Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет14/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
41

Жолдың түзу және қисық учаскелерiнде жолтабан енiнiң номиналдық өлшемдерден ауытқуының шамасы тарылымы бойынша - 4 миллиметрден, кеңеюi бойынша +8 миллиметрден, ал қозғалыс жылдамдықтары сағатына 50 километр және одан төмен учаскелерде таралымы бойынша - 4 миллиметрден, ал кеңеюi бойынша - +10 миллиметрден орнату.













42

Номиналдық мөлшерiнен ауытқу шамасы жолтабан енiнiң номиналдық өлшемдердің кемінде 1512 миллиметрден және 1548 миллиметрден артық болуына жол бермеу.

Жолдардың түзу учаскелерiнде ауытқу шамасы бойынша жолды пайдалану бiр рельстiк жіктің екiншiсiнен 6 миллиметрге биiк қатынаста деңгейде жүзеге асыру.

Қисық учаскелерде сыртқы рельс жігінің жоғары тұруы 150 миллиметрден арттыру.














43

Көпiрлер мен тоннельдер бақылау-габариттiк құрылғыларымен қоршалуын, хабарлау сигнализациясымен және бөгегiш бағдаршамдарымен қамтамасыз ету.     

Жасанды құрылыстар өртке қарсы құралдармен және қарап тексеруге арналған құралдарымен жабдықтау.















44

Жолдың және құрылыстардың жай-күйiн бақылау магистральдық темiр жол желiсiнде жол өлшегiш вагондар мен арбашалар, ақаутапқыш вагондар, ақаутапқыш автомотрисалар, ақаутапқыш арбашалар, ақаутабу жөнiндегi зертханалар, көпiрлiк, тоннельдiк, жолды тексерушiлiк, габарит-тексерушiлiк, сынау, жөндеу-тексеру-сүңгуiр станциялары қолдану.













45

Темір жолдармен поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін станцияларда және елді мекендерге, мал бағу орындарына жақын орналасқан жерлерде қоршау құрылғыларын орнату.













46

Басты және станциялық жолдардағы рельстер мен бағыттамалық бұрмалар қуаты мен жай-күйi бойынша пайдалану жағдайларына (жүктасымалдылығы, осьтiк жүктемелер және поездардың қозғалыс жылдамдықтары) сәйкес болуын қамтамасыз ету.













47

Бас жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкiрлерi алдынан бастап тепкiш бiлеулер орнату.













48

Қисық учаскелерде басты жолдарға жаңадан бағыттамалық бұрмаларды орнатуға жол бермеу. Орталықтандырылған бағыттамалар климаттық және басқа жағдайларға байланысты механикаландырылған тазарту немесе қар ерiту құрылғыларымен жабдықтау.













49

Мына ақаулықтардың ең болмағанда біреуі орын алған бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға жол бермеу:

1) бағыттамалық үшкiрлердiң және тартқыштары бар айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерiнiң ажырауына;


2) үшкiрде бiрiншi тартымның қарсы тұсында, үшкiр айқастырманың өзегiнiң ұшында стрелканың жабық күшiнде өлшенетiн үшкiрдiң рамалық рельстен айқастырмалық жылжымалы өзегiнiң жақтаудан 4 миллиметр және одан да артық кейiн қалуына;

3) үшкiрдiң немесе жылжымалы өзекшенi үгiтiлуi, бұл кезде жотаның төну қаупi туындайды, және барлық жағдайда ұзындығына:

басты жолда 200 миллиметр және одан көп;

қабылдау-жөнелту жолдарында 300 миллиметр;

өзге станциялық жолдарда 400 миллиметр.

4) үшкiр басының немесе жылжымалы өзекшенiң енi үстiңгi бетiнде 50 миллиметр және одан астам болып келетiн қимасында өлшенетiн үшкiрдiң рамалық рельсiнiң қарсысында және жылжымалы өзекшенiң жақтаудың қарсысында 2 миллиметрге және одан астамға төмендеуiне;

5) айқастырма өзекшесiнiң жұмыстың қыры мен жанама рельс тiк қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 миллиметрден кем;

6) жанама рельс пен жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 миллиметрден артық;

7) үшкiрдiң немесе рамалық рельстiң омырылуы, айқастырманың (өзекшенiң, жақтаудың немесе жанама рельстiң) омырылуына;

8) бiр бұрандамалы iшпекте контррельстiк бұрандаманың немесе қос болтты iшпекте екеуiнiң де ажырауына.















50

Бақылау бағыттама құлыптарымен орталықтандырылмаған бағыттаманы жабдықтау:

1) поездарды қабылдау және жөнелту жүргiзiлетiн жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғалатын;

2) 1-класты қауiптi жүктерi (жарылғыш материалдары) бар вагондардың тұруына бөлiнген жолдарға апаратын;

3) қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарының тұруына бөлiнген жолдарға апаратын;

4) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын;

5) ақаутапқыш вагондардың, жол өлшегiш вагондардың, темiржол құрылыс машиналарын тоқтатып қоюға бөлiнген жолдарға апаратын орталықтандырылмаған бағыттамалар жабдықталуы тиiс.















51

Бағыттамалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерi (дөңестiк және сұрыптау жолдарында орналасқандардан басқа), оның iшiнде орталықтандырылған және бақылау құлыптары барлары, оларды iлiнбелi құлыппен жабудың мүмкiндiгi болу үшiн үлгi құралдармен жабдықтау. Бұл құралдар үшкiрдiң рамалық рельске, айқастырманың жылжымалы өзекшесiн жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз ету.













52

Магистральдық темiр жол желiсiнiң бiр деңгейде қиылысатын, сондай-ақ желiлердiң, темiр жол кiрме және қосылу жолдарының басты жолдарға қосылатын жерлерiнде аралықтар мен станцияларда сақтандырғыш тұйықтары немесе қорғағыш бағыттамалар орналасу.













53

Созылмалы еңiстерi бар аралықтарда, сондай-ақ осындай аралықтарды шектейтiн станцияларда сақтандырғыш тұйықтарды көздеу.













54

Бас жолдардың жанында жол және сигнал белгiлерiн орнату. Бағыттамалық бұрмалардың жанында және жолдар қосылатын басқа жерлерде шектiк бағаншаларын орнату.

Темiр жолға бөлiнген белдеу шекарасын көрсету үшiн, сондай-ақ жер төсемiнiң көрiнбейтiн құрылыстарын жер бетiнде белгiлеу үшiн ерекше жол белгiлерi орнатылуын қамтамасыз ету.















55

Шектiк бағаншалар жолтабандар аралығының ортасында қосылатын жолдардың осьтерiнiң арасындағы қашықтық 4100 миллиметрге тең тұсында орнату. Т габаритi бойынша салынған жылжымалы құрам айналмайтын пайдаланудағы станциялық жолдарда 3810 миллиметр қашықтықты қалдыруға рұқсат ету. Жолтабан аралығының енi азайтылған жүктi аударып тиеу жолдарында шектiк бағаншалар жолтабан аралығының енi 3600 миллиметрге дейiн жететiн жерiнде орнату.













56

Жоспарлы тәртiппен жаяу жүргiншi өтпелерi темiр жолдармен бiр деңгейде жаяу жүргiншi тоннельдерi немесе жаяу жүргiншi көпiрлерiмен алмастырылады не болмаса, жақын жердегi жасанды құрылыстың (құбырдың, кiшi көпiрдiң) астына жiберiледi, бұл ретте осы құрылыстардың көлемдерi «1520 миллиметр жолтабан темiр жолдары» құрылыс-техникалық нормаларының талаптарына жауап беруiн қамтамасыз ету. Құрылыс кезеңіне қолданыстағы жолдар арқылы өтетін жаяу жүргінші жолдарының, оларды, поездың жақындауы туралы ескертетін сигнализациямен, сақтандырғыш тосқауылдармен, ескерту қалқандарымен жабдықтай отырып, сақталуына рұқсат ету.     













57

Жолаушылар поездарының жүрдек жылдамдығы жүзеге асырылатын барлық өтпелерге кезекшi қызметкерлер қызмет көрсету. Бұрын кезекшi персонал болмаған өтпелерде, оларды орналастыруға арналған үй-жайлар дайындалуын (күрделi жөнделген немесе үлгi жоба бойынша жаңадан салынған) қамтамасыз ету.













58

Өтпе бойынша кезекшi немесе оның мiндеттерiн орындайтын қызметкер жүрдек жолаушылар поезының өтуiне 5 минут қалғанда өтпе бойынша көлiк құралдарының қозғалысын тоқтатады және тоспаның жабылуын қамтамасыз ету.













59

Темiр жол өтпесi бойынша жүгi бар немесе жүксiз iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарын, баяу жүрiстi машиналар мен автопоездарды жүрдек поездың өтуiне 1 сағат қалғанда өткiзуге жол бермеу.

Жүрдек жолаушылар поезының өтуiне кемiнде 20 минут қалғанда малды айдап өтуге тыйым салу.















60

Жол, автоматика және телемеханика, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы құрам, оның iшiнде арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрам электрлiк рельстiк тiзбектерiнiң тұрақты сенiмдi жұмысын қамтамасыз ету.













61

Аралықта және станцияда қозғалыс үшiн кез келген кедергi (тоқтауды талап ететiн жер), сондай-ақ қозғалыс үшiн қауiптi, тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететiн, жұмыстар жүргiзiлетiн жер поездың (маневрлiк құрамның) келуiне қарамастан екi жақтан да сигналдармен қоршау.













62

Жол бермеу:

1) қозғалыс үшiн қауiптi, жұмыстар жүргiзiлетiн жер сигналдармен қоршалғанға дейiн жұмыстарға кiрiсуге;

2) кедергi жойылғанға, жұмыстар толық аяқталғанға, жолдың, түйiспе желiсiнiң күйi, габариттiң сақталуы тексерiлгенге дейiн, кедергiнi немесе жұмыстар жүргiзiлетiн жердi қоршап тұрған сигналдарды алуға.














63

Құрылыстарды және құрылғыларды жөндеу негізінен, поездар қозғалысының кестесін бұзбай қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету кезінде жүргізу.

Поездар қозғалысының кестесінде көлемі бойынша үлкен жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде терезелерді көздеуді және осы жұмыстарды тудыратын жылдамдықты шектеуді ескеру. Ұлттық темір жол компаниясы «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулығына сәйкес жолдардың, жасанды құрылыстардың, байланыс желілерінің және СОБ құрылғыларының ағымдағы күтіп ұстауы бойынша жұмыстарды орындау үшін поездар қозғалысы кестесінде ұзақтығы 1.5-2 сағат, осы жұмыстарды кешенді машиналар, арнайы бригадалар, механикаландырылған колонналармен орындау кезінде ұзақтығы 3-4 сағат технологиялық терезе көздеу.















64

Теміржолдардан тек белгіленген орындардарда, жаяу жүргіншілер көпірлері, туннельдері, теміржол өткелдері арқылы өтуі.

Көпірлері мен туннельдері жоқ станцияларда теміржолдардан жаяу жүргіншілер төсемдері арқылы өтуге рұқсат ету.















65

Теміржол арқылы жүріп өту және өту аймақтарында жол бермеу:

1) шлагбаум жабық тұрған немесе өткелдің дабыл бағдаршамы қызыл белгісін көрсеткен кезде теміржол өткелдерінен өтуге жол бермеу:

2) теміржол өткеліндегі жабық тұрған шлагбаумның астына түсуге, сондай-ақ шлагбаум жабыла бастаған кезде өткелге шығуға;

3) бағыттамалы бұрмалар бойынша жолдардан өтуге; 4) станциялар мен екі аралықтарда вагондардың астына кіруге және жолдан өту үшін авто тіркеуден асып түсуге.















66

Теміржолдар арқылы жүріп өту және өту аймақтарында жол бермеу: теміржол көлігі қозғалысының бұзылуын тудыратын заттарды теміржолдарға қоюға, тастауға, қалдыруға.













67

Сигналдарды қабылдауға кедергi жасайтын және сигналдық көрсетулердi бұрмалайтын қызыл, сары және жасыл түстi әшекейлiк жаймаларды, плакаттар және шамдар орнатуға жол бермеу.













68

Кiру, ескертпелiк, өтпелi, бөгегiш және қоршау бағдаршамдардың қызыл, сары және жасыл сигналдық жарықтары жолдың түзу учаскелерiнде жақындап келе жатқан поездың локомотивiнiң басқару кабинасынан күндiз және түнде кемінде 1000 метр қашықтықта анық көрінуінің болуы.

Жолдың қисық учаскелерiнде бұл бағдаршамдардың, сондай-ақ бағдаршамдардағы сигналдық жолақтардың көрсетулерi кемінде 400 метр қашықтықта анық көрiну. Қатты ойлы-қырлы жерде (таулар, терең ойықтар) аталған бағдаршамдар көрсетулерiнiң 400 метрден кем, бiрақ 200 метр қашықтық көрiнуді белгілеу.

Басты жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдардың көрсетулерi кем дегенде көрсетулерi 400 метрге дейiн, бүйiр жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының, сондай-ақ шақыру сигналдарының және маневрлiк бағдаршамдардың көрсетулерi кем дегенде 200 метр қашықтықта анық көрiну.














69

Станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына кiретiн бағыттамалардың кiру, шығу және маршруттық бағдаршамдарымен өзара тәуелдiлiгi болуы.













70

Аралықтар жол бұғаттауымен, ал жекелеген учаскелерде аралықтағы екi бағыт бойынша локомотивтiк бағдаршамдардың сигналдары бойынша жүргiзiлетiн дербес сигнализация және байланыс құралы ретiнде қолданылатын автоматты локомотивтiк сигнализациямен жабдықтау.













71

Жол бұғаттауымен жарақтандырылған учаскелерде орналасқан станцияларда бұл құрылғылардың шаруашылықтық поездарға арналған жезл-кiлттерi, итермелеу қолданылатын жартылай автоматтық бұғаттауы бар учаскелердiң станцияларда, поездардан қайтарып алып итергiш локомотивтерге де, - жезл-кiлттерiнің болуымен қамтамасыз ету.     













72

Автоматты және жартылай автоматты бұғаттаумен және радиобұғаттаумен жарақтандырылған желiлерде орналасқан станцияларда болуы:
1) бос емес жолға қойылған маршрут кезiнде кiру бағдаршамының ашылуына жол бермейтiн;

2) басқару аппараттарында жолдар мен бағыттамалардың бос еместiгiн бақылауын қамтамасыз ететiн құрылғылардың.















73

Электрлiк орталықтандыру құрылғыларымен жол бермеу:

1) бос емес жолға маршрут қойылған кезiнде кiру бағдаршамының ашылуына;

2) жылжымалы құрамның астындағы бағыттаманың ауыстырылуына;

3) егер бағыттамалар тиiстi қалыпқа қойылмаса, осы маршрут бойынша тиiстi бағдаршамдардың ашылуына;

4) маршрутқа кiретiн бағыттаманың ауыстырылуына немесе қойылған маршрутты шектейтiн ашық бағдаршам кезiнде қарсы маршрут бағдаршамының ашылуына.














74

Орталықтандырылған бағыттамалардың жетектерi мен тұйықтағыштарын қамтамасыз ету:

1) бағыттамалардың шеткi жағдайларында қысылған үшкiрдiң рамалық рельске және айқастырманың жылжымалы өзекшесiнiң жақтауға тығыз жанасуын;

2) қысылған үшкiр мен рамалық рельс немесе жылжымалы өзекшемен жақтаудың арасындағы саңылау 4 миллиметр және одан астам болған кезде бағыттама үшкiрлерiнiң немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесiнiң тұйықталуына;

3) басқа үшкiрдi рамалық рельстен кем дегенде 125 миллиметрге бұруына.















75

Бағыттамалардың бақылау құлыптарымен жол бермеу:

- кiлттiң тек бағыттаманың жабық күйiнде ғана алынуына;

- бағыттамаларды тек құлыптан суырып алынған кiлтте көрсетiлген қалпында, үшкiрдiң рамалық рельске тығыз жанасқан жағдайында ғана жабады;

- қыстырылған үшкiр мен рамалық рельс арасындағы саңылау 4 миллиметр және одан астам болғанда бағыттаманың жабылуына жол бермейдi.















76

Диспетчерлiк орталықтандыру құрылғыларын қамтамасыз ету:

1) бiр орыннан бағыттамалар мен бағдаршамдар арқылы бiрқатар станциялар мен аралықтарды басқаруды;

2) басқару аппараттарынан бағыттамалардың жағдайы мен бос еместiгiн, аралықтың, станциялардағы жолдардың бос еместiгiн бақылау, сондай-ақ кiру, маршруттық және шығу бағдаршамдары көрсетулерiн қайталау және өтпелiк сигнализация жұмысын бақылау;
3) поездарды қабылдау, жөнелту және маневрлердi орындау бойынша резервтiк басқаруға берудiң немесе маневрлердi орындау үшiн бағыттамаларды жергiлiктi басқаруға беру;

4) поездардың орындалған қозғалысы кестесiнiң автоматтық жазбасын;

5) сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретiнде қолданылатын электрлiк орталықтандыруға, автоматтық бұғаттауға және автоматты локомотивтiк сигнализациясына және поездың толық құрамымен келiп жеткенiн жартылай автоматтық бұғаттауына қойылатын талаптардың орындалуын.














77

Станцияларда технологиялық қажеттiлiгiне байланысты станциялық радиобайланыс, екiжақты парктiк байланыс құрылғылары және жолаушыларға ақпарат беруге арналған байланыс қолдану.
Станциялық радиобайланыс маневрлiк және дөңестiк радиобайланыс, станциялық технологиялық орталықтардың, вагондар мен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерi радиобайланысының, жүк аудандарының вагондарын коммерциялық қарап тексеру пункттерi, контейнерлiк алаңшалар, техникалық құралдарға (автоматика мен телемеханика, ақпараттандыру, байланыс, жол, түйiспе желiсi) қызмет көрсету және жөндеу бойынша бригадалардың, әскерилендiрiлген ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң радиобайланысы желiлерiнде екi жақты байланысты қамтамасыз етеді.

Бiр станция шегiнде әр түрлi маневрлiк аудандар үшiн бiрдей радиожиiлiктер қолдануға жол бермеу.















78

Станцияның әр маневрлiк ауданы және оған қызмет көрсететiн локомотивтер үшiн жеке радиожиiлiк бөлу.

Екi жақты парктiк байланыс құрылғылары парк шегiнде жақсы естiлудi қамтамасыз ету. Бұл құрылғылар магистральдық темiр жол желiсi аумағының сыртындағы шуылды азайту үшiн бағытты түрде iстеуiн қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет