техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудi және темiржол жылжымалы құрамының белгiленген қызмет көрсету уақытын сақтауын қамтамасыз ету.













16

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi тiкелей жүзеге асыратын қызметкерлер, тиiстi зауыттардың, деполардың, жөндеу кәсiпорындарының, соның iшiнде АЖҚ деполарының, жол машина станцияларының, дистанциялардың, шеберханалардың және техникалық қызмет көрсету пункттерiнiң шеберлерi мен басшылары техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң сапасын және жылжымалы құрам мен АЖҚ қозғалыс қауiпсiздiгiн қадағалауын қамтамасыз ету.













17

Жылжымалы құрам және АЖҚ темiржол жылжымалы құрам бiрлiктерiнiң өздiгiнен ажырауына жол бермейтiн тiркеу құрылғысымен жабдықтау.













18

Кез келген жөндеу, құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізген кезде құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін қамтамасыз ету.













19

Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданумен қауіпсіздікті бақылау құрылғыларының, аспаптарының жай-күйін және олардың қолданылуын тексеруді бекітілген график бойынша жүзеге асыру.













20

Тартқыш жылжымалы құрам, сондай-ақ жолаушылар вагондары, АЖҚ жылына екi рет (көктемде және күзде) комиссиялық түрде қарап тексерiлуін жүргізу.













21

Пайдаланылатын теміржол жылжымалы құрамының құрылғысына пайдалану құжаттамасының талаптарын сақтамай пайдалану сипаттамаларына әсерін тигізетін өзгерістер енгізуді жүзеге асыру.













22

Локомотивтер мен моторвагонды темiржол жылжымалы құрамды (өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамды) поездардың айналым бағыттары бойынша инфрақұрылымның поездық радиобайланыс жүйесiмен үйлесетiн (инфрақұрылымда пайдаланған жағдайда) поездық радиобайланыс құрылғыларымен, белгiленген көрсеткiштердi тiркейтiн жылдамдық өлшегiшпен, автоматты локомотивтiк сигнализацияның локомотивтiк құрылғылармен және қауiпсiздiк құрылғылармен жабдықтау.













23

Учаскеде жол осiнен тiректердiң iшкi шетiне дейiнгi қашықтық кемiнде 3,1 метр болатын түйiспе желiсiнiң тiректерi болған кезде қанаттары ашық соқалы қар тазалағыштармен жұмысына жол бермеу.













24

Жедел резервтегi АЖҚ-ны техникалық қарап тексермей станциядан жөнелтуіне жол бермеу.













25

Комиссиялық қарап тексерудiң нәтижелерi, жөндеудiң, кезеңдiк қызмет көрсетудiң түрлерi АЖҚ жұмысы, оған кезеңдiк техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналына жазылуын қамтамасыз ету.













26

АЖҚ иелерi техникалық пайдалану, жоспарлы жөндеулердiң қауiпсiздiгi талаптарының және техникалық куәландыру көлемдерiн және пайдалану құқығын беретiн құжаттарды ресiмдеу тәртiбiнің сақталуын қамтамасыз ету.













27

Жылжымалы құрам, оның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегiштермен жабдықталу, бұдан басқа, жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргiзуге арналған локомотивтер электрпневматикалық тежегiштермен жабдықталу.  

Шаруашылық, қала маңындағы поездардың құрамына адамдарды тасымалдау үшiн енгiзiлетiн жүк вагондарында тоқтату кранының болуы.    















28

Қос жолды желiлердiң аралықтарындағы түзу учаскелердiң жолдар осьтерiнiң арасындағы қашықтық 4100 миллиметрден кем болмауын қамтамасыз ету.

Үш және төрт жолды желiлерде екiншi және үшiншi жолдар осьтерiнiң арасындағы қашықтық 5000 миллиметрден кем болмауы.

Темiр жол станцияларында (бұдан әрi - станциялар) түзу учаскелерде шектес жолдар осьтерiнiң арасындағы қашықтық 4800 миллиметрден кем болмайды, екiншi дәрежелi жолдар мен жүк аудандарының жолдарында 4500 миллиметрден кем болмауы. Станцияларда бас жолдар шетте орналасқан болса олардың арасындағы қашықтық 4100 миллиметр болып белгіленеді. Жүкті тікелей вагоннан вагонға қайта тиеуге арналған жолдардың осьтері арасындағы қашықтықты 3600 миллиметр етуге жол беру.

Аралықтар мен станцияларда қисық учаскелердегi шектес жолдар осьтерiнiң арасындағы және жол осi мен құрылыстардың жақындау габаритi арасындағы горизонтальдық қашықтықтар белгiлеу.















29

Көрсетiлген габарит шектерiнде жүктiң дұрыс орналастырылуын тексеру үшiн жаппай тиеу орындарында (темiр жол кiрме жолдарында, теңiз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпаларын орнату. Жолдың жанына түсiрiлген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габаритi бұзылмайтындай етiп қойылуы және бекiтiлуi. 

Жүктердің (жол жұмыстарына арналып түсiрiлген балластан басқа) биiктiгi 1200 миллиметрге дейiн болғанда ол шеткi рельс бастиегiнiң сыртқы қырынан 2.0 метрден жақын, ал биiктiгi жоғары болғанда 2.5 метрден жақын тұрмауды қамтамасыз ету.















30

Темiр жолдың барлық элементтерi (жер төсемi, жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстар) пайдаланған кезде поездың осы учаскеде белгiленген жылдамдықтармен қауiпсiз және жатық қозғалысын қамтамасыз ету.













31

Темiр жол қисықтардың радиустары, түзулер мен қисықтардың жанасуы, еңiстердiң қия беткейлiгiне қатысты желiнiң жоспарына және профилiне сәйкестігі.













32

Станциялар, разъездер мен озу пункттерi алаңда 0,0015-тен тiк емес орналасу.

Локомотивтiң немесе вагондардың маневр және құрамнан ағытылуы және құрастырылған поездардың ажыратылуы, сондай-ақ бойлық немесе жартылай бойлық үлгiдегi аралық станциялар көзделмеген станциялар, разъездер мен озу пункттерi 0,0025-тен тік емес еңiспен орналасу.

Пайдаланудағы станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарын ұзартқан жағдайда және вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсiз) өздiгiнен жүрiп кетуiнiң жол бермейтін құрылғылардың барында еңiстер 0,0025-тен, бiрақ 0,010-нан тiк емес еңiстерге рұқсат ету.














33

Вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсiз) өздiгiнен жүрiп кетуiне жол бермеу үшiн станцияларда, разъездер мен озу пункттерiнде вагондарды локомотивтен ағытып алу және маневрлiк операциялар жүргiзу көзделетiн жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған қабылдау-жөнелту жолдарының шектегiш бағыттамалар жағына қарай еңiске қарсы құрылғылары бар бойлық профилi болуы және оны жобалау нормативтерiне сәйкес болуы.













34

Вагондардың өздiгiнен басқа жолдарға, поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына шығып кетуiнiң алдын алу үшiн сақтандыру тұйықтарын, қорғағыш бағыттамаларын, лақтырғыш табаншалардың, лақтырғыш үшкiрлердi, лақтырғыш бағыттамаларды орналастырылуы, сондай-ақ вагондарды бекiтуге арналған стационарлық құрылғыларды қолдануын қамтамасыз ету.













35

Станциялар, разъездер мен озу пункттерi, сондай-ақ жекелеген парктер мен тартымдық жолдар түзу учаскелерде орналасу.

Кесіп өту жағдайда орналасқан станциялар, разъездер мен озу пункттерi радиусы кем дегенде 1500 метр қисықтарда орналастырылады, ал таулы жағдайда радиусы 600 метрге дейiн азайтумен орналастыру.















36

Ұлттық инфрақұрылымын операторында болуы:

1) дистанцияда бар жол шаруашылығының барлық құрылыстары мен құрылғылардың сызбалары мен сипаттамаларының;

2) станциялардың масштабтық және схемалық жоспарлары, барлық бас және станциялық жолдардың, сұрыптау дөңестерiнiң, сондай-ақ локомотивтер айналатын темiр жол кiрме жолдарының бойлық бейiндерiнің.














37

Жер төсемiнiң үстiңгi жағындағы енi жолдың түзу учаскелерiнде жолдың үстiңгi құрылысына сәйкестігі.

Қолданыстағы желiлерде олардың қайта құрылуына дейiн жер төсемiнiң енi кем дегенде: дара жолды желiлерде - 5,5 метр, қосжолды желiлерде - 9,6 метр, ал жеке жолды желiлердегi жартастық және құрғатқыш топырақтарда кем дегенде - 5,0 метр, қосжолды желiлерде 9,1 метр болуына жол беру.

Жер жиегiнiң үстiңгi бетiндегi ең аз енi жолдың әр жағынан 0,4 метр болуы.














38

Жолдың түзу учаскелерiнде және радиусы 350 метр және одан үлкен, қисықтардағы рельстердiң бастиектерiнiң iшкi шеттерi арасындағы жолтабан енiнiң номиналдық көлемi - 1520 миллиметрге сәйкестігі.













39

Едәуiр тiк келетiн учаскелердегi жолтабанның енi:

  1. радиусы 349-дан 300 метрге дейiн ағаш шпалдарда - 1530 миллиметр;

 2) радиусы 349-дан 300 метрге дейiн темiрбетон шпалдарда - 1520 миллиметр;

3) радиусы 299 метр және одан кем барлық шпалдар түрiнде - 1535 миллиметр.















40

Темір жол желілерінің учаскелері мен жолдарында радиусы 650 метрден артық учаскелерде жолтабан енінің номиналдық көлемі 1524 миллиметрге пайдалануға рұқсат ету.
















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет