Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



жүктеу 3.18 Mb.
бет2/20
Дата04.03.2018
өлшемі3.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2017 жылғы «___»___________

№______

және Қазақстан Республикасы



Ұлттық экономика министрінің

2017 жылғы «___»__________

№______

бірлескен бұйрығына



2-қосымша

Теміржол көлігі саласындағы

тәуекел дәрежесін

бағалау өлшемшарттарына

қосымша
         

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары







Өлшемшарттар

Бұзушылықтар дәрежесі

Тексеру субъектісі (объектісі) кінәсінен көлік оқиғаларының орын алуы

1

Нәтижесінде соқтығысуға алып келген оқиғалар немесе теміржол жолдарындағы теміржол жылжымалы құрамның жолдан шығуы

өрескел

2

Магистральдық теміржол желісіне қосылмаған теміржол, магистральдық, станциялық немесе кірме жолдарда, оның ішінде темір жолдарда жүк немесе жолаушылар поездарында жылжымалы құрамның рельстен шығу, сондай-ақ нәтижесінде соқтығысуға, адамдар қаза болған немесе ауыр дене жарақаттарына алып келген оқиғалар

өрескел

3

Жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде бүлінген немесе теміржол құрамның мүкәмалдан шығарылу дәрежесіне дейін зақымдалуына алып келген оқиғалар

өрескел

4

Нәтижесінде жылжымалы құрамды ағыту және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдауға жол берілген оқиғалар

өрескел

Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен
ақпараттар, мәліметтер, шағымдар мен жүгінулердің бар болуы

1

Адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне зиян келтіру, немесе қауіп төндіру туралы келіп түскен ақпараттар, мәліметтер, шағымдар және жүгінулер

өрескел

Уәкілетті органдармен және ұйымдармен ұсынылған мәліметтердің талдауы, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының, бұқаралық ақпарат құралдары талдауы

1

Теміржол көлігіндегі оқиғалар немесе адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру туралы расталған ақпараттардың болуы

өрескел

Алдыңғы тексерулердің нәтижелері (бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді)




  1. Тармақ иеленуші




1

Жылжымалы құрамның уәкілетті орган белгілеген тәртiппен мемлекеттік тiркеуінің бар болуы.

елеулі

2

Кiрме жолды пайдалану тасымалдау қағидаларына сәйкес тармақ иеленуші әзірлейтін және Ұлттық инфрақұрылым операторы бекiтетiн кiрме жолдағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық негізінде жүзеге асыру.

елеулі емес

3

Жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптерінің қызметкерлерін кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдардың іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіру.

елеулі

4

Жүргізілетін жұмыс ерекшелігіне сәйкес техникалық түзу құрал-саймандармен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету.

елеулі емес

5

Меншік нысанына қарамастан қызметін теміржол көлігі саласында жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші қызметтері Қазақстан Республикасының теміржол көлігінде жол берілген қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарына әкелген қауіпсіздік бұзушылықтары туралы ақпаратты уәкілетті органына және оның аумақтық бөлімшелеріне жедел тәртіппен бір тәуліктен кешіктірмей, ал поездар мен жылжымалы құрамның соқтығысуы, жолдан шығып кетуі жағдайларында оқиға болған сәттен бастап бір сағаттан кешіктірмей ұсыну.

елеулі емес

6

Теміржол жылжымалы құрамның әр бірлігінде мынадай анық айыру белгілері мен жазбаларының болуы:

1) темiржол жылжымалы құрамы иесiнiң атауы;

2) нөмiрi, жасалған күнi мен орны көрсетiлген жасаушы зауыттың тақтайшасы;     

3) құрама бөлшектерiнде сәйкестендiру нөмiрлерi мен қабылдау таңбалары;

4) белгiленген жөндеу түрлерi жүргiзiлген күнi мен жерi (локомотивтерден басқа);

5) ыдыстың салмағы (локомотивтерден басқа).

Мынадай жазбалардың жазылуы:

6) локомотивтерде, моторвагонды темiржол жылжымалы құрамда және арнайы жылжымалы құрамда (бұдан әрі – АЖҚ) конструкциялық жылдамдығы, сериясы мен бортының нөмiрi, тiркелген орнының атауы, резервуарлардың, бақылау аспаптарының және куәландырылғаны туралы тақтайшалар мен жазбалар;

7) жолаушылар вагондарында, қызметкерлердi жұмыстарды жүргiзу орнына және керi қарай жеткiзу көзделiп отырған моторвагонды темiржол жылжымалы құрам мен өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамда - орындар саны;

8) жүк, почта, багаж вагондарында-жүк көтергiштiгi.



елеулі емес

7

Әр локомотивке, вагон мен моторвагонды жылжымалы құрамның әр бiрлiгiне және АЖҚ техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған дайындаушы-зауыттың техникалық паспортын жүргiзу.

елеусіз

8

Жылжымалы құрам және АЖҚ белгіленген мерзімде жоспарлы-ескерту жөндеу түрлерінен және техникалық қызмет көрсетуден өтуін қамтамасыз ету.    

өрескел

9

Тартқыш жылжымалы құрам, сондай-ақ жолаушылар вагондары, АЖҚ жылына екi рет (көктемде және күзде) комиссиялық тексеруді жүргізу.

елеулі

10

Жұмыс iстеп тұрған локомотивтер, моторвагонды және АЖҚ, оларды пайдалану ережесін білетін қызметкердiң, ал станциялық жолдарда - машинистің, АЖҚ жүргізушісінің немесе депо жолдарында және кәсiпорындардың жолдарындағы олардың көмекшілерінің қадағалауында тұруын қамтамасыз ету.

өрескел

11

Локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамды (өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамды) поездардың айналым бағыттары бойынша инфрақұрылымның поездық радиобайланыспен үйлесетiн (инфрақұрылымда пайдаланған жағдайда) поездық радиобайланыс құрылғыларымен, белгiленген көрсеткiштердi тiркейтiн жылдамдық өлшегiшпен, автоматты локомотивтiк сигнализацияның локомотивтiк құрылғылармен және қауiпсiздiк құрылғылармен жабдықталуы.

өрескел

12

Бiр машинист қызмет көрсететiн маневрлiк локомотивтердің жабдықталуы:

1) оларды вагондардан дистанциялық ағыту құрылғыларымен;

2) екiншi басқару пультiмен;

3) артқы көрiнiс айналарымен;

4) машинист кенеттен локомотив жүргiзу қабiлетiнен айырылған кезде автоматты тоқтату құрылғыларымен.


өрескел

13

Мынадай ақаулылықтардың ең болмаса біреуі болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға жол бермеу:

1) дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығы;

2) пневматикалық, электрпневматикалық, қол тежегiштердiң немесе сығымдағыштың ақаулығы;

3) ең болмаса бiр тартымдық электр қозғалтқышының ақаулығы немесе өшiп қалуы;

4) автоматты локомотивтiк сигнализациясының немесе қауiпсiздiк құрылғыларының ақаулығы;

5) автотоқтатудың немесе машинистiң сергектiгiн тексеру құрылғыларының ақаулығы;

6) жылдамдық өлшегiштiң және оның құрылғыларының реттеушi жетегiнiң ақаулығы;

7) поездық және маневрлiк радиобайланыс құрылғыларының ақаулылығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда - «жолаушы-машинист» байланысының ақаулылығы;

8) гидродемпферлердiң, аккумуляторлық батареяның ақаулығы;

9) автотiркегiш құрылғылардың ақаулығы, оның iшiнде ағыту тұтқышы шынжырының үзiлуi немесе оның деформациясы;

10) құм беру жүйесiнiң ақаулығы;

11) прожектордың, буферлiк шамның, жарықтандырудың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы;

12) қамыттағы, серiппелi iлiнiстегi немесе серiппенiң түпкi табағындағы жарық, серiппе табағының сынуы; 

13) букс корпусындағы жарық;

14) букстық немесе моторлы-осьтiк мойынтiректiң ақаулығы;

15) бөлшектердiң жолға түсiп қалуынан сақтандыратын конструкцияда көзделген құрылғының болмауы немесе оның ақаулығы;

16) тартқыш тiстi берiлiстiң ең болмағанда бiр ғана тiсiнiң жарығы немесе сызаты;

17) жаққыш майдың ағып кетуiне әкелетiн тiстi берiлiс қаптамасының жоғары вольтты камераның қорғағыш бұғаттауының ақаулығы; ток қабылдағыштың ақаулығы;

18) қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктемеден және асқын кернеуден қорғау, дизельдiң авариялық тоқтауынан сақтандыру құрылғыларының ақаулығы;

19) дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының пайда болуы;

20) электр жабдығының қорғаныш қаптамаларының болмауы;

21) локомотивтi басқарудың микропроцессорлық жүйесiнiң ақаулығы.



өрескел

14

Электр сақтандырғыш құрылғылары, локомотивтердегi және моторвагонды жылжымалы құрамдағы автоматика, манометрлер, сақтандырғыш клапандар, ауа резервуарлары сынақтан және куәландырудан шалдығу.

өрескел

15

Жылжымалы құрам, оның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегiштермен жабдықталу, бұдан басқа, жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргiзуге арналған локомотивтер электрпневматикалық тежегiштермен жабдықталу.

өрескел

16

Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықталу. Жүк вагондарының құрылымына сәйкес өту алаңының тоқтату краны және қол тежегіші бар болу. Теміржол жылжымалы құрамындағы қолмен тежегіштер жарамды жай-күйде ұсталуы және олардың есептік тежегіш қысымын қамтамасыз ету.

өрескел

17

Жылжымалы құрам және АЖҚ темiржол жылжымалы құрам бiрлiктерiнiң өздiгiнен ажырауына жол бермейтiн тiркеу құрылғысымен жабдықталуы.

Автотiркегiш осiнiң рельс бастиектерiнiң үстi деңгейiнiң үстiндегi биiктiгi:

1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында - 1080 миллиметрден артық болмайтын;

2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында – кем дегенде 980 миллиметр;

3) жүк вагондарында (жүк тиелген) - кем дегенде 950 миллиметр;

4) АЖҚ-та бос күйiнде - 1080 миллиметрден артық болмайтын, тиелген күйiнде – кем дегенде 980 миллиметр.



өрескел

18

Кез келген жөндеу, құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізген кезде құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін қамтамасыз ету.

өрескел

19

Қос жолды желiлердiң аралықтарындағы түзу учаскелердiң жолдар осьтерiнiң арасындағы қашықтық 4100 миллиметрден кем болмауын қамтамасыз ету.

Үш және төрт жолды желiлерде екiншi және үшiншi жолдар осьтерiнiң арасындағы қашықтық 5000 миллиметрден кем болмау.      



өрескел

20

Көрсетiлген габарит шектерiнде жүктiң дұрыс орналастырылуын тексеру үшiн жаппай тиеу орындарында (темiр жол кiрме жолдарында, теңiз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпаларын орнату. Жолдың жанына түсiрiлген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габаритi бұзылмайтындай етiп қойылуы және бекiтiлуi.

Жүктердің (жол жұмыстарына арналып түсiрiлген балластан басқа) биiктiгi 1200 миллиметрге дейiн болғанда ол шеткi рельс бастиегiнiң сыртқы қырынан 2.0 метрден жақын, ал биiктiгi жоғары болғанда 2.5 метрден жақын тұрмауды қамтамасыз ету.



өрескел

21

Темiр жолдың барлық элементтерiмен (жер төсемi, жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстар) пайдаланған кезде поездың осы учаскеде белгiленген жылдамдықтармен қауiпсiз және жатық қозғалысын қамтамасыз ету.

өрескел

22

Темiр жолдардың қисықтар радиустары, түзулер мен қисықтардың жанасуы, еңiстердiң қия беткейлiгiне қатысты желiнiң жоспарына және профилiне сәйкес болу.

өрескел

23

Вагондардың өздiгiнен басқа жолдарға, поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына шығып кетуiнiң алдын алу үшiн сақтандыру тұйықтарын, қорғағыш бағыттамаларын, лақтырғыш табаншалардың, лақтырғыш үшкiрлердi, лақтырғыш бағыттамаларды орналастырылуы, сондай-ақ вагондарды бекiтуге арналған стационарлық құрылғылардың қолдануын көздеу.

Темiр жолдардың кiрме және қосылу жолдарының қабылдау-жөнелту жолдарына және басқа станциялық жолдарға қосылу жерлерiнде жылжымалы құрамның өздiгiнен станцияға немесе аралыққа қарай шығып кетуiне жол бермеу үшiн сақтандырғыш тұйықтары, қорғағыш бағыттамалар, лақтырғыш табандықтар, лақтырғыш үшкiрлер немесе түсiргiш бағыттамалардың болуы.     

Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде 50 метрдің болуы.


өрескел

24

Жолдың түзу учаскелерiнде және радиусы 350 метрге және одан үлкен, қисықтардағы рельстердiң бастиектерiнiң iшкi шеттерi арасындағы жолтабан енiнiң номиналдық көлемi - 1520 миллиметрге сәйкес болуы.

Едәуiр тiк келетiн учаскелердегi жолтабанның енi:


1) радиусы 349-дан 300 метрге дейiн ағаш шпалдарда - 1530 миллиметр;     

2) радиусы 349-дан 300 метрге дейiн темiрбетон шпалдарда - 1520 миллиметр;     

3) радиусы 299 метр және одан кем барлық шпалдар түрiнде - 1535 миллиметр.


өрескел

25

Темір жол желілерінің учаскелері мен жолдарында радиусы 650 метрден артық учаскелерде жолтабан енінің номиналдық көлемі 1524 миллиметрге пайдалануға рұқсат етілуі.

өрескел

26

Жолдың түзу және қисық учаскелерiнде жолтабан енiнiң номиналдық өлшемдерден ауытқуының шамасы тарылымы бойынша - 4 миллиметрден, кеңеюi бойынша +8 миллиметрден, ал қозғалыс жылдамдықтары сағатына 50 километр және одан төмен учаскелерде таралымы бойынша - 4 миллиметрден, ал кеңеюi бойынша - +10 миллиметрден орнату.

өрескел

27

Номиналдық мөлшерiнен ауытқу шамасы жолтабан енiнiң номиналдық өлшемдердің кемінде 1512 миллиметрден және 1548 миллиметрден артық болуына жол бермеу.

Жолдардың түзу учаскелерiнде ауытқу шамасы бойынша жолды пайдалану бiр рельстiк жіктің екiншiсiнен 6 миллиметрге биiк қатынаста деңгейде жүзеге асыру.

Қисық учаскелерде сыртқы рельс жігінің жоғары тұруы 150 миллиметрден арттыру.


өрескел

28

Бас жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкiрлерi алдынан бастап тепкiш бiлеулерді орнату.

өрескел

29

Келесі ақаулықтардың ең болмағанда біреуі орын алғанда, бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға жол бермеу:    

1) бағыттамалық үшкiрлердiң және тартқыштары бар айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерiнiң ажырауы;

2) үшкiрде бiрiншi тартымның қарсы тұсында, үшкiр айқастырманың өзегiнiң ұшында стрелканың жабық күшiнде өлшенетiн үшкiрдiң рамалық рельстен айқастырмалық жылжымалы өзегiнiң жақтаудан 4 миллиметр және одан да артық кейiн қалуы;     

3) үшкiрдiң немесе жылжымалы өзекшенi үгiтiлуi, бұл кезде жотаның төну қаупi туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы:     

басты жолда 200 миллиметр және одан көп;

қабылдау-жөнелту жолдарында 300 миллиметр;

өзге станциялық жолдарда 400 миллиметр.     

4) үшкiр басының немесе жылжымалы өзекшенiң енi үстiңгi бетiнде 50 миллиметр және одан астам болып келетiн қимасында өлшенетiн үшкiрдiң рамалық рельсiнiң қарсысында және жылжымалы өзекшенiң жақтаудың қарсысында 2 миллиметрге және одан астамға төмендеуi;

5) айқастырма өзекшесiнiң жұмыстың қыры мен жанама рельс тiк қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 миллиметрден кем;

6) жанама рельс пен жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 миллиметрден артық;     

7) үшкiрдiң немесе рамалық рельстiң омырылуы, айқастырманың (өзекшенiң, жақтаудың немесе жанама рельстiң) омырылуы;     

8) бiр бұрандамалы iшпекте контррельстiк бұрандаманың немесе қос болтты iшпекте екеуiнiң де ажырауы.



өрескел

30

Созылмалы еңiстерi бар аралықтарда, сондай-ақ осындай аралықтарды шектейтiн станцияларда сақтандырғыш тұйықтардың болуы.

өрескел

31

Шектiк бағаншалар жолтабандар аралығының ортасында қосылатын жолдардың осьтерiнiң арасындағы қашықтық 4100 миллиметрге тең тұсында орнатылуы. Т габаритi бойынша салынған жылжымалы құрам айналмайтын пайдаланудағы станциялық жолдарда 3810 миллиметр қашықтықты қалдыруға рұқсат етiлуi. Жолтабан аралығының енi азайтылған жүктi аударып тиеу жолдарында шектiк бағаншалар жолтабан аралығының енi 3600 миллиметрге дейiн жететiн жерiнде орнатылуы.

өрескел

32

Капот типтес шанақты локомотивтерде қаптал және бүйір алаңшалардың болуы. Қаптал және бүйір алаңшаларының сыртқы жағында аралық қоршауы бар тосқауыл тұтқаларының орнатылуы.

өрескел

33

Теміржолдар арқылы жүріп өту және өту аймақтарында жол бермеу: теміржол көлігі қозғалысының бұзылуын тудыратын заттарды теміржолдарға қоюға, тастауға, қалдыруға.

өрескел

34

Теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензияның болуы.

елеулі

35

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтау.

Соответствие квалификационным требованиям, предъявляемых к деятельности по перевозке грузов железнодорожным транспортом:

1. Наличие производственных активов на праве собственности или других законных основаниях, включающих:

- вагоноремонтные депо;

- подъездные пути;

- программно-технические средства (автоматизированное рабочее место товарного кассира, автоматизированное рабочее место приемосдатчика);

2. Наличие исправного подвижного состава на праве собственности или других законных основаниях, включая тяговые транспортные средства, соответствующего требованиям безопасности;

3. Наличие штата квалифицированных работников;

4. Наличие военизированной охраны для сопровождения грузов при перевозке железнодорожным транспортом;

5. Наличие инвестиционной программы на приобретение, восстановление и (или) обновление парка подвижного состава, включая тяговые транспортные средства;

6. Наличие системы управления безопасностью.

елеулі емес

36

Тармақ иеленуші кірме жолдарды техникалық күтіп ұстауды қамтамасыз етеді және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру.

өрескел

37

Тармақ иеленуші әрбір кірме жолға мыналардан тұратын құжаттамалар пакетінің екі данасын ресімдеуді қамтамасыз ету:

жолдың бойлық пішіні бар техникалық паспортын;    

жасанды құрылыстар сызбасын;

мамандандырылған жолдар мен қойма алаңдарын көрсете отырып, тиеу-түсіру (босату) орындары көрсетілген масштабты схема-жоспарын.

Жаңа объектілерді пайдалануға енгізгеннен немесе олардың жабылуынан кейін тармақ иеленушімен техникалық паспортқа тиісті өзгерістердің енгізілуі мен паспортқа енгізілген барлық өзгерістердің хабарлануымен техникалық паспорттың бір данасын магистральдық темір жол желісі операторына беруі.


елеулі емес

38

Тармақ иеленушілермен өздерінің орналасқан аумағы шегінде кірме жолдарды жарықпен, сондай-ақ кірме жолдарында қоқыстар мен қардан тазарту жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.

елеулі емес

39

Тасымалдау процесіне қатысушылар ұйымдарының бірінші басшыларымен алғашқы есептің толық енгізілуін және қауіпсіздікті бұзу жағдайларының дұрыс жіктелуін қамтамасыз ету.

елеулі емес




  1. Теміржол көлігінің көмекші қызметі




40

Уәкілетті орган белгіленген тәртiппен жылжымалы құрамның мемлекеттік тiркелуінің болуы.

елеулі

41

Жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптерінің қызметкерлерін кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдардың іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіру.

өрескел




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет