Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет18/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Жолаушыға берілетін, қол технологиясы арқылы ресімделген жол жүру құжатына (билетке) анық айыру деректері: поездың нөмірі, күні, айы, жылы бар маститті немесе инелі компостерлік белгілер қою. Жыл қажеттілікке байланысты тек бір цифрмен ғана көрсету.

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) инелі компостерлеу түбіртектерімен бірге олардың көлбеу сызықтың бойымен бірінші бөлігін қамти отырып, екі бүктелген жеріне жүргізіледі, ал түбіртек жол жүру құжаты (билеті) бланкісінің ішіне салуды жүргізу.

Маститті компостер бланкіге және жол жүру құжатының (билеттің) түбіртегіне қою.














63

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайта сатуға жол бермеу.













64

Уәкілетті адам (вокзал қызметкері) жол жүру құжатының (билеттің) қолданылу мерзімін келесі жағдайларда ұзарту (жол жүру құжатына мерзімін ұзарту туралы белгі қою арқылы):

1) жолаушыға орын ұсынылатын келесі поездың аттануына дейінгі уақытқа поездан жолаушыға орын берілмегенде (отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардан басқа);

2) ауысып отыру пунктінде транзитпен келе жатқан жолаушы оған жол жүруді ұзарту мүмкіндігі берілгенге дейін барлық кешігу уақытына келісілген поездар кешіккен жағдайда;

3) жолаушы жолда аялдағанда барлығы 10 тәуліктен аспайтын мерзімге.

Жол жүру құжатының (билеттің) әрекет ету мерзімін ұзартуға басқа жағдайларда жол берілмейді.














65

Жолаушы жолаушылар поезына отырған кезде тиісті түрде ресімделген жол жүру құжатын (билетін) және жеке басын куәландыратын құжатты көрсету. Вагонның жолсерігі жолаушыны вагонға отырғызу кезінде жол жүру құжатын (билетін) және деректемелері (аты-жөні) жол жүру құжатында көрсетілген оның жеке басын куәландыратын құжатты тексеруді қамтамасыз ету.

Отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездарға отыру кезінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету талап етілмейді.

Поезға жолаушыларды отырғызу кезінде вагонның жолсерігі қол жүгінің белгіленген нормадағы салмаққа сәйкестігін тексеру.

Вагонның жолсерігі жолаушыларды вагонға отырғызу кезінде олардың жол жүру құжаттарын (билеттерін) шығарып салушыларда ұмытып кетпеулерін ескерту, сондай-ақ жол жүру барысында билетсіз жолаушылардың жүруін және белгіленген нормадан (мөлшерден) тыс қол жүгінің тасымалдануын болдырмауға шаралар қолдану.















66

Жолаушының тегі мен ұсынылған жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген тегі сәйкес келмеген, жол жүру құжатында (билетте) тегі өзгертілген (түзетілген) жағдайда жолаушының поезға отыруына жол бермеу. Осындай жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша ақша қайтармау.













67

Жолаушылар поезының вагонында жол жүру кезінде мыналарға жол бермеу:

1) жол жүру құжатынсыз (билетсіз) жүруге;


2) вагондардың ілме басқыштарымен, вагон төбесінде және вагон астында жүруге, поезд жүріп келе жатқанда отырғызып, түсіруге;

3) вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе ластайтын қол жүгін, сондай-ақ сасық, өртқауіпті, улы, тез тұтанғыш, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды тасымалдауға;

4) қажеттіліксіз поезды тоқтату кранымен тоқтатуға;

5) тамбурлар мен өтпелі алаңдарда жүруге;


6) белгіленбеген орындарда темекі шегуге;
7) вагондардың терезелерінен және есіктерінен қоқыстар мен басқа да заттарды лақтыруға тыйым салынады.













68

Вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе былғайтын, сондай-ақ зарядталған қаруды, сасық, өртқауіпті, улы, оңай тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттар (мемлекеттік маңызы бар жағдайды есепке алмағанда) сияқты қол жүгін тасымалдауға жол бермеу.













69

Поезға бақылау жасау кезінде жол жүру құжатынсыз (билетсіз) немесе тегі тұлғаны куәландыратын құжатқа сай келмейтін немесе өзгертілген жол жүру құжатымен (билетімен), сондай-ақ пайдалануға құқық беретін тиісті құжаттарсыз жеңілдігі бар жол жүру құжатымен анықталған жолаушы билетсіз жолаушы болып санау.

Билетсіз жолаушы билет кассасы бар бірінші тарифтік станцияда түсіріледі, ол туралы жалпы нысандағы акті жасау.















70

Жолаушы поездарында төленбеген багаж анықталған жағдайда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге жүктелген тасымалдаушының қызметкерлері төленбеген багажды алып жүру актісін (3-данада) жасау және ЛУ-9В түбіртегі бойынша айыппұл (тасымалдау төлемі) өндіріп алу.













71

БАЖ жабдығын орнатқаннан және оның жұмысқа қабілеттігін тексергеннен кейін құрамында пайдаланушының және Ұлттық теміржол компаниясының өкілдері бар комиссия жаңа сату пунктінің үй-жайы мен жабдығын терминалдық жабдықты орнату үшін үй-жайға қойылатын талаптарға, БАЖ терминалдық жабдығына, оны қолдану мен пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру, терминалдық жабдықты БАЖ-ға қосу (жаңғырту, алмастыру, орнын ауыстыру) туралы актіні 4 данада жасайды және оған қол қою. Актіні түзетуге жол бермеу.













72

Ұлттық теміржол компаниясы БАЖ-ға рұқсат берілген барлық кезең ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу технологиясының сақталуын, билет кассаларының жұмысын жылына кемінде бір рет мониторингтеуді жүзеге асыру.













73

Поездың құрамында мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғыларының болуы.

Мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы орындары бар вагон болуы.















74

Багажды және жүкбагажын беру, ұстау, сақтау тәртібін тасымалдаушылармен сақтау.













75

Теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензияның болуы.













76

Вагондардың барлық элементтері беріктігі, орнықтылығы және техникалық жай-күйі бойынша поездардың қауіпсіз және жатық қозғалуын қамтамасыз ету.













77

Поездарға тасымалданатын жүктердiң қауiпсiздiгiн сақтай алмайтын жүк вагондарға қойылмауына жол бермеу.













78

Қалыптастыру және тарату станцияларында, жол жүрiп келе жатқанда – поездардың қозғалысы кестесiнде көзделген станцияларда поездың әр вагоны техникалық қызмет көрсетуден өту, ал ақаулықтары анықталған кезде–жөндеу.













79

Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиялық процеске және поездардың қозғалыс кестесiне сәйкес жүргiзу.     

Техникалық қызмет көрсету пунктерiнiң қызметкерлерi кепiлдiк учаске шегiнде қозғалыс қауiпсiздiгi және вагондардың поезд құрамында жарамды күйде жүруiн қадағалауды қамтамасыз ету.


Жүк поездары үшiн кепiлдiк учаскелерi локомотивтердiң айналым учаскелерiнiң ұзақтығын, автотежегiштердi толық байқау, вагондарға сапалы техникалық қызмет көрсету және коммерциялық қарап тексеру қажеттiлiгiн негiзге ала отырып белгiлеу.













80

Жедел резервтегi АЖҚ-ны техникалық қарап тексермей станциядан жөнелтуге жол бермеу.













81

Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырлары арасындағы қашықтық 1440 миллиметр болуы. Жылдамдығы сағатына 120 километрден жоғары және сағатына 140 километрге дейінгі поездарда айналатын локомотивтерде және вагондарда, сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда ауытқулары ұлғаю жағына қарай 3 миллиметрден артық болмайтын және кему жағына қарай 1 миллиметрден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат етіледі, жылдамдығы сағатына 120 километрге дейін болғанда 3 миллиметрден артық болмайтын ауытқуларға жол беру.













82

Егер аралықта аялдағаннан кейін поезд әрі қарай қозғала алмаса және поезды жөнелту станциясына қайтару қажет болса машинистің өзі, бас кондуктор немесе локомотив бригадасының қызметкері арқылы бұл туралы станция бойынша кезекшіге немесе поездық диспетчерге хабарлау (жазбаша, телефон немесе радио байланыс бойынша).

Мұндай хабарламаны алған соң, поездық диспетчер аралықты (аралықтың тиісті жолын) жабады және поезды жөнелту станциясына қайтару тәртібін белгілеу.















83

Автобұғаттаумен және поезд радио байланысымен жабдықталған учаскелерде жақсы көрінетін жағдайда аралықта тоқтап тұрған поезға көмек көрсету үшін мыналарды пайдалану:     

1) тоқтаған поездың соңынан аралық бойынша жүретін дара локомотив;

2) тоқтаған поездың соңынан аралық бойынша жүретін жүк поезы құрамынан ағытылған локомотив;     

3) жетекші локомотивті одан ағытпастан артта келе жатқан жүк поезы. Көмек көрсетудің қандай да бір тәсілі қалыптасқан жағдайды жан жақты бағалаудан кейін екі локомотивтің машинисіне берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асыру.

Көмек көрсету үшін адамдарға арналған поездан және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар поездан локомотивті ағытуға тыйым салу. Мұндай поездарды локомотивті құрамнан ажыратпай көмек көрсету үшін де пайдалануға болмайды.













Локомотивтік тартқыш операторына қатысты




1

Уәкілетті орган белгіленген тәртiппен жылжымалы құрамның мемлекеттік тiркеуінің болуы.













2

Темiржол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) берiлуін қамтамасыз ету.













3

Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат беру.













4

Жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптерінің қызметкерлерін кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдардың іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіру.













5

Поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін қолданыстағы нұсқаулықтармен қағидаларды білу мәтініне мерзімді тексерулер жүргізу.













6

«Қозғалыс қауіпсіздігі күні» тақырыбы бойынша онкүндік сайынғы тексерулер жүргізу.













7

Жүргізілетін жұмыс ерекшелігіне сәйкес техникалық жарамды аспаптармен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету.













8

Меншік нысанына қарамастан қызметін теміржол көлігі саласында жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметтері Қазақстан Республикасының теміржол көлігінде жол берілген қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарына әкелген қауіпсіздік бұзушылықтары туралы ақпаратты мемлекеттік көліктік бақылау органына және оның аумақтық бөлімшелеріне жедел тәртіппен бір тәуліктен кешіктірмей, ал поездар мен жылжымалы құрамның соқтығысуы, жолдан шығып кетуі жағдайларында оқиға болған сәттен бастап бір сағаттан кешіктірмей ұсыну.













9

Теміржол жылжымалы құрамның әр бірлігінде мынадай анық айыру белгілері мен жазбалары болуы:

1) темiржол жылжымалы құрамы иесiнiң атауы;

2) нөмiрi, жасалған күнi мен орны көрсетiлген дайындаушы зауыттың тақтайшасы;

3) құрама бөлшектерiнде сәйкестендiру нөмiрлерi мен қабылдау таңбалары;

4) белгiленген жөндеу түрлерi жүргiзiлген күнi мен жерi (локомотивтерден басқа);

5) ыдыстың салмағы (локомотивтерден басқа).

Мынадай жазбалардың жазылуы:     

6) локомотивтерде, моторвагонды темiржол жылжымалы құрамда және АЖҚ - конструкциялық жылдамдығы, сериясы мен бортының нөмiрi, тiркелген орнының атауы, резервуарлардың, бақылау аспаптарының және куәландырылғаны туралы тақтайшалар мен жазбалар;

7) жолаушылар вагондарында, қызметкерлердi жұмыстарды жүргiзу орнына және керi қарай жеткiзу көзделiп отырған моторвагонды темiржол жылжымалы құрам мен өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамда – орындар саны;     

8) жүк, почта, багаж вагондарында - жүк көтергiштiгi.















10

Әр локомотивке, вагон мен моторвагонды жылжымалы құрамның әр бiрлiгiне және АЖҚ техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған дайындаушы-зауыттың техникалық паспортын жүргiзу.













11

Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулары бар жылжымалы құрамды, оның ішінде АЖҚ пайдалануға және поездарда жүруге жіберілуге жол бермеу.













12

Жылжымалы құрам және АЖҚ белгіленген уақтылы жоспарлы-ескерту жөндеу түрлерінен және техникалық қызмет көрсетуден өтуін қамтамасыз ету.     

Жыл сайынғы метрологиялық тексеруден аппаратурасы өндірушінің пайдалану құжаттарына сәйкес жоспарлы жөндеуден өтпеген: техникалық қызмет көрсету кемінде жылына 1 рет, орташа жөндеу 2 жылда кемінде 1 рет, жаңғырту 4-6 жылда кемінде бір рет болмаса, жолөлшеуіш құралдармен және дефектоскопты аппаратурамен жабдықталған АЖҚ-дар қолданысқа жіберуге жол бермеу.















13

Тасымалдау процесіне қатысушылар ұйымдарының бірінші басшыларымен алғашқы есептің толық енгізілуін және қауіпсіздікті бұзу жағдайларының дұрыс жіктелуін қамтамасыз ету.













14

Жылжымалы құрамның және АЖҚ техникалық жай-күйін локомотив бригадалары немесе АЖҚ бригадалары техникалық қызмет көрсету орындарында қазіргі заманғы диагностика құралдарымен жабдықталған, жүк және жолаушылар деполарында, заводтарда және жөндеу базаларында, жол машина станцияларында және АЖҚ арналған деполарда кешенді және мамандандырылған бригадалары жүйелі түрде тексеруін қамтамасыз ету.













15

Тартқыш жылжымалы құрам, сондай-ақ жолаушылар вагондары, АЖҚ жылына екi рет (көктемде және күзде) комиссиялық түрде қарап тексерiлуін жүргізу.













16

Локомотивтiк, сондай-ақ жолаушылар, моторвагонды және АЖҚ орнатылған қауiпсiздiк және поездық радиобайланыс құрылғылары осы құрылғылардың жұмысын реттеу арқылы бақылау пунктiнде кезең-кезеңмен қарап тексерiлуін, сондай-ақ инфрақұрылымның және темiржол жылжымалы құрамның иеленушiлерi белгiлеуін қамтамасыз ету.













17

Жұмыс iстеп тұрған локомотивтер, моторвагонды және АЖҚ, оларды пайдалану ережесін білетін қызметкердiң, ал станциялық жолдарда - машинистің, АЖҚ жүргізушісінің немесе депо жолдарында және кәсiпорындардың жолдарындағы олардың көмекшілерінің қадағалауында тұруын қамтамасыз ету.













18

Пайдаланылатын теміржол жылжымалы құрамының құрылғысына пайдалану сипаттамаларына әсерін тигізетін өзгерістер енгізуге, пайдалану құжаттамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асыру.













19

Локомотивтер мен моторвагонды темiржол жылжымалы құрамды (өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамды) поездардың айналым бағыттары бойынша инфрақұрылымның поездық радиобайланыс жүйесiмен үйлесетiн (инфрақұрылымда пайдаланған жағдайда) поездық радиобайланыс құрылғыларымен, белгiленген көрсеткiштердi тiркейтiн жылдамдық өлшегiшпен, автоматты локомотивтiк сигнализацияның локомотивтiк құрылғылармен және қауiпсiздiк құрылғылармен жабдықтау.













20

Жолаушылар локомотивтерi жоғары вольттi жылыту үшiн қуатты iрiктеу, электрпневматикалық тежегiштердi басқару құрылғыларымен жарақтандыру. Жүк поездарының локомотивтерi магистральды тежегiш тығыздығын бақылау үшiн құрылғылармен, аспаптармен жабдықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет