Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет19/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20













21

Поездық локомотивтерге бiр машинист қызмет көрсеткен кезде мынадай қауiпсiздiк құралдарымен және құрылғыларымен қосымша жабдықтау:

1) поездың тежелуiн автоматты басқару жүйесiмен немесе кешендi локомотивтiк қауiпсiздiк құрылғысымен, сондай-ақ машинистiң сергектiгiн бақылау жүйесiмен;

2) артқы көрiнiс айналарымен немесе басқа ұқсас құрылғылармен;
3) автоматты өрт сөндiру жүйесiмен және өртсөндiргiш жүйесімен;

4) тежеу бұғаттамасымен;

5) автожүргiзу жүйесiмен.

Моторвагонды жылжымалы құрам есiктердiң жабылуын бақылау сигнализациясымен және «жолаушы-машинист» байланысымен жабдықтау.















22

Бiр машинист қызмет көрсететiн маневрлiк локомотивтермен жабдықтау:

1) оларды вагондардан дистанциялық ағыту құрылғыларымен;

2) екiншi басқару пультiмен;

3) артқы көрiнiс айналарымен;     

4) машинист кенеттен локомотив жүргiзу қабiлетiнен айырылған кезде автоматты тоқтату құрылғыларымен.














23

Белгiленген қызмет көрсету мерзiмi өткен локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамдар жүк және жолаушы поездарға берілмеуіне тыйым салу.













24

Мынадай ақаулылықтардың ең болмаса біреуі болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға жол бермеу:

1) дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығы;


2) пневматикалық, электрпневматикалық, қол тежегiштердiң немесе сығымдағыштың ақаулығы;

3) ең болмаса бiр тартымдық электр қозғалтқышының ақаулығы немесе өшiп қалуы;

4) автоматты локомотивтiк сигнализациясының немесе қауiпсiздiк құрылғыларының ақаулығы;

5) автотоқтатудың немесе машинистiң сергектiгiн тексеру құрылғыларының ақаулығы;

6) жылдамдық өлшегiштiң және оның құрылғыларының реттеушi жетегiнiң ақаулығы;

7) поездық және маневрлiк радиобайланыс құрылғыларының ақаулылығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда - «жолаушы-машинист» байланысының ақаулылығы;

8) гидродемпферлердiң, аккумуляторлық батареяның ақаулығы;
9) автотiркегiш құрылғылардың ақаулығы, соның iшiнде ағыту тұтқышы шынжырының үзiлуi немесе оның деформациясы;

10) құм беру жүйесiнiң ақаулығы;

11) прожектордың, буферлiк шамның, жарықтандырудың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы;

12) қамыттағы, серiппелi iлiнiстегi немесе серiппенiң түпкi табағындағы жарық, серiппе табағының сынуы;

13) букс корпусындағы жарық;

14) букстық немесе моторлы-осьтiк мойынтiректiң ақаулығы;


15) бөлшектердiң жолға түсiп қалуынан сақтандыратын конструкцияда көзделген құрылғының болмауы немесе оның ақаулығы;
16) тартқыш тiстi берiлiстiң ең болмағанда бiр ғана тiсiнiң жарығы немесе сызаты;

17) жаққыш майдың ағып кетуiне әкелетiн тiстi берiлiс қаптамасының жоғары вольтты камераның қорғағыш бұғаттауының ақаулығы; ток қабылдағыштың ақаулығы;

18) қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктемеден және асқын кернеуден қорғау, дизельдiң авариялық тоқтауынан сақтандыру құрылғыларының ақаулығы;

19) дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының пайда болуы;

20) электр жабдығының қорғаныш қаптамаларының болмауы;

21) локомотивтi басқарудың микропроцессорлық жүйесiнiң ақаулығы.















25

Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда орнатылған манометрлерге, сақтандырғыш клапандарға, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның жұмсалуын тiркейтiн аппараттар мен аспаптарға пломба салу.













26

Электр сақтандырғыш құрылғылары, локомотивтердегi және моторвагонды жылжымалы құрамдағы автоматика, манометрлер, сақтандырғыш клапандар, ауа резервуарлары белгiленген мерзiмдерде сынақтан және куәландырудан өткiзiлуін қамтамасыз ету.













27

Жылжымалы құрам, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегiштермен, ал жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргiзуге арналған локомотивтер, бұдан басқа, электрпневматикалық тежегiштермен жабдықтау. Автоматты тежегiштер вагондардың тиелуiне, құрамның ұзындығына және жол профилiне байланысты тежеудiң түрлi режимдерiн қолдану мүмкiндiгiн қамтамасыз ету.

Жылжымалы құрамның, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегiштер, әр түрлi пайдаланған жағдайда басқару және жұмысына сенiмдi болуы, жатық тежеудi қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар, сондай-ақ ауа құбыржолының магистралi ажыраған немесе үзiлген кезде және тоқтату кранын (шұғыл тежеу кранын) ашқан кезде поезды тоқтату.

Жылжымалы құрамның, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегiштерi есептiк деректер бойынша айқындалған тежеу жолынан артық болмайтын қашықтықта шұғыл тежеген кезде поездың тоқтауына кепiлдiк беретiн тежегiштiң басылуын қамтамасыз ету.

Шаруашылық, қала маңындағы поездардың құрамына адамдарды тасымалдау үшiн енгiзiлетiн жүк вагондары тоқтату кранымен жабдықтау.

Жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда тоқтату крандары тамбурларда, вагондардың iшiнде орнату және пломбылау.














28

Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықталу. Жүк вагондарының құрылымына сәйкес өту алаңының тоқтату краны және қол тежегіші бар болу. Теміржол жылжымалы құрамындағы қолмен тежегіштер жарамды жай-күйде ұсталуы және олардың есептік тежегіш қысымын қамтамасыз ету.













29

Иiнтiректiк тежегiш берiлiстiң ажырауы немесе омырылуы габариттен шығып кетуге немесе жолға түсiп қалуға алып келуi мүмкiн барлық бөлiктерiнiң сақтандырғыш құрылғыларының болуы.













30

Жылжымалы құрам және АЖҚ темiржол жылжымалы құрам бiрлiктерiнiң өздiгiнен ажырауына жол бермейтiн тiркеу құрылғысымен жабдықтау.

Автотiркегiш осiнiң рельс бастиектерiнiң үстi деңгейiнiң үстiндегi биiктiгi:

1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында - 1080 миллиметрден артық болмайтын;

2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында – кем дегенде 980 миллиметр;


3) жүк вагондарында (жүк тиелген) - кем дегенде 950 миллиметр;
4) АЖҚ-та бос күйiнде - 1080 миллиметрден артық болмайтын, тиелген күйiнде – кем дегенде 980 миллиметр.













31

Автотiркегiштердiң бойлық осьтерiнiң арасында биiктiгi бойынша айырмашылық белгілеу:

1) жүк поезында - 100 миллиметр;

2) локомотив пен жүк поезының жүк тиелген бiрiншi вагоны арасында - 110 миллиметр;

3) локомотив пен жолаушылар поезының бiрiншi вагоны арасында - 110 миллиметр;     

4) сағатына 120 километр жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезында - 70 миллиметр;

5) сондай сағатына 121-140 километр жылдамдықпен - 50 миллиметр;

6) локомотив пен АЖҚ-тың жылжымалы бiрлiктерi арасында – 100 миллиметрден артық болмайтын.     

Сағатына 161 километр және одан артық жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезы вагондар арасындағы саңылаусыз автотiркегiшпен жабдықтау.















32

Әр доңғалақ жұбының осiнде доңғалақ жұбының қалыптастырылу және толық куәландырылу уақыты мен жерi туралы белгiлер, сондай-ақ қалыптастыру кезiнде оны қабылдау туралы таңбалардың болуы.

Доңғалақ жұптары жылжымалы құрам астында қарап тексерiлу мен толық куәландырудан өтуi тиiс, сондай-ақ әрбiр домалатып қою кезiнде тиiстi журналдарда немесе паспорттарда тiркелуiн қамтамасыз ету.















33

Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырлары арасындағы қашықтық 1440 миллиметрдің болуы. Жылдамдығы сағатына 120 километрден жоғары және сағатына 140 километрге дейінгі поездарда айналатын локомотивтерде және вагондарда, сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда ауытқулары ұлғаю жағына қарай 3 миллиметрден артық болмайтын және кему жағына қарай 1 миллиметрден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат етіледі, жылдамдығы сағатына 120 километрге дейін болғанда 3 миллиметрден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат ету.













34

Жылжымалы құрамды, сонымен қоса АЖҚ егер оның доңғалақ жұбы осінің кез келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжымалы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұбының келесі тозулары мен зақымданулары кезінде, пайдалануға беруге және поездармен жүруіне жол бермеу:

1) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 километрден жоғары және сағатына 140 километрге дейін:     

локомотивтердiң, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы вагондарының домалау шеңберi бойынша 5 миллиметрден артық сырғанау;      жолдың биiктiгi 30 миллиметр болғанда жотаның шыңынан 20 миллиметр қашықтықта өлшегенде локомотивтерде жотаның қалыңдығы 33 миллиметрден артық немесе 28 миллиметрден кем, ал моторвогонды жылжымалы құрамда, жолаушылар вагондарында жалдың биiктiгi 28 миллиметр - жотаның шыңынан 18 миллиметр қашықтықта өлшегенде;

2) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 километр дейiн:

Жүрiп өту шеңберi бойынша локомотивтерде, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамда және алыс сапардағы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында - 7 миллиметрден астам, моторвагондық және арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда, жергiлiктi және қала маңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында - 8 миллиметрден астам, рефрижераторлық парк вагондарында және жүк вагондарында - 9 миллиметрден астам болғанда; жотаның биiктiгi 30 миллиметр кезiнде жотаның басынан 20 миллиметр қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биiктiгi 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 миллиметр қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 миллиметрден астам немесе 25 миллиметрден кем болса;

3) арнайы шаблонмен өлшенетiн жотаның тiгiнен қиылысуының биiктiгi 18 миллиметрден астам болғанда;

4) локомотивтерде, моторвагонды және АЖҚ, сондай-ақ роликтiк букс мойынтiректерi және кассеталық үлгiдегi мойынтiректерi бар вагондарда тереңдiгi 1 миллиметрден астам, ал тендерлерде 2 миллиметрден астам сырғанау сырғақ (ойық) бетiнде болғанда.














35

Техникалық және бағдарламалық құралдар жұмысқа қабiлеттi және белсендi күйде тұрақты ұсталуын, талап етiлетiн сенiмдiлiк пен нақтылықты қамтамасыз ету.













36

Жаңа қызмет ету мерзімі КЖ орындалғаннан кейін де, күшейтілген көлемдегі ТҚК-8, ТҚ-8, жаңғыртудан, жол машиналарымен және механизмдерімен жұмыс істеу үшін қайта жабдықтаудан, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауға қатыспайтын жылжымалы құрамды қайта жабдықтаудан кейін де белгілеу.     

Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін КЖ, ТҚК-8, ТҚ-8 немесе жаңғыртудан өткен тартқыш жылжымалы құрамға белгіленген жаңа қызмет мерзімінің нормативтеріне сәйкес ТЖҚ жаңа белгіленген қызмет ету мерзімін қабылдау.















37

Электр поездарының мотор-вагондарының төбелеріне көтерілуге арналған сатылар жабық жағдайда жабық болулары және машинист бақылаушысының резерв тұтқасының көмегімен ашуын қамтамасыз ету.













38

Теміржол жылжымалы құрамы дизельінің, электр машиналарының, желдеткіштерінің, сығымдағыштарының және басқа да жабдығының айналатын бөліктері сенімді түрде қоршалуын қамтамасыз ету.













39

Капот типтес шанақты локомотивтерде қаптал және бүйір алаңшаларының болуы. Қаптал және бүйір алаңшаларының сыртқы жағында аралық қоршауы бар тосқауыл тұтқалары орнату. Алаңшалар бойының сыртқы периметрі бойынша шектеу тақтайшалары орнату.













40

Қауіптілігі жоғары аймақтарда жол бермеу:

ілме басқыштар мен өту алаңдарында және теміржол көлігінің баспалдақтары мен басқа да сыртқы бөліктерінде тұруға, жүріп келе жатқан поезд вагондарының есіктерін ашуға, қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есіктерінің ашылып-жабылуына бөгет жасауға.














Теміржол вокзалдарына қатысты




1

Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз ету.















2

Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұстау.













3

Темiржол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) берiлуін қамтамасыз ету.













4

Жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптерінің қызметкерлерін кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдардың іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіру.













5

Поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін қолданыстағы нұсқаулықтар мен қағидаларды білу мәтінін мерзімді тексерулер жүргізу.













6

«Қозғалыс қауіпсіздігі күні» тақырыбы бойынша онкүндік сайынғы тексерулер жүргізу.













7

Жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған үй-жайлар, операцияларды тез орындау үшін қолайлы қолжетімді болуы. Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайларды басқа мақсаттар үшін қолдануға жол бермеу.













8

Жолаушылар және жүк поездарының қозғалысы аралас желiлерде орналасқан жолаушылар және жүк платформалары түзу учаскелерде биiктiгi және жол осiнен қашықтығы бойынша мына нормаларға сәйкес болуын қамтамасыз ету:

1) 1100 миллиметр – рельстер қалпақшаларының үстiңгi деңгейiнен биiк платформалар үшiн;

2) 200 миллиметр - рельстер қалпақшаларының үстiңгi деңгейiнен төмен платформалар үшiн;

3) 1920 миллиметр – жол осiнен биiк платформалар үшiн;

4) 1745 миллиметр - жол осiнен төмен платформалар үшiн.

Пайдалану процесінде осы тармақта көрсетiлген нормалардың мынадай шекте өзгеруiне рұқсат ету: биiктiгi бойынша ұлғаю жағына қарай 20 миллиметрге дейiн және азаю жағына қарай 50 миллиметрге дейiн; жол осiнен қашықтық бойынша ұлғаюы жағына қарай 30 миллиметрге дейiн және азаю жағына қарай 25 миллиметрге дейiн.















9

Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитарлық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектер мен халықтың аз қозғалатын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуы.













10

Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың аз қозғалатын топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ету (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға).













11

Мүгедектердің теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында қамтамасыз ету:

1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуін;

2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуын;

3) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуын;

4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың аз қозғалатын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуын;

5) қоғамдық дәретханалардың мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуын;

6) мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуын.














12

Кластан тыс және 1-ші кластағы теміржол вокзалдарында қосымша қол жүгін сақтау камерасы, транзиттік жолаушылардың ұзақ демалатын бөлмелері, тамақтану орындары, шаштараз, дүкендер, сауда дүңгіршіктері, пошта бөлімі, ақша айырбастау орны, дәріхана, банкомат, төлем терминалдары, интернет (WI-FI) болуын қамтамасыз ету.













13

Барлық қызмет көрсету орындары тәулік бойы жұмыс істеуге және мүгедектер мен халықтың аз қозғалатын топтарына оңай қолжетімді болуын қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет